- •1. Қазақстан Республикасы Экологиялық құқығының пәнінің түсінігін беріңіз. Экологиялық құқығының жүйесі қалай бөлінеді және экологиялық құқықтың қағидаларына жеке тоқталыңыз.
- •1. Қазақстан Республикасы Экологиялық құқығының пәнінің түсінігін беріңіз. Экологиялық құқығының жүйесі қалай бөлінеді және экологиялық құқықтың қағидаларына жеке тоқталыңыз.
- •2.Экология саласындағы мемлекеттік басқару органдардың ролі мен маңызы қандай?. Экологиялық басқару функциясы қандай нысанда жүзеге асырылады?
- •3.Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігін беріңіз және олардың субъектілері мен объектілерін талдаңыз.
- •4.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау қандай органмен және қалай жүзеге асырылады? Экологиялық аудит дегеніміз не? Экологиялық кадастрдың анықтамасына тоқталып,түрлерін ажыратыңыз.
- •5.Табиғатты пайдалану құқығы дегеніміз не және оның қандай түрлері бар? Табиғатты пайдалану құқығының субъектілірі мен объектілеріне талдау жасаңыз.
- •7.Экологиялық құқықтық қатынас дегеніміз не және оның мазмұнына тоқталыңыз. Экологиялық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтату негіздері қалай жүзеге асырылады
- •8.Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз не және экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік және таксалық жауапкершілікке тарту негіздеріне тоқталыңыз.
- •9.Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасын беріңіз және экологиялық қауіпсіздікті сақтаудың құқықтық нормалары қалай реттеледі?
- •10.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау мен сертификаттау және қоршаған ортаның сапасын нормалаудың міндеттері мен талаптары қалай орындалады?
- •11.Табиғатты қорғауда прокуратура органдарының атқаратын рөлі мен функциялары қандай және прокуратура органдарының экологиялық қызметін құқықтық реттеудің жалпы түсінігіне тоқталыңыз.
- •12. 2010 Ж. 24 маусымда қабылданған қр «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы заңына сипаттама беріңіз және аталған заң мен 1996ж. Заңғы салыстырмалы талдау жасаңыз.
- •13.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды шешу тәртібі қалай жүзеге асырылады? Табиғатты қорғау істері бойынша сот тәжірибесінің маңыздылығы қандай?.
- •15. Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің жалпы сипаттамасына тоқталыңыз және ормандардың құқықтық режимі, орман қорларына мемлекеттік бақылауды қандай орган жүзеге асырады?
- •16.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық және Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау жөнінде қандай халықаралық үкіметтік емес экологиялық ұйымдар жұмыс істейді?
- •17. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi
- •18. Халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының...
- •19. Қоршаған ортаны қорғауға азаматтар...
- •20. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ...
- •21. Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиянның
- •22. Қазақстан Республикасының экологиялық заңдарының жүйесі және экологиялық құқығының қайнар көздеріне
- •23. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
- •24. Экологиялық құқығының қайнар көздерінің түсінігі
- •25. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу
- •26. Экологиялық құқығының қайнар көзі ретінде...
- •27. Жердің құқықтық режимі және оны қорғау шаралары...
- •28. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың..
- •29. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың...
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығының
- •31. Халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары ...
- •32. Табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік және жеке меншік құқығының..
- •33.Өндірістік және тұтыну қалдықтар...
- •34. Қоршаған ортаның сапасын нормалаудың....
- •35. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың...
- •36. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
- •37. Зоологиялық коллекцияларға қойылатын экологиялық талаптарды...
- •38. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және қорықтардың ..
- •39. Қазақстан Республикасында Атмосфералық ауа мониторингін..
7.Экологиялық құқықтық қатынас дегеніміз не және оның мазмұнына тоқталыңыз. Экологиялық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтату негіздері қалай жүзеге асырылады
ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы. Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз. Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз. Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады: 1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады. 2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.). 3. Заңды тұлғалар. 4. Жеке тұлғалар- ҚР азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұны дегеніміз қатысушылардың қоршаған ортаны пайдалану мен сақтау бойынша құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Құқығы мен міндетінің мазмұны бойынша барлық экологиялық қатынастардың субъектілері төрт категорияға бөлінеді: табиғатты пайдаланушылар, атқарушы және өкілетті биліктің органдары, сот қадағалау органдары мен экологиялық профилдердің қоғамдық бірлестіктері. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұнының ерекшеліктері туындау және даму негіздеріне байланысты табиғат объектісінен тәуелді болады.
