Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sms_otvety.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
18.12.2016
Размер:
194.25 Кб
Скачать

5.Мемлекеттік қорда қандай эталондар бар? Олар не үшін қажет.

Эталондар жалпылама 3-ке бөлінеді: халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық.

1. Халықаралық эталондар халықаралық келісімдер бойынша ұлттық эталондарды олармен түйістіріп салыстыру (сличение) үшін қолданылады. Халықаралық эталондар Мөлшерлер мен салмақтардың Халықаралық бюросында сақталады (Париж қаласы). Жоғарыда айтылған түйістіріп салыстыруды халықаралық деңгейде ұйымдастыратын осы бюро.Түйістіріп салыстырылатын СИ жүйесінің негізгі бірліктері және сонымен қатар туынды бірліктер. Түйістіріп салыстыру периодты түрде жүргізіледі. Мысалы электр шамаларының эталондары 3 жылды бир рет.

2. Мемлекетаралық эталондар белгілі тәртіппен бекітілген ТМД-ның ( Тәуелсіз Мемлекет Достастығы) эталондары, ТМД-ға кіретін елдердің сұраныстарын қанағаттандырады. Мемлекетаралық эталондарды стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Кеңес (Москва) бекітеді. Негізінен мемлекетаралық эталондар Россияда сақталады. Бұл эталондардың сапасы өте жоғары.

3. Ұлттық эталондар-мемлекет деңгейінде ресми түрде қабылданған эталон.Ұлттық деңгейде өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ету осы елде қабылданған мемлекеттік эталондармен тікелей байланысты.

Мемлекеттік эталондар сол елдің ұлттық мақтанышы болып табылады, оның ғылыми техникалық және мәдени даму деңгейін көрсетеді. Мемлекеттік эталондар бірінші реттік, екінші реттік және жұмысшы болып бөлінеді:

Бірінші реттік эталон-елімізде ең жоғарғы дәлдікті қамтамасыз етеді, өте жақсы шарттарда сақталады.

Арнайы эталон-ерекше шарттарда бірліктердің жаңғыртылуын қамтамасыз етеді және осы шарттар үшін бірінші реттік эталондарды алмастырады.

Бұл эталондардың 2 түрі Мемлекеттік эталондар деп аталады.

Екінші реттік эталондар:

Көшірме эталон –жұмысшы эталондарға өлшемді беруге арналған Мемлекеттік эталондардың тастық, үлестік таразылар, гірлер және т.б аспаптар.

Күш және қаттылық. Динамометр, пресс, маятникті конустар орнына қолданылады.

Салыстыру эталоны-эталондарды салыстыру үшін қолданылады.

Жұмысшы эталон-бірліктерді сақтау және оның өлшемдерін үлгілік ӨҚ-на беру үшін қолданылады.

Ұлттық эталондардан басқа халықаралық эталондар бар, ол эталондар Парижге жақын Севр қаласындағы Халықаралық өлшем және салмақ бюросында (ХӨСБ) сақталады.

  1. Физикалық шамалардың өлшем бірліктері дегенді қалай түсінесіз?

 Табиғаттағы құбылыстарды бір-бірімен салыстыра сипаттау үшін физикалық шамалар деп аталатын айрықша терминдер колданылады. Мысалы, шапқан аттың, ұшқан құстың және тасбақаның қозғалыстарын салыстыра сипаттау үшін үш түрлі физикалық термин қолданылады. Олардың бірі - уақыт, екіншісі - журілген. жол, үшіншісі - жылдамдың. Бұларды физикалық шамалар деп атайды.

Физикалық шамалар құбылыстардың қасиеттерін сандық тұрғыдан сипаттайды.

Физикалық шамалар құбылыстарды ғана емес, денелердің де қасиеттерін сипаттау үшін қолданылады. Шыныны алмаспен кесуге болады. Шыныққан болатпен мысты өңдейді. Ал керісінше жұмсақ мыс пен болатты өңдеу мүмкін емес. Сондықтан денелердің беріктік қасиеттерін сипаттау үшін қаттылық деген шама енгізіледі. Ең қатты дене - алмас, одан кейінгісі - шыны (шынымен болаттың бетін тырнауға болады), ал болаттың қаттылығы мыстан жоғары.

2. Әрбір физикалық шаманың өлшем бірліктері (қысқаша бірліктері) болады. Мысалы, ұзындық бірлігі - метр, температура бірлігі - градус. Қысым, салмақ, масса, куіи, жылу өткізгіштік, электр өткізгіштік, жарық жылдамдыгы сияқты физикалық және астрономиялық шамалар бірліктерін оқу барысында біртебірте білетін боласыңдар.

Физикалық шамаларды колданғанда (жазғанда, айтқанда) олардың бірліктерін міндетті түрде атап отыру керек. Физикалық шаманың мәні деп, оның өлшем бірлігі көрсетілген сандық мәнін айтады. Мысалы, дене 10 секунд қозғалған болса, оның козғалу уақытын £=10 секунд (қысқаша 10 с) деп жазамыз. Ал £=10 деп атаусыз жазсақ, онда мағынасыздық пайда болады. Физикалық шамалардың бірлігі үлкен де, кіші де бола алады.

Физикалык шаманың бірлігі ірі болған сайын, оның сан мәні кішірейе береді. Мысалы, ұзындықтың километр (км) деген ірі бірлігі метр (м) деген кіші бірлігіне карағанда мың есе үлкен, яғни 1 км = 1000 м. Сондықтан 1,5 км = 1500 м; 0,5 км = 500 м, т. б. Сондай-ак уакыт бірліктерін алатын болсак: 1 мин = 60 с; 1,5 мин = 90 с деп жаза аламыз.

  1. Өлшеу дегенді қалай түсінесіз? Өлшеу түрлерін атаңыз.

Өлшеу дегеніміз - техникалық құралдардың көмегімен өлшенетін шаманы оның бірлігімен салыстыру операциясы.Өлшеу тұтастығы – бұл өлшеу нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерімен өрнектелетін және өлшеудің қателігі берілген ықтималдықпен орнатылған шекарада жататын өлшеудің жай күйі. Өлшеудің 4 түрі бар.

• Тікелей өлшеу – ізделініп отырған шаманы арнайы физикалық құралдардың көмегімен зерттеу объектісіне жанастыра отырып алынған шаманың нақты дәл өлшемі.

• Жанама өлшеу – ізделінген шаманың тікелей өлшеу нәтижесінде алынған мәндеріне математикалық өңдеу жүргізу арқылы алынған зерттеу объектісінің жорамал өлшеуі.

• Жиынтық өлшеу – бірнеше бір мәнді шамаларды бір мезгілде өлшей отырып, олардың мәнін тікелей өлшеу нәтижелерінен құрылған теңдеулер жүйесімен табуды айтады.

• Бірлесіп өлшеу – екі немесе бірнеше бір мәнді шамаларды әр мезгілде өлшей отырып, олардың арасындағы қатынасты табуды айтады.

  1. Мемлекеттік метрологиялық қызмет не үшін керек? Құрылымы қандай?

Мемлекеттік метрологиялық қызмет өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі арқылы іске асырылады.

Метрологиялық қызмет - қызметi өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған субъектiлер жиынтығы

 Мемлекеттiк метрологиялық қызмет:       1) стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органнан және оның аумақтық бөлiмшелерiнен;       2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасауды, жетілдіруді, сақтауды және қолдануды, шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құруды қамтамасыз ететін, өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлейтін, шама бірліктерінің эталондарына салғастыру жүргізетін, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысатын, өлшем құралдарын сынауды, метрологиялық аттестаттауды, шама бірліктерінің эталондары мен жоғары дәлдiктi өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ететін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан тұрады.

      Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметтің құрылымы:        1) мемлекеттiк метрологиялық қызметтен;        2) уақыт және жиiлiк мемлекеттiк қызметтерiнен; заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнен; заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректерден, сондай-ақ өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң өзге де мемлекеттiк қызметтерiнен;        3) мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнен;        4) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылардан;       5) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалардан тұрады.

  1. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлері және объектілері

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау - бұл тауарларды шығару, сату және импорттаудағы қолданылатын өлшеу құралдарының жағдайы, өлшеу әдістерін қолдану, метрологиялык ережелер мен нормалардың орындалуы бойынша мемлекеттік инспекторларының іс-әрекеттері.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау объектілеріне келесілер жатады (ҚР СТ2.15-00): - бірлік шамалар эталоны;

- өлшеу құралдары;

- өлшеудіорындау әдістемесі;

- өлшеу бірлігін қамтамасыз етудегі жеке және зақды тұлғалардың іс-әрекеттері.

Бірлік шамалар эталондары бастапқы немесе жұмысшы ретінде бекітілуі қажет. Бастапқы эталондар МӨЖ реестріне енгізілуге тиіс.

Өлшеу кұралдары сынаудан өткізіліп бекітілуі қажет және МӨЖ реестріне енгізілуі керек, сонымен қатар тексеруден өткізіліп, өткені туралы жарамдылығын растайтын құжаты болуы керек.

Өлшеуді орындау әдістемесі аттестаттаудан өтіп МӨЖ реестріне енгізілуі қажет.

Метрологиялық іс-әрекет терді іске асыратын жеке және занды тұлғалар:

- өлшеу құралдарын тексеру мен калибрлеуi іске асыратын занды тұлғалар, бекітілген тәртіп бойынша аккредиттеуден өтуі керек;

- өлшеу кұралдарын жасау мен жөңдеуде жеке және заңды тұлғалардың бұл іс-әрекеттер түрлеріне лицензиясы болуы қажет;

- өлшеуді өткізу әдістемесін аттестаттау негізінде занды тұлғалар бекітілген тәртіп бойынша аккредиттелінуі қажет.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласы

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласы өлшеуге бағытталынады, олардың нәтижесі келесілерде қолданылады:

- азаматтардың өмірімен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;

- өнім сапасын сынау және бақылау;

- қоршаған ортаның жағдайын бақылау;

- қозғалыс қауіпсіздігін бақылау;

- еңбек қауіпсіздігін бақылау және т.б. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлері:

1 өлшеу құралдарының өндірілуі, жағдайы мен пайдалануын бақылау;

2 сауда операцияларын жасауда тауар санын қадағалау;

3 орамадағы оралған тауарлардың санын қадағалау. Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудағы тексеруді мемлекеттік инспекторлар іске асырады.

  1. Физикалық шама сипаттамалары дегенді қалай түсінесіз?

Физикалық шама – бұл көптеген физикалық объектілер үшін сапалық қатынаста жалпы құрам, бірақ сандық қатынаста әрбір объекті үшін жеке құрам.

Физикалық шама: активті

пассивті

Активті физикалық шамалар – бұл көмекші энергиялар көздерінің келтіруінсіз, өлшеуге болатын шамалар, мысалы, электр тогының күші.

Пассивті физикалық шамалар – бұл өлшеу үшін көмекші энергия көздерін қолдануды қажет ететін шамалар, мысалы, электр кедергісі.

ӨҚ-ның бірліктері негізгі және қосымша бірліктерден алынады, он деңгейлік қысқартылған бірліктер қолданылады:

1018 - экса (Е, Э) 10-2 - санти (с, с)

1015 - пета (Р, П) 10-3 - милли (m, м)

1012 - тера (Т, Т) 10-6 - микро (м, мк)

10- гига (G, Г) 10-9 - нано (п, н)

10- мега (М, М) 10-12 - пико (р, п)

10- кило (к, к) 10-15 - фемто (р, ф)

10- гекто (h, г) 10-18 - атто (а, а)

10- деци (d, д)

Негізгі терминдер мен анықтамалар:

1. Өлшеу – арнайы техникалық өлшеу құралдарының көмегі арқылы тәжірибелік жолмен физикалық шаманың мәнін анықтау.

Нәтижесінде физикалық шаманың мәнін анықтайды:

Q= q · U

q – қабылданған бірліктегі физикалық шаманың санды мәні

U - Физикалық шаманың бірлігі

2. Өлшеу бірлігі – нәтижелері заңды бірліктермен көрсетілген және өлшеудің қателіктері берілген ықтималдылықта анықталынған өлшеу қалпы.

3. Техникалық бақылау (ТБ )- бұл орнатылған техникалық шартқа (ТШ) объектінің сәйкестігін тексеру.

Техникалық бақылау объект, бақылау құрылғысы, орындаушы, нормативтік құжаттама сияқты негізгі элементтердің жиынтығы мен техникалық бақылаудың бірыңғай жүйесін (ТБЖ) құрады.

ТБЖ-нің қызметтерін орындау негізгі екі кезеңнен тұрады:

  1. Бірінші реттік ақпарат

  2. Осыған сәйкес түзету туралы шешім қабылдау

4. Сынау – бұл объекті құрамының сапалық және сандық сипаттамаларын сараптамалық анықтау және объектіні модельдеу, құру кезінде оған әсер ету нәтижелеріне сынау жүргізу.

  1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау не үшін қажет?

Өлшеу құралдарының бірдейлігін қамтамасыз ету бірнеще жолдармен жүргізіледі, соның бірі-мемлекеттiк метрологиялық бақылау.

