- •Қазақстан республикасының ғылым және бiлiм беру министрлiгi
- •Пәннің компонеттерiне және оны зерттеуге қойылатын негiзгi талаптар
- •Пәннің мазмұны:
- •Баға қою саясаты
- •Мадақтау және айып салу кестесі
- •Баға қою саясаты (Сырттай оқитын білімгерлер үшін)
- •Бөж тапсырмаларына қысқаша шолу.
- •Негiзгi әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Дәріс №9. Сандық мәліметтерді графикалық түрде көрсету Бақылау сұрақтары:
- •Дәріс № 11-12. Мқбж Microsoft Access. Мәліметтер қорымен жұмыс істеу. Сұраныс. Есеп беру.
- •10. Accеss-тегi мәлiметтердiң негiзгi түрлерi
- •Тәжірибелік сабақ №1. Тапсырма 2. Дисктерге қызмет жасау. Файлдарды архивтеу
- •2.1. Файлдарды архивтеу.
- •Тәжірибелі сабақ №2. Тапсырма 1. Сызықты және тармақталған құрылымды алгоритмдер
- •Тәжірибелік сабақ №2. Тапсырма 2. Паскаль тiлiнде программалаудың негiздерi
- •Паскаль тiлiнде программа құру мысалдары. Сызықты құрылымды программалар
- •Сурет 1
- •Сiздердi “ИнфраКом” фирмасының
- •Cурет 2
- •Тип: светлая сетка
- •Применить к: абзацу
- •Тәжірибелік сабақ № 4. Кестелік формадағы ақпаратты ұсыну
- •Cурет 1
- •Запомните!
- •2 Кесте
- •Тәжірибелік сабақ № 13. Ms Power Point программасында презентация даярлау
- •Тапсырма. Power Point программасын қолданып презентация құрыңыз жұмысты орындау тәртібі.
- •Браузерді баптау.
- •1. Браузер менюінің пункттерімен танысу үшін:
- •Бөж №1. Алгоритм және программалау Қысқаша анықтама. Алгоритмдер және оларды сипаттау тәсілдері
- •Вариант 4
- •Параметры страницы - Поля: Верхнее - 2 см, нижнее – 2 см, левое – 3 см, правое – 1,5 см. Шрифт – кz Times New Roman. Размер шрифта - 12.
- •Еңбек ақы төлеу кестесi
- •Халыққа қызмет көрсету саласының 1998 жылғы көрсеткiштерi
- •Облыстағы қылмыскерлер туралы статистикасы
- •Халық шаруашылық өнімдерінің өндірісі
- •Менің өткен айдағы азық түлікке- жұмсаған шығындарым
- •Облыс бойынша тіркелген қылмыс статистикасы
Бөж №1. Алгоритм және программалау Қысқаша анықтама. Алгоритмдер және оларды сипаттау тәсілдері
Алгоритм - инструкция, рецепт, ереже жүйесі. Алгоритм - бастапқы мәліметтерден іздестірілетін нәтижеге апаратын процессті анықтайтын амалдардың нақты тәртібі және оның келесі қасиеттері бар:
Есепті ЭЕМ-де есептеу қадамдары.
Алгоритмді блок-схема тілінде құрау.
Блок- схема - алгоритмді графикалық түрде ұсыну, ол геометриялық фигуралардың жиынтығынан турады, және олардың әр қайсысы белгілі бір амалды немесе операцияны бейнелейді.
Блок- схеманы құруға арналған негізгі элементтер.
11 |
Процесс – жаңа мәндердi, оперативтi жадта сақталатын арифметикалық не логикалық амалдарды қалыптастыру.
|
|
22 |
Шартты тексеру: Қандай да бiр шартқа байланысты алгоритмде екi бағыттың бiрiн таңдау. |
|
33 |
Модификация – циклдық конструкцияны ұйымдастыру. Алдын ала анықталған процесс – көмекшi программалар бойынша есептеу, бұрын дайындалған және сипатталған алгоритмдердi қолдану. |
|
44 |
Программа басы және соңы немесе көмекешi программаларға кiру, шығу. |
|
55 |
Берiлгендердi енгiзу-шығару – алгоритмнiң сыртқы дүниемен байланысы. Шығару мониторға, экранға лентаға не магниттiк дискiге жүзеге асырылады. |
|
Алгоритмді блок- схема тілінде құрастыру ережелері
Блок- схема жоғарыдан төмен құрылады.
Кез-келген блок-схемада алгоритмнің басына сәйкес келетін бір ғана элемент бар және алгоритмнің соңына сәйкес келетін бір ғана элемент бар.
Блок-схеманың басынан кез келген элементке кемінде бір жол болуға тиісті.
Блок- схеманың әр элементінен блок-схеманың соңына дейін кемінде бір жол болуға тиісті.