8.Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз не және экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік және таксалық жауапкершілікке тарту негіздеріне тоқталыңыз.
Экологиылық заңдарын бұзу- белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға және оның ресурстарына зиян келтіретін заңға қайшы келетін кінәлі субъектінің әрекет немесе әрекетсіздігі. Экологиялық заңды бұзу екіге бөлінеді. Біріншісі – тәртіпсіздік, екінші - қылмыс. Тәртіпсіздік-жеңіл тәртіп бұзушылыққа жатса, қылмыс ауыр тәртіп бұзушылыққа жатады-оны қылмыс деп атайды. Жеңіл тәртіп бұзушылық үшін еңбек заңында-тәртіптік жаза қолданатын, материалдық шығынға тәртіп бұзушылық үшінматериалдық немесе азаматтық құқық нормалары қолданылатын, экологиялық құқық нормаларын жеңіл бұзылатын түрлеріне әкімшілік құқық нормалары қолданылатын тәртіп бұзушылық экологиялық немесе азаматтық құқық нормаларын бұзушылық тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықпен қатар пайда болуы мүмкін.Экологиялық немесе экологиялық салалық жауапкершілік осы заңдардың нормаларынан пайда болатын және осы заң салалары нормаларында қаралған ерекше жазалау шаралары қаралған жағдайда қолданылады. Сонымен экологиялық заңдық жауапкершіліктің түрлеріне тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық, материалдық (азаматтық) және экологиялық салалық ерекше жауапкершіліктері жатады. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін материалдық жауапкершіліктің түрлері төмендегідей.Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі экологиялық заңдарды бұзу салдарынан келген зиянды төрт топқа бөліп қараған: Б і р і н ш і топқа:а) қоршаған ортаға келген зиян;б) азаматтардың денсаулығына келген зиян;в) ұйымдардың, азаматтар мен мемлекет мүлкіне келген зиян жатқызылған. Е к і н ш і топқа:а) қызметі қоршаған ортаны қорғауға күшті қауіп төндірумен байланысты заңды және тұлғалардың егер жойқын күштің немесе зардап шегушінің қасқойлығы салдарынан зиян келтіргені дәлелдей алмаса, өздері келтірілген зиянды өтеуі. Ү ш і н ш і топқа:а) қоршаған ортаны бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығына;б) мүлкіне келтірілген зиян;в) зардап шегушінің еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін;г) оның емдеуге және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындарды;д) науқасты күту жөніндегі шығындарды, өзге де шығындар мен залалды ескере отырып толық өтеу қаралған. Т ө р т і н ш і топқа:а) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзылуы салдарынан келтірілген моральдық зиянды өтеу жатады. Экологиялық қылмыс дегеніміз – бұл қылмыстық заңда көзделген кінәлі, құқыққа қайшы әрекет (әрекетсіздік немесе әрекеттілік), жеке және заңды тұлғалардың мүдделері мен экономикалық құқыққа қол сұғушылық, мемлекетке және келтірілген немесе қоршаған ортаға нақты қауіп келтірген зиян. Қазіргі кезде экологиялық теріс қылықтар мен экодогиялық қылмысты ажырату оңай, өйткені бұл жаңа қылмыстық кодексте оны қозғаушы күні құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты құқықтық нормалардың диспозициясында көрсетілген. Қылмыстық жауапкершілік – экологиялық құқық бұзушылық басталған уақыттан бастап, оның басқа да ажыратып көрсететін белгілері бар: адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға келтірген зиян, жануарлардың немесе өсімдіктердің жоқ болуы, ұйымдасқан топтар, лауазымды тұлғалардың қылмысты жасасуы, өзінің қызметін пайдалану барасында.