Мемлекеттiк метрологиялық бақылау - уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға берілуін, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнің қолданылуын, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын, сауда операцияларын жасаған кезде иеліктен шығарылатын тауарлар санын, сондай-ақ өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегі кез келген орам түріндегi өлшеп оралған тауарлардың санын бақылау жөнiндегi қызметi.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау келесілерден тұрады:  1)өлшем құралдарын мемлекеттік сынақтан өткізу және олардың  типтерін бекіту;  2)өлшем құралдарының тексерісін және метрологиялық аттестациясын жүргізу;  3)өлшем құралдарының мемлекеттік сынақтардан, тексерістен, метрологиялық аттестация мен калибровкадан 4)өлшем құралдарын дайындау, жөндеу, сату немесе уақытша қолданысқа беру 

Мемлекеттiк метрологиялық бақылау:  1) өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға берілуін, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын бақылауды; 2) сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын бақылауды;  3) өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген орам түріндегі өлшеп оралған тауарлардың санын бақылауды қамтиды.  2. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 3. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Стандарт түрлерін білесіз бе? Стандарттар не үшін керек?

Стандарт– уәкілетті органмен көзделген тәртіппен бекітілген көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатын техникалық реттеу объектілеріне ережелерді жалпы принциптері мен сипатталарды белгілейтін құжат;

Стандарттау - „Стандарттау” деген термин ұзақ эволюция- лық жолдан өткен. Стандарттау туралы біздің түсінігіміз ғылым мен техниканың, өндірістің даму салаларымен байланысты. Ұлттық және халықаралық деңгейлердегі экономикалық байланыстардың кеңеюуімен стандарттау жүйесі де дамыды, соған байланысты тер- миндер анықталынды. Стандарттаудың халықаралық ұйымы (ИСО) 1952 жылы Стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу комите-тін (СТАКО) құрды. Бұл комитеттің алдына стандарттау термин- дерінің анықтамаларын тағайындау мақсаты қойылды.

Сөйтіп, стандарттау, стандарт, үйлестіру (унификация), сим- плификаттау сияқты маңызды терминдердің анықтамасы берілді. СТАКО ұсынған анықтамалар ИСО кеңесінде қабылданып, Мем- лекеттік стандарттау жүйесі белгілеген анықтамалардың негізін құрды.

ИСО құжаттарында стандарттау терминіне мынадай анықтама берілді: „Стандарттау” – нақты бар міндеттерге қатысты жаппай және көп мәрте пайдалану үшін белгілі бір салада ережелерді реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған әрекет. Жалпы алғанда бұл әрекет стандарттарды жасау, жариялау және оларды қолдану процестерінде орындалады.

Стандарттың түрлері

Стандарттау объектісінің ерекшклігіне байланысты стандарттар төмендегідей түрге бөлінеді (Сурет 1.1):

- негізге алатын стандарттар

- өнім стандарттары (техникалық және жалпы техникалық талап- тар, параметрлер және размерлер, маркалар және техникалық шарттар түрлерінің өнім стандарттары)

- қызмет және жұмыс стандарттары

- бақылау әдістерінің стандарттары (сынаулар, өлшеу, талдау)

Негізін қалаушы стандарттар. Стандарттың бұл түрі ғылым мен өндірістегі ортақ мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған ұйымдастыру принциптері мен ереже, норма, талаптарды белгілейді. Бұл стандарттар өнім немесе қызметті дайындау, құру, пайдалану негізінде қоршаған ортаны қорғау, өнім немесе процесстің адам өмірі мен денсаулығына және мүлкіне қауіпсіздігі, сондай-ақ қорларды үнемдеу, мемлекеттік стандарттарда көрсетілген жалпы техникалық нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда негізін қалаушы стандарттар кешенді болуы тиіс, яғни ортақ бағыттағы стандарттарды біріктіріп, өзара байланысты объектілерге қойылатын ұйғарымды талаптарды белгілейді.

Бұл стандарттар шын мәнінде әдістемелік сипаттағы, өзара байланысты нормативті құжаттардың бірлігі болғандықтан, әртүрлі басқару деңгейінде қолданылатын стандарттарды бір-біріне және заңдарға қайшы болдырмау, ортақ мақсатқа жету, және де өнім, процесс, қызметке қойылатын міндетті талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған ережелерді қамтиды. Негізін қалаушы стандарттарға мысалы, ҚР-ның Мемлекеттік стандарттау жүйесін құру жөніндегі нормативтік құжаттар, біріккен конструкторлық құжат жүйесі (БКҚЖ), біріккен техникалық құжат жүйесі (БТҚЖ) т.б. жатады.

Өнім (қызмет) стандарттарыбіртекті өнім (қызмет) тобына немесе нақтылы өнім (қызмет) тобына қойылатын талаптарды белгілейді. Өнім (қызмет) стандартарына, мысалы, жалпы техникалық талаптар стандарты, көрсеткіштер мен мөлшерлер стандартты, конструкциялық үлгі, мөлшер, таңбалар, сорттар, қабылдау ережесі т.б. жатады.

Жалпы техникалық талаптар стандарттары біртекті өнім тобы үшін ортақ нормалар мен сапаның тиімділік деңгейін қамтамасыз ететін талаптарды белгілейді. Бұл сапалық деңгей топтағы өнімнің нақтылы түрлерін жобалау, дайындау кезінде анықталуы тиіс.

Өнімнің түрлері мен мақсаттың арналуына байланысты оның физикалық-механикалық қасиеттеріне (беріктігі, қаттылығы, жұмсақтығы, төзімділігі т.б.), сенімділігіне, ұзақ мерзімге пайдалануына, техникалық эстетикасына (бояуына, пайдалану қолайлығына, өңделуіне т.б.), осы өнімді дайындау кезінде пайдаланылған алғашқы материал, шикізат, жартылай өңделген өнімге т.б. қойылатын талаптар белгіленеді.

Жалпы техникалық талаптар стандарттары негізінен төмендегі бөлімдерді қамтиды:

  • Жіктеулер, негізгі параметрлер немесе мөлшерлер;

  • Сапа параметрлеріне қойылатын, тек қана міндетті болып табылатын және бақылауға жататын жалпы талаптар.

  • Буып-түю, таңбалау және қауіпсіздік талаптары;

  • Қоршаған ортаны қорғау талаптары;

  • Өнімді қабылдау ережелері;

  • Тасымалдау және сақтау ережелері;

  • Пайдалану, жөндеу, қайта өңдеу немесе жою ережелері;

Стандарт мазмұнында қайсыбір бөлімдердің болу болмауы стандарттау объектісінің ерекшелігі мен оған қойылатын талаптардың сипатына байланысты.

Параметр және (немесе) мөлшерлер стандарттары негізгі тұтыну (пайдалану) сипаты бойынша өнімнің параметрлік немесе мөлшерлік қатарларын белгілейді. Осыларға негізделе отырып өнімнің нақтылы үлгі, модель, марканың жобалары жасалуы тиіс.

Бұл стандарттар өнеркәсіп тиімділігін арттыру, техникалық прогресске ықпал ету, өнімдердің даму болашағын ескеруі тиіс. Мұндай стандарттарға, мысалы, «Ұнамды сандар және ұнамды сандар қатарлары » ГОСТ 8032-84 «Негізгі өзара алмасымдылық нормалары. Қалыпты сызықтық мөлшерлер» ГОСТ 6636 жатады.

Құрылымдық (конструкциялық) және мөлшерлік үлгі стандарттары нақтылы үлгілік мөлшерлер мен модель т.б. әзірлеу кезінде детальдарды сәйкестендіру, өзара алмасуды қамтамасыз ету үшін бұйым топтарының құрылымдық атқарылуы мен негізгі мөлшерлерін анықтайды. Құрылымдық үлгі және мөлшерлер ст-ның талаптарын жүзеге асыру техникалық-экономикалық үлкен тиімділікке жеткізеді. Себебі сәйкестендіру және өзара алмаламдылығы қамтамасыз ету нәтижесінде бұйымды жобалау, жасау және игеру шығынын азайтатын мүмкіндік туады.

Маркалар стандартары материалдар (шикізат) түрлері мен олардың химиялық құрамын, кейбір жағдайда - негізгі тұтынушының сипаттарын белгілейді.

Сортамент стандарттары өнімнің геометриялық формалары мен мөлшерлерін белгілейді. Стандарттың мұндай түрлері әсіресе металлургия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Қабылдау ережелерінің стандарттары өнімді сапасы мен саны бойынша қабылдау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді және белгілі өнім тобын немесе түрін қабылдау тәртібін реттейді.

Таңбалау, буып-түю, тасымалдау және сақтау ережелерінің стандарттары өнімнің негізгі сипаттамасы туралы тұтынушыға ақпарат беру мақсатында, және буып-түюдің техникалық эстетикасын ескеру үшін және өнімді тұтынушылық таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Пайдалану, жөндеу және жою еределерінің стандарттары бұйымның жұмыс қабілетін қамтамасыз ететін және оның пайдалануына кепілдік беретін жалпы ережелерді белгілейді.

Процесс стандарттарыөнімді жобалау, өндіру, тұтыну (пайдалану), сақтау, тасымалдау, жөндеу, қайта өңдеу сияқты әрқилы сатылырында атқарылатын нақтылы процесстерге қойылатын талаптарды белгілейді, және де төмендегі нормативтерді қамтиды:

  • Өнім құрылымын жобалау әдістеріне қойылатын талаптар;

  • Өнімді дайындаудың технологиялық схемасы;

  • Технологиялық режим, әсер етуші факторлар мен нормаларға қойылатын талаптар;

  • Тұтыну (пайдалану) ережесі;

  • Сақтау, тасымалдау, жөндеу және жоюға қойылатын жалпы талаптар;

  • Технологиялық процесстерді атқару кезіндегі адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік талаптары. Бұлар белгілі құрал, сайман, жабдықтар мен көмекші материал т.б. ларды пайдалану барысында бақыланады.

Сонымен қатар экологиялық талаптар ерекше орын алады. Технологиялық операцияларды жүргізу кезінде технологияның табиғатқа әрқилы әсерінің ұйғарымды мөлшерін стандартпен нормалайды. Бұл әсерлер химиялық (зиянды химикаттарды табиғатқа тастау), физикалық (радиациялық сәуле),биологиялық (микроорганизмдермен зарардану) және механикалық (бүліну) сипатында және экологиялық тұрғыда қауіпті болуы мүмкін.

Экологиялық талаптар төмендегі мәселелерге қатысты болуы мүмкін:

  • Қоршаған орта үшін аса зиянды материал, шикізаттарды қолдану жағдайына;

  • Тазарту жабдықтарының жұмыс тиімділігінің параметрлеріне;

  • Апаттың жағдайлардың салдарын жою, ластау заттарының ұйғарымды мөлшерлік нормасына;

Сурет 1.1- Стандарт түрлері

Бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің стандарттарысынақ үлгісін алу тәртбін, сапа көрсеткіштерін бағалаудың бірлігін қамтамасыз ету мақсатымен өнімнің белгілі бір тобының тұтыну (пайдалану) сипатын сынау (бақылау, талдау, өлшеу) әдістерін белгілейді. Бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің негізгі шынайылық өлшемі-нәтижелердің жаңғырығу (қайталану) және салыстырылу қасиеті болып табылады. Бақылаудың (сынау,өлшеу, талдаудың) тек қана стандартталған тәсілдерін қолдану қажет. Себебі олар халықаралық тәжірибелер мен озық жетістіктерге негізделген. Бақылаудың нақты объектісіне байланысты әрбір ідістің өз ерекшеліктері бар. Әйтсе де стандарттауға болатын ортақ ережелерді де анықтауға болады. Олар төмендегідей:

- бақылау құралдары және көмекші жабдықтар;

- бақылауды дайындау және жүргізу тәртібі;

- нәтижелерді өңдеу жіне ресімдеу ережесі;

- әдістің ұйғарымды қателігі;

Стандарт әдетте өнім сапасының бір көрсеткішіне қолдануға болатын бақылаудың (сынау, өлшеу, талдаудың) бірнеше әдісін ұсынады. Себебі бұл әдістердің қайсы бірі қажетті жағдайда арбитраждық мақсатта таңдалып алынуы мүмкін. Шындығында әдістемелер ылғый да бір-бірін толықтай алмастыра бермейді. Осындай жағдайлар үшін стандарт қандай бір әдісті таңдау шарты жөнінен нақтылы ұсыныс келтіреді, немесе олардың айырмашылық сипаты жөнінен мәлімет береді.

Сынау әдістері өнім түріне қарай таңдалады. Стандартта сынаудың әрқилы түрлері қарастырылған: Мысалы, шығарылған өнімнің сапасын күнделікті бақылап отыру үшін жүргізілетін сынақ әдістері, жаңа бұйымдар өндірісін игеру кезінде қамтамасыз етуші кәсіпорын жүргізетін үлгілік сынақ әдісі шығарылған өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру үшін дүркін дүркін жүргізілетін сынақтар т.б. болуы мүмкін.

  1. Халықаралық,өңірлік стандарттады, шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану.

Қазақсатн Республикасы аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды өнімді әзірлеу, өндіріске қою, өнімді жасау, өткізу (жеткізу, сату), пайдалану (пайдаға асыру), сақтау тасымалдау мен кәдеге жарату сатысында, процестерді (жұмыстарды) атқару және қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қолдануы тиіс.

Ұсынымдық талаптары бар мемлекеттік және мемлекетаралық стандартты қолдану, егер оған республикада қолданылатын техникалық сипаттағы талаптар, нормалар мен ережелер бар техникалық регламенттерге сілтеме болса, міндетті болып табылады.

Халықаралық стандарттау жүйесі ережелеріне сәйкес, техника- лық регламенттерге заңға сәйкес мемлекеттік басқару органдары қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік құжаттарды жатқызу керек, олардың құзыретіне міндетті талаптарды белгілеу (құрылыс, санитарлық және ветеринарлық нормалар мен ережелер, фармакопиялық баптар, өртке қарсы қауіпсіздік және төтенше жағдайлар, тау кен қадағалау, атом, экологиялық және радиациялық қауіпсіздік, жолдардағы және көліктің барлық түріндегі қауіпсіздік нормалары мен ережелері және басқалары), міндетті талаптар бөлігінде мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттар кіреді.

Нормативтік құжаттар туралы ақпарат. Әзірленетін және қабылданған мемлекеттік, мемлекетаралық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жіктегіштері, техникалық регламенттер, ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары, міндетті нормалар мен талаптарды регламенттейтін стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар туралы ресми ақпарат, сондай-ақ осы құжаттардың өзі пайдаланушылар үшін, оның ішінде шетелдік пайдаланушылар үшін олар мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын басқа да құпияны құрамайтын бөлігінде қол жетімді болуы тиіс.

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәклетті мемлекеттік орган: мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар мен техникалық- экономикалық ақпараттың жіктегіштері, халықаралық, аймақтық стандарттар, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар, басқа мемлекеттердің ұлттық стандарттары туралы ресми ақпаратты, сондай-ақ стандарттау, метрология және саласындағы халықаралық шарттар және оларды қолданудың ережелері, стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламалар мен жоспарлар туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен жариялауды ұйымдастырады.

Талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде берілген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау (бұдан әрі мемлекеттік бақылау мен қадағалау) уәкілетті орган, оның аумақтық органдары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.

Уәклетті орган мен аумақтық бөлімшелері, олардың лауазымды адамдары өткізу сатысындағы өнімге қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәклетті мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары:

1 өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;

2 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімді өткізудің жолын кесу және оған жол бермеу жөніндегі ықпал ету шараларын қолданады.

Техникалық реттеу саласындағы нормативтік актінің күші қолданылатын.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектілері. Өнім, процестер, сәйкестікті растау жөніндегі органдар және зертханалар техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектілері болып табылады.

  1. Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау.

1. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган республикадағы стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлауға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады.

2. Мемлекетаралық стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлаудың, тәртiбi мен нысандары стандарттарға және мемлекетаралық стандарттау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттiк стандарттау бағдарламалары мен жоспарлары Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының, заңды тұлғаларының ұсыныстары негiзiнде әзiрленедi, оны стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкілеттi орган бекiтедi және бақылайды.

4. Стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының басым бағыттары ескерiле отырып жүзеге асырылады.

  1. Стандарттау жониндеги техникалык комитеттер! Техникалық комитеттер.

ҚР-да стандарттау бойынша техникалық комитеттердің әрекеті мен функцияларының негізгі ұстанымдары ҚР 1.15-2005 «Стандарттау бойынша техникалық комитеттер. Құрастыру және қызмет ету тәртібі» СТ нақтыланған. Осы құжатқа сәйкес ТК бекіту туралы негізделуі бар ұсыныстар бір немесе бірнеше министрліктермен, ведомстволармен немесе шаруашылық субъекттерімен дайындалып, стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекеттік органға жолданады.

Ұсыныстар құрамына кіру керек:

- ТК бекітілетін стандарттау нысандарының тізімі немесе әрекет ету саласы;

- нормативті-техникалық құжаттар, соның ішінде ТК бекіту керек әрекет ететін құжаттар;

Көрсетілген мәліметтер қарастырылған соң ТК бекіту немесе көрсетілген ұсыныстан бас тарту туралы сұрақ шешіледі.

ТК бекітілгеннен кейін бір ай ішінде ТК жауапты хатшысы стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекеттік органға нағыз ережеге сәйкес құрастырылған анық бір ТК құрылымы мен ережелерін келісімдеу мен тіркеуге жолдайды.

ТК тіркеуде оған екі белгіден тұратын сандық нөмір беріледі.

ТК атауы «ҚР стандарттау бойынша техникалық комитеті» сөздерінен және мемлекеттік стандарттау нысанының немесе әрекет ету саласының атауынан тұру керек.

ТК негізгі функциялары:

- өнімнің бекітілген номенклатурасы немесе әрекет ету салалары бойынша стандарттау саласында техникалық саясатты құрастыру;

- мемлекеттік стандарттар (ҚР СТ) және техникалық шарттар жобаларын құрастыру, қарастыру, келісімдеу және бекітуге дайындау; стандарттар мен техникалық шарттарды қайта қарау мен өзгертулерді дайындау, сонымен қатар стандарттар мен техникалық шарттарды алмастыру бойынша ұсыныстар дайындау;

«Техникалық реттеу туралы» заңның негізінде стандарттау бойынша техникалық комитеттер мемлекеттік органдар және мүдделі жақтардың ұсынысы бойынша салааралық деңгейде стандарттау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін экономика саласында құрастырылады. Стандарттау бойынша техникалық комитет құрамына мемлекеттік органдар мен мүдделі жақтардың өкілдері кіреді.

Техникалық комитеттердің құзырлығыа кіреді: 1) бекітілген нысандар мен әрекет бағыттары бойынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің негізгі даму бағыттарын анықтау бойынша ұсыныстарды дайындау; 2) бекітілген тәртіпте шетел мемлекеттерінің техникалық-экономикалық ақпаратының жіктегіштері мен мемлекеттік стандарттарды және олардың өзгертулерін құрастыру мен сараптауға қатысу; 3) техникалық реттеу және мемлекеттік стандарттар саласында нормативті құқықтық акттерді құрастыру бойынша мемлекеттік жүйесінің даму бағдарламаларына ұсыныстарды дайындау.

Стандарттау бойынша техникалық комитеттердің құрастырылу, жұмысының, жойылуының тәртібі өкілетті органмен бекітіледі.

Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер 1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың жəне мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады.

Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың жəне мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.

2. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құзыретiне: 1) бекiтiлiп берiлген объектiлер жəне қызмет бағыттары бойынша мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;

  1. Стандарттаудың мақсаттарын атаңыз. Ол нені қамтамасыз етеді?

Стандарттаудың негізгі мақсаты оптималды деңгейдің белгіленген ережелердің, талаптардың, нақты әрекет ететін, жоспарланатын потенциалдық міндеттердің кең және бірнеше рет пайдаланылу әдісімен белгілі бір салада реттелуі болып табылады.

Стандарттау бойынша қызметтің алғашқы нәтижесі өнім, қызмет, процесс және жұмыстардың олардың қызметтік міндеттеріне сәйкес келуі, халықаралық тауар айналымында техникалық кедергілердің жойылуы, ғылыми - техникалық прогреске және әркелкі салалардағы қызметтестікке сәйкес келу деңгейінің өсуі тиіс.

Стандарттау мақсаттарын жалпы және тар уақымды, сондай - ақ нақыт және сәйкестікті қамтамасыз етуге қатысты деп бөлуге болады.

Жалпы мақсаттар ең алдымен "стандарттау" түсінігінен туындайды. Стандарттауға арналған жалпы мақсаттардың нақтылануы міндетті болып табылатын стандарттар талаптарының орындалуымен байланысты.

Оларға:

♦ өнімнің қауіпсіздігің, процесті, (жұмысты), адамдардың өмірі мен денсаулығына қызмет көрсетуді, мүлікті, қоршаған ортаны сақтауды;

саудадағы техникалық кедергілерді, ішкі және сыртқы нарықтағы өнім және қызмет бәсекелестігі қабілеттілігін жоюды;

техникалық және ақпараттық сәйкестік, сонымен қатар өнімнің өзара алмастырылуын;

♦ ғылыми - техникалық прогресс дамуының деңгейіне сәйкес өнім, процесс және жұмыс сапасын;

өнім, процесс (жұмыс) қызмет сапасы және қауіпсіздігі мәселесіндегі тұтынушылар мүдделерінің қорғалуын;

өлшем бірлігін;

қордың барлық түрлерінің тиімді пайдаланылуының сақталуын;

табиғи және техногенді сипаттағы, сондай - ақ басқа да түрлі төтенше жағдайдағы апаттардың пайда болу мүмкіндігімен байланысты шаруашылық нысандардың қауіпсіздігін;

елдің қорғаныс қабілеттілігі мен мобильдік дайындығын қамтамасыз ететін норма, ереже және сипаттамалардың жасалуы кіреді.

Стандартаудың нақты мақсаттары қызметтің белгілі бір саласына, тауар және қызмет өндірісінің саласына, кәсіпорынға, өнімнің, процестің (жұмыстың), қызметтің және т.б. түрлеріне жатады.

Стандарттаудың негізгі міндеттері:

♦ әзірлеуші, дайындаушы, сатушы және тұтынушы (тапсырыс беруші) арасындағы өзара түсінушілікті қамтамасыз ету;

♦ наменклатураға және өнім сапасына, процестерге (жұмысқа) мемлекет және тұтынушы мүдделеріндегі қызметтерге, сонымен қатар,

адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігне , мүлігіне қоршаған ортаны сақтауға оптимальды талаптарды белгілеу;

сәйкестік бойынша талаптарды белгілеу (конструктивтік, электрлік, электрмагниттік, ақпараттық, бағдарламалық, т.б.), сонымен қатар өнімнің өзара ауыстырылуы;

материал және шикізат бұйымдарын жинақтайтын өнімдер және олардың элементтерінің сипаттамалары мен көрсеткіштерінің байланысы және келісілуі;

параметрлік және өлшем типтес қатарлар, базалық жинақтық, бұйымның жинақталған және унификацияланған блоктық - модульдік құрама бөлшектерін қолдану мен белгілеу негізіндегі унификация;

метрологиялық нормалар, ережелер, қағидалар және талаптардың белгіленуі;

бақылау (сынақтан өткізу, сараптау, өлшеу), сапа бағасы және өнім сертификатының, процестің (жұмыстың), қызметтердің нормативті -техникалық қамтылуы;

материалдық сиымдылық, қуат сиымдылығы және еңбек сиымдылығының төмендеуі үшін, аз қалдықты технологияларды қолдануды қамтамасыз ету үшін техникалық процестерге арналған талаптардың белгіленуі;

жіктелу жүйесінің пайда болуы мен жүргізілуі және техникалық - экономикалық және әлеуметтдк ақпараттардың кодталуы;

мемлекет аралық және мемлекеттік әлеуметтік - экономикалық және ғылыми - техникалық бағдарламаның (жобаның), және инфрақұрылымдық кешендердің (көлік, байланыс, қорғаныс, қоршаған ортаның қорғалуы, тіршілік ету ортаны бақылау, халықтың қауіпсіздігі және т.б.) нормативтік түрде қамтамасыз етілуі;

түтынушыларды номенклатура және өнімнің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметпен қамтамасыз ету үшін каталогизация жүйесінің қүрылуы;

стандарттау әдісімен және құралдарымен Қазақстан Республикасының заң шығару орындарымен бірлесе әрекет етуі;

Стандарттау ғылым және қызмет түрі ретінде стандарттарды жасау процестерінің негізгі заңдылықтарын көрсететін, оның экономиканы басқарудағы қажеттілігін негіздейтін, дамудың тенденциясы мен оның тиімді түрде жүзеге асу жағдайларын анықтайтын белгілі бір бастапқы ережелерде, қағидаларда негізделеді.

  1. ЭҚАБЖ жұмыс істеуін реттейтін нормативтік құқықтық актілері нені қамтиды?

ЭҚАБЖ орталығы - электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушыларды тіркеуді, нормативтік-анықтамалық ақпаратты үйлестіруді және электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылар арасындағы электрондық құжаттар алмасуды қамтамасыз ететін ЭҚАБЖ ішкі жүйесі;

Жеке, заңды тұлғалардың электрондық ЭҚАБЖ-де «электрондық үкімет» веб-порталын пайдалана отырып жөнелтілген өтініштерін қабылдау және өңдеу «электрондық үкіметтің» веб-порталы, ЭҚАБЖ, МО КО және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналымын ұйымдастыру үшін мынадай функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін ЭҚАБЖ пайдаланылады:

1) пайдаланушылардың қол жеткізуін авторландыру және қол жеткізу құқықтарын шектеу;

2) электрондық құжатты қалыптастыру (құру);

3) электрондық құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбасын қалыптастыру және тексеру;

4) электрондық құжаттардың есебін жүргізу (кіріс және шығыс электрондық құжаттарды тіркеу);

5) электрондық құжаттармен ұжымдық жұмыс;

6) электрондық құжаттардың (оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмалары) орындалуын бақылау;

7) электрондық құжатты іздестіру;

8) мемлекеттік орган шегінде және мемлекеттік органдардың арасында электрондық құжаттарды жіберу және алуын растау;

9) мұрағаттарды және құжаттамаларды басқарудың уәкілетті органы белгілеген мерзімде электрондық құжаттарды сақтау;

ЭҚАБЖ 60 Мб аспайтын көлемімен электрондық құжаттарды жеткізуді қамтамасыз етеді, оның қосымша салымының саны 6 файлдан аспайды.

8. Электрондық құжат екі бөліктен тұрады: мазмұнды және деректемелік.

  1. Стандарттаудың принциптерін атаңыз. Стандарттаудың негізгі принциптері:

келісім;

ашықтық;

еріктілік;

стандарттау саласындағы отандық және шетелдік өндірушілер мен жеткізушілер үшін бірдей талаптар;

экономикалық мақсатқа лайықтылық;

Одан басқа стандарттау принциптері:

♦ стандарттау дамуының жүйелілігі және кешенділігі;

♦ стандарттардың динамикалығы және озық дамуы;

♦ өнімнің (қызметтің) қауіпсіздігіне, бірлігіне және өзара ауысуының қамтамасыз етілуіне жағдай жасайтын стандарттардың жасалу

басымдылығы;

♦ үйлесімділік;

♦ стандарттар ережесінің қалыптасу нақтылығы болып табылады.