Алгоритм құрылымының базалық басқарушылары
Сызықты алгоритмдер - программада бір рет орындалатын және әр қайсына бір кіруден және бір шығудан тиісті блоктар тізбегі.
Тармақталынған есептеуіш процессінің алгоритмі - белгілі бір қасиетке тәуелді бір неше, бұтақ деп аталатын, тармақтардың біреуі ғана таңдалып алынады.
Циклдік есептеу процессiнің алгоритмі - әр түрлі мәндерге арналған есептеу бөлігінің көп рет қайталануынан тұрады.
Амалдар және өрнектер
Өрнек дегеніміз – тұрақтылардан, айнымалылардан, стандартты функциялардан, пайдаланушы функциялардар, сандардан, бір бірімен байланысқан амалдар таңбаларынан және доңгелек жұп жақшадан туратын құрылым. Орнектер операндтардан және амалдардан турады, бір жолға жазылып және типы әрқашан анықталынған соңғы мәннен турады. Өрнек құрамындағы айнымалылардың мәні нақты болуға тиісті.
Операндтардың саны бойынша амалдар унарлы және бинарлы амалдарға бөлінеді.
Арифметикалық амалдар
+ қосу, - азайту, * көбейту, / бөлу. Div қалдықсыз бөлу. Mod қалдық.
Паскаль тілінің функциялары және процедуралары. Стандартты функциялар және процедуралар.
Abs(X) - х абсолют шамасын есептейді;
Exp(X) - натурал логарифмнің негізі;
Ln(X) - х натурал логорифмін есептейді;
Sqr(X) - х квадраты;
Sqrt(X) - х квадрат түбірін есептеу;
Sin(X), Cos(X), Arctan(X)-тригонометриялық функциялар (аргумент радиан түрінде беріледі);
Trunc(X) - х санының бүтін бөлігін анықтайды, нәтиженің типі longint;
Round(X) - х санын бүтінге дейін жұықтайды;
Chr(I) (I - бүтін сан)- реттік нөмері I тең символды анықтайды;
Ord(X) (X - реті)- символдын реттік номерін символдардын тізбегінен анықтайды;
Pred(X) (X - реті)- алдыңғы элементті табады;
Succ(X) (X - реті)-келесі элементті анықтайды;
Odd(X) (X - бүтін типті)- санның жұптылығын анықтайды: егер Х - тақ болса, онда нәтиже true мәнін қабылдайды, жұп болса - false;
Eoln(X) – X - файлдық айнымалы. Текстік файлды оқыған кезде ағымдағы жол соңына жеткен жағдайда нәтиже true мәнін қабылдайды, ал басқа жағдайда нәтиже False;
Eof(X) - X файлдық айнымалы. Текстік файлды оқыған кезде файлдың соңына жеткен жағдайда нәтиже true мәнін қабылдайды;
Dec(X,i) - I-да i-ң жоқ жағдайында Х мәнін і-ге азайтады;
Inc(X,i) - I-да i-ң жоқ жағдайында Х мәнін і-ге азайтады;
Frac(X) - аргументтің бөлшек бөлігін анықтайды;
Int(X) - аргументтің бүтін бөлігін анықтайды, нәтиженің типі Real;
Random (X) - [0,Х] аралығындағы кездейсоқ сандар.
Паскаль тілінде анық түрде көрсетілмейтін математикалық функциялар:
Ондық логарифм Lg(X) = Ln(X)/Ln(10);
Дәрежелеу Y=Mn Y = Exp(n*Ln(M)).
A=165; A:= Exp(5*Ln(16)).
Бұрыштың тангенсі Tg(X) = Sin(X)/Cos(X);
Бұрыштык котангенсі Ctg(X) = Cos(X)/Sin(X);
Бұрыштык секансі Sc(X)=1/Cos(Х);
Бұрыштык косекансі Csc(X)=1/Sin(X);
Санның арксинусі Arc sin(X) = ArcTan(X/sqrt(1-X*X));
Санның арктангенсі Arcctg(X) = Pi/2-ArcTan(X);
Санның арккосинусі Arccos(X) = Pi/2-ArcTan(X/Sqrt(1-X*X)).
Жеке тапсырмалар
Вариант 1
1.Алгоритмнің блок-схемасы құрыңыз және айнымалылардың мәнің ЭЕМ арқылы есептеуге арналған Pascal тілінде программа құрыңыз.
2. Келесі өрнекті Паскаль тілінде жазыңыз:
Вариант 2
1. Алгоритмнің блок-схемасы құрыңыз және айнымалылардың мәнің ЭЕМ арқылы есептеуге арналған Pascal тілінде программа құрыңыз.
2. Келесі өрнекті Паскаль тілінде жазыңыз:
Вариант 3
1.Алгоритмнің блок-схемасы құрыңыз және айнымалылардың мәнің ЭЕМ арқылы есептеуге арналған Pascal тілінде программа құрыңыз.
2. Келесі өрнекті Паскаль тілінде жазыңыз: