Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Касипкерликтын тусиниги.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
49.66 Кб
Скачать

Кәсіпкерлік түсінігі және түрлері

 

1.1. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары

Нарықтық экономика жағдайында өндірістік немесе басқа да іспен айналысатын кез келген кәсіпорынды негізінде кәсіпкер деп айта аламыз.

Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. «Кәсіпкер» ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адамдарда әріптестердің бірлестігі де бола алады.Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке адамдар, жеке немесе жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру арқылы бола алады.Мұндай кәсіпкерлер өз еңбегінің шығынымен ғана шектеледі.   

Әріптестердің бірлестігі кәсіпкерлік істің субъектілері ретінде шаруашылық қауымдастықтың әртүрлі формасында көріне алады. Мысалы: серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және  т.б.         

Шаруашылық қауымдастыққа- бұл нақты мақсаттарды шешу үшін құрылған жеке адамдардың немесе кәсіпорындардың келісім негізіндегі бірлесуі.Қауымдастықтың қатысушылары меншігіндегі қаржы және материалдық ресурстардың белгілі бөлігін ғана біріктіреді.

Кәсіпкерлік істің маңызды белгілеріне біздің ойымызша келесі шамаларды жатқызуға болады: 

1) шаруашылық субъектілердің дербестігі, тәуелсіздігі, өзін-өзі билеушілігі. Кез келген кәсіпкер құқықтық нормалар негізінде кез келген мәселелер бойынша өзі дұрыс деп айтқан шешімді қабылдай алады.

2) кәсіпкердің экономикалық мүдделілігі, қызығушылығы. Кәсіпкердің ең басты мақсаты - жоғары деңгейде пайда түсіру, сонымен қатар кәсіпкер пайда түсіре отырып,қоғамның да сұранысын қанағаттандырады.

3) шаруашылық қауіп пен жауапкершілік. Кез келген нақты есептеулердің өзінде белгісіздік, екіұштылық, қауіп жағдайы туындайды.

Жоғарыда көрсетілген кәсіпкерлік істің маңызды нышандары бір-бірімен тығыз байланыста болады.   

1.2. Кәсіпкерліктің мәні және шығу тарихы.

Экономиканың дамуының барлық даму сатыларындағы негізгі тізбек кәсіпорын болып табылады. Өйткені кәсіпорында жұмыскердің өндіріс құралдары мен тікелей байланысы анық көрінеді. Жеке өнеркәсіптік  кәсіпорын дегеніміз өндірістік- техникалық бірлігі бар,ұйымдастыру- әкімшілік және шаруашылық тұрғыда тәуелсіз өндірістік бірлік болып табылады.Кәсіпорын өз ісін жүзеге асыра алады, салық және басқа төлемдерді төлегеннен кейін тапқан пайдасын, шығарылған өнімді керегінше жұмсай алады.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкерді ең басты тұлға деп тану керек. Кәсіпкердің  статусы, кәіпорын  мемлекеттік  тіркеуден  өткеннен  кейін  ғана  бекітіледі.Кәсіпкерлік  істің  субъектісі  ретінде  жеке  тұлға да және азаматтардың  бірлестігі де бола алатынын айта кету керек.

Нәтижеде кәсіпорын деп, жеке кәсіпкер немесе кәсіпкерлердің бірлестігі құрған, қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыру және пайда табу мақсатымен өнім өндіретін, жұмыс атқаратын, қызмет көрсететін жеке шаруашылық субъектісі деп тұжырым жасауға болады.Жоғарыда айтылып кеткендей кәсіпорын ісінің мақсаты-қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыру және пайда  табу .Кеңес одағы кезінде, кәсіпорындардың негізгі мақсаты - қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыру болатын.Қазіргі нарықтық экономикаға өту кезінде, осы мақсатты алып тастап, пайда табуды ғана мақсат етіп қоюға бола ма?

Біздің,ойымызша жоқ.

Шындығында, кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - пайда табу, бірақ жетілген нарықтық қатынастар жоғарыда айтылған екі мақсаттың үйлесімді болуын талап етеді.Әрине,бизнес-кәсіпкерлердің экономикалық ісі, олардың үлкен көлемде пайда түсіