Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
302.92 Кб
Скачать

4 Кесте – Есеп айырысу шотындағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны

Дебиттелінетін

Кредиттелінетін

1

Сатып алушылардан жіберілген өнім, көрсетілген қызмет үшін алынуға тиісті сома есеп айырысу шотына кіріске алынды

1040

1210

2

Еншілес серіктестіктерден жіберілген өнім, көрсетілген қызмет үшін алынуға тиісті сома есеп айырысу шотына кіріске алынды

1040

1220 – 1240

3

Жолдағы деп есептелінген ақшалар есеп айырысу шотына кіріске алынды

1040

1030

4

Есеп айырысу шотына ұйымның жарғылық қ6орын толтыру мақсатымен үлес қосушылардан келіп түскен сома

1040

5020

5

Есеп айырысу шотына кассадан келіп кіріске алынған сома

1040

1010

6

Басқа да берешектерден қарызын өтеу үшін келіп түскен сома

1040

1410

7

Алынған банк несиесі есеп айырысу шотына кіріс етілді.

1040

3010

8

Есеп айырысу шотына банктегі арнайы шотынан келіп түскен сома

1040

1070

4 – ші кестенің жалғасы

9

Есеп айырысу шотына келіп крісітелген банктен тыс мекемелердің несиесі

1040

3020

10

Бюджетке төленген салық сомасының артығы есеп айырысу шотына қайтарылды

1040

3110-3190

11

Бағасы есеп айырысу шотынан төленіп сатылып алынған материалдық емес активтер

2710-2730

1040

12

Бағасы есеп айырысу шотынан төленіп сатылып алынған негізгі құралдар

2400

1040

13

Банк және банктен тыс мекемелерден алынған несиелер есепайрысу шотынан қайтарылды

3010-3020

1040

14

Заңды тұлғаның есептелген табыс салығы бойынша қарыз сомасы есеп айырысу шотынан бюджетке аударылды.

3110

1040

15

Ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан ұсталынатын табыс салығы сомасы бюджетке аударылды

3190

1040

16

Әлеуметтіу салық сомасы есеп айрысу шотынан бюджетке аударылды

3150

1040

17

Еңбекақы, зейнетақы және тағы басқа төлемдерді төлеу үшін есеп айырысу шотынан аударылды

1010

1040

Ескерту - «VIP-ГТ» ЖШС мәліметтері негізінде автормен құралған.

«VIP-ГТ» ЖШС-ның кассасындағы ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебі.Ұйымдар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі " Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары " деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:

Аккредитив – клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивке көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.

Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:

  • Жабылатын (депоненттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.

  • Жабылатын (депоненттелген) аккредитивті ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.

  • Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-щартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.

  • Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.

Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.

Дәлелденген аккредитив – бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.

Трансферабельдік (аударма) аккредитив – бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.

Аккредитив тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арнаулы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.

Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 3010 " Қысқа мерзімді банктік қарыздар" шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1030 "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары" шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1030) кредиттеледі де 1060 "Өзге ақша қаражаты" шоты дебеттеледі.

Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде атқарушы банк-эмитенті хабар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банке пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі [31].

Чек – бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.

1050 " Жинақ шоттардағы ақша қаражаттары " шотында субъектінің құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.

Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу.

«VIP-ГТ» ЖШС-нің кассасын түгендеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма-қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер және заңға сәйкес құнды қағаздар ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы ұйымға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.

Түгендеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгендеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.

«VIP-ГТ» ЖШС-нің кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарын түгендеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі.

Жол үстіндегі ақша қаражаттарын түгендеу осы шотта тұрған сомаларды: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитанцияларының деректерімен бірге түсімді өткізу кезінде, банк инкоссаторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас ұйымға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатаң олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме деркетерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Банктерде есеп айырысу (ағымдағы), валюталық және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, ұйым бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады [32].

Сонымен, ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша есеп беру әдістері жоғарыда айтылған шоттарда ашылып көрсетілген. Осыдан соң «VIP-ГТ» ЖШС ақша қаражаттарының опрациялары қойылған талаптарға толығымен сай жүргізілуде деген пікірге келуге болады. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп принциптері мен бухгалтерлік есеп анықтамаларын қолдануда.

Кассадағы операциялар есебі активті типтік шоттардың бөлімдерінде жүргізіледі:

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты”

Ақшалардың ұлттық валюта түрінде түсуі кезінде 1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шоты дебеттеледі, сәйкесінше шоттардың кредитіне.

Қолма-қол есептесу мен дайын өнімдерді, материалдарды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу кезінде:

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті,

6010 “Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кірістер” шотының кредиті.

Есеп беруге тиісті сомалар бойынша жұмыскердің (қызметкерлердің) кассаға тапсырылған берешегі:

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті.

2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі” шотының кредиті.

Банктен қысқа мерзімді қарыз қолма-қол ақшамен алынды:

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті.

3010 “Қысқа мерзімді банктік қарыз” шотының кредиті.

Банктегі есепшоттан кассаға түскен ақша қаражаты (еңбекақы беруге, шаруашылық шығындар, т.б)

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті;

1030 “Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Өнім өткізіп, қолма-қол есеп айрысудан түскен түсім:

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті;

6010 “Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс” шотының кредиті;

Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға келіп түсті:

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті;

1020 “Жолдағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Жұмсалмаған есеп берілетін сома кассаға қайтарылды:

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті;

2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі” шотының кредиті;

Алдағы кезеңдер табысы шотына әр түрлі төлемдер кассаға түсті:

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті;

3520 “Алдағы кезең кірістері” шотының кредиті;

Жабдықтағаны, орындаған қызмет үшін аванс түскенде:

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті;

3510 “Алынған қысқа мерзімді аванстар”,

4410 “Алынған ұзақ мерзімді аванстар” шоттарының кредиті;

Еншілес серіктестіктерден қайтқан берешектер (тәуелді, бірлесіп бақыланатын):

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті;

2120 “Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі”,

2130 “Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі” шоттарының кредиті;

Ақшалардың ұлттық валюта түрінде кассадан берілуі кезінде 1020 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шоты кредиттеледі сәйкесінше шоттардың дебеті бойынша:

Қолма-қол ақша төленген негізгі құралдар, материалдық емес активтер сатып алынды және кіріске алынды:

2420 “Негізгі құралдар”,

2700 “Материалдық емес активтер” шоттарының дебеті;

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Кассадан есеп шотқа ақшалай қаражат тапсырылды:

1030 “Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті;

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Кассадан еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы берілді:

3350 “Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек” шотының дебеті;

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Жабдықтаушылардың шотына кассадан қолма-қол ақша төлеу:

3310 “Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек” шотының дебеті;

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Қорлар жабдықталған, орындалған жұмыспен көрсетілген қызмет үшін берілетін аванстар сомасы:

1610 “Берілген қысқа мерзімді аванстар” шотының дебеті;

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Алынған аванстың қайтарылуы:

3510 “Алынған қысқа мерзімді аванстар”,

4410 “Алынған ұзақ мерзімді аванстар” шотарының дебеті,

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Түгендеу кезінде анықталған ақшалай қаражаттың кем шығуы:

2180 “Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек” шотының дебеті;

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Анықталған кем шығу кінәліге қойылды:

2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі” шотының дебеті;

2180 “Өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешек” шотының кредиті;

Кінәлі кем шығуды өтеді:

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті;

2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі” шотының кредиті;

Егер кінәлі табылмаса, немесе сот өндіруден бас тартса:

7470 “Басқа да шығыстар” шотының дебеті;

2180 “Өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешек” шотының кредиті;

Түсім банкке инкассатор арқылы тапсырылды:

1020 “Жолдағы ақша қаражаттары” шотының дебеті;

1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті [33] ;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелдік фирмалардың және бірлескен ұйымдардың валюталық кассалар ашуына рұқсат етілген. Валюталық кассада кассир валюталардың әрбір түрі бойынша шетел валютасымен және теңгемен валюта қаражаттарының аналитикалық есебінің карточкаларын және касса кітабын бөлек жүргізеді. Карточкаларда және касса кітабында шетел валютасының түсуі мен шығуы және бағамдағы айырмашылықтарды есептеу бойынша барлық операциялар жазылады, бағам айырмашылықтары шетел валюталарының қалдықтарында есептеледі. Қызметкерлердің шетелдерге баратын іс-сапарлары жағдайында Қазақстандық ұйымдар мен ұйымдар қолға берілетін валютамен валюталық операциялар жасауы мүмкін.

