Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
302.92 Кб
Скачать

3 Кесте – Кассадағы ақшалар шоты бойынша жұргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны

Дебиттелінетін шот

Кредиттелінетін шот

0

2

3

4

1

Түсуге тиіс дебиторлық борыш сомасы ұйымның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1210

2

Еншілес, тәуелді серіктестіктердің берешек ақшалары ұйымның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1220-1240

3

Есептелген пайыз бойынша алынуға тиіс дебиторлық борыш сомасы ұйымның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1270

4

Есеп беруге тиісті адамдардың бұрын аванс ретінде алған ақшалары ұйымның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1250

5

Жұмысшылар мен қызметкерлерге артық төленген еңбекақы сомасы ұйымның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1250

6

Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың берешек қарызы ұйымның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1250, 1410

7

Алынуға тиісті жол төлемі ұйымның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1410

8

Келіп түсуге тиісті жолдағы ақшалар ұйымның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1030

9

Банктердегі арнаулы шоттардан ұйымның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1070

3 – ші кестенің жалғасы

10

Банктегі валюталық шоттардан ұйымның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

1050

11

Есеп айырысу шотынан ұйымның кассасына кіріске алынды

1010

1040

12

Банк және банктен тыс мекемелерден несие түрінде алынған сомалар ұйымның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

3010, 3020

13

Алдағы кезең кірістеріне жататын сома ұйымның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

3520

14

Материалдық емес активтерді сатудан алынатын сома ұйымның кассасына кіріске алынды

1010, 1020

6210

15

Банк және банктен тыс мекемелерден алынған несиелер сомасы ұйым кассасынан төленді

3010, 3020

1010

16

Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомалары ұйым кассасынан төленді

3430

1010

17

Жұмысшы-қызметкерлердің депоненттелген еңбекақы сомалары ұйым кассасынан төленді

3390

1010

18

Ұйымның әкімшілік шығыдары ұйым кассасынан төленді

7210

1010

Ескерту - «VIP-ГТ» ЖШС мәліметтері негізінде автормен құралған.

«VIP-ГТ» ЖШС Кассасындағы ақша қаражаттарының қозғалысын құжаттық рәсімдеу.

Ақшалай қаржыларды жұмсаудың есебін дұрыс жолға қойып және бақылау, бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерінің тәртіптерін, төлемдер мен ақша аудару, валюталық реттеу және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарын орындауға байланысты болады. Кассалық операциялардың есебін жүргізу мен рәсімдеу тәртіптері ұйымның есеп саясатында көрсетілуге тиісті.

Ақша қозғалысы, оны алу мен беру операциялары, оған қатысты құжаттардың қатесіз түрде дұрыс толтырылуын талап етеді. Барлық кассалық кіріс және шығыс ордерлері және басқа қаржылық құжаттар анық, ешқандай түзетулерсіз толтырылуға тиіс. Кассалық операцияларға байланысты қосымшаларға «алынды» немесе «төленді» деген штамптар басылып, уақыты көрсетіліп, қол қойлады. Осы арқылы құжаттарды қайта пайдаланып, ақшаны бір құжатпен екінші рет кассалық шығыс ордерін жаздырып алып кетуге жол берілмейді. Кей кездері бухгалтерлер мен кассирлер кассалық ордерлерге штамп басады, ал дұрысы қосымша құжаттарға штамп басылуға тиісті (төлем ведомостары, расчеттар,өтініштер және т.б.).

Кассалық операцияларды жүгізу үшін, міндетті түрде кіріс және шығыс ордерлерін тіркейтін журнал мен кассалық кітап ашылып, толтырылып отырылады. Олардың парақтары нөмірленіп, тігіліп,ұйымның мөрі басылып, жауапты тұлғалар қол қояды. Кейінгі кездері есеп жүйесін компьютер арқылы жүргізуге байланысты, кассалық операцияларға байланысты кейбір талаптар орындалмай жүр, алайда кассалық кітапты жүргізу мен кассирдің есебін машинограмма түрінде рәсімдеуге болады.

Кассалық кітап журнал тектес болады, онда жазу міндетті түрде көшірме қағаз арқылы жүргізіліп, көшірмесі кассирдің есебіне тігіліп отырады. Кассалық кітап тек қана қаламмен толтырылады, осыған сәйкес, көшірмен қағаз арқылы жасалған кассирдің есебі, кассалық кітаптағы жазбаға сәйкес келуге тиіс.

Кассалық кітапта барлық кіріс және шығыс ордерлері тіркеледі, олардың нөмірі,сомасы, фамилиялары және кассалық операцияның қысқаша мазмұны көрсетіледі. Сонымен қатар есеп жасалған күннің аяғындағы ақша қалдығы, келесі күннің басындағы ақша қалдығына сәйкес келуге тиіс.

