Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тесты.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
165.38 Кб
Скачать

2 Вариант

1. Экономикалық саясаттың қолданбалы мақсаттары:

А. барлық қоғамның максималды әл-ауқаттылыққа жетуі, экономикалық өсу,

В. экономикалық өсу, жұмыс бастылығы, бағаның тұрақты деңгейі, сыртқы экономикалық тепе-теңдік,

С. экономикалық өсу, жұмыс бастылығы, қоғамның еркін дамуы және құқықтық тәртіп,

Д. қоғамның максималды әл-ауқаттылыққа жетуі,экономикалық өсу, жұмыс бастылығы,

Е. қоғамның максималды әл-ауқаттылыққа жетуі, қоғамның еркін дамуы және құқықтық тәртіп.

2. ЭМР-дің объектілеріне жатады:

А. Экономикалық циклдар;

В. Фирманың жоспары;

С. Өндіріс шығындары;

Д. Негізгі капитал;

Е. Пайда.

3. Ұдайы өндірісті не сипаттайды:

А. өндіріс процессінің бір қалпында қалуы

В. өндіріс процессінің үздіксіз жаңаруы

С. Микроэкономикадағы процестер

Д. Макроэкономикадағы процестер

Е. өндіріс процессінің бірте-бірте жаңаруы

4. ЭМР-дің принциптеріне жатпайды:

А. проблеманы толық шешу сәттілігің қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын басымдық сұрақтарды бөлу;

В. халық шаруашылығын басқаратын барлық деңгейдегі жүйелердің тиімді үйлесімділігі ( және теңгерімділігі;

С. мемлекеттік реттеудің мақсаттар деңгейіне және сипаттамасына сәйкес келетің құралдарды таңдау;

Д. реттеу объектісіне кешенді (комплексный) көзқарас;

Е. мемлекеттік реттеудің мақсаттар деңгейіне және сипаттамасына сәйкес келетің құралдардың болмауы.

5. Атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды:

А. Президент

В. Үкімет

С. Парламент

Д. Әкімшілік

Е. Халық

6. Ауспалы экономикада мемлекеттік кәсіпкерліктің қажеттілігі немен байланысты:

А. Жеке сектордың әлсіздігі;

В. Капиталдың артақшылығы;

С. инвестициялар өтелімділік мерзімінің қысқасы;

Д. Тиімді кәсіпорындардың көпшілігі;

Е. Дұрыс жауап жоқ.

7. Толық бәсеке ұғымы қандай жағдайды білдіреді:

А. нарықта біртекті өнім шығаратын және бағаның қалыптасуына ықпал жасай алмайтын көптеген ұсақ фирмалардың болуы;

В. экономика саласында әртүрлі үлгіде өнім шығаратын фирмалардың болуы;

С. өнімді ағымдағы баға бойынша сатып алатын көптеген тұтынушылардың болуы;

Д. барша сатушылар және сатып алушылар нарық туралы ақпаратпен толық қамтамасыз етілген жағдайды;

Е. бірнеше өте ірі фирмалар үстемдігін орнатқан рынок.

8. Барлық агенттердің іскерлік белсенділігіне тең мүмкіндіктер мен жағдай жасауды болжайтын процесс қалай аталады:

А. Либерализация

В. Жекешелендіру

С. Демонополизация

Д. Экономика құрылымын қайта құру

Е.  Макроэкономикалық тұрақтандыру

9.Келтірілген қатынастардың қайсысы әлеуметтік-экономикалық қатынастар үлгісіне жатады:

А. меншік қатынастары;

В. экономиканы ұйымдастыру және басқару формалары;

С. адамның табиғатқа қатынасы;

Д. еңбектің бөлінісі және бірігуі;

Е. еңбек тәртібі.

10. «Өндірістік функция» категориясына негізделеді:

А. Экономикалық өсудің неоклассиктер моделі;

В. Экономикалық өсудің неокейнсиандық моделі;

С. «Нөлдік экономикалық өсу» моделі;

Д. В. Леонтьев моделі;

Е. «Тұрақты экономикалық даму» концепциясы.

11. Болжау горизонттары бойынша топталатын болжам түріне жатады:

А. кәсіпорын болжамы

В. Демографиялық болжам

С. Ғылыми-техникалық болжам

Д. ұзақ мерзімді (10-20 жылға) болжам

Е. Көп варианттық болжам

12.Зейнетақы көлемі келесі әлеуметтік нормативтер блокына кіреді:

А. тұрғындардың табыстары мен шығындарын қалыптастыру

В. әлеуметтік қамтамасыздық

С. әлеуметтік демография

Д. тұрғындармен материалдық игіліктерді және төлем қызметтерді тұтыну

Е. тұрғындардың тұрғын үй-коммуналдық өмір жағдайы

13.Инновациялық жобаны iске асыруға бағытталған қызмет - бұл:

А. ҒТП

В. Мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясат

С. Инновациялық саясат

Д. Инновациялық қызмет

Е. Инновациялық жоба

14. Өкіметпен, парламентпен қабылданатың әртүрлі заңдар, заңдылықтар, бағдарламалар ғылыми-техникалық саясаттың іске асыру механизмінің келесі блокына кіреді:

А. Нормативті-құқықтық,

В. ұйымдастыру-басқарушылық,

С. Экономикалық,

Д. Рыноктық,

Е. Саяси

15.Қандай адам жұмыссыз деп саналады:

А. жұмыс істегісі келетін, бірақ мамандығынан сәйкес қызмет орнына тұруға мүмкіншілігі жоқ адам;

В. жұмысы жоқ адам;

С. жұмысқа жарамсыз адам;

Д. жұмыс істемейтін, жәрдемақы алмайтын адам;

Е. осы мерзімде жұмыс істемейтін.

