Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekologia_ekzamen_posl_var.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
171.7 Кб
Скачать
  1. Қоршаған ортаны қорғау заңы

Жалпы қоршаған ортаны қорғауға байланысты 2 негізгі заңы бар, олар:

1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарының мiндеттерi қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту мақсатымен қоғам мен табиғаттың өзара iс-қимылы саласындағы қатынастарды реттеу болып табылады.   2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану туралы заңдардан, сондай-ақ басқа да заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.    Осы Заң мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де акт арасында қайшылық болған жағдайда соңғылары осы Заңға тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылады.  Жердi, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандар мен өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және пайдалану мәселелерi осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тиiстi заң актiлерiмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.

  1. Аутэкология (тұқым экологиясы) дегеніміз не?

Осы жылдары атақты орыс ғалымы  В.И. Вернадский биосфера туралы фундаменталдық ілім енгізген. 1910 ж. Брюсселде өткен III Ботаникалық конгресте өсімдіктер экологиясы аутоэкология және синэкология бөлімдеріне жіктелінді.Аутоэкология - түр өкілінің оны қоршаған табиғи ортамен байланысын зерттейді, жалпылама экологиялық факторлардың жеке ағзаға әсерлерін және оның оған жауабын да зерттейді. Биосфера түрлілігінің негізгі көзі – бұл тірі ағзалардың тіршілігінің нәтижесі. Ағза мен оны қоршаған тірі емес орта арасында үзіліссіз зат алмасу жүреді. Биосферада 2 миллионнан астам тірі ағза бірлестіктері бар. Көптеген бірлестіктер өзіне миллиондаған жеке түрлерді енгізген, олар кеңістікте белгілі бір заңдылықпен таралған. Әрбір түр қоршаған ортамен өзінше байланыста болады.Биосфера аумағында негізгі төрт тіршілік ортасы бар, олар: су, жер беті, топырақ және тірі ағза құраған орта.Әрбір ортада өзінің биотасы (тірі ағзалар жиынтығы) бар, ол өз тіршілігін жасайды. Кез келген тірі ағза өзі тіршілік ететін ортаның экологиялық шарттарына ыңғайланады.Табиғи орта ұғымына тірі және тірі емес табиғаттың барлық жағдайлары кіреді. Табиғи орта тура немесе жанама түрде биотаның қасиеттері мен тіршілік жағдайына әсер етеді.Экологиялық факторлар: абиотикалық, биотикалық, антропогендік.Абиотикалық факторлар – бұл тірі емес табиғи факторлар, ең алдымен климаттық: күн сәулесі, температура, ылғалдылық, жел, қысым және тағы сондайлар және жергілікті: рельеф, топырақ қасиеті, тұздылығы, радиация және т.б.Биотикалық факторлар – тірі ағзалардың бір-біріне тура немесе жанама түрде әсер етуі.Антропогендік факторлар – адамның қоршаған табиғи ортаға тура немесе жанама түрде іс-әрекеттік әсері.

2,59,4,57,6,55,8,53,10,51,12,49,14,47,16,45,18,43,20,41,22,39,24,37,26,35,28,33,30,31

58,3,60,1,54,7,56,5,50,11,52,9,46,15,48,13,42,19,44,17,38,23,40,21,34,27,36,25,32,29,32,29

402-403 Страница 60

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]