«VIP-ГТ» ЖШС қолма - қол ақша бойынша жүгізілетін операциялардың дені мекемеге қызмет көрсететін банктегі есептесу шоты арқылы іске асырылады. Тауар сатудан түскен ақша, есептесу шотына апарып салынады, еңбек ақы мен іс-сапарлары шығынына жұмсалатын ақша және т.б. есептеу шоты арқылы банкіден алынады. Банкке ақшаның толық көлемде өткізіліп тұруы, кассалық шығыс ордерлерімен, кассирдің есебімен, банк құжаттарымен, банк түбіртектеріне сай тексеріліп отырады, олардың көрсеткіштері бір бірімен сәйкес келуге тиісті [19].

«VIP-ГТ» ЖШС-нің есептесу шотынан алынған ақша мөлшері, кассалық кіріс ордерімен, банкілік құжаттармен, чек кітапшасының түбірімен, кассалық кітаппен және банкілік құжатқа қоса берілетін кассалық кіріс ордерінің түбірімен салыстырылып отырады. Олардың сомалық көрсеткіштері бір біріне сай келуге тиіс. Кассалық ордерлермен нөмірі жыл басынан бастап, ретімен қойылып отырады. Қажетті бастапқы құжаттарға мекеме басшысы мен бас бухгалтердің қолдары қойылғаннан кейін ғана кассалық құжаттар рәсімделеді.

Кассалық ордерлермен ақшаны қабылдау және беру, тек қана құжат жасалған күні іске асырылады.

Кассалық ордерді алғаннан кейін, кассир міндетті түрде бас бухгалтердің қолының бар жоғын және оның шынайылығын, сонымен қатар мекеме басшысының рұқсаты бар ма, жоқ па және қосымша құжаттардың дұрыс толтырылып, толық болуын тексеруге міндетті.

Егер аталған талаптардың ең болмаса біреуі сақталмаған болса, онда кассир құжаттарды толық рәсімдеп әкелу үшін бухгалтерияға қайтарып береді.

Кассирге өз міндетін басқа біреуге орындау үшін беруге қатаң тиым салынған.

Мекеме басшысы, кассаны кенеттен тексеріп отыру үшін, комиссия құрып, оның уақытын белгілейді. Онымен қоса ондай тексерулер тоқсан сайын кем дегенде бір рет жүргізілуге тиіс.

Еңбекақы, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар мен сыйлықтар төлеу, ақшаны беру мерзімі жалпы сомасы жазу түрінде көрсетілуімен ұйым жетекшісі мен бас бухгалтер қол қойған төлем ведомостері бойынша жүзеге асырылады. Оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.

Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбекақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты тегінің тұсына мөртаңба соғады немесе “Депозитке салынды” деп қолмен жазып, белгі соғады, берілген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуы тиісті сома жазылады. Егер төлемді кассир емес, өкілетті адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: “Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)” деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерлерінің толтырылған күні мен номері, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың нысаналы мақсаты көрсетіледі (жалақы, сыйлықтар, степендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар). Егер ақша қаражатының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.

Кіріс және шығыс кассалық құжаттарды тіркеу үшін “Кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу журналы” қолданылады, шығыс құжаттарға бөлек, кіріс кассалық құжаттарға бөлек журнал ашылады. Бұл журналда мыналар көрсетіледі:

  • Кіріс және шығыс ордерінің күні мен нөмірі;

  • Кімнің қолына ақша берілді немесе кімнен алынды, сол адамның аты-жөні немесе ұйымның атауы;

  • Берілген немесе алынған ақшалардың қандай мақсаттарға берілгені;

  • Түскен немесе берілген ақшалардың сомасы [20] ;

Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын, олардың дұрыс рәсімделуін, ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен күнін, айы мен жылын көрсете отырып “Алынды” немесе “Төленді” деп белгі соғады.

Кассадағы сақталатын ақша қаражаттары мен қатаң есептегі бланкілеріне тексеру, есеп саясатында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Оны ұйым жетекшісі тағайындайтын комиссия жүргізеді. Тексеру нәтижелері қолға берілетін ақша қаражаттарын түгендеу Актісімен және құндылықтарды түгендеу тізімдемесімен және қатаң есептегі құжаттар бланкілерімен рәсімделеді.

Кассада анықталған артық шыққан ақша қаражаттары кіріске алынады, кем шыққан ақша қаражаттары кассирден өндіріледі.

Қолға берілетін ақшадан өзге, кассада акциялар, мемлекеттік зайымдардың акциялары, вексельдер, чек кітапшалары, өзге де бағалы қағаздармен қатаң есептегі бланкілер сақталуы мүмкін.

