- •2. Нанотехнология дамуының қысқаша тарихын сипаттаңыз.
- •3. Нанотехнологияның Қазақстан республикасындағы даму мүмкіндіктерін атап көрсетіңіз
- •4. Наноматериалдарды тұрмыста қолдану
- •5. Нанокристалдар дегеніміз не?
- •6. Нанокатализаторлар туралы не білесіз?
- •9. Нано әлемде қандай ерекшеліктер бар?
- •10. Нанообъекті және наножүйелерге мысалдар
- •11. Наноұнтақтардың жіктелуі және алу әдістері
- •12.Фуллерендердің құрылымы және физикалық қасиеттерін көрсетіңіз
- •14. Көміртекті материалдардың жіктелу диаграммасы.
- •15." Фуллерен" терминінің қалыптасуын түсіндірініз.
- •16.Көміртекті нанотүтікшелер құрылысы және түрлерін атаңыз.
- •17. Металдық нанокластерлер.
- •18. Көміртекті нанобөлшектердің негізгі морфологиялық түрлері?
- •19. Кванттық шұңқырлар,сымдар және нүтелер.
- •20. Нанобөлшектердің талшық тәрізді формасының морфологиясы
- •21. Электрондық микроскоп әдістерін түсіндіріңіз.
- •22. Сканерлеуші туннельді микроскоп (стм)
- •23. Атомдық күштік микроскопия қалай жүзеге асырылады?
- •24. Кеуекті материалдардың меншікті беттік ауданы қалай анықталады.
- •25. Наноқосылыстарды алудың қандай тәсілдерін білесіңдер.
- •26. Нанотүтікшелерді алудың қандай әдісін білесіз?
- •27. Нанобөлшектерді жалында алу қалай жүзеге асады?
- •28. Нанобөлшектердің жинақталуын түсіндіріңіз.
- •29. Нанотехнологияны медицинада қолдану мысалдарын атаңыз
- •31. Темір нанобөлшектерін қалай алуға болады?
- •38. Нанообьектілер алу процесі «төменнен-жоғары» және «жоғарыдан-төмен» сипаттамасы
- •39. Нанообъектілердің механоактивациясы және механосинтезі туралы не білесіз?
- •41. Наноматериалдарды алудың физикалық, механохимиялық және химиялық әдістерін атаңыз
- •42.Наноматериалдарды алудың электр доғалық әдісі дегеніміз не?
- •43. Наноматериалдарды алудың лазерлі абляция әдісін көрсетіңіз
- •44. Наноматериялдарды алдың пиролиздік әдісі
- •45. Наноматериалдарды алудың золь – гель әдісі .
- •46. Наноматериалдарды алудың каталитикалық синтезін сипаттаңыз
- •47. Наноматериалдарды алудың гидротермальді әдісі
- •48. Нанобөлшектердің электрлік қасиеттері туралы не білесіз
- •49. Нанобөлшектердің магнитті қасиеттерін атап көрсетіңіз.
- •50. Наноматериалдарды функционализациялау қалай жүзеге асады.
- •51.Нанотехнологияны биотехнолгияда, химияда қолдану қалай жүзеге асырылады.
- •52. Нанотехнологияны оптика, электроника, құрылыста пайдалану мүмкіндіктерін қарастыр.
- •53. Наноматериалдарды пайдаланып композитті материалдар қалай алуға болады
- •53. Наноматериалдарды пайдаланып композитті материалдары қалай алуға болады?
- •55. Cvd әдісімен нанобөлшектерді алу
- •58. Нанонысандарды зерттеуде инфра қызыл спектроскопия әдісін қалай қолданамыз?
- •60.Рентген дифракционды әдіс қалай қолданылады.
19. Кванттық шұңқырлар,сымдар және нүтелер.
Үлгінің өлшемін ірі (макроскопиялық ) мәннен, мысалы, метр немесе сантиметрден өте кіші мәнге дейін бірқалыпты кішірейтсе, олардың қасиеттері бастапқыда өзгермейді, 100 нанометрден кіші өлшемдерде қасиеттері қатты өзгеріске ұшырайды.Егер үлгінің өлшемі бір өлшеу бағытында нанометрлі масштабта, ал қалған екі бағытта ірі болса, онда алынған құрылым кванттық шұңқыр деп аталады.
Көлем Шұңқыр Сым Нүкте
1.1-сурет. Тікбұрышты наноқұрылымдардың бірізділігі
Ал екі өлшеу бағыты бойынша нанометрлі үшіншісі ірі болса, мұндай нысанды кванттық сым деп атайды.
Өлшемдері үш өлшеу бағыты бойынша нанометрлі диапазонда болатын өлшемдерді кішірейтүдің ең кіші шекті жағдайын кванттық нүктелер деп атайды.
Көлем Шұңқыр Сым Нүкте
1.2-сурет. Дөңгелек наноқұрылымдардың бірізділігі
Ультракіші масштабта заттың кванттық-механикалық табиғаты өзгеріске ұшырайтындығына байланысты бұл үш типті құрылымдарға «кванттық» теңеуі жалғанады.
1.1–суретте тікбұрышты геометрия үшін өлшемдердің кішіреюі бейнеленген. 1.2–суретте дәл осы үдеріс қисық сызықты геометрия үшін көрсетілген
20. Нанобөлшектердің талшық тәрізді формасының морфологиясы
Нанобөлшектердің талшықтәрізді формасының морфологиясы. КН талшықтары «архитектурасы» әртүрлі болып келеді. Оларда графен қабаттары талшық осіне перпендикуляр немесе оған белгілі бір бұрышпен орналасуы мүмкін. Ішкі қуыстары толтырылған және периодты бөгеулерден тұратын типтік бамбуктәрізді құрылым. Графитті жоғары қысымда буландыру арқылы наноталшықтардың бір түрі – сфералық бөліктері бар КНТ алуға болады. КНТ мен КНЖ өздерінің тұрақтылықтары бойынша да ерекшеленеді.
КНТ-дің морфологиясы мен құрылысы сыртқы әсерлерден өзгеруі мүмкін. Мысалы, диаметрлері 10-60 нм болатын аморфты КНТ-ді инертті ортада 1700-2000ºС күйдіру олардың графенді қабат түзе кристалдануы алып келеді. Үдеріс екі сатымен өтеді (1-сурет): бірінші сатыда кішкене графитті кристаллиттер түзіледі, ал екінші сатыда кристаллиттер қайта бағытталып, үлкейеді және турбостратикалық графит тәрізді, реттелген үшөлшемді құрылым түзеді.
Бір-біріне кидірілген қиылған конустәрізді КНЖ жоғары температуралық күйдіру цилиндрлік қабырғалары бар КҚКНТ түзілуіне алып келеді. Аралық сатылар кезінде сыртқы цилиндрлік қабаты бар, ал ішкі қабаттарына цилиндрлік ретте орналасқан графен қабаттары бар құрылымдар түзілетіні анықталған.
КҚКНТ морфологиясы механикалық сыртқы әсерден өзгеріске ұшырайды. Мысалы, шарлы диірменде КҚКНТ ұзақ уақыт ұсақтау түтікшелердің қысқаруына, майысуына және ашылуына алып келеді. Нәтижесінде, түтікшелердің сорбциялық сыйымдылығы мен меншікті беттік ауданы артады. Бұл кезде агрегаттар мөлшері кішірейіп, КҚКНТ ішкі қабаттары ажырауы мүмкін.