Келісім принципі барлық мүдделі тараптардың сапаны қамтамасыз ету және өнім, процесс (жұмыс) сондай - ақ қызмет қауіпсіздігі бойынша келісімге жетуге талпынуында айқындалады.

Халықаралық стандарттауда жалпы көптеген мүдделі тараптарда басты мәселелер бойынша келіспеушіліктердің болмауын, барлық тараптардың ойларын ескеруге деген талпынысты және сәйкес келмейтін көзқарастардың жақындастырылуын сипаттайтын, келісім мағынасын беретін консенсус термині қоданылады. Консенсус толықтай ынтымақтың болуын болжамайды.

Стандарттар кез - келкен субъектіге бағынуға дайын болуы тиіс, олар авторлық құжат болып саналмайды. Стандарттың жасалуында онда иелік ететін кез - келген мүдделі адамдар қатыса алады.

Стандарттар саудада техникалық тосқауыл болмауы тиіс.

Оларды жасау кезінде халықаралық стандарттарды, ережелерді, халықаралық ұйымдардың нормалары мен басқа елдердің ұлттық стандарттарын ескеру қажет; олар халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттармен, нормалармен, сондай - ақ талаптармен бірге үйлесуі тиіс.

Стандарт жасалуының мақсатқа лайық болуы сараптау, және оның әлеуметтік, экономикалық және техникалық аспектілерде қажет болуы жолымен анықталады. Тікелей экономикалық тиімділік қорлардың үнемделуіне, техникалық және ақпараттық сәйкестілік сенімділігінің жоғарылауына алып баратын стандарттарды қалыптастырады. Адамдар өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар әлеуметтік тиімділікті қамтамасыз етеді.

Қайта құрылған стандарттың моральдық тұрғыдан тозбауы үшін, стандартқа болашағы бар талаптардың, және халықаралық, сондай - ақ аймақтық стандарттардың, өзге елдердің озық ұлттық стандарттарының енуімен қамтамасыз етілетін озық дамудың принциптері міндетті түрде сақталуы тиіс.

Стандартқа деген басты талап - оның сертификаттау мақсаттары үшін қажеттілігі болып табылады. Мәтін бойынша нақты ажыратылған міндетті талаптар мен олардың нысанды түрде тексерілуінің әдістерінмазмұндайтын стандарттар, көрсетілген талаптарға жауап береді.

Жүйелілік принципі стандарттаудың әрбір нысанын күрделі жүйенің бөлігі, кешенділік принципі - күрделі жүйенің барлық элементтерінің сиымдылығы ретінде қарастыруын болжайды.

Динамикалық стандарттадың кезеңділікпен тексерілуін, оларға өзгеріс пен кейінге қалдырудың енгізілуін қамтамасыз етеді.

Стандарттар талаптары түсініктерінің нақтылығын қамтамасыз ету үшін олар нақты және анық болуы тиіс.

Әлеуметтік және техникалық - экономикалық мақсаттарға жету үшін, стандарттар белгілі бір қызметтерді орындайды.

Реттеу қызметі - ақылға сыймайтын нысан (өнім, құжат және т.б. номенклатурасы) түрлерін жеңу. Ол жеңілдетілу мен шектелуге келіп тіреледі. Неғұрылым нысан реттелген сайын, соғұрылым қоршаған заттық немесе өзіндік талаптары мен заңцары бар табиғи ортаға жақсы үйлеседі.

Қорғау (әлеуметтік) қызметі - өнім (процесс, жүмыс, қызмет) тұтынушыларын, дайындаушылар мен мемлекетті, техногендік әсерден қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өркениеттендіретін қызмет - өмір сапасын қүрайтын өнім (процесс, жүмыс, қызмет) сапасының жоғарылауына бағытталған. Мысалы, халық өмірінің ұзақтығы, өз кезегінде елдің даму немесе өркениеттену деңгейіне әсер ете отырып, тұтынушы тауарларына деген нормативтік құжаттардағы қауіпсіздік талаптарының қатаңдығына тікелей байланысты.

Қор сақтандырушы қызмет материалдық, қуаттық, еңбектік және табиғи қорлардың шектелуімен негізделіп, қорлардың шығындалуына арналған шектеулері бар нормативті қүжаттардағы шешімдерде көрініс табады.

Коммуникациялық қызмет адамдардың, оның ішінде мамандардың өзара пікір алысуы мен қызметтік қарым - қатынастарын қамтамасыз етеді. Аталмыш қызмет саудадағы тосқауылдарды жеңуге, сондай - ақ ғылыми - техникалық және экономикалық қызметтестікпен бірлесе жұмыс жасауға бағытталған.

Ақпараттық қызмет қызметтің әртүрлі саласының техникалық және басқару ақпараттарына ие нормативті құжаттар, каталогтар және эталондармен қамтамасыз етілуінде көрініс табады.

Нормалы шығармашылық және құқықты қолдану қызметі талаптардың стандартталу нысаны мен олардың жалпы қолданылуының заңдастырылуында көрініс табады.

  1. Мемлекеттік техникалық реттеу. Стандарттау, метрология жөне сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар Техникалық заңнама – техникалық объектілерге: өнімге, оның өмірлік циклі процестеріне, қызмет көрсетуге және қойылған талаптардың сақталуын тексеруге қатысты талаптарды регламенттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. 2004 жылдың 9 қарашасында қабылданып, 2005 жылдың 14 мамырынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының « Техникалық реттеу тұралы» Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданған «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдарының күшін жойды. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының қолданысқа еңгізілуі құқықтық тұрғыдан өнімнің, қызмет көрсетудің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің жаңа кезеңінің асталуы болып табылады. Құрылып жатқан техникалық реттеу жүйесінің жұмысын әрі қарай жетілдіруде келесі маңызды қадам, ол 2006 жылдың 26 желтоқсанында қабылданған «Қазқстан Республикасының кейір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тұралы» Заңы. Осы заң бойынша ұрын қабылданған 33 заңның 274 баптарына, соның ішінде «Техникалық реттеу туралы» Заңның 29-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты, ол адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғаудың нәтижелі жүйесін құру және саудада қисынсыз, артық кедергілерді болдырмау. Ол үшін мына шаралар көзделеді: Өнімнің ерікті стандарттарын міндетті техникалық регламенттерден бөлу (өмір мен денсаулықты қорғауға қатысы барларын) Ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен ең жоғары деңгейде үйлестіру; Сәйкестікті растау жүйесін ымырышылдандыру және әрір мүмкін жағдайда сәйкестікті ерікті растау сызасын еңгізу; Тәуелсіз және алаламайтын аккредиттеу жүйесін құру; Қазақстанның сәйкестік сертификатының шетелдік нарықта мойындалуына қол жеткізу. Практика тұрғысынан Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдауға қандай ішкі және сыртқы себептер ұйықты болғанын білу маңызды. Мұндай себептердің бастылары мыналар: бірінші жағдай – елдің техникалық заңдылықтарын дамыған шет елдердің заңдылықтарына мүмкіндігінше үйлестіру. Тек қана осындай үйлестіру арқылы еліміздегі бизнес қазіргі замандағы экономикалық кеңістікке кіре алады және барлық болып жатқан өзгерістерге дер кезінде құлақ асып, бәсекелестікке дайын болуға тырысады екінші жағдай – кәсіп иелерінің талпынысы мен азаматтық бизнесіне мемлекет тарапынан қойылатын артық әкімшілік кедергілерді болдырмау. Стандарттарда келтірілген санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б. өте көлемді және нашар реттелген міндетті талаптар кәсіп иелерінің жұмысын шектейді.

  2. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау.

Метрологиялық аттестаттау -осы өлшем құралдарын заңдастырылған деп есептеу негізі, олардың қасиеттерін зерттеуде қолдау үшін, әрі бұл метрологиялық қызмет көрсетудің мойындауы.

Метрологиялық аттестацияға жататындар:

1 ӨҚ, бір ғана тапсырма берушіге арналған және қайта әкелуге (шет елдерден) немесе өндіріске; 2 ӨҚ қайсыларының жаңадан жасалуы, сұранысқа байланысты және сериялық өндіріске жатпайтын;

3 ӨҚ сериялық шығарудағы жекелеген даналары, қайсыларына олардың нормаланған метрологиялық сипаттамалары, режимі және жағдайларынан ерекшеленеді, өздерінің қолданып жүрген ережелер мен жағдайларына;

4 Өлшем құралы сериялық шығарылып жүрген жекеленген даналары қайсыларының конструкциясына өзгерістер енгізілген, метрологиялық сипаттамаларына ықпал ететін;

5 Өлшем құралы сериялық шығарылып жүрген жекеленген даналары,мерологиялық сипаттаманың тұрақтылығы олардың метрологиялық сипаттамалары олар үшін жекеленген метрологиялық сипаттама белгілейді.

Метрологиялық аттестацияны Мемлекеттік метрологиялық қызмет бөлімшесі жүргізеді және метрологиялық қызметтің осы топтағы өлшем құралын салыстырып тексеруге құқықтығы барлары.

Метрологиялық аттестаттау қарастырады :

1 Техникалық құжаттарды қарастырып таңдауға;

2 Өлшем құралын эксперементальді зерттеуді;

3 Өлшем құралын салыстырып тексерудің әдістемелерін апробациялау

4 ӨҚ метрологиялық аттестаттау нәтижиелерін рәсімдеу.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау үшін келесідей құжаттар керек:

1 өлшем құралдарға қойылатын талаптар мазмұны;

2 пайдалану құжаттары;

3 метрологиялық аттестаттау бағдарламасы және салыстырып тексерудің жобасы.

Метрологиялық аттестаттаудың бағдарламасын және ӨҚ салыстырып тексеру әдістемесін өтініш беруші және де орындаушылар әзірлеуі мүмкін. ӨҚ метрологиялық аттестаттау нәтижиелері оң болғанда, оған сертификат рәсімделеді, қайсыларын мерзім қызметті өткенше сақталуы қажет. Сертификат заңы болып, атестатталған ӨҚ Мемлекеттік реестр жүйесінде тіркелгесін ҚР өлшеу бірлігін қамтамасыз ету үшін. ӨҚ эксперименталды зерттеу Хаттамасы салыстырып тексеру аралық мерзімі өткенше орындаушыда сақталуы керек.

  1. Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау.

1. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган республикадағы стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлауға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады.

2. Мемлекетаралық стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлаудың, тәртiбi мен нысандары стандарттарға және мемлекетаралық стандарттау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттiк стандарттау бағдарламалары мен жоспарлары Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының, заңды тұлғаларының ұсыныстары негiзiнде әзiрленедi, оны стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкілеттi орган бекiтедi және бақылайды.

4. Стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының басым бағыттары ескерiле отырып жүзеге асырылады.

  1. Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ИСО атқаратын қызметі қандай?