Қатаң есептегі бланкілерге мыналар жатады: асханадан тамақ алуға, белгілі бір ас қабылдауға, оқу орындарының асханаларынан тамақ алуға, емдеу профилактикалық ас қабылдауға берілетін абонементтер, қызметкерлерге тегін арнайы тамақ босатуға арналған талондар (сүт немесе соған тең тамақ өнімдері) және басқа да Билеттер, талондар, абонементтер және қатаң есептегі өзге де бланкілер, материалдық құндылықтар ретінде, оларды сатып алынған нақты өзіндік құны бойынша 1350 “Өзге қорлар” шотында есепке алынады. Материалға жауапты тұлғалар бланкілер есебінен кіріс-шығыс кітабында қатаң есептегі бланкілер есебі бойынша әрбір атауы және нақты құны бойынша жүргізіледі. Бланкілердің кіріс және шығыс операциялары қатаң есептегі бланкілерде кіріс шығыс (накладной) құжатымен рәсімделеді. Материалға жауапты тұлға ай сайын бухгалтерияға қатаң есептегі бланкілердің қозғалысы туралы есеп береді. Белгілерді (бланкілерді) өткізуге дайындау кезінде, субъект жетекшісі арнайы тағайындайтын комиссия материалға жауапты адамның қатысуымен қапшықтарды ашып, бланкілерді әр парақ бойынша түгендеп, санап шығады. Ашылған қапшықтағы бланкілерді парақтап санап шығу кезінде анықталған нәтижелер абонементтерді, талондарды және өзге де белгілерді тексеру нәтижелері туралы Актіге жазылады. Актіде алшақтықтар анықталған жағдайда, орауындағы құлақша қағаздағы деректер мен қапшықтан шыққан нақты белгілер жазылады. Акт негізінде белгілерді (бланкілерді) жасаушыларға талап білдірілуі мүмкін. Тамақ алуға берілетін абонементтерге және өзге белгілерге оларды сатуға дайындау кезінде субъектінің мөрі басылады [21].

«VIP-ГТ» ЖШС-нің есеп саясатында белгіленген мерзімдерде кассада сақталатын ақша қаржаттары мен қатаң есептегі бланкілерге тексеру жүргізу қажет. Оны субъект жетекшісі тағайындайтын комиссия жүргізеді.

Кассалық операциялар есебін компьютерлендіру кезінде, сондай-ақ кассалық құжаттарды өңдейтін бағдарламалық құралдар жұмысының дұрыстығына тексеру жүргізіледі. Оның бұзылуына кінәлі тұлғалар белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Ақша қаражаттары мен қатаң есептегі бланкілерді тексеру нәтижелері қолға берілетін ақша қаражаттарын түгендеу Актісімен және құндылықтар мен қатаң есептегі құжаттар бланкілерін түгендеу тізімдемесімен рәсімделеді. Кассада анықталған артық шыққан ақша қаражаттары кіріске алынады. Бұл операция дебет бойынша 1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотында және кредит бойынша 6280 “Басқа да кірістер” шотында көрсетіледі. Кем шыққан ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар кассирден өндіріледі:

1280 “Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек”шотының дебеті.

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті.

Қатаң есептегі бланкілердің кем шығуынан субъектіге келтірілген шығын олардың нақты құны негізінде есептеледі. Осыған орай келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:

Кассадағы қатаң есептегі бланкілердің кем шығуы анықталды:

а) нақты өзіндік құн мен көрсетілген құн арасындағы айырма бойынша:

1280 “Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек” шотының дебеті, субшот “кем шығу, жетпеу және талан-тараж бойынша дебиторлар.”

1350 “Өзге қорлар” шотының кредиті, субшот “қатаң есептегі бланкілер.”

б) көрсетілген құны бойынша:

1280 “Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек” шотының дебеті, субшот “кем шығу, жетпеу және талан-тараж бойынша дебиторлар.”

3520 “Алдағы кезеңнің кірістері” шотының кредиті.

Қатаң есептегі бланкілердің жетпейтін құны кассаға салынды:

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті.

1250 “Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі” шотының кредиті, субшот “кем шығу, жетпеу және талан-тараж бойынша дебиторлар.”

«Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша» есебі. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.

Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақша есебі. Бөлшек сауда ұйымдарының ерекшелігіне байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша қаражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орналасады [22].

«VIP-ГТ» ЖШС-де кассирдің есеп беруі. Кассадағы ақшалар қозғалысының есебін кассир кассалық кітапта жүргізеді. Әр ұйымда тек бір ғана кассалық кітап болуы тиіс, ол нөмірленген, байланған және сүргіш немесе масуы маститтік мөрмен басылған болуы тиіс. Кассалық кітаптағы беттердің саны ұйым басшысы мен бас бухгалтерінің қолдарымен расталады. Кассалық кітаптағы жазулар көшірме қағаз арқылы екі данада шариктік қаламсап, химиялық қалам немесе сиямен жазылады, беттердің екінші даналары жыртылмалы болып келеді және кассирдің есеп беруі болып саналады. Беттердің бірінші даналары кассалық кітапта қалады. Беттердің бірінші және екінші даналары бірдей нөмірлермен реттеледі. Кассалық кітапта тазарту мен келісілмеген түзетулер кассирдің, бас бухгалтердің қолдарымен расталады. Кассалық кітапқа жазуларды кассир әр ордер немесе оны алмастыратын құжат бойынша ақшаны алғаннан немесе бергеннен кейін лезде жазады.

Ұйым кассирдің рұқсатымен және кассалық құжаттардың толық сақталынуы шартымен кассалық кітап автоматталған тәсілмен жүргізілсе болады,бұл кезде оның беттері «кассалық кітаптың ішкі беті» машинограммасы түріндегі ,сонымен қатар дәл сол уақытта «кассирдің есеп беруі» машинограммасы жасалынады.Аталған екі машинограммалар келесі жұмыс күнінің басында жасалынуы тиіс, бірдей мазмұнды болып және кассалық кітап нысанында көрсетілген барлық реквизиттерді қамтуы тиіс.

Кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуін бақылауды ұйымның бас бухгалтері жүргізеді.

Күн сайын жұмыс күнінің аяғында кассир күні бойғы операциялардың қорытындысын санайды, кассадағы ақша қалдығын келесі күнге шығарады және бухгалтерияға кассирдің есеп беруі ретінде екінші жыртылмалы бетті кіріс және шығыс құжаттарымен қоса, кассалық кітапта жазып, өткізеді.

Аумақты ұйымдарда касса-филиалдар бар болған жағдайда аға кассир жұмыс күнінің басталуының алдында басқа кассирлерге шығыс етілу операцияларына қажетті қолма-қол ақшаларының сомасын аванс түрінде бас кассаға түскен немесе шығыс етілген ақшаларды есепке алу кітабында жазып береді. Кітап нөмірленген болу керек және теңге санмен және жазумен жазылады. Касса-филиалдардың және қолма-қол ақшаларды беру орындарының кассирлері жұмыс күнінің аяғында немесе төлем ведомосында көрсетілген мерзімде аға кассирге алынған аванстар мен кіріс етілу құжаттарымен кірістелген ақшалар туралы есеп беруі және ақтаушы құжаттарды тапсыруы тиіс. Сонымен қатар кассирлер күн сайын төлем ведомосы бойынша берілмеген қолма-қол ақшалардың қалдығын бас кассаға тапсырып отыру қажет. Бұл ақшаларды кассир аға кассирге мөр қойылған сөмке, пакеттерде сомасын көрсетіп, қолхатпен береді. Касса-филиалдың кірісі мен шығыстарының айналымы бас кассаның айналымынан көрсетіледі [23].

«VIP-ГТ» ЖШС-де кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша есеп беруді тапсыру тәртібі.

Касса кітабының екі жартысы да бірдей номерлермен номерленеді. Барлық кассалық операциялар парақтың үзілмейтін бөлігінің беті жағынан (“күннің басындағы қалдық” жолынан кейін) бастап жазылады, жазбас бұрын әуелі парақтың жартысы бүктеледі (үзілетін бөлігі қалған парақ бөлігінің астына салынады). “Ауыстырғаннан ” кейінгі жазуларды жалғастыру үшін парақтың үзілетін (жыртылатын) бөлігін екінші жаққа қайырады (яғни үзілмейтін бөліктің беткі жағынан) парақтың үзілмейтін бөлігінің келесі бетіндегі көлбеу сызықтар бойынша жазуларын жалғастырады.

Есеп беретін бланкі сол күн ішіндегі операция соңына дейін үзілмейді. “Оның ішінде еңбек ақы” жолындағы төлем ведомостілері бойынша жалақыға кассадан шығысқа есептен шығарылмаған сома көрсетіледі.

Касса кітабында ақша кімнен алынғаны және кімге берілгені, корреспонденциялық шот және кіріс пен шығыс сомасы құжатының номері көрсетіледі. Есеп беру (күн) соңында кассир жиынын есептен шығарады және есеп беру (күн) соңына қалдықты шығарады. Кітапта расталмаған өшірулер мен түзетулерге жол берілмейді. Түзету кассирдің және бас бухгалтердің қолдарын қою арқылы расталады. Касса кітаптарын жүргізу мен кассалық операцияларға бақылау жасау бас бухгалтердің міндеті болып саналады.

Кассалық операциялардың көлемі үлкен болмаған кезде, кассалық есеп беруді 3-5 күнде бір рет жасауға рұқсат етіледі.

Күн сайын немесе 3-5 күнде бір рет жұмыс күнінің соңында кассир кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу арқылы бухгалтерияға қолхатпен есеп береді. Кассирдің берген есебіндегі корреспонденциялық шоттарға белгі соғылады, содан соң оның деректерін 1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті және кредиті бойынша есеп-қисап тізімдеріне ауыстырады. Ай соңында тізімдерде келесі есеп беретін айдың 1-не қалдық шығарылады, ол кассирдің берген есебінің қалдығына және 1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шоты бойынша бас кітапқа сәйкес келуі тиіс.

Кассалық операцияларды бақылау процедуралары міндетті түрде аяқ астынан жоспарсыз түрде жүргізіледі. Кассадағы аудиттік операцияларға кірісерден бұрын, мынадай ережелерді сақтаған жөн:

  1. Чектер мен чектік кітапшаларды сақтаған жөн;

  2. Кассалық кітап бойынша кассадағы қалдық ақшаны келесі күнге көшіру тәртібі;

  3. Кассалық кітап бойынша есептегі ақшаны әр сайын есептеп, бір күн бұрын кіріс пен шығысты есептеу, бір қалдық ақшаны келесі күн есебіне көшіру;

  4. Касса кітабындағы ақша операциялары мен кассадағы ақша тізімінің сәйкес келуін тексеру;

  5. Кіріс пен шығыс бойынша кассалық кітаптағы ақша ағымының деңгейін тексеру;

  6. Кіріс пен шығыс ордерін тіркеп, күнтізбе арқылы тексеру;

  7. Кассалық операцияларды мекеменің банкке қарасты ақша қатынасын тексеру [24];

«VIP-ГТ» ЖШС-де инвентаризация кезінде кассадағы ақшаның жалпы саны тексеріледі.

Инвентаризацияға арнайы акт толтырылады. Егер де кассада ақша жетіспеушілігі анықталса, немесе ақшаның артық болу себебі актіге жазылады. Кассадағы бланктер саны саналып, олардың номерлері белгіленетін, қанша теңгеге толтырылғанын тексеріп, арнайы бланктер тіркейтін кітапшаға белгілеп жалпы ақша сомасын көрсетеді.

Сонымен қатар, кассалық операцияларды тексеру кезінде мынадай тәртіпті есте сақтау қажет:

  1. Кассир мен жазба түріндегі келісім шарттың болуы, материалды жауапкершілігі жөнінде және де кассалық операцияларды жүргізу жөнінде;

  2. Кассалық операцияны жүргізу жөніндегі нұсқауға байланысты ақшаны сақтауға, оны бір жерден екінші жерге жеткізу туралы, құжаттарды толтыру туралы міндетпен таныстыру;

  3. Қазақстан Республикасының жергілікті республикалық бюджеттегі ақшаны тез арада инвентаризациялау, бланктерді тексеру, қаржы айналым жағдайын, ақша қорын тексеру;

  4. Кассалық құжаттардың өз уақытында толтырылуы және кассалық операциялардың тәртібінің орындалуын тексеру;

  5. Мемлекет мекемеде қалған ақша лимитін бақылап отыруын қадағалау;

«VIP-ГТ» ЖШС-де қаржылық жұмысты ұйымдастыру үшін шаруашылық субьектісі өзінің арнайы қаржылық қызметін қалыптастырады. Ол негізінен бухгалтерия және экономикалық жоспарлау бөлімдері түрінде көрініс табады. Қаржылық қызметтің іс-әрекеттерінің басты мақсаты ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, экономикалық өсу және пайда табуға арналған тұрақты алғы шарттарды құру болып табылады.

Қаржылық жұмыстың негігі мазмұны мыналардан тұрады:

  • қызметті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету;

  • қаржылық несие жүйесімен және басқа да шаруашылық субьектілермен өзара қарым қатынастарды ұйымдастару;

  • негізгі және айналым капиталын сақтап қалу және пайдалану рационалдылығы;

  • ұйымның бюджет, банктер және сатып алушылар алдындағы міндеттемелері бойынша төлемдердің уақытылы болуын қамтамасыз ету.

Басқаша айтсақ қаржылық жұмыстың мәні коммерциялық іс-әрекеттің жүзеге асырылуына әсер ететін негізгі және айналым капиталының шеңбер айналымын қамтамасыз етуден және қаржылық қатынастарды қолданудан тұрады.

Ұйым көлемі және оны ұйымдастыру құрылымы жаңа техниканы енгізуге, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруға, өндірісті, өнімнің өзіндік құны деңгейін жоғарлатуға әсер етеді. Оларды негізгі өндіріс қорларының құны, өнімнің құны, жұмысшылар саны сияқты көрсеткіштер сипаттайды [25].

2.3 Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттарының синтетикалық есебі

Мекемелер материалдарды жеткізіп, қызмет көрсетушілермен есептесу кезінде қаржылардың мақсатты түрде пайдалануын, аккредитивтер, есептесу чектері, банкілік карточкалар және .т.б. арқылы бақылап отыру үшін, банктерде арнаулы шоттар ашады.

Олар ұлттық валюта (теңге) түрінде, сонымен қатар шетелдік валюталар түрінде де ашылады.

Шоттардың типтік жоспарының 1000 бөліміндегі бірнеше шоттар тобы осы мақсатта пайдаланылып, қолданылады:

1040- «Карт-шоттағы ақша қаражаттары», ақша қаражаттарының ұлттық және шетелдік валюта түріндегі қозғалысын есепке алады;

1050- «Жинақ шоттарындағы ақша қаражаттары», ақша қаражаттарының ұлттық және шетелдік валюталар түрінде сақтау шоттарындағы қозғалысын есепке алады,1000 бөлімдегі шоттар тобында көрсетілмеген басқа да ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алады.

Бұл шоттар ағымдағы және басқа да банкілік шоттардағы, еліміздегі және шет елдегі аккредитивтерде, чек кітапшаларында, басқа да төлем құжаттарында (вексельдерден басқа) ұлттық және шетелдік валюта түріндеге ақша қаражаттары туралы ақпараттарды топтастырып, сараптау мақсатында пайдаланылады.

Аталған шоттар тобындағы қалдық сомалар, олардың мақсатты түрде толық пайдаланылмағанын көрсетеді. Дебет бойынша айналымы- қаржының толыққынын, кредит бойынша-мақсатты түрде пайдаланылғанын немесе қалдық соманың ұйымның есептесу шотына аударылғанын көрсетеді [26].

Банк мекемелері ұйымдардың ақшаларын олардың шоттарында сақтап, түскен сомаларды есеп шоттарға қабылдайды, олардың ақшаларын шоттардан аудару және беру, сондай – ақ банктің тәртібі мен келісім шартында қарастырылған басқа да операцияларды жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындайды.

«VIP-ГТ» ЖШС-нің есеп шотындағы ақшасы шот иесінің тапсырмасы бойынша ғана аударылады. Есеп шоттағы ақшаны ұйымның рұқсатынсыз аудару қолданыстағы заңдылықтарда қарастырылған жағдайларға сәйкес соттың, мемлекеттік салық комитетінің қызметінің шешімдерімен ғана жүргізіледі.

Ұйымдар қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандарынан төлем тапсырмасын пайдаланады.

Тараптардың өзара келісіміне сәйкес төлем тапсырмасы бойынша есеп айырысулар жедел, мерзімді және мерзімі ұзартылған болуы мүмкін.

Жедел төлем өнім тиелгенге дейін және өнім тиеліп жіберілгеннен кейін бірден төленеді.

Мерзімі ұзартылған төлем тараптардың қаржылық жағдайына зиянын тигізбейтіндей мәмілелер шегінде орындалады.

«VIP-ГТ» ЖШС-де есеп айырысу нысаны төлеушімен алушынаң арасындағы өзара келісім шарт арқылы анықталады. Ал аванстық төлемдермен есеп айырысу мәміледе қарастырылған мерзімде және мөлшерде ақша қаражаттарын кезеңдік аудару жолымен жүзеге асырылады.

Жекелеген азаматтардың тиісті ақшаларын төлеуді (зейнетақы, алимент, жолсапар шығындары, қаламақы) ұйым байланыс мекемелері арқылы орындай алады.

Салық төлеушілердің төлем тапсырмасы негізінде бюджетке төлемдерді аудару банкке ұсынылған күні алдыңғы кезекте жасалынуы тиіс. Аталған тапсырманы кешіктіріп орындауға банктің құқығы жоқ. Сондай – ақ есеп айырысу тәртібін бұзған ұйымдар мен банктерге Қазақстан Республикасында қолма – қол ақшасыз есеп айырысуларды жүргізу тәртібін бұзғаны үшін айып пұл салу туралы нұсқауда қарастырылған шаралар қолданылады.

Жолдағы ақша аударымдарына сатып алушылармен тапсырыс берушілерден кассаға алынған, банк бөлімшелеріне енгізілген, ұйымның есеп айырысу шотына енгізу үшін инкассаторға өткізілген табыс жатады.

Ұйымның есеп айырысу шотынан төлемдерді беру кезегін ұйымның жетекшісі белгілейді.

«VIP-ГТ» ЖШС-тің операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттарын ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп берулерде ұсынады.

Операциялық қызмет ретінде өнімдерді өткізуден түскен ақшалар, пайыздар мен дивидендтер ретінде түскен ақшалар, сондай – ақ тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге төлемдер, еңбек ақы, пайыздар мен салықтарды төлеуге жұмсалған ақша қаражаттарының шығуын түсіндіруге болады.

Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді сатып алуды сипаттайды.

Қаржылық қызметке займдар (төленуге тиісті вексельдер, облигациялар, ұзақ және қысқа мерзімді займдар), сондай – ақ жай және артықшылықта акцияларды шығару жатқызылады.

Ақшаның қозғалысы туралы есеп беруді жасаудың екі әдісі – тікелей және жанама ажыратылады. Ұйымда осы есеп беруді тікелей әдіспен дайындайды [27].

Шаруашылық жүргізуші ұйымдар қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес ақшасын банк мекемесіндегі есеп айырысу шотында сақтауы тиіс. Банк мекемелері есеп айырысу шотында сақтауы тиіс. Банк мекемелері арқылы ұйымдар арасындағы есеп айырысу қолма-қол ақшасыз есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде банктер ұйымдар арасында төлемдік және келісім- шарттық тәртіптердің сақталуын бақылайды. Банктердегі есеп айырысу шоты келесі құжаттардың негізінде ашылады:

  • Бекітілген нысандағы өтініш;

  • Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

  • Төраға мен бас бухгалтердің қолдарының үлгілері бар карточка және нотариалдық кеңсемен расталған ұйым мөрінің бейнесі;

  • Төлеуші ретінде тіркелгені жөніндегі салық комитетінің анықтама қағазы;

  • Ұйым жарғысының көшірмесі.

Бірінші қолды қою құқығы ұйым жетекшісіне, ал екіншісі бас бухгалтерге беріледі.

Есеп айырысу шотына нөмір беріліп. Ұйымға хабарландырылады және операциялар рәсімделетін барлық құжаттарға сол нөмір қойылады.

Банк пен шот иесі арасындағы қатынас ҚР Ұлттық банкісінің және нормативті актісімен реттеледі.

Банктегі есеп айырысу шотын ашу кезінде жоғарыдағы құжаттарды негізгі ала отырып, банк пен шот иесі келісім шартқа отырады. Келісім шарт бойынша банк шот иесінің пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, оның ақшаны аудару (беру) туралы тапсырмасын орындауға міндетті.

«VIP-ГТ» ЖШС өзінің бос ақша құжаттарын сақтау, есеп айырысу және кредиттік операциялардың барлық түрлерін қамтамасыз ету үшін «БанкЦентрКредит » филиалында №002467219 есеп айырысу шотын ашқан.

Банк есеп айырысу шотынан ұйымның нақты ақшасыз тәртіпте жүргізілетін міндеттемелерін, шығындары және тапсырмаларын төлейді. Сонымен қатар еңбек ақы төлеуге және ағымдағы қажеттіліктер үшін қаражаттар береді. Ұйымның есеп айырысу шоты бойынша операциялар қолданыстағы заңдылықтармен реттеледі және шоттағы бос ақша қаражаттарының қалдығы шегінде одан ақша аудару немесе есеп айырысу шотынан ақшаны алу ұйым төрағасының жазбаша бұйрығының негізінде (ақша чектері, қолма – қол ақшалық салымдарға хабарлама, төлем тапсырмасы) жүргізіледі. Шот иесінің келісімімен (акцепт) жеткізушілермен және мердігерлердің төлемдік талап – тапсырмасы бойынша ақша қаражаттарын аудару жүзеге асады. Ал шот иесінің келісімінсіз банк оның есеп шотынан бюджетке, міндетті зейнетақы қорына төлемдер бойынша айыппұлдар мен қалдық сомаларды сот,салық және қаржылық органдарының өкімімен есептен шығаруға құқылы [28].

«VIP-ГТ» ЖШС шотынан барлық төлемдер, бюджетпен еңбек ақы бойынша төлемдерді қоса, банкке келіп түскен есеп құжаттарының күнтізбелік кезегі (төлем жасау мерзімінің жетуі) бойынша тәртіппен жүзеге асырылады.

Есеп айырысу бойынша операциялар банкпен дер мерзімде дұрыс толтырылған төлем құжаттарының – төлем тапсырмасы, чек, шотқа қолма қол ақша салуға хабарландырулар негізінде жүргізіледі. Есеп айырысу құжаттарының мазмұнына қойылатын талаптарды ҚР Ұлттық банкі анықтайды.

Ұйымда егер есеп айырысу бойынша қателіктер туындағын болса, шоттан ақшаны шығарудың дұрыстығына қойылатын талаптар бойынша шағымдар қызмет көрсететін банкке жіберіледі.

«VIP-ГТ» ЖШС – де белгіленген сомада қолма – қол ақшамен жалақыға, іс сапар, шаруашылық операциялары және басқадай шығындарды беру жөніндегі бұйрығы болып табылатын ақшалай чек толтырылады. Чекте ұйымның атауы, есеп айырысу шотының нөмірі, сомасы, алушының төлқұжаттық мәліметтері, төраға мен бас бухгалтердің қолдары, ұйымның мөрі көрсетілуі тиіс. Алынған ақшаның жұмсалатын мақсаты чектің сыртқы жағында көрсетіліп, бір данада сиямен жазылады. Онда түзетулер жасауға тиым салынады. Чектер берілген күнін есептемегенде он күнге дейінгі мерзімге жазылады.

Ұйым қолма – қол ақшамен банктегі шотына салынатын өткізуден түскен түсім, депонирленген жалақы және басқа да сомаларды өзінің шотына қабылдау үшін шотқа қолма – қол ақша салуға хабарламаны толтырады. Онда есеп айырысу шотының нөмірі, жарнаның сомасы мен мерзімі қойылады. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады. Ақшаны тапсырғаннан кейін кассирге банк қабылдаған ақшаны растайтын түбіртек беріледі, ол кассалық шығыс ордеріне қоса тіркеледі.

«VIP-ГТ» ЖШС-і төлем тапсырмасы негізінде банк төлеушінің есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын алып, яғни есептен шығарып, алушының есеп айырысу шотына аударады. Бұл төлеушінің банкке бұйрығымен жүзеге асады. Төлем тапсырмасын ұйым қорларды, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар кезіндегі сондай – ақ тауарлар мен қызметтерге алдын ала төлем жасау, аванспен төлеу кезінде пайдаланылады. Төлем тапсырмасы ұйымның есеп шотында ақша қаражаттары бар болған да ғана орындалады.

Ұйым орындалған жұмыс, өткізген өнім, көрсетілген қызметі үшін ақшасын алуға төлемдік талап – тапсырмасын жазып, өзінің қызмет көрсететін банкісіне инкассоға өткізеді. Бұл құжатты қызмет көрсетуші банк төлеуге тиіс ұйымның банкісіне жібереді. Төлеуші оны үш күн ішінде акцепке алуға немесе бас тартуға міндетті. Талап тапсырмасы босатылған қорлар, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысулар кезінде қолданылады.

«VIP-ГТ» ЖШС – де есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі үшін 1040 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шоты арналған. Шоттың дебеті бойынша Ұлттық валютадағы ақша қаражаттарының есеп айырысу шотына түсуі, ал кредиті бойынша есеп айырысу шотынан қаражаттардың жұмсалуы көрсетіледі.

Есеп айырысу шоты бойынша жазулардың негізі – банк көшірмесі болып табылады. Ұйымның ақшалай қаражаттарын сақтай отырып, банк өзін оның борышкері санайды, сондықтан ақшаның қалдығы мен олардың түсуін шоттың кредиті бойынша, ал есептен шығарылуын дебеті бойынша көрсетеді [29].

Күн сайын немесе ұйымдағы арадағы келісім шарқа сәйкес белгіленген мерзімде банк оның есеп айырысу шотынан көшірме қағазын беріп отырады. Оған айғақ ретінде банк көшірме қағазға есеп айырысу шотына ақшаны тіркеу және есептен шығару үшін негіз болған анықтамалық құжаттарды қоса салады. Көшірме қағазда есеп айырысу шотындағы бастапқы және соңғы қалдық операциялар сомасы көрсетіледі. Бухгалтерия көшірмеде көрсетілген сомалардың дұрыстығын тексеріп, қате кеткен жағдайда банкке оны хабарлайды. Келіспеушілік сомасы көшірмені алғаннан бастап он күн ішінде қабылданады. Банк көшірмесі тексерілген кезде сомалардың қасына корреспонденцияланатын шоттың нөмірі қойылады.

Көшірме қағаздар өңделіп болғаннан кейін, оның мәліметтері шаруашылық операцияларын тіркеу журналына, одан тікелей журнал – ордерлерге түсіріледі.

«VIP-ГТ» ЖШС-не көрсетілген банк қызметтері үшін банк аударым жасалған соманың 1 пайызы мөлшерінде комиссиондық пайыз ұстайды. Оны мемориалдық ордерде көрсетіп ұйымға ұсынады.

Көшірме қағаз және есеп айырысу құжаттарының көшірмелерін алғаннан кейін ұйымның есеп айырысу шоты бойынша операциялардың заңдылығын тексеру кезінде қате тіркелген сомалар анықталса, онда бұл тіркелген сома 1040 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының дебеті және 3210 «басқадай кредиторлық қарыздар» шотының кредиті бойынша, ал қате есептен шығарылған сома 1040 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотының кредиті және 1430 «Басқадай дебиторлық қарыздар» шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Кейінгі көшірме қағазда банк түзету енгізіп, ал бухгалтерлік есепте қарыз есептен шығарылады.

Ұйымда есеп айырысу шоты бойынша операциялар алғашқы құжаттарда тіркеліп, 1040 шоттың кредиті бойынша жүргізілетін №2 журнал – ордерге және шоттың дебеті бойынша жүргізіліп, оған қоса тіркелетін ведомоске түсіріледі. Бұл регистрлерге жазулар банктерден көшірме қағаздардың келіп түсуіне қарай жүргізіледі. Жазу кезінде шоттар корреспонденциялары бірдей сомалар бекітіледі. Ай соңында осы регистрлердегі қалдық шығарылып, одан әрі бас кітапқа апарылады.

Есеп айырысу шотының жабылуы ұйым төрағасының арызы бойынша жүзеге асырылады:

  • ұйым қызметінің сипаты өзгерген жағдайда;

  • ұйымды құрған органның шешімі бойынша;

  • шотта үш ай ішінде жазулар болмаған жағдайда [30].