Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sms_otvety.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
18.12.2016
Размер:
194.25 Кб
Скачать

  1. Қазақстан Республикасындағы метрологияның дамуы.

Қазақстандағы өлшеу техникасы мен өлшеинің даму тарихы Ресейдегі метрологияның дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан теориясындағы алғашқы кеңсе 1923жылы Семипалатинск бөлімінің Омск салыстырып тексеру палатасы ретінде пайда болды. Оның мақсатына приборлардың қолдануға жарамдылығын анықтау болды. Олар өндірістегі, сатылымдағы приборлардың өлшемдері мен нақты өлшем салыстырып тексереді. Оны Салыстырып тексеруші орган деп атайды.

1929жылы 1 қазанда Семипалатинсктің өлшем және таразы палатасының аты Қазақстанның аймақтаық өлшем және таразы салыстырып тексеру палатасына өзгертілді. Оны Вильковский Н.З басқарған.

Қазақ КСМ-нің Халық Комисарлар Кеңесінің шешімі бойынша Қазақтың аймақтық палатасы Семипалатинсктен Алматыға көшірілді

Бұл кезде Қазақстанда тек қарапайым приборлар:таразы,кірлер, сыйымдылық пен ұзындық өлшемдер мен манометрлер болған.

1931жылы Қазақстанның АЙмақтық салыстырып тексеру палатасының аты Қазақ аймақта стандартизация палатасына ауыстырылды. Аймақты бюроға метрология мен стандартизацияның қолдану масштабтарын кеңейтіп, халық шаруашылықтың барлық салаларындағы сапа мен өндіру деңгейлерін көтеру үшін тиімді амалдарын табу тапсырылды.

1933жыды Қаз-ның аймақты стандартизация бюросының аты Қазақ КСМ-нің IIMXK негізіндегі өлшем мен таразының өкілетті басқару орталығының басқармасына ауыстырылды. Одан кейің 1935жылы Қазақ КСМ-нің IIMXK негізіндегі өлшем мен таразы бөліміне өзгертілді, ал 1938жылы Қазақ КСМ-нің Халық Комисарлар Кеңесінің негізіндегі өлшеу құралдары мен өлшем істері жөніндегі өкілетте басқару комитетіне ауыстырылды. Басқар құрылымы орталық аппараттан және өлшеу құралдары мен өлшем істері бойынша 14облыстан құралады. Жұмысшылардың саны облысты қоса отырып 129 адам болған.

Қазақстанда метрологияның қарқынды дамуы 60-шы жылдарда басталды. Осы жылдарда жабдықтандыру жағынан кқрсеткіш құралдар мен көмекші құралдарға сәйкес келетін 2-ші,3-ші разрядты, облыстық лабораторияның қарқынды құрылысы басталды.

1971жылы ақпан айында КСРО-ның Қазақтың республикалық мемлекеттік стандарт басқармасы құрылады. Басқару функциясын анықтайтын жаңа жағдай енгізіледі. Жаңа жағдаймен бірге жаңа мақсаттар мен міндеттер анықталып,станадартизация және метрология саласындағы КСРО-ң мемлекеттік стандартқұқығы кеңейеді.

70-ші жылдарда Алматыда физикалық шама бірліктерді сақтап қайталауға, оларды эталоннан өлшеу құралдарының көрсеткіштеріне және салыстырып тексеру сызбаларына сәйкес, жұмысшы өлшеу құралдарына беруге арналған арнайы мекемені салу жоспарланды.

1972жылы Қапшағай қаласында радиоциондық қадағалаау құрылғыларын салыстырып тексеру бойынша лаборатория құрылды.

1996жылға дейін ол дозиметриялық және радиометриялық аппараттарын мемлекеттік салыстырып тексеруді қамтамасыз ететін жалғыз лаборатория болған.