Ұлттық стандарттар өздері даярланып, қолданылатын елдердің ғылыми және техникалық даму деңгейі мен ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан стандарттардың елдің біртектес бұйымдарына деген талабы бір - бірінен ерекшеленеді. Ол бұйымдарды сатып алатын елдің стандартымен бірге өнім стандарттарының келісу қажеттілігін шақыратындықтан, халықаралық сауданың дамуы үшін кедергі болады. Адамзат әрекетінің барлық саласын халықаралық сауда мен халықаралық қызметтестіктің дамуы ұлттық стандартардың келісілу (үйлесімдік) қажеттілігіне, халықаралық (аймақтық) стандарттардың жасалуы мен кең түрде қолданылуына әкелді. Әр елдің стандарттау саласындағы тікелей қызметтестігі, басталуы стандарттау бойынша жеті ұлттық комитеттің 1921 ж. алғашы конференциясы өткізілген жылға сай келеді. Бұл конференция құрамына стандарттау бойынша 20 ұлттық ұйым кіріп, негізінде 1926 ж. стандарттау бойынша ұлттық ассоциацияның Халықаралық федерациясы құрылған ұйымдық принциптер жасап шығарды. ИСА стандартау бойынша 180 - ге жуық халықаралық кеңес даярлады, екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен оның қызметі тоқтатылды. Стандарттау бойынша ұлттық органдардың бүкіләлемдік федерациясы болып табылатын стандарттау бойынша Халықаралық ұйым, Лондонда БҰҰ шешімі бойынша 1947 жылы стандарттау бойынша 25 ұлттық үйым тарапынан құрылған болатын. Оның атауын таңдау кезінде isos - "тең" грек тілінен алынған сөзді пайдалану шешілген еді. Сондықтан әлемнің барлық тілдерінде стандартау бойынша Халықаралық ұйым ISO (ИСО) деген қысқаша атқа ие. Бұл үкіметтік емес ұйымның қызмет саласы, электротехника және Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) құзыретіне қарасты электротехникалардан басқа стандарттауды барлық салаларда қамтиды. ИСО сертификаттау мәселелерімен айналысады. ИСО-ның басты міндеті бүкіл әлемде ғылыми - техникалық, технологияық және экономикалық қызметтің интелектуалды меншіктілік саласында тауармен, қызметпен алмасу және қызметтестікті дамыту процесіндегі бірлестікті қамтамасыз ету мақсатында стандарттау дамуының және қызметтің шектес түрінің стимулдануы болып табылады. ИСО қызметінің тәжірибелік нәтижесі халықаралық стандарттардың қызметтің әр салаларында қабылдануы мен шығарылуы және даярлану жолмен қол жеткізілетін халықаралық келісімдер болып табылады. Халықаралық келісімдерді даярлау кезінде ИСО өнім (қызмет) өндірушілер, тұтынушылар, үкіметтік орталар, ғылыми - техникалық және қоғамдық ұйымдар сияқты барлық мүдделі тараптардың сенімдерін ескереді. ИСО жұмысында стандарттау бойынша өздерінің ұлттық ұйымдарымен әлемнің 146 елі қатысады, оның ішінде 94 ИСО мүшелері және 15 жазылған (2003 жылғы мәлімет бойынша) мүшелер болып табылады. ИСО мүшелері ИСО - ның кез - келген техникалық комитетінің жұмысына қатысуға, стандарт жобалары бойынша дауыс беруге, ИСО кеңесінің құрамына сайлануға және Бас ассамблея отырыстарында ұсынылуға құқылы. Корреспондент - мүшелер ИСО-ға белсенді жұмыс жасамайды, бірақ жасалып жатқан стандарттар туралы мәліметтерді алуға құқылары бар. Корреспондент - мүшелері көбінесе дамып келе жатқан мемлекеттің ұйымы болып табылады. ИСО-ға жазылған мүшелер жарна төлеп халықаралық стандарттаудың жағдайымен танысу мүмкіндігіне ие болады. "Жазылған мүшелер" санаты дамып келе жатқан елдер үшін енгізілген. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Комитет тарапынан ұсынылған Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап ИСО-ның барлық мәселелері бойынша шешім қабылдау және оларды талқылау барысында дауыс қосуға толықтай құқылы мүше болып табылады. Стандарттау бойынша ұлттық ұйымдар, ИСО жетістіктерінің өз еліндегі серкелері, сондай - ақ ұйымға сәйкес келетін техникалық комитеттерде ұлттық көзқарасты көрсетуші тұлғалар болып табылады. Сонымен қатар, стандарттау бойынша мықты ұлттық ұйымдар - ИСО мүшелері ИСО-ның қызметтелуі үшін тірек болып табылады. ИСО-ның қаржылық қоры мүше - елдердің жарналарынан, стандарттар және басқа да бұйымдар, сондай - ақ қайырымдылық қаржылардан құрылады. ИСО-ның ұйымдық құрылымы жетекші және жұмысшы органдардан тұрады (2 сурет).   Атқарушы органдар Орталық Секретарит Техникалық Комитеттер Қосақы Комитеттер Жұмысшы Топтар 2. Сурет. ИСО-ның ұйымдық кұрылымы Жетекші органдарға Бас асамблея, ИСО кеңесі және оның комитетері, ал жұмысшы органдарға - техникалық комитеттер (ТК), қосалқы комитеттер (ҚК) және техникалық кеңестік топтар (ТКТ) жатады. ИСО-ның жоғарғы органы мүшелер тарапынан тағайындалған лауазымды тұлғалар мен делегаттар жиынтығы - Бас ассамблея болып табылады. Әрбір мүше үштен артық делегатты ұсынуға құқы жоқ. Корреспондент - мүшелері және жазылған мүшелер бақылаушы ретінде қатысады. Бас ассамблея сессиялары арасындағы үзілістерде ИСО жұмысына ИСО Кеңесі жетекшілік етеді, оның басында ИСО президенті тұрады. Кеңес стандарттау бойынша үш жылға сайланатын ұлттық ұйым өкілдерінің 18 мүшесінен тұрады. Олар Бас ассамблеяның басын қоспай - ақ ИСО мүшелеріне Кеңес беруге немесе мүшелерге оның шешімін тапсыруға арналған сұрақтарды бағыттауға қүқылы. Кеңес отырысындағы шешім, отырғандардың дауыс берулері арқылы қабылданады. Отырыстар арасындағы бос уақытта немесе қажет болған жағдайда кеңес шешімді санақ жүргізу жолыменқабылдай алады. Кеңес жанында ИСО-ның техникалық комитетіне жетекшілік ететін Атқарушы бюро құрылды. ИСО Кеңесіне жеті комитет бағынады: ПЛАКО (техникалық жетекшілік ету бюросы), СТАКО (стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу жөніндегі комитет), КАСКО (сәйкестіктің бағалануы жөніндегі комитет), ИНФКО (информациялық жүйе және қызметтер жөніндегі комитет), ДЕВКО (дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету жөніндегі комитет), КОПОЛКО (тұтынушы мүдделерін қорғау жөніндегі комитет), РЕМКО (стандартты үлгілер жөніндегі комитет) ' ПЛАКО ИСО жұмыстарын жоспарлау және жұмыстың техникалық тұстарын үйымдастыру мен координаттау бойынша ұсыныстарды дайындайды. ПЛАКО саласының жұмысына техникалық комитеттердің құрылуы мен таратылуы бойынша ұсыныстардың қарастырылуы және техникалық комитеттердің міндетіне кіретін стандарттау салаларының анықталуы кіреді. СТАКО ИСО Кеңесіне әдістемелік және ақпараттық көмекті халықаралық стандарттардың принциптері мен әдістері бойынша көрсетеді. Комитет күшімен стандарттаудың негізін қалаушы принциптердің зерттелуі жүргізіліп, аталмыш саладағы оптималды нәтижелердің жетістіктері бойынша Кеңестер дайындалады. СТАКО сауданың дамуы үшін Халықаралық стандарттарды қолдану бойынша терминологиямен және семинарларды ұйымдастырумен айналысады. КАСКО стандарттар талабына өнім, қызмет, процесс (жұмыс) және сапа жүйелерінің сәйкес келуін растайтын мәселелермен айналысады. Комитет өнімнің, қызметтің, процестің (жұмыстың), сапа жүйелерінің сынақ зертханалары мен сертификаттау бойынша органдардың құзырлығын сертификаттаудың ұлттық және аймақтық жүйелерін өзара мойындау мен оны қабылдауға әрекеттеседі, сонымен қатар сертификатты сынау және растау саласында халықаралық стандарттарды пайдалануға сәйкес болу бағасы мен оның саналуы бойынша басшылықты даярлайды. ИНФКО стандарттардың қолда бар қоры мен мәліметтердің автоматтанған банктері негізінде стандарттауды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жүмыстармен ғылыми - әдістемелік және тәжірибелік басшылық етуді жүзеге асырып, стандарттар және техникалық регламенттердің сатылымын ұйымдастырады. ДЕВКО Халықаралық стандартардың жасалу тәртібі. Халықаралық стандарттарды дайындау жөніндегі жұмысты техникалық комитеттер (ТК), олар құратын қосалқы комитеттер (ҚК) және қызметтің нақты бағыттары бойынша жұмыс топтары (ЖТ) жүргізеді. 2003 жылғы мәліметтер бойынша халықаралық стандарттау, ИСО шеңберінде 2736 жүмысшы органдар, сондай-ақ 186 ТК, 550 ҚК және 2000 ЖТ тараптарынан өткізіледі. Техникалық комитеттер жалпы техникалық және техниканың нақты салаларында жұмыс атқаратын комитеттер болып бөлінеді. 26 жалпы техникалық ТК жалпы техникалық және салааралық міндеттерді шешеді. Оларға, мысалы ТКЗ "Рұқсаттар және қондырулар", ТК 10 "Техникалық сызбалар" ТК 12 "Өлшем бірліктері", ТК 19 "Қалаулы сандар", ТК 37 "Терминология". Қалған ТК техниканың нақты салаларында қызмет етеді (ТК 22 "Автомобилбдер", ТК 39 "Станоктар" және т.б. Егер техникалық комитет тарапынан жүргізілетін жұмыс мәселелердің кең ауқымын қамтыса, қосалқы комитеттер техникалық комитеттер щеңберінде құрылады. Мысалы, ТК20 "Авиациялық және космостық ұшу құралдарына" он қосалқы комитет кіреді. Халықаралық стандарттардың жасалу процедурасы төмендегідей. Халықаралық стандарттардың жасалуында қызығушылық танытатын ИСО мүшесі, техникаық комитет немесе ИСО Кеңесінің комитеті (немесе ИСО мүшесіне кірмейтін ұйым) түріндегі тарап ИСО Кеңесіне стандартты жасауға арналған тапсырысты бағыттайды.

  1. Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары қандай?

Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары жүзеге асырады.

Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті органның басшысы;

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары – уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;

  3. облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары – аумақтық бөлімшелердің басшылары;

  4. облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары – аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;

  5. облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары жатады

     2. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар атқарып жүрген қызметтерiне сәйкестiгiн анықтау және кәсiби даярлығын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi аттестаттаудан өтуге тиiс.

1) тексеруге тапсырмасын (жолдамасын) және қызметтiк куәлiгiн көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк метрологиялық бақылау үшiн белгiленген объектiлерге кедергiсiз кiруге;       2) жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттiк метрологиялық бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер сұратуға және алуға;       3) техникалық құралдарды пайдалануға және тексерiлетiн объектiлердiң мамандарынан ақпарат алуға;       4) сынақтан және түрiн бекiтуден, салыстырып тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, бекiтiлген түрге сәйкес келмейтiн өлшем құралдарын қолдануға, өткiзуге, пайдалануға беруге, өндiрiстен және жөндеуден шығаруға тыйым салуға;       5) егер өлшем құралдары жұмысқа жарамсыз болса олардың көрсетулерiнiң қателiгi рұқсат етiлген нормалардан асып кетсе немесе өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi бiтсе, салыстырып тексеру таңбаларының баспа-таңбасын өшіруге немесе өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың күшiн жоюға;       5-1) өлшем құралдарының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу үшiн оған инспекциялық салыстырып тексеру жүргiзуге;       6) метрологиялық нормалар мен ережелердiң бұзылуын жою, қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын және заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін пайдаланудан алып тастау туралы орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге;       7) буманың iшiндегi тауардың санын көрсететiн шаманың буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкессiздiгi анықталған жағдайда бума тауарлар партияларын өткiзуге тыйым салуға;       8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Нұсқамаларға қол қоюға бас мемлекеттік инспекторлар мен олардың орынбасарларының құқығы бар.       Нұсқамалардың нысандарын және оларды беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.       Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.06.09. N 558 Заңымен, 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

  1. Геодезиялық Жер өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары қандай?

Геодезиялық аспаптардың негізгі метрологиялық сипаттамалары ретінде, әдетте өлшеудің орташа квадраттық қателігі алынады (мысалы, теодолитте – бұрыш, нивелирде – өзара биіктік, қашықтық өлшеуіште – қашықтық). Негізгі метрологиялық сипаттамаларды бағалаудың бірнеше әдісі белгілі:Геодезиялық аспаптар 39 ықтимал қателік бойынша  ретті тәуелсіз тең нүктелі өлшеу:  / 1 2 m   n (13) шамалардың өлшенген мәнін өлшеудің үлгілік (эталон) құралдары арқылы алынған мәннен  ауытқуы бойынша: геодезиялық өлшеуде  өлшеу алшақтығы бойынша: m  / qn 2   (15) екі тәуелсіз өлшеу d айырымы бойынша: m  d /2n 2   (16) мұндағы q – өлшенетін геодезиялық өлшем саны; п – қателік саны. т мәнін бағалау әдісін таңдау – бақылау-өлшеу жабдықтарымен, артық ақпарат алу мүмкіндігімен, сыналатын аспаптың міндеті мен қолдану жағдайына қарай анықталады. Негізделген жағдайда, аспаптың метрологиялық жарамдылығын жүйелік т және кездейсоқ т құраушылар мәнін ескеріп, элемент бойынша бақылау әдісі жүргізіледі:   2 2 m m m . (17) Осы теңдеуді ескеріп, п тәсілдерінің орташа нәтижесінің орташа квадраттық қателігін мынадай формула бойынша есептейді:      1 2 2 2 m m m n M (18) мұндағы m – қалған жүйелік қателіктің орташа квадраттық әсері.М.Б. Нұрпейісова, Қ.Б. Рысбеков 40 Орташа квадраттық қателіктен шектіге өту белгілі қателіктің таралу заңы мен берілген сенімді ықтималдық негізінде іске асырылады. Соңғы кезде интервалды анықтайтын сенімді қателік көмегімен өлшеуді бағалау қолданылады; өлшенетін шаманың нақты мәні берілген ықтималдықпен р болады. Басқаша айтқанда, р ықтималдығымен ||  д шарты орындалады. Метрологиялық практика мен теорияның кейбір жағдайларында өлшеу сапасын бағалау үшін, қателіктің энтропиялық мәні қолданылады: д, =km; (19) мұндағы k – өлшеу қателігінің таралу заңы түріне байланысты энтропиялық коэффициент (k = 2,07). Аспаптың кейбір түрлері, мысалы қашықтық өлшеуіш үшін өлшеудің абсолюттік қателігін мынадай теңдеумен өрнектейді:  = ± (а+bх); (20) мұндағы а және b – теңдеу параметрлері (тұрақты); х – өлшенетін шама (қашықтық өлшеуіш үшін х ретінде өлшенетін қашықтық S алынады). Теңдеудің а және b параметрлерін ең аз квадрат әдісімен немесе регрессия теңдеуі негізінде статистикалық жолмен анықтайды. ГСИ мынадай формула бойынша анықталатын келтірілген қателікті қолдануға рұқсат етеді:  =±/xN ; (21) мұндағы хN – келтірілген қателікті есептеу кезіндегі өлшеудің абсолют қателігі жататын шама мәні. Геодезиялық аспаптардың негізгі метрологиялық қателігін анықтау әдістері аспаптардың нақты типіне, стандарттары мен техникалық жағдайларында келтіріледі (айтылады). Метрология тұрғысынан, геодезиялық аспаптардың ішінен өлшейтін аспап болып есептелмейтін (мысалы, центрлер) өлшеу құрал-жабдықтары мен аспаптары бар. Өлшеу құрал- жабдықтар дәлдігі бойынша: дәлдігі жоғары, дәл және техникалық болып бөлінеді. Геодезиялық аспаптар – атқаратын міндеті мен дәлдігіне қарай былайша жіктеледі: А). Міндетіне қарай : 1. Бұрыштарды өлшеуге қажет аспаптар (қарапайым аспаптар: транспортирлер, эккерлер, эклиметр, буссолдар, негізгі бұрыш өлшегіш аспаптар; әр түрлі теодолиттер); 2. Ұзындықтарды өлшеуге пайдаланылатын аспаптар (сыз- ғыштар, рулеткалар, ленталар, ұзындық өлшеуіштер, оптикалық қашықтық өлшеуіштер, ілмелі ұзындық өлшеуіш аспаптар, жарық сәулелі өлшеуіштер, радиоқашықтық өлшеуіштер); 3. Биік айырымдар мен биіктіктерді өлшеуге арналған аспаптар түрлі деңгейлері бар нивелирлер, әр түрлі компенсаторлары бар нивелирлер, лазерлі нивелирлер, микро- нивелирлер, гидронивелирлер, микробарометрлер, профиль- сызғыштар);М.Б. Нұрпейісова, Қ.Б. Рысбеков 14 4. Топографиялық түсірістерге қажет аспаптар (кипрегель- дер, тахеометрлер, топографиялық байланыстырушы-лар, инерциялық жүйелер); 5. Арнайы тағайындалған аспаптар (вертикаль жобалау аспаптары, жармалық өлшеу аспаптары), т.б. аспаптар (оптикалық тіктеуіштер, рейкалар). Ә) Дәлдігіне қарай: Өлшеу қателіктеріне байланысты (тек қана теодолиттер, нивелирлер және ұзындық өлшеу аспаптары) мына түрлерге бөлінеді: – техникалық; – дәл; – жоғары дәлдікті; Б) ақпараттарды физикалық табиғатына қарай: сақтаушы механикалық (нүктелер, сызғыштар, т.б.); оптикалық- механикалық (теодолиттер, нивелирлер, кипрегельдер, т.б.); оптикалық-электрондық (жарық қашықтық өлшеуіштер, электрондық тахеометрлер); электрондық (радиоқашықтық өлшеуіштер, регисторлар, іздеуіштер, т.б.); В) тасымалдау жағдайларына байланысты: стационарлық жылжымалы (көлікке орнатылған), алып жүретіндер (жәшікте жайластырылған). Кейбір геодезиялық аспаптар есеп алу тетіктеріне, осьтік жүйелердің констукциясына, көру дүрбісінің түріне, т.б. конструкциялық белгілеріне қарай жіктеледі. Жіктелуі мен белгілері бойынша аспаптар әр түрлі типтерге бөлінеді. Ресейдің ГОСТ-ты бойынша өнеркәсіптерде геодезиялық аспаптардың 40-тан астам типі шығарылады. Олардың ішінде шамамен 20-сына стандарт тағайындалған.

  1. Халықаралық стандарттар қандай мақсатта дайындалады? Қандай халықаралық стандарттарды білесіздер?

Халықаралық стандарттар ұлттық деңгейде кең таралған және оны өнім дайындаушылар, сауда ұйымдары, сынақ зертханалары, мемлекеттік органдар басқа да мүдделі тараптар қолданады. Бұл стандарттар әдетте жетекші өнеркәсіптік мекемелердің, тұтынушылардың, ғылыми-зерттеу мекемелердің және реттеуші органдардың озық тәжірибесін әлемдік ауқымда қамтып көрсетеді және көптеген елдердегі жалпы талаптарды қамтиды, олар саудадағы техникалық кедергілерді жоюдағы маңызды талаптардың бірі болып табылады.

Халықаралық стандарттарды әзірлеудің қажеттігі айқын болып келеді, себебі әлемдік нарықтағы бір өнімге арналған ұлттық стандарттардың әр түрлілігі халықаралық саудынң дамуына кедергі келтіреді.

Көптеген салаларда бірыңғай әлемдік стандарттардың жоқтығы халықаралық экономикалық байланыстардың дамуын қиындатып, өнімнің қымбаттауына алып келеді.

Стандарттарды халықаралық үйлестіру саласындағы жұмыс техникалық талаптар мен ережелердегі айырмашылықтардан туындайтын кедергілерді жоюға мүмкіндік береді және бүкіл әлемдегі ғылыми-техникалық прогрестің міндетті шарты болып табылады.

Халықаралық стандарттардың жаһандық нарықтың техникалық негізі ретінде алатын орны Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) келісімінде айрықша аталып көрсетілген. Келісім сауданың даму жолында қажетсіз кедергілердің пайда болуының алдын алу үшін үкіметтерді барынша халықаралық стандарттарды қолдануға міндеттейді.

Әлемдік тәжірибе, соның ішінде АҚШ тәжірибесі, бәсекеге қабілетті және жоғары сапалы өнімді шығаруды қамтамасыз ететін тиімді ұйымдық-әдістемелік амалдар болып стандарттау және сертификаттау принциптарын қолданатын амалдар табылады. Өнім сапасының жоғарылауы оның бәсекеге қабілеттілігінің және өндірістің үдемелі дамуының негізі болып табылады

Халықаралық стандарт- стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт (Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 9 қарашасындағы «Техникалық реттеу туралы» Заңы).

Халықаралық стандарттар құрамындағы адамдардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ақпараттың құндылығы арқасында елдер арасындағы сауданы кеңейтуге арналған негізгі құжаттар болып табылады.

Халықаралық стандарттаудың басты идеясы болып жасалып қойған ұлттық стандарттардың негізінде халықаралық стандарттар әзірлеп, оларды ұлттық деңгейде жүзеге асыру табылады. Сондықтан да халықаралық ұйымдардың техникалық комитеттері бар ұлттық стандарттарға әсер ету үшін кеңестер дайындады. Алғашқы кеңестер («Өнеркәсіптік өлшемдер үшін стандартты анықтамалық температуралар») 1951 жылы пайда болды, ал 1957 жылы ИСО-ның онжылдығында барлығы 57 кеңестер болды. Бірақ, осыған қарамастан кәсіпорындар оларға тәуелсіз халықаралық стандарттар ретінде жүгіне алмады. Осыған байланысты, халықаралық стандарттарды қабылдауға бағдар алған жұмысты қайта құру басталды.

Стандарттау саласындағы негізгі жүйе құратын беделді халықаралық ұйымдар:

- Халықаралық стандарттау ұйымы, ИСО (International Organization for Standardization, ISO) – әлемнің 169 елін[1]біріктіретін халықаралық стандарттау ұйымы. ИСО басты мақсаты – халықаралық сауданы дамыту мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін халықаралық стандарттар жасау. ИСО стандарты – ИСО мүше-комитеттері арасындағы келісім нәтижесі, оның өзін жеке қолдануға болады немесе әр түрлі елдердің ұлттық стандарттарына енгізу арқылы қолдануға болады.

- Халықаралық электро-техникалық комиссия, МЭК (International Electrotechnical Comission, IEC) – электрлік, электрондық және соған байланысты технологияларды стандарттайтын халықаралық коммерциялық емес ұйым. МЭК ұлттық стандарттау қызметтерінің өкілдерінен құралған, қазіргі кезде оның құрамына 76 аса ел[2]кіреді. Ұйымның басты мақсаты – электротехника және радиотехника саласында халықаралық стандарттар мен басқа да құжаттар әзірлеу арқылы стандарттау және соған байланысты мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу..

  1. Жылуөткізгіштік эталоны қандай?

Өлшеудің ерекше құралы болып эталон табылады.

Эталон (фр. etalon) - мөлшерлерін өлшемнің басқа құралдарына беру мақсатында шама бірлігін жаңғырту және сақтау үшін пайдаланылатын аса дәл өлшем. Эталоннан шама бірлігі разрядты эталондарға беріледі, ал олардан - өлшеудің жұмысшы құралдарына беріледі.

Жылу өткізгіштік кезінде заттың бір көлемінен екінші көлеміне энергия тасымалданады.

 

- температура градиенті.

Температура градиенті деп белгілі бағытта температураның өзгеру шапшаңдығын айтады.

Жылу өткізгіштік құбылысын сипаттайтын заңды француз ғалымы Фурье ашты.

Сондықтан бұл заң Фурье заңы деп аталады:

Жылу өткізгіштік құбылысы кезінде аудан арқылы t уақытта тасымалданатын жылу мөлшері температура градиентіне тура пропорционал болады.

 ,

мұндағы: - жылу өткізгіштік коэффициенті, өлшем бірлігі .

измерений рабочим средствам измерений с указанием погрешностей и основных методов поверки.

  1. СИ жүйесін қабылдамаған мемлекеттерді ата? СИ жүйесі не үшін қажет?

Бірліктер жүйесін қабылдамаған мемлекеттер АҚШ,Либерия,Мьанмар.

Бірліктердің халықаралық жүйесі (SІ;CИ) Өлшем мен салмақ жөніндегі 11-Бас конференцияда (1960) қабылданған физикалық шамалар бірліктерінің жүйесі. Кейін ол Өлшем мен салмақ жөніндегі 12 – 18-Бас конференцияларда дәлдене түсті. Оны КСРО-да қолдану 1963 жылдан (ГОСТ 9867 – 61) басталды, ал 1982 жылдан ол міндетті түрде қолданыла бастады. Бірліктердің халықаралық жүйесінің артықшылығы – оның ғылым мен техниканың барлық саласын қамтитын әмбебаптығы және пропорционалдық коэффициенттері болмайтын теңдеулер негізінде құрылатын туынды бірліктерінің бір-бірімен үйлесімділігі. Сондықтан есептеу кезінде егер барлық шамалардың мәнін бірліктердің халықаралық жүйесінің бірліктері арқылы өрнектейтін болсақ, онда формулаға бірлік таңдауға тәуелді емес коэффициeнттерді ендірудің қажеті болмайды. Берілген кестеде бірліктердің халықаралық жүйесінің негізгі, қосымша және кейбір туынды бірліктерінің аталуы мен белгіленуі келтірілген. Алғашқы үш негізгі бірлік (метр, килограмм, секунд) механикалық табиғаты бар барлық шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыруға мүмкіндік береді. Ал қалған төрт негізгі бірлік (ампер, кельвин, кандела, моль) механикалық табиғаты болмайтын шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыру үшін қосылған (мысалы, ампер – электрлік және магниттік, кельвин – жылулық, кандела – жарық, моль – молекулалық физика мен химия саласындағы шамалар үшін). Ондық еселік бірліктер мен үлестік бірліктердің аталуы арнаулы қосымша жалғаулардың көмегімен құрастырылады

  1. Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар мен стандарттарды атаңыз. Олар не үшін керек?

"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.

Осы техникалық регламент Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы сүт және сүт өнімдеріне қолданылады, олар өнімдердің мынадай түрлерін қамтиды:

1) сүт шикізаты және кілегей шикізаты;

2) ішетін сүт және ішетін кілегей;

3) сүт қышқылды өнімдер;

4) сүзбе және сүзбе енімдері;

5) қаймақ;

6) сиыр сүтінен жасалған май;

7) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;

8) майлы паста;

9) сары май-өсімдік спреді және ерітілген сары май-өсімдік қоспасы;

10) ірімшік және ірімшік өнімдері;

11) сүтті қайта өңдеудің қайталама өнімдері.

Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 2010.11.15 Қаулыларымен.

2. Осы техникалық регламенттің қолданысына түсетін сүт және сүт өнімдерінің түрлері Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес осы техникалық регламентке қосымшада келтірілген.

3. Осы техникалық регламенттің талаптары, сүт және сүт өнімдерін әзірлеумен, өндірумен қайта өңдеумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады.

4. Осы техникалық регламент балалар тағамдарына арналған, емдік, алдын алу және диеталық мақсаттағы үй жағдайында дайындалған сүтке және сүт өнімдеріне, сүтті және сүтті құрайтын, құрамында сүт бар консервілерге, жеке тұтынуға арналған сүт және сүт өнімдеріне, сүтті және сүтті құрайтын, құрамында сүт бар консервілерге, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіруде (дайындауда) қолданылатын тағамдық қоспаларға, бояғыштар мен хош иістендіргіштерге қолданылмайды.

Сүт және сүт өнімдерін өткізу, олардың нормативтік құжаттамаларына сәйкес тамақ өнімдерін қабылдау, бақылау, сәйкестендіру және сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ішкі сауда объектілерінде санитарлық-гигиеналық нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырылады.

7. Сүтті және сүт өнімдерін өткізу үшін негізгі шарттар мыналар болып табылады:

1) ілеспе құжаттардың болуы;

2) сүт және сүт өнімдері, оны қолдану және сақтау шарттары туралы ақпараттың болуы;

3) сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттың (санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының, ветеринариялық-санитарлық қорытындының, ветеринариялық сертификаттың, ветеринариялық анықтаманың, сәйкестік сертификатының) болуы.

8. Сүт және сүт өнімдерін өткізу сүт және сүт өнімдерінің нақты түрлерін сақтау шарттары сақталған кезде нормативтік құжаттармен белгіленген жарамдылық мерзімі шегінде жүзеге асырылады.