16.Жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процессіне кіреді:

А.қызмет істейтің жұмыскерлердің еңбекке деген қаблеттілігің қалпына келтіру және сақтау;

В.тұрғындардың табиғи өсуінің негізінде жұмыскерлердің жаңа ұрпағын қалыптастыру;

С. жалпы білім алу және кәсіптік дайындық;

Д.жұмысшылардық біліктілік (квалификационный) және әлеуметтік-мәдениетті деңгейің көтеру;

Е. Барлық жауап дұрыс

17.Туынды инвестициялар:

А. Ұлттық табыстың көлемі мен серпініне тәуелді емес;

В. Ұлттық табыстың көлемі мен серпініне тәуелді;

С. Жұмыссыздыққа тәуелді;

Д. Инфляцияға тәуелді;

Е. Дұрыс жауап жоқ.

18. Кеден баждарын салудан нені босатады:

А. Шетелден әкелген брлық тауарларды;

В. инвестициялық жобаны iске асыру үшiн әкелiнетiн жабдықтар мен олардың жиынтықтаушы бұйымдарының импорты

С. Тұтыну тауарлар импорты

Д. инвестициялық жобаны iске асыру үшiн әкелiнетiн жабдықтар мен олардың жиынтықтаушы бұйымдарының экспорты

Е. Барлық жауап дұрыс

19. Аграрлық саясаттың субъектілері:

А. мемлекет; мемлекеттік емес субъектілер, халықаралық ұйымдар.

В. Тек мемлекет

С. Өнеркәсіптік өндірушілер

Д. Партиялар

Е. Шаруа қожалықтары

20. Салық ставкасы мен мемлекеттік бюджет түсімдері арасындағы байланысты не көрсетеді?

А. Өндірістік мүмкіншіліктер қисығы;

В. Лаффер қисығы;

С. Бейтараптық қисығы;

Д. Филипс қисығы;

Е. Изокванта;

21. Трансферттік шығындар:

А. тауар мен еңбекте көрсетілген қызметтер мемлекеттік қаржының ағымына қарсы ағады

В. қарсы келетін қызметті болжамайды және тікелей құралдарды беру болып шығады

С. институционалдық бағытпен байланысты

Д. Функционалды принциптің негізінде топталады

Е. Дұрыс жауап жоқ

22.Өндіріс шығындарының өсуінен туындаған инфляция:

А. сұраныс инфляциясы болады;

В. нарық агенттері бейімділетін тосылған инфляция қарқынын көрсетеді;

С. ұсыныс инфляциясына жатады;

Д. деңгейі болжауға келмейтін инфляция түрі;

Е. теріс икемділігімен сипатталады.

23. Несие саясаттың ашық нарықтағы операциялар әдісінің кемшілігі:

А. Ақшалай капиталы көп банктер орталық банктен несие алмайды

В. Құнды қағаздардың айналым уақыты циклдық фазалармен сәйкес болмауы мүмкін

С. Коммерциялық банктер орталық банктің ережелерің орындамайды

Д. Минималды резерв саясаты барлық коммерциялық банктерге жұмсалмайды

Е. Барлық жауап дұрыс

24. Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеудің әкімшілік әдісіне жатады:

А. ақылы (платное) табиғатты пайдалану;

В. айыппұл (штрафной) санкциялары;

С. экологиялық сақтандыру;

Д. Лицензиялау

Е. экодамудағы бәсекенің қалыптасуы

25. Импортты тікелей шектеу шарларына жатады:

А. кедендік ресмиліктер,

В. техникалық стандарттар және нормалар,

С.санитарлық және ветеринарлық нормалар,

Д. Лицензиялау

Е. тоғанаққа, таңбаламаға қойылатын талаптар

26.Формалды институттарға жатады:

А. Жазылмаған ережелер,

В. Заңдар;

С. Дәстүрлер,

Д. Салттар,

Е. Принциптер.

27.Қазақстанда шағын кәсіпкерлікке жатады:

А. жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және активтерiнiң орташа жылдық құны алпыс мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлғалар.

В. жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елуден астам, бiрақ екi жүз елу адамнан аспайтын немесе жыл бойғы активтердiң орташа жылдық құны үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлғалар.

С. жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтердiң жалпы құны үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен асатын заңды тұлғалар.

Д. жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және активтерiнiң орташа жылдық құны алпыс мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлғалар.

Е. жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және активтерiнiң орташа жылдық құны жүз мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлғалар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]