70-ші жылдардың басында Өскемен,Целиноград,Шымкент,Жамбыл қалаларында лабораториялар құрылды. Олар 2-ші,3-ші разрядтары бойынша салыстырып тексерудің ең жаңа құрылғыларымен қамтамасыз етілді.

Республикада 8млн астамөлщеу құралдарының эксплуатациясы болды. Осындай метрологиялық қамтамасыз ету үшін Басты стандарт үлгілерінің орталығы мен Басты мемлекеттік эталондар орталығының АСМО базасы негізінде эталондық база құрылды. Республикада 17 жұмыс эталондағы 13мың жоғарға сапалы өлшеу құралдарының көрсеткіштерімен, соның ішінде 1-ші разрядтың бастапқы 500-ден 2-ші разрядтың 700-ден астамымен қамтамасыз етілді.

1993жылы 18қаңтарда Қазақстан Республикасының үкімімен “Өлшем бірлігі туралы” ҚР-ның заңы қабылданды,ол метрологиялық инфрақұрылымның басқармасының заңды принциптері мен қалыптасқан мемлекеттік қадағалау формаларына ауыстыруға мүмкіндік берді. Республика үкімімен “Өлшем бірлігінің мелекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы” қабылданды. 1994 жылы ҚР Халықаралық заң шығарушы метрология ұйымына тең құқықты мүше ретінде кірді. Біздің мемлекет ИСО мүшесіболвп және ТМД мемлекеттері “Стандартизация, метрология және сертификация саласында келісілген саясатты жүргізу” туралы келісім шартқа қол қойды.

  1. Метрологияның бөлімдерін білесіз бе? Метрологияның ғылым мен өндірістегі орнын қалай түсінесіз?

Метрология – бұл қажетті дәлдікті алу амалдары мен бірлікті қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер және өлшем туралы ғылым.

Метрология үш бөлімнен тұрады: теориялық, заң шығарушы және қолданбалы метрология.

Теориялық метрология – метрология дамудың іргелі негізін, физикалық тұрақты шама бірлігінің жүесін жасаумен және жаңа өлшеу әдістерін дамытумен айналысады.

Заң шығарушы метрология – мемлекетте қолданылатын өлшеу лабараториялары, өлшеу құралдары, өлшеу әдістері мен өлшем бірлігі мен рұқсат етілген мемлекеттік талаптарды орнатады.

Қолданбалы метрология - әртүрлі саладағы теориялық және заң шығарушы метрологияның практикалық қолдануын жүзеге асырады.

Практикалық жұмыста өлешмді қолданбайтын ешқандай облыс жоқ, егер де ол кезде өлшем бірлігі мен өлшенетін ауқымның арасындағы қатынас табылатын болса.

Қандай да болсын реттеу, бақылау, жоспарлау, болжау анализдері кезінде, өнімнің сапасы мен өлшемі туралы, дайын өнім мен техникалық опперациялардың жүруі туралы және барлық өндіру цикілі туралы нақты мәліметтер болуы керек.

  1. Өлшем тұтастығын қамтамасыз ету мақсаттарын білесіз бе? Атаңыз.

Өлшем тұтастығын қамтамасыз ету мақсаттары: Өлшем тұтастығын қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн және экономикасын өлшемнiң терiс нәтижелерi салдарынан қорғау;

2) отандық және импортталатын өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету;

3) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң дұрыс есебiн қамтамасыз ету;

4) iргелi зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету;

5) диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде сенiмдi өлшем нәтижелерiн қамтамасыз ету.

4. Өлшеу дегенімізді не деп ойлайсыз? Өлшеудің классификациясын жазыңыз?

Өлшеу — арнайы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибе арқылы физикалық шаманың мәнін табу процесі.Өлшенетін шама бірнеше рет бақыланады, одан алынған нәтижелер математикалық жолмен өңделеді және ең соңында өлшеудің жүйелік қателіктерін шығарып тастап, шаманың ақырғы мәні алынады.[1] Өлшеу - берілген өлшем бірліктерінде өлшенер шаманың сандық мағынасын табу үшін өлшем құралдарымен орындалатын әрекеттер жиынтығы.