9. Сүт және сүт өнімдері тұтынушылық немесе топтық орамда (ыдыста), немесе оларсыз: құйылып немесе таразыға тартылып өткізіледі.

Сүт және сүт өнімдерін бүлінген және (немесе) тығыз жабылмаған орамда (ыдыста) өткізуге жол берілмейді.

Сүт және сүт өнімдерін құйылмалы немесе таразылап өткізу кезінде кесуге және таразылауға арналған арнайы жабдық, сондай-ақ таңбаланған сауда мүкәммалы (төсеніштер, қысқыштар, қалақшалар және т.б.) пайдаланылуы тиіс.

Буып-түйілмеген сүт өнімдерін тікелей таразыларда орама материалдарсыз тартуға жол берілмейді.

10. Сүт және сүт өнімдерін өткізуге белгіленген тәртіппен міндетті түрде медициналық тексеруден өткен адамдар жіберіледі.

Сүт және сүт өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын адамдардың арнайы киімі болуы тиіс.

Сүт-шикізатын өндірушіде (дайындаушыда) қайта өңдеу жеріне тасымалдауға арналған уақытты ескере отырып, 24 сағаттан аспайтын (4 + 2) оС температурада сақтауға жол беріледі.

14. Сүт-шикізатын қайта өңдеу орнына тасымалдау уақытында және тіпті оны қайта өңдеу басталғанға дейін оның температурасы

8 оС-дан аспауға тиіс.

Қайта өңдеу үшін келіп түскен сүт-шикізатты қайта өңдеуші кәсіпорнында сақтауда тұрған сүтпен араластыруға жол берілмейді.

Сүт және сүт өнімдерін жоғары температуралы пастерлеу 77 0С-дан 125 0С-ға дейінгі температура диапазонында жүргізіледі және сілтілік фосфотаза мен пероксидаза инактивациясымен ілесе жүреді

  1. Өлшеу құралдарының қандай сипаттамалары бар?

Өлшеу құралдары – бұл нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, өлшеуге қолданылатын техникалық құралдар. ӨҚ екі функциялардың біреуін іске асыратын әр түрлі сындарлы құрылғыларды біріктіретін, жалпыланған түсінік.

Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары

  • Шкала бөлігінің құны;

  • Өлшеу диапазоны;

  • Сезімталдық;

  • Өлшеу құралдарының қателігі;

  • Өлшеу құралдарының класс дәлдігі;

  • Шама бөлігінің құны – өлшеу құралдарының шкалаларының екі көршілес белгілеріне сәйкес шама мәндерінің айырымы.

  • Өлшеу диапазоны - өлшеу құралдарының қателіктерінің жіберілген шектері нормаланған шектегі шама мәндерінің облысы.

  • Сезімталдық - өлшеу құралдарынан шыққан сигналдың өзгерісінің, оны туғызған өлшенетін шаманың өзгерісіне қатынасы.=

- ӨҚ-нан шыққан сигналдың өзгерісі

Метрологиялық практикада өте көп қолданылатын ұғым - өлшеу дәлдігі.

  • Өлшеу құралдарының өлшеу дәлдігі – алынған нәтижелердің өлшенетін шаманың нақты (шын) мәніне жақындығын көрсететін өлшеудің сапасы. Өлшеу құралдарының өлшеу дәлдігі оның қателігімен анықталады.

  • Өлшеу құралдарының қателігі – алынған нәтижелер мен өлшенетін шаманың нақты (шын) мәндерінің айырымы. Нақты мәндерге эталондық өлшеу құралдарының көрсетулері алынады.

Өлшеу құралдарының қателіктері былай жіктеледі:

  • өрнектеу тәсілі бойынша – абсолюттік, салыстырмалы;

  • туындау сипаты бойынша – жүйелік, кездейсоқ.

Өлшеу құралдарының класс дәлдігі – жіберілген қателіктердің шектерімен, сонымен қатар дәлдікке әсер ететін басқа да сипаттамалармен өрнектелетін жиынтық сипаттама.

Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етудің техникалық негіздерінің бірі – шама бірліктерінің ұлттық эталондары.

  1. ҚР мемлекеттік стандарттары.

Қазақстан Республикасындағы қазiргi Мемлекеттiк стандарттар қоры өнiмдерге, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге қатысты нормаларды, ережелердiң және сипаттамалардың көп мәрте қолданылуы үшiн белгiленген стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi құжаттардың жиынтығын қамтиды.

Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Мемстандарт), оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң, республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге де орталық атқарушы органдарының, заңды тұлғаларының базасында құрылатын ақпараттық қорлар Мемлекеттiк стандарттар қорының құрамдас бөлiктерi болып табылады.

1997 жылғы 1 мамырдағы жай-күйi бойынша Мемлекеттiк стандарттар қорында 70000-нан астам стандарттар мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар бар және өзiнiң құрамында Қазақстан Республикасының мемлекетаралық стандарттарын, мемлекеттiк стандарттарын және техникалық шарттарын, стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi ережелер мен басшы құжаттарды, техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттардың жiктеушiлерiн, санитарлық нормалар мен ережелердi (САН, ПиН, СН), құрылыс нормалары мен ережелерiн (ҚНжЕ), фармакопиялық баптар мен уақытша фармакопиялық баптарды; халықаралық ұйымдардың - ISO стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымдардың, Халықаралық электротехникалық комиссияның - ХЭК, Заң метрологиясы халықаралық ұйымының - ЗМХҰ стандарттарын шетелдердiң ұлттық стандарттарын қамтиды.

Стандарттар қоры мемлекетаралық стандарттармен, ISO және ЗМХҰ халықаралық стандарттармен, Достастық елдерiнiң ұлттық стандарттарымен мерзiмдi түрде толықтырылып отырылады.

Сонымен бiрге бұрынғы Одақта болған ақпараттық қорлар құрылымының қайта ұйымдастырылуына, Республика экономикасының салаларындағы қайта құруларға байланысты стандарттардың республикалық ақпараттық қорларының құрылымында да министрлiктердегi, комитеттердегi және ұйымдардағы бiрқатар қорларды тартуға, олардың құрамын қысқартуға, жұмыстың көрсеткiштерiн төмендетуге әкеп соқтырған айтарлықтай өзгерiстер болды.

Соның нәтижесiнде республика қорларының үлкен бөлiгi бүгiнде қадағаланбайды және жаңартылған жоқ, берiлетiн құжаттар олардың мәтiнiндегi өзгерiстер туралы ақпаратты қамтымайды; стандарттар мен стандарттау жөнiндегi басқа да құжаттарды сiлтемелер мен каталогтарды уақытында шығару және тарату қамтамасыз етiлмейдi. Қорларды өңдеу, жүргiзу және ақпараттарды тұтынушыларға қызмет көрсету процестерi автоматтандырылмаған. Республикада әзiрленген мемлекеттiк стандарттардың саны мен сапасының үнемi төмендеу тенденциясы байқалуда. Халықаралық талаптары бар қолданылып жүрген 18 000 мемлекетаралық стандарттардың 1500 стандарты, Қазақстан Республикасының 416 мемлекеттiк стандарттың - бiрен-сараны ғана үйлестiрiлген.

Республикада қолданылып жүрген, жұмыс iстеп тұрған стандарттар қорының 2/3-нiң 40 000-нан астамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес тоқтатылуға және қайта қаралуға жатады.

Республикалық Мемлекеттiк стандарттар қорының халықаралық ұйымдардың стандарттарымен қамтамасыз етiлуi: ISО, ХЭК және ЗМХҰ 50%-ке жуықты; Ресей Федерациясы 60%, Украина 80%-ке жуықты; ТМД басқа мемлекеттерi 5%-тен 20%-ке дейiнгiнi құрайды. Қорларда басқа халықаралық ұйымдардың стандарттары, әлемнiң өнеркәсiптiк дамыған елдерiнiң: Австрияның, Бельгияның, Ұлыбританияның, АҚШ-тiң, Канаданың, Францияның, Германияның, Жапонияның ұлттық стандарттары iс жүзiнде жоқ.

Республиканың қорларында жүргiзiлетiн бiрыңғай ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық пен жұмыстарды үйлестiру жоқ, экономиканың салаларында қажеттi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi базалар мен деректер банкiн құру жөнiндегi жұмыстар баяу қарқынмен жүргiзiлуде.

Мемлекеттiк стандарттар қоры қойылған мiндеттердi орындауды қамтамасыз етуi тиiс. Құжаттардың құрамы:

стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк актiлерiнiң, мемлекеттiк тiзiлiмдерiнiң, ережелерi мен ұсынымдарының;

мемлекетаралық және мемлекеттiк стандарттардың (мемлекеттiк стандарттар жобаларының), техникалық-экономикалық ақпараттардың, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсынымдардың, өнiмге және қызмет көрсетулерге арналған техникалық шарттардың мемлекеттiк жiктеушiлерiнiң;

стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы халықаралық шарттардың, халықаралық ұйымдардың стандарттауы, шетелдiктердiң стандарттары бойынша стандарттардың, ережелердiң, нормалардың және ұсынымдардың болуын көздеуi тиiс.

  1. Өлшеу құралын сынаау. Сынақ құрылғалары.

Өлшеу құралдарын сынау бағдарламасы жұмысының көлемі метрологиялық аттестацияға тең келетін, өлшеу құралдарының нақты үлгілерінің метрологиялық сипаттамаларын анықтауды және тексеру әдістемесін эксперименттік жолмен қолдануды қарастырады. Бірақ бірінші және екінші жағдайларда да ҚР-ң Мемстандарты өлшеу құралдарының типін бекітеді, оны Мемлекеттік тізімге тіркейді және және типтің тіркелгені туралы сертификат береді.

Сынақ жүргізу туралы мәлімдеме ҚР-ң Мемстандартына жіберіледі. ҚР-ң Мемстандарты мәлімдеме бойынша шешім қабылдап, типті бекіту мақсатында өлшеу құралдарына сынақ жүргізу үшін, өлшеу құралдарын сынайтын мемлекеттік орталыққа (ӨҚ МСО) тапсырыс береді. Типтерін бекіту мақсатында өлшеу құралдарын сынау кезінде техникалық тапсырма, техникалық шарт жобасы және оларға таралатын нормативтік және пайдалану құжаттарының талаптарына өлшеу құралдарының техникалық құжаттары мен техникалық сипаттамаларының сәйкестіліктері тексеріледі, сонымен қатар өлшеу құралдарының әдістемелік және тексеру құралдарымен қамтамасыздандырылуы да тексеріледі.

Сынаққа түсетін өлшеу құралдары үлгілерінің саны сынақ бағдарламасы бойынша анықталады. Сынаққа ӨҚ МСО келісімі бойынша сынаққа қажетті өлшеу құралдары мен жабдықтар берілуі тиіс. Сынаққа өлшеу құралдарын берген кәсіпорынға, сынақты жүргізгеннен кейін жабдықтары мен өлшеу құралдары қайтарылады. Өлшеу құралдарына жүргізілген сынақ нәтижесі бойынша сынақты орындаушы тексеру әдістемесін, типтің жазбаша түсініктемесін келіседі және өлшеу құралдарын сынау актісінің үш данасын құрастырады. Сынақ нәтижесі теріс болып шыққан жағдайда ӨҚ МСО тек сынақ актісін құрастырады. Өлшеу құралдарын сынау актісін бекіткеннен кейін, сынақты жүргізген ӨҚ МСО типті бекіту үшін, сынақ нәтижелері бойынша кемшіліктерді кетіру туралы есебі және қосымшаларымен бірге сынақ актісінің бірінші данасын, құжаттарымен қосса метрологиялық қызметінің ғылыми-зерттеу институтының атына жібереді.

         МҚҒЗИ келіп түскен сынақ материалдарының қажетті талаптарға сәйкестігін тексереді және өлшеу құралдарын сынау нәтижесі бойынша ҚР-ң Мемстандарты шешімінің жобасын дайындайды. 

  1. Мемлекеттік органдардың,олардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауаптылығы.

44-бап. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау жүзеге асыру кезіндегі жауаптылығы

1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шараларды жүргiзген кезде өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда және құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Мемлекеттік органдар құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi, мемлекеттік бақылау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы бiр ай iшiнде хабарлауға мiндеттi.

  1. Электрлік шамалардың кванттық эталоны-әлемдік тәжірибеде қолданылуы.

Эталон единицы величины – техническое средство или их совокупность, устанавливающие, воспроизводящие и (или) хранящие единицу величины, а также кратных или дольных значений этой единицы, в целях передачи размера единицы другим средствам измерений (нижестоящих).

К эталону основных единиц электрических величин относится эталон силы электрического тока.

Единица силы тока ампер есть сила неизменяющегося тока, который, проходя по двум параллельным прямолинейным проводникам бесконечной длины и ничтожно малого кругового сечения, расположенным на расстоянии 1 м один от другого в вакууме, вызывает между этими проводниками силу, равную 2·10–7 Н на каждый метр длины.

К эталонам производных единиц относятся эталоны ЭДС, электрического сопротивления, индуктивности и электрической емкости.

Эталон ЭДС состоит из 20 насыщенных нормальных элементов и устройства сравнения (компаратора) для взаимного сличения нормальных элементов. Такую совокупность мер называют групповым эталоном. Электродвижущая сила каждого из элементов с течением времени может несколько колебаться в ту или иную сторону, но среднее значение ЭДС всей группы оказывается стабильным.

Эталон индуктивности является групповым и состоит из четырех катушек. Индуктивность катушек зависит от числа витков и их линейных размеров, т. е. может быть определена путем измерения этих размеров. Это равносильно сравнению эталона индуктивности с метром, являющимся единицей основной величины – длины.

Эталон электрического сопротивления (эталон ома) также является групповым – он состоит из 10 манганиновых катушек электрического сопротивления с номинальным значением 1 Ом, помещенных в двойных герметических кожухах, заполненных сжатым воздухом.

Поверка первичных эталонов ЭДС и сопротивления, т. е. нахождение их числовых значений, осуществляется с помощью первичного эталона индуктивности (эталона генри) и первичного эталона ампера, т. е. с помощью ампер-весов.

Электродвижущая сила нормального элемента сравнивается с падением напряжения на измерительной катушке, входящей в состав эталона сопротивления, при прохождении по ней тока, измеряемого ампер-весами.

электрической емкости представляет собой воздушный конденсатор переменной емкости специальной конструкции. Выходным параметром эталона является изменение его емкости ΔС, возникающее при перемещении его подвижной части на 100 мм. Изменение емкости определяют расчетным путем

  1. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

Техникалық регламенттер жобаларын әзірлеген мемлекеттік органдар:

1) жобаларды, нормативтік құқықтық актілердің өзгерістері мен толықтыруларын немесе оның күшін жоюды әзірлей бастаған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей, ресми баспа басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу, техникалық регламенттердің өзгерістері және (немесе) толықтырулары немесе оның күшін жою туралы белгіленген нысандағы хабарламаны орналастырады;

2) техникалық регламенттердің жобаларын жария талқылауды, оларды әзірлеу туралы хабарлама жарияланған күнінен бастап, жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарламаны жариялаған күнге дейін кемінде алпыс күнтізбелік күнге тең мерзім ішінде ұйымдастырады;

3) техникалық регламенттер жобаларын алынған ескертулерді ескере отырып пысықтайды және оларды техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ресми баспа басылымы мен ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде орналастырады;

4) техникалық регламенттердің жобаларына алынған ескертулерді мүдделі тараптардың сұрау салуы бойынша береді;

Бақылау ішкі бақылау және сыртқы бақылау болып бөлінеді.

2. Ішкі бақылау – мемлекеттік орган өз құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды жүзеге асыратын бақылау.

Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 8-бабында айқындалады.

Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды.

3. Сыртқы бақылау – бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру және қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау.

Сыртқы бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 10-бабында және 2-тарауында айқындалады.

Сыртқы бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде әкімшілік, тәртіптік іс жүргізуді қозғайды не өз құзыреті шегінде тиісті талап арызға бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.

Бақылау және қадағалау органдары:

1) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тиісті бағыттағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;

2) бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүргізеді;

4) өз құзыреті шегінде бақылау және қадағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

5) бақылау мен қадағалау тиімділігі мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;

6) Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау органдарының қызметін өзара үйлестіруді жүзеге асырады;

7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Ұзындықтың мемлекеттік эталоны

  2. Мемлекеттік эталондардың тәжірибелік қолданулары

Мемлекеттік эталондары Мемлекеттік стандарт комитетімен бекітіледі жəне мемлекеттік эталондардың орталығы немесе бас орталығы болатын елдің метрологиялық институттарында сақталады.

Халықаралық СИ жүйе бірлігінің негізгі бірліктерін жаңғыртуы мемлекеттік эталондардың көмегімен, яғни орталықтандырылған тəртіппен іске асырылады.

Орталықтандырылған жаңғырту əдісі СИ жүйесінің көп деген ең маңызды туынды бірліктеріне (ньютон, джоуль, паскаль, ом, вольт, генри, вебер жəне т.с.с.) қолданылады.

Децентрализацияланған жаңғырту əдісі мөлшерлер эталондармен тура салыстыруға келмейтін туынды бірліктерге қолданылады, мысалы, аудан бірлігі үшін (метр квадраты немесе шаршы метр) немесе шаманы тексеру кезде, оларды эталондармен салыстырғанда жанама өлшемдер арқылы ыңғайлы, немесе қажетті дəлдігі қамтамасыз етіліп тұрған кезде, мысалы, сыйымдылық жəне көлемдік шама үшін (үшінші дəрежелік метр).

Мемлекеттік эталондардың екі түрі бар: өлшемнің бірлігін жоғарғы дəлдікке сəйкес жаңғырта алатын – бастапқы жəне арнайы.

  1. Өлшеу нәтижесін өңдеу. Өлшеу қателіктері

Қателіктің пайда болу сипаты бойынша олар: Кездейсоқ қателіктер – бірдей жағдайда бірдей мұқияттылықпен жүргізілген физикалық шаманың тура сол мөлшерін қайталап өлшеулер сериясындағы кездейсоқ түрде (белгісі және мәні бойынша) өзгеретін өлшеу қателіктерін құрайды. Жүйелі қателік – бір физикалық шаманы қайталап өлшеген кезде заңды түрде өзгеретін және тұрақты түрде қалатын өлшеу қателіктерін құрайды. Олардың өзгешелік белгісі, олар болжанған, анықталған және осының арқасында тиісті түзетуді енгізумен толығымен жойылуы мүмкін. Ұдаушы қателік – стационарлық емес кездейсоқ үдерістің ағымдағы математикалық күтудің уақыт аралығындағы тұрақсыздығы салдарынан да, оның дисперсиясы немесе үлестіру заңдылығы түрінде уақыт аралығындағы өзгерісі салдарынан туындауы мүмкін. Өрескел қателіктер (қате) –осы қатардың қалған нәтижелерінен осы жағдай үшін күрт өзгешеленетін бірқатар өлшеулер кіретін жеке бақылау нәтижесіндегі кездейсоқ қателік.

Өлшеудің қателігі деп өлшем нәтижесінің шаманың шын мәнінен ауытқуы немесе нақты мәнінен ауытқуы.

Туындауының 4 себебі бар:

1)Өлшеу құралдарының жетілмегендігінен;

2)Өлшеу әдістерінің жетімсіздігі; 3)оператордың жұмысқа дайын болмауы; 4)сыртқы әсерлер.

1.Өте дөрекі өлшеу құралдары немесе өлшеу құралдарының өлшемдерінің өзгеріп кетуі. 2. Өлшеу әдістерінің жетімсіздігі. 3.Оператордың дайын болмауы, оператор бәрін білуі керек. 4.тәжірибеге сыртқы әсер көп әсер етеді, мысалы вибрация, температура, ылғалдылық т.б.

Қателіктің түрлері:

Өрнектелу тәсілдері бойынша қателіктер екіге бөлінеді: абсолют және салыстырмалы.

Абсолют-өлшеу нәтижесінің шын немесе нақты мәнінен айырымы.

∆x=x_0-x => ∆x=x ̅-x (1)

∆x абсолют қателік

x ̅ нақты мән

x өлшеу нәтижесі

x_0 шын мәні

Нақты мән арифметикалық орта мән.

Салыстырмалы қателік абсолют қателіктің шын мәнге немесе нақты мәнге қатынасы.

ε=∆x/x_0 ; ε=∆x/x_0 * 100%;

ε=∆x/x_ ; ε=∆x/x_ * 100%;

Көріну сипаты және аңғару тәсілдері бойынша қателіктер үшке бөлінеді:

1.Ағаттық (дөрекі) 2)Жүйелік 3)Кездейсоқ

Ағаттық, оператордың өзінің жіберетін қателігі.

Жүйелік, бірнеше рет қайталап өлшегенде тұрақты болып қалатын немесе өзгеріп отыратын қателік.

Жүйелік қатынастың күрделілігі өлшеу санына байланысты емес. Прибордың көрсетуінің өзгеріп кетуі.

Туындау себептері бойынша жүйелік қателік беске бөлінеді:

1.Инструменталды қателіктер (прибордың қателігі)

2.Өлшеу құралдырының дұрыс орнатылмауынан туындайтын қателіктер

3.Сыртқы әсерге қатысты туындайтын қателік.

4.Теориялық қателіктер (әдістемелік қателіктер)

5.Субъективті қателіктер

ρ=m/V=m/(S∙h)=m/(π∙R^2∙h)

Көріну сипаты бойынша жүйелік қателіктер 2-ге бөлінеді.

1.Тұрақты 2.Айнымалы

Тұрақты-егер қателіктің мәні мен таңбасы уақыт бойына өзгермейді

Айнымалы-қателіктің мәні мен таңбасы уақыт бойынша өзгеріп отырады.

Кездейсоқ қателік деп қайталап өлшеген кезде кездейсоқ түрде өзгеріп отыратын қателіктерді айтады.

Кездейсоқ факторлар өлшеу құралы.

Өлшеу құралдарының дұрыс орнатылмауынан туындайтын қателіктер үшке бөлінеді: 1)Жекелеген адам ағзасының индивидуалды ерекшелігіне байланысты.

2)оператордың өмірге дағдылануына байланысты

3)адам ағзасының реакциясы.

  1. ХЗММ кепілдемесі.

Халықаралық заңнамалық метрологиялық мекемесінің халықаралық кепілдемесі – түрлі өлшеу құралдарының түрлеріне метрологиялық сипаттарына талаптар бекітетін, олардың салыстырып тексеруде, калибрлеуде әдістері мен құралдарына және басқа да талаптары заңнамалық метрологияның халықаралық ұйымының нормативтік құжаты (ҚР СТ 2.1-2000, с.69).

Халықаралық заңнамалық метрологиялық мекемесінің халықаралық құжаты – метрологиялық қызметтің іс -әрекеттерін жақсартуға арналған заңнамалық метрологиялық халықаралық ұйымның жалпы сипаттағы нормативтік құжаты (ҚР СТ 2.1-2000, с.69).

1989 жылы ХЗММ (Халықаралық заңнамалық метрологиялық мекеме) № 19 «Өлшеу құрал типін бекіту және сынау» құжатын жарыққа шығарды. Бұл құжатта келесі заңнамалық метрология сөздігінде және ХСМ (Халықаралық стандарттау мекемесі), МЭКтағы (Халықаралық электротехникалық комиссия) терминдер қолданылады:

Тип кепілдемесіне сұраныс – тиісті заңнамалық метрология мекемесіне берілетін өлшеу құралына арналған барлық құжаттар жиыны.

Типті кепілдеу процесі – сынақ барысындағы барлық іс-әрекеттер тізбегі, өлшеу құралын жарамды немесе жарамсыз деп шешу, құрал типіне сұраныс беру, сертификат беру.

Тип үлгісі – белгілі бір шектеулермен осы типтің барлық талаптарын қамтамасыз ететін өлшеу құралы.

Тип модификациясы – құралдың кейбір метрологиялық және техникалық сипаттамаларын қолдану аймағын өзгертуге әкелетін өлшеу құралы типінің өзгеруі.

Кепілденетін типтің қолданылу мерзімі – заңнамалық метрологиялық мекеменің өлшеу құралын қолдануға жарамды деп саналатын уақыты.

Юрисдикция – заңдық акттер мен ережелерді шығаруға құқы бар іс-әрекет.

Сынақ зертханасы – тексеру, сынау, калибрлеу барысында өнімнің сипаттаушы шамаларын енгізетін орын.  Зертхананы аккредиттеу – сынақ зертханасының сынақ жүргізуге рұқсат етілуінің құжаттық шешімі.

Аккредиттелген зертхана – аккредиттеу алған зертхана.

Сынақ алдындағы кезең: сұраныс беру, сұранысты қарастыру, сұранысты қабылдау немесе қабылдамау жайында шешім, сынақ бағдарламасын дайындау, жұмысқа қатысатын мекемелерді анықтап жұмысқа енгізу, сынаққа қажет құрылғыларды, құралдарды, мамандарды анықтау.

Сынақ: ұсынылған құжаттарды талдау, алдынала құрастырылған сынақ жоспарын корректирлеу, өлшеу құралымен танысу және сынау, сынақ протоколын құрастыру, шешіммен ұсыныс жазу.

Сынақтан кейінгі кезең: сынақ құжаттарын экспертизалау, тип бекітілуі немесе бекітілмеуі жайында шешім қабылдау, сұраныс берушіге тип бекітілгені жайында сертификат немесе бекітілмегені жайында таныстырушы құжат берілуі, сұраныс беруші жіберген құжаттары да кері иесіне қайтарылынады, сұраныс беруші типі бекітілген өлшеу құралы үлгісін, тип бекітілуі жайында жарияланған мақаланы, ақпараттар мен құжаттарды метрология орталығына жібереді.

Өтініш бере алатындар: өлшеу құралдарын дайындаушылар, дайындаушылардың сауда қызметіндегі мамандары, дайындаушыдан алып өлшеу құралын таратушылар, юрисдикция мамандары. Кепілдік алуға өтініште келесі ақпараттар жазылады: өтініш беруші аты-жөні, мекен жайы, құралды дайындаушы мекеме мекен жайы, аталуы, өнім дайындауға құқы бар құжат, өлшеу құралының қолданылу аймағы, мақсаты, тип кепілдік алуға мүмкіндік беретін құжат, өтінішке қатысты бұрын қарастырылған құжаттар, өлшеу құралы аталуы, өлшеу құралының метрологиялық сипаттамалар тізімі.

Метрологиялық заң орталығы келесі құжаттарды қосымша талап ете алады: өлшеу құрал сипаттамасы, жарнамалары, фото, өлшеу құралының жұмыс істеу принципі жазылған материалдарды, алдын ала сынақжүргізілгенхаттамалар.

  1. Өлшем құралдарын метрологиялық салыстырып тексеру,калибрлеу.