Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тесты.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
165.38 Кб
Скачать

5 Вариант

1.Адам қызметінің басты уәжі оның жеке мүддесі деп санайды:

А. Неоклассиктер;

В. Кейнсиандықтар;

С. Неокейнсиандықтар;

Д. Институционалистер;

Е. Марксисттер.

2.Экономиканы мемлекеттік индикативтік жоспарлау концепциясы қай бағытқа сәйкес:

А. Классикалық;

В. Неоклассикалық;

С. Институционализм;

Д. Кейнсиандық;

Е. Неокейнсиандық.

3. Қоғамдық игіліктерге жатады:

А. Тамақ,

В. Киім,

С. Өнер,

Д. Туризм,

Е. Жолдар.

4.Қоғамдық еңбек бөлінісінің құрылымын көрсететін пропорцияларға жатпайды:

А. Жалпы пропорциялар

В.Сала аралық пропорциялар

С. Ішкі салалық пропорциялар,

Д. Аймақтар арасындағы пропорциялар

Е.мемлекеттер арасындағы пропорциялар

5. Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделінде субсидиялар ағымдары келесі субъектілер арасында жылжиды:

А. Мемлекет, үй шаруашылығы

В. Мемлекет, өндіріс факторлардың рыногі

С. Мемлекет, фирмалар

Д. Мемлекет, қаржы рыногі

Е. Мемлекет, тауар рыногі

6.Жаппай жекешелендіру қандай субъектілерге қатысты:

А. Мемлекет

В. Шағын бизнес

С. Тұрғындар

Д. Ірі бизнес

Е. Үкімет

7. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау бағыттарына жатпайды:

А. мемлекеттiк қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды пайдалануы үшiн жағдайлар жасау;

В.мемлекеттiк, салалық (секторальдық) және өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеу;

С. шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң және таратудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлемеу;

Д. оңтайлы салық салу режимiн белгiлеу;

Е. шағын кәсiпкерлiкке кредит берудiң бағдарламаларын қабылдау

8.Мемлекетік кәсіпкерліктін басты мақсаты:

А. Максималды пайда алу;

В. Мемлекеттік қызметтерге жағдай жасау;

С. Қоғамдық тыныштылықты орнату;

Д. қоғамдық әл-ауқатты максималдау;

Е. Шетел қатынастарың дамыту.

9. Егер бір ғана сатушы-кәсіпорын болса, онда бұл рыноктың қандай үлгісі болады:

А. монополия;

В. монополиялық бәсеке;

С. олигополия;

Д. таза бәсекелік;

Е. монопсония.

10. Ауыспалы экономика – бұл:

А. Бір жүйедегі манызсыз өзгерістер

В. бір экономикалық жүйеден басқаға ауыспалы жағдай

С. экономика субъектілерінің арасындағы қызметтерді реттеу тәртібі

Д. жүйеге сәйкес меншіктің және оның қызмет етуін ұйымдастыратын институттардың басымды түрі

Е. Дұрыс жауап жоқ.

11. Білім беру, деңсаулық сақтау қандай саларарға жатады:

А. Материалды игіліктерді өндіретін

В. Материалды емес игіліктерді өндіретін

С. Материалды қызмет көрсететін

Д. Материалды емес қызмет көрсететін

Е. Барлық салаларға

12. ЖІӨ –нің құны тең:

А. Бір жылда ұлттық капитал өндірген түпкі өнімдерге;

В. Аралық өнімдерге;

С. Қайталанып сатылған өнімге;

Д. Бір жылда ел резиденттерінің өндірілген түпкі өнімдеріне;

Е. Ұлттық капитал өндірген аралық өнімдер мен түпкі өнімдерге.

13. Ғылыми-техникалық болжамға келесі бағыт кірмейді:

А. Ғылым

В. Инновация

С. Экологиялық дағдарыстар

Д. Техникалық жүйелер

Е. Технология динамикасы

14. Экономика құрылымы, институционалдық өзгерістер келесі болжамда қарастырылады:

А. Кәсіпорын болжамы

В. Демографиялық болжам

С. Әлеуметтік

Д. Экономикалық

Е. Сыртқы экономикалық

15.Жұмысшылардың аймақтық, кәсіптік орын ауыстыруына байланысты:

А. Циклдік жұмыссыздық;

В. Құрылымдық жұмыссыздық;

С. Фрикциондық жұмыссыздық;

Д. Тұрақты жұмыссыздық;

Е. Перманеттік жұмыссыздық.

16. Тұрғындар құрамында оның еңбекке қабілетті бөлігі ерекшеленеді . Ол:

А. еңбек қызметіне психологиялық және физиологиялық қасиеттері бойынша жарамды, жұмысқа қабілетті жасындағы адамдар жиынтығы

В. еңбек қызметіне тек физиологиялық қасиеттері бойынша жарамды адамдар

С. еңбек қызметіне тек психологиялық қасиеттері бойынша жарамды адамдар

Д. жұмысқа қабілетті жасындағы барлық адамдар жиынтығы

Е. Кез келген жастағы еңбек қызметіне жарамды адамдар жиынтығы

17. Арнайы кәсіпорынға салынатын барлық ақша құралдары – бұл:

А. Жалпы инвестициялар

В. Таза инвестициялар

С. Автономды инвестициялар

Д. Туынды инвестициялар

Е. Портфельды инвестициялар

18. Ұлттық табыстың көлемі мен серпініне тәуелді:

А. Жалпы инвестициялар

В. Таза инвестициялар

С. Автономды инвестициялар

Д. Туынды инвестициялар

Е. Портфельды инвестициялар

19. Ауыл шаруашылығының ерекшелігіне жатпайды:

А.Ауыл шаруашылық өндірісі табиғат жағдайымен тікелей байланысты.

В.Шаруалардың шығындары өте жоғары, соңдықтан ауыл шаруашылығымен айналасу тиімсіз болады.

С. Ауыл шаруашылық өнімге деген сұраныс икемді болады.

Д. Ауыл шаруашылығының дамуы басқа салалардың мультипликациялық дамуына әкеледі.

Е. Ауыл шарушылық өнімі дәстүрлі және көп өзгермейді

20. Ауыл шаруашылық өнімнің бағасын қолдау әдістері:

А. Натурлық гранттар

В. Салық жеңілдіктер мен субсидиялар

С. ғылыми зерттеулер

Д. АӨК-нің ақпараттық маркетингтік жүйесін дамыту

Е. Барлық жауап дұрыс

21. Экономиканы табыстар және шығындар арқылы реттеу келесі саясатқа жатады:

А. Несие;

В. Әлеуметтік;

С. Фискалды;

Д. Ақша;

Е. Салық.

22. Қаржы – бұл:

А. Жалпы эквивалент

В. Құндық ағымдардың жиынтығы

С. Елдегі ақша жиынтығы

Д. Елдегі ақша жүйесі

Е. Кәсіпорын шығындары.

23.Кіріктендірілген тұрақтандырушылар көмегімен жүргізіледі:

А. Бюджет саясаты

В. Несие саясаты

С. Дискрециондық фискалды саясат

Д. Автоматты фискалды саясат

Е. Жалпы фискалды саясат

24.Инфляцияның зардаптарына жатады:

А. Жұмыссыздық өседі

В. Ақша құнын жоғалтады және өз функцияларын орындауды тоқтатады.

С. Номиналды ЖҰӨ азаяды

Д. Ұлттық байлық азаяды

Е. Шетелдік қарыз өседі

25. Коммерциялық банк – бұл:

А. Банктік емес мекеме.

В. Бірінші деңгейдегі банк, кез-келген елдің басты эмиссиялық, ақша несие институты.

С. Қарыз капиталы нарығының әр-түрлі секторында операция жасайтын көп қызметті ұйым.

Д. Шектеу негізінде несие карточкасымен нақты ақша беретін аппарат.

Е. Біртекті тауарлардың көтерме нарығы.

26. Пұрсаттылықты (преференциялық) тарифтер:

А. Сауда келісімдері жоқ елдердің тауарларына қойылады

В. сауда келісімдері бар елдердің тауарларына қойылады

С. дамушы елдердің тауарларына салынады

Д. Барлық тауарларға салынады

Е. Барлық елдердің тауарларына салынады

27. Металлдың әрбір тоннасынан 10 доллардан алынатын баж алымдары келесі түрге жатады:

А. Адвалордық баж алымдары

В. Спецификалық баж алымдары

С. Аралас баж алымдары

Д. Лицензиялық баж алымдары

Е. Квоталық баж алымдары

28.Мемлекетті экономикалық процесті жоспарлауға және реттеуге қатыстыруға болмайды, ол тек экономикалық тәртіптің элементтерің құрастыру тиісті деп санаған:

А. А.Маршал;

В. Э.Чемберлин;

С. Л.Мизес;

Д. А.Смит;

Е. В.Ойкен.

29.Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерiне жатады:

А. шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешенсіздiлiгi;

В. шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлерi үшiн қолжетiмдiлiгi;

С. шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық қайшылықтар;

Д. Шағын кәсіпкерліктің бәсекеге жарамсыздығы;

Е. шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымсыздығы

30. Мемлекеттін жиынтық қаржы жоспары келесі баланстарға кіреді:

А. Материалдық

В. Құндық

С. Еңбек

Д.Салааралық

Е. Халықаралық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]