«VIP-ГТ» ЖШС-де валютамен операция жасайтын субъектілер 1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотын ашады. Валюталық касса есебі субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жргізіледі, бар айырмашылығы, кіріс және шығыс кассалық ордерлерде және касса кітабында қаражаттар сомасы шетелдік валюталарда және теңгемен алғандағы эквивалентінде (баламасында) көрсетіледі.

Валюталық касса үшін бөлек касса кітабы ашылады. Валюталық операциялардың көлемі үлкен болған жағдайда бөлек машинограммалар немесе өзге есеп тізімдері жүргізілуі мүмкін.

Валюталардың түсуі кезінде 1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шоты дебеттеледі, келесі шоттардың кредитіне:

Банктегі валюта шотынан кассаға түскен қолма-қол шетелдік валюта сомасына:

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының дебеті;

1032 “Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Тиісті шетел валюталарына қатынасы бойынша теңге бағамының түсуі кезіндегі бағамдар айырмашылығынан алынған кіріс:

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының дебеті;

6250 “Бағамдық айырмадан түскен кірістер” шотының кредиті;

Есеп беруге тиісті тұлғалардың кассаға тапсырған валюта сомасынан алынатын кіріс:

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының дебеті;

2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі” шотының кредиті;

Валюталардың шығуы кезінде 1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шоты кредиттеледі келесі шоттардың дебетіне:

Есеп берілетін валюталық қаражаттың кассадан берілуі:

2150 “Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі” шотының дебеті;

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Шетелдік валютамен валюталық шотқа тапсырылған ақшалай қаражат:

1032 “Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты” шотының дебеті;

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Тиісті валюталарға қатынасы бойынша теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде құралған бағамдардың айырмашылық сомасына:

7430 “Бағамдық айырма бойынша шығыстар” шотының дебеті;

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Кассаға ақша кірістелген кезде 1010-«Кассадағы теңгемен және валютамен ақша қаражаты», шоты дебеттеледі, онда кассадағы ұлттық және шетел валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады, төмендегі шоттары кредиттеледі:

1030-«Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен және шетел валютамен ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық валютамен және шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1250-“Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда қызметкерлердің: активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы төлеу, қызметтік іс сапарлар мен басқалар, кызметкерлерге берілген карыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды (кемшін шығу талан таражға салу, бүліну және басқалар) өтеу жөнінде есеп айырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі,

Ақша кассаға түскен кезде 1010 - «Кассадағы теңгемен және валютамен ақша қаражаты» шоты дебеттеледі және келесі шоттар кредиттеледі:

6010-«Өнімді сатудан және қызметтер керсетуден түсетін кіріс» және басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің сомасына;

1210-«Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар сатылған өнім және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

«VIP-ГТ» ЖШС-нің кассасына түскен түсімді өткізгенде –1010 шоты дебеттеледі де, ал 1010-«Кассадағы теңгемен және валютамен ақша қаражаты» субшоты кредиттеледі.

5 кесте - «VIP-ГТ» ЖШС кассасына ақша қаражатының кіріске алынуы:

Шаруашылық операция мазмұны

Д

К

Сома, тг

1

Өткізілген өнімнен түскен түсім кассаға келіп түсті

1010

6010

3067200

2

Сатып алушылар мен тапсырушылар берешегін кассаға тапсырды

1010

1210

6847000

3

Ағымдағы банктік шоттан келіп түсті

1010

1030

4000000

4

Қызметкер түгендеу кезінде жетпеген немесе пайдаланбаған соманы кассаға қайтарды

1010

1250

780000

5

Құрылтайшыдан салым ретінде кірістелді

1010

5110

85000

6

Қайтарымсыз заңды тұлғадан келіп түсті

1010

6220

64000

7

Аванс ретінде сатыпалушылардан кассаға кірістелді

1010

3510/4410

57500

8

Пошта бөлімінен жолдағы ақша қаражаты алынды

1010

1020

1000000

9

Өз акцияларының сатылғаннан түскен түсімі кірістелді

1010

5210

3404500

10

Оң бағам айырмашылығы анықталды

1010

6250

875000

11

Валюталық шоттан кассаға түсті

1010

1012

682000

Барлығы

29862200

Ескерту - «VIP-ГТ» ЖШС мәліметтері негізінде автормен құралған.

Кассадан ақша берілген кезде 1010-шоты кредиттеледі және келесі шоттары дебеттеледі: