Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekologia_ekzamen_posl_var.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
171.7 Кб
Скачать
  1. Қауымдастың экологиясы нені зерттейді?

Жалпы алғашқы қауымдастық — бұрын әлдебір себептерден тіршілік болмаған жерде қалыптасқан қауымдастық. Синэкология  - қауымдастық экологиясы. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда  мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған,  тірі  организмдер жиынтығы. Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан  оны биогеноценологиялық экология деп те атайды. Қауымдастықтардың қосылу заңдылықтары мен олардың ортақ өмір сүруін зерттейтін экология бөлімі синэкология немесе биоценология деп аталады. Жалпылай біртекті жағдайларымен сипатталатын биоценоз биотоп деп аталады. Биоценоз бен биотоп бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Принциптері:1.     Әртүрлілік принципі. Биотоптың  жағдайы шарттары алуан түрлі болған сайын биоценозда да түрлер көп болады.Мысалы, тропикалық орман - онда бір жерде бірдей өсімдікті де табу қиын, олардың түрлері де өте көп.2.    Жағдайлардың ауытқу принципі. Биотоп жағдайы қалыптыдан ауытқуы артқан сайын түрлер алуандығы азая береді, бірақ кейбір түрлер көбеюі мүмкін. Мысалы ластанған жерлерде ағзалардың алуандығы болмайды, бірақ бір түр көп болады және олар шектен тыс көбеюі мүмкін.3.     Ортаның жайлап өзгеру принципі. Орта жайлап өзгерсе және тұрақтылығы ұзақ уақыттық болса, соншалық биотоп бай және алуан түрлі.

  1. Тұрақты даму принциптері

  1. Экология тұрақты даму пәні нені зерттейді?

Тұрақты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады. Тұрақты даму анықтамасы қоршаған орта мен даму бойынша 1987 ж Халықаралық комиссия жасаған «Біздің ортақ болашақ» атты баяндамада берілді. Тұрақты даму анықтамасы былай қорытындыланды «осы күнгі сұранысты қамти отырып, болашақ ұрпақтарды да өз сұранысын қамтамассыз ете алатындай даму».Тұрақты даму келесі принциптерге негізделеді:

-  табиғатпен гармонияда болу және баянды өмір сүру құқығын сақтау;

- дамудың бөліп алынбайтын құрамасы қоршаған ортаны қорғау;

- жайлы қоршаған ортамен қазіргі және болашақ ұрпақтарды да қамтамассыз ету;

-  халықтар арасындағы өмір сүру деңгейіндегі алшақтықты, кедейлер мен байлар арасындағы теңсіздікті азайта отырып жою;

-  табиғатты қорғау туралы заңдылықты жетілдіру;

-  тұрақты даму принциптеріне қайшы келетін өндіріс пен сұраныстарды жою. Тағы үш өзара келісілген және тарихи маңызы зор құжаттар да қабылданды:

1)     қоршаған орта мен даму туралы Декларация;

2)     барлық ормандардың  тұрақты дамуын, басқарылуын және сақталуын белгілейтін глобалды консенсус туралы құжат;

3)      XXI ғасырдың күн тәртібі, немесе 21 күн тәртібі. Тұрақты даму деңгейлері: локалды, аймақтық, ұлттық, халықаралық, глобалдық.

24 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. Тұрақты дамудың алғышарттары

«Тұрақты даму» термині ең алғаш рет табиғат пайдалануда, соның ішінде балық және орман шаруашылығында пайда болды. Тұрақты даму терминімен алғашында таусылмайтын және табиғи ұдайы өндірілуге мүмкіндігі бар табиғат ресурстарын пайдалану жүйесі деп түсіндірілген.  Адамның экономикалық және т.б. қызметтерінің негізі болып табылатын табиғат ресурстарының шектеулілігі, қоршаған ортаның ластануы секілді мәселелерге арналған ғылыми жұмыстар 1960-шы жылдан кейін жылдардан бастап пайда бола бастады. Осыған байланысты жердегі ғаламдық үрдістерді зерттеуге бағытталған Жобалы зерттеулер институтының халықаралық федерациясы (ИФИАС-международная федерация институтов перспективных исследований), Рим клубы, Жүйелік талдаудың халықаралық институты, КСРО-да жүйелік зерттеулердің бүкілодақтық институты секілді халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың пайда болуына алып келді. Тұрақты даму принциптері Д. Медоуздың «Өсу шегінде» атты еңбегінде ұсынылған. Онда тұрақты даму принциптері алты топқа бөлініп қарастырылған. 1. Сигналды жетілдіру. Адамның материалдық игілігінің деңгейін бақылап, тереңнен зерттеу қажет. Үкімет пен қоғамға қоршаған ортаның жағдайы және экономикалық өсу туралы жедел әрі тұрақты ақпараттандыру.  2. Пікір айту уақытын қысқарту. Қоршаған ортаға артық жүктеме туралы сигналдарды белсенді іздеу керек. Мәселе пайда болған жағдайда, оны шешу жолдарын алдын-ала жоспарлау керек. Оны тиімді шешудің институциональдық және техникалық құралдары дайын болуы керек.  3. Жаңартылмайтын ресурстарды пайдалануды төменгі деңгейге жеткізу. Пайдалы қазбалар, грунтты сулар және минералдар жоғары тиімділікпен пайдалануы керек, екінші рет қайта өңдеп, ал ерікті түрде жаңартылатын ресурстарға өту жағдайында оларды тұтынуды қысқарту керек.  4. Жаңартылатын ресурстардың бұзылуының алдын-алу. Топырақ құнарлылығы, жер үсті және жер асты сулары, орман, балық, жабайы жануарлар секілді барлық тірі ағзалар қорғалып, мүмкіндігінше қайта қалпына келуі керек.  5. Барлық ресурстарды жоғары тиімділікпен пайдалану. 6. Физикалық капитал мен халық санының артуын баяулату және қысқарту. Жоғарыда аталған көрсеткіштерге жетудің ұтымды шектері бар. Сондықтан бұл критерийдің маңызы жоғары. Онда институциональдық және философиялық өзгерістер, әлеуметтік жаңалықтарды қарастырады. Ол өнеркәсіптік өндірістің көлемі мен халық санының тұрақты көрсеткіштерін анықтауды талап етеді. Мұнда өсу идеясына емес, анықталған даму идеясы мақсатына шақыру керек. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]