Өлшеу классификациясы: а) Бақылау саны бойынша: бір ретті өлшенетін өлшеулер – бір рет орындалатын өлшеу. Бұл өлшеудің кемшілігі дөрекі қателікті мүмкіндігі; көп ретті өлшенетін өлшеулер – нәтижесі бірнеше өлшеуден алынатын яғни бірнеше біррет өлшенетін өлшеулерден тұратын бір мөлшердегі физикалық шамаларды өлшеу; Көбінесе олардың саны n ≥ 3. Көпретті өлшенетін өлшеулер өлшеу нәтижесіне әсер ететін кездейсоқ факторлар әсерін азайту үшін қолданылады. б) дәлдік айырмашылығы бойынша: дәл өлшеулер – дәл СИ жүйесі бойынша бірдей шарттарда орындалған шаманы өлшеу тәртібі; дәл емес өлшеулер – СИ жүйесімен дәл емес және әртүрлі шарттармен орындалған шаманы өлшеу тәртібі; в) өлшеу нәтижесінің түрі бойынша: абсолютті өлшеу – бір немесе бірнеше шамаларды тікелей өлшеу және физикалық коснтант мәндерін қолдануға негізделген өлшеу; салыстырмалы өлшеу – шаманың бірлік қызметін атқаратын бір аттас немесе бір шаманың екінші шамадан өзгеруін есептеу; г) өлшеу нәтижесін алу тәсілі бойынша: тікелей өлшеу – ізделінді физикалық шаманың мәнін тікелей тыс шамалардың қатысынсыз алынатын өлшеу; жанама өлшеу – бұл ізделінді физикалық шаманың мәнін басқа физикалық шамаларды өлшеу арқылы алынатын өлшеу; жиынтық өлшеу – бір уақытта жүргізілетін ізделінді өлшем шамасы теңдеулер жүйесін шешу арқылы анықталатын бірнеше өлшеу шамаларын өлшеу; бірлескен өлшеу – бұл бір уақытта жүргізілетін бір немес бірнеше, біртектес емес шамалардың арасындағы байланыстарды анықтайтын өлшеу; д) өлшенетін физикалық шаманың өзгеру түрі бойынша: статикалық өлшеу – уақыт бойынша өзгермейтін нақты өлшеу тапсырмасына сәйкес алынатын физикалық шаманы өлшеу; динамикалық өлшеу – өлшемі бойынша өзгеретін физикалық шаманы өлшеу; е) қолданылатын өлшеу құралдарының метрологиялық тағайындалуы бойынша: техникалық өлшеу – жұмыстық өлшеу құралдарының көмегімен өлшеу; метрологиялық өлшеу – физикалық шаманың бірліктерін жұмыстық өлшеу құралдарына өткізу мақсатымен эталондық өлшеу құралдар көмегімен өлшеу; Өлшеу нәтижелері шама мәнін текжуықтап қана бағалайды, өйткені тіпті ең дәл өлшенетін құрылғылар өлшеу шамасының нақты мәнін көрсете алмайды. Өлшеуге әр түрлі факторлар әсер ететіндіктен міндетті түрде өлшеу қателігі болады. Олар өлшеу әдісі өлшеу жүргізілетін құралдар және бақылаушының қабылдауына тәуелді. Өлшеу нәтижесінің дәлдігі – өлшеу нәтижесінің қателігінің 0-ге жақындығын білдіретін өлшеу сапасының мінездесмесінің бірі. Өлшеу қателігі қаншалықты төмен болса дәлдігі соншалықты жоғары болады. Өлшеу қателігі - ∆х өлшенетін шаманың х өлшем нәтижесінің хі нақты (шын) мәнінен ауытқуы: ∆х=х-х_(і(d))