Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ шпор каз.doc
Скачиваний:
194
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
326.66 Кб
Скачать

46. Сүйек сынуы кезінде жүргізілетін алғашқы көмекті сипаттаңыз.

Сүйектің сынуы.

Сүйектің сынуы. Адам қатты құлағанда немесе басқаша оқыс жағдайда сүйектің сынуы мүмкін. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сыну, шытынап сыну. Әсіресе ересек адамдардың сүйектері морт сынғыш, оның себебін өздерің түсіндіруге тырысыңдар. Морт сынғанды - ашық сыну деп атайды. Морт сынған кезде сүйектердің ұштары қантамырларына, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін. Сынған жері қатты ауырып шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады. Шендеуішке кез келген қатты заттар (тақтай, таяқ, қатқыл қағаз) жарайды. Алдымен жарақаттанған жерге жұмсақ мата салады. Матаның үстіне шендеуішті қойып, аяқ немесе қолмен бірге (сынған мүше) қатты таңып тастайды. Қозғалмалы буындар орналасқан жерін де қамтиды. Кейде қозғалтпау үшін сынған қолды тұлғамен қосып таңады. Егер бассүйек жарақаттанса, жарақттанған жерін ептеп тазалап, таңып, үстіне суық шүберек басуға болады Ашық сынған жердің алдымен аққан қанын тоқтатып, жараны тазалап алып, шендеуіш салады. Дәрігердің көмегі ауадай қажет. Ашық сыну өте қауіпті, өйткені сүйектерұсатылып кетеді. Сүйектің бітіп қайта қалпына келуі сүйектің сыртқы қабына байланысты.

Шытынап сыну

Шытынап сыну (жабық сыну) - бұл сынудың жай түрі . Мұндай сүйектің сынған жерінде шытынаған сызат пайда болады. Морт сынудағыдай (күрделі сыну) сүйек бөлініп, үгіліп теріні тесіп жарақаттамайды. Шытынап сыну да ауыртады, сынған жері домбығып іседі. Себебі сүйекте жүйкелер мен қантамырлар болғандықтан, ауырған жері тез білінеді. Мұндай жағдайда қатты таңып, ауырғаны әбден басылғанша тыныштық қалыпты сақтау керек.

Сынған сүйектерді орнына келтіріп салушы адамды сынықшы деп атайды.

47. Реанимация тәсілдерін сипаттаңыз.

Егер адамның аяқасты демалуы мен жүрегінің жұмыс істеуі тоқтап қалса жүргізіледі. Реанимацияны қалай дұрыс жүргізу керек? Бірінші минуттен-ақ зардап шеккеннің дем алуын қалыпқа келтіру керек. Бұл үшін еденде жатқан немесе жолда жатқан зардап шегушіге барынша оң қолыңызбен басын артқа жіберу керек, қолыңызды маңдайына қойып, екі саусақпен мұрынын қысу керек. Сол қолдың жұдырығын оның мойнының астына қой немесе буылтық болса, онда екінші қол бос болу үшін буылтықты қойған жөн. Өзіңізге терең демді алып, бет орамал арқылы зардап шегушінің аузына дем шығарыңыз. Қалыпты дем алу орнына келгенше, ауаны минутіне 16-18 рет ырғақпен алу керек. Аяқасты жүрек қызметін тоқтатқанда, бірден жүректі жанамалай сылау керек: оңы тегіс, қатты жерге шалқасынан жатқыз. Зардап шегушінің жанына тізе бүгіп тұрып, көкіреутің төменгі үштен бір бөлігіне өзге қолыңыздың алақаны қойылған қолдың үстіне қойыңыз. Минутіне 50-60 рет көкіректі қуатты ырғақпен басыңыз, көкірек клеткасының ашылуы үшін, әр итерген сайын қолды жібер. Көкірек клеткасының алдыңғы қабырғасы 3-4 см терендікке ғана басылу керек. Жүректің жанама сылауы жасанды дем алумен сәйкес келу керек. Мұндай жағдайда зардап шегушіге 2 немесе 3 адам көмек көрсету керек. Біріншісі жүрекке жанама сылау жасайды, екіншісі – «ауызға ауыз» әдісі арқылы жасанды дем алдырады. Үшіншісі – зардап шегушінің басын оң жағында тұрып ұстап тұрады және жүрекке жанама сылау жасау мен жасанды дем алдыруды үздіксіз жүргізу үшін көмек көрсетіп жатқандардың біреуін ауыстыруға дайын тұруға міндетті. Дем алып жатқан кезде көкірек клеткасын басуға болмайды.бұл шаралар кезекпен жасалады: 4-5 рет көкірек клеткасын басу керек (демді алғанда). Жасанды дем алдыру мен жүректі жанама сылау сәйкестігі клиникалық өлу жағдайындағы адамды реанимация (тірілту) жасаудың қарапайым тәсілі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]