- •1. Қазақстан Республикасы Экологиялық құқығының пәнінің түсінігін беріңіз. Экологиялық құқығының жүйесі қалай бөлінеді және экологиялық құқықтың қағидаларына жеке тоқталыңыз.
- •1. Қазақстан Республикасы Экологиялық құқығының пәнінің түсінігін беріңіз. Экологиялық құқығының жүйесі қалай бөлінеді және экологиялық құқықтың қағидаларына жеке тоқталыңыз.
- •2.Экология саласындағы мемлекеттік басқару органдардың ролі мен маңызы қандай?. Экологиялық басқару функциясы қандай нысанда жүзеге асырылады?
- •3.Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігін беріңіз және олардың субъектілері мен объектілерін талдаңыз.
- •4.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау қандай органмен және қалай жүзеге асырылады? Экологиялық аудит дегеніміз не? Экологиялық кадастрдың анықтамасына тоқталып,түрлерін ажыратыңыз.
- •5.Табиғатты пайдалану құқығы дегеніміз не және оның қандай түрлері бар? Табиғатты пайдалану құқығының субъектілірі мен объектілеріне талдау жасаңыз.
- •7.Экологиялық құқықтық қатынас дегеніміз не және оның мазмұнына тоқталыңыз. Экологиялық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтату негіздері қалай жүзеге асырылады
- •8.Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз не және экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік және таксалық жауапкершілікке тарту негіздеріне тоқталыңыз.
- •9.Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасын беріңіз және экологиялық қауіпсіздікті сақтаудың құқықтық нормалары қалай реттеледі?
- •10.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау мен сертификаттау және қоршаған ортаның сапасын нормалаудың міндеттері мен талаптары қалай орындалады?
- •11.Табиғатты қорғауда прокуратура органдарының атқаратын рөлі мен функциялары қандай және прокуратура органдарының экологиялық қызметін құқықтық реттеудің жалпы түсінігіне тоқталыңыз.
- •12. 2010 Ж. 24 маусымда қабылданған қр «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы заңына сипаттама беріңіз және аталған заң мен 1996ж. Заңғы салыстырмалы талдау жасаңыз.
- •13.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды шешу тәртібі қалай жүзеге асырылады? Табиғатты қорғау істері бойынша сот тәжірибесінің маңыздылығы қандай?.
- •15. Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің жалпы сипаттамасына тоқталыңыз және ормандардың құқықтық режимі, орман қорларына мемлекеттік бақылауды қандай орган жүзеге асырады?
- •16.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық және Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау жөнінде қандай халықаралық үкіметтік емес экологиялық ұйымдар жұмыс істейді?
- •17. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi
- •18. Халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының...
- •19. Қоршаған ортаны қорғауға азаматтар...
- •20. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ...
- •21. Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиянның
- •22. Қазақстан Республикасының экологиялық заңдарының жүйесі және экологиялық құқығының қайнар көздеріне
- •23. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
- •24. Экологиялық құқығының қайнар көздерінің түсінігі
- •25. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу
- •26. Экологиялық құқығының қайнар көзі ретінде...
- •27. Жердің құқықтық режимі және оны қорғау шаралары...
- •28. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың..
- •29. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың...
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығының
- •31. Халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары ...
- •32. Табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік және жеке меншік құқығының..
- •33.Өндірістік және тұтыну қалдықтар...
- •34. Қоршаған ортаның сапасын нормалаудың....
- •35. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың...
- •36. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
- •37. Зоологиялық коллекцияларға қойылатын экологиялық талаптарды...
- •38. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және қорықтардың ..
- •39. Қазақстан Республикасында Атмосфералық ауа мониторингін..
36. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін табиғи ортадан алып қойылмай жүзеге асырылады.Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттерін, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектілерін ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа мақсаттарда пайдалану жануарлар дүниесін жалпы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануды жүзеге асыру кезінде жануарларды алып қоюға, олардың паналау орындарын және басқа да құрылыстарды қиратуға, жануарларды көбею кезеңінде мазалауға, жануарлардың тіршілік ету ортасын бұзуға және олардың көбею жағдайларын нашарлатуға тыйым салынады. Балық аулау ережесі, балық аулау объектілері, балық шаруашылығы мен балық аулауды жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібі, балық ресурстары мен басқа су жануарларын беру тәртібі Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленеді.Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға жануарлар дүниесі объектілерін жалпы пайдалану тәртібімен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бір рет балық аулауға шыққанда бес килограмға дейін тегін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы белгіленген ережелер, нормативтер, шектеулер мен тыйымдар сақталуға тиіс.Сулы-батпақты алқаптарда және балық ресурстарының және басқа да су жануарларының тіршілік ету және таралу орындарында гидромелиорациялық жұмыстар мұндай қызметтің жобалары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткеннен кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.Балық аулау Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
37. Зоологиялық коллекцияларға қойылатын экологиялық талаптарды...
Жеке және заңды тұлғалар жануарларды табиғи ортадан алу жолымен зоологиялық коллекцияларды (жануарлар дүниесі объектілерінің тұлыптарын, жұмыртқаларын, препараттары мен бөліктерін, жануарлар дүниесі объектілерін, оның ішінде жабайы жануарлар зоопарктерін, зообақтарын, цирктерді, зоологиялық питомниктерді, аквариумдерді, океанарумдарды) жасауды және толықтыруды жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.Ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік немесе эстетикалық құндылық болып табылатын және жалпымемлекеттік маңызы бар зоологиялық коллекциялар мемлекеттің есебіне алынуға тиіс.Зоологиялық коллекцияларды жасау, толықтыру, сақтау, пайдалану, иеліктен алу мен мемлекеттік есепке алу, олармен сауда жасау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасына әкелу, одан тысқары жерлерге жөнелту мен әкету жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін ережелер бойынша жүзеге асырылады.Қазақстанның Қызыл кітабы – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды. “Қазақстанның қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді“Қазақстанның қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша: 1-категория – жойылып бара жатқан; 2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан; 3-категория – сирек кездесетін; 4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген; 5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген.“Қазақстанның қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.