Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Готов.docx
Скачиваний:
107
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
1.41 Mб
Скачать

2.2 System View бағдарламасына жалпы шолу

2.2.1 System View бағдарламасына жалпы шолу

System View бағдарламасының телекоммуникация саласында, соның ішінде ол байланыс жүйелерiн, сигналдарды цифрлап Өңдеу (СЦО) және талдау құралдарын іс жүзiнде көре алу мүмкiндiгiн ұсынады.

System View дестелік бағдарламасы мүмкiншiлiктерi шектелмеген қуаты интеграцияланған жобалау ортасы болып табылады:

күрделi цифрлық сигналдарда қолданатын кеңжолақты байланыс жүйелерiн моделiн құрастыру;

олардың түрлi бөгеттiк және шуыл жағдайларындағы күйлерiн

талдау;

 цифрлық адаптивтiк фильтрлер жұмыстарының алгоритмдерiн

өңдеу;

Бағдарламаның қолданбалы интерфейсi өте қарапайым және сезiмтал. Дестенің негiзiнің базалық модулін құрайтын, оған жобалаушысы барлық қажеттi функциялық блоктардың үлгілерімен қамтамасыз ететiн әртүрлi арнайы кітапханалар кiредi.

2.2 - суретте System Viewдiң үлгілеу терезесi көрсетiлген. Жобалау терезесiнiң негiзгi элементтерiне құралдар тіркемесі, күй жолағы және моделдер тіркемесі болып табылады.

Мәзір жолағы, негiзгi функцияларды көрсететiн, құраушы мәзірден тұрады: F (файл), Edit (жөндеу), View (түр), Preferences (құрамы), Note (блокнот), Connections (қосулар), System (жүйе), Tokens (моделдер), Tools (құралдар), Help (сұраулар).

Құралдар мәзірі, келесi функцияларды орындайтын, пернелерден тұрады:

  •  жобалау терезесiнде моделдердi немесе моделдер тобын басқару;

  • үлгілеуді қосу және тоқтату;

  • талдау және басқа атқарушылық қызмет функцияларына кiрудi

қамтамасыз ету.

Кітапханаларда тірегінде үлгілермен немесе үлгілер тобымен түрлi операцияларды орындау үшiн қолданылады. Таңдаған үлгінің орнын ауыстыру үшiн:

  •  керектi пернеге тышқанмен бiр мезетте екi рет басу керек;

  • немесе тышқанды басып және оны басылған күйде жобалау

терезесiндегi белгiленген модель курсоры арқылы ауыстыру.

Құралдар тірегінің және кітапханалар тірегінің әрбiр пернесi үшiн қысқаша мәлiмет берiлген. Ол мәлiметтi көру үшiн, нұсқаушыны керектi пернеге әкелiп қоямыз, сонда пайда болатын терезеде сол перне жайлы мәлiмет берiледi.

 

 

2.2сурет. «System View» моделдеу терезесі

 

Үлгілеу процессiн қосу үшiн, белгiлi үлгілерді бiрiктiру арқылы жаңа жоба құрып немесе сәйкес жобаны ашу қажет. Алдын ала орнатылған жобаны ашу үшiн File (Файл) менюден Open Existing System (орнатылған жобаны ашу) жолағын таңдау қажет. Экранда таңдалған құрылғының немесе жүйенiң сұлбасы пайда болуы керек.

Үлгілеу процесiн iске қосу үшiн құралдар тірегіндегі Run (пуск) пернесiн басу қажет. Моделдеу жүрісi кезiнде терезесiнің төменгi сол бұрышындағы күй жолағында, моделдеу процессi қай этапта екенiн көрсететiн, жылжымалы жолақ пайда болады.

Моделдеу нәтижелерi талдау терезесiнде бейнеленедi. Талдау терезесiне ауысу үшiн құралдар тірегіндегі “Analуsis Window” (Талдау терезесi) пернесiн басу керек.

Analysis Windows (Терезе талдау), алынған мәлiметтердi зерттеу және талдау үшiн, негiзгi құрал болып табылады.

«System View»  да зерттелiп отырған жүйенi толығырақ оқып үйренуге мүмкiндiк беретiн, көптеген түрлi функциялар бар.

8 PSK құрылымдық сұлбасы 2.3 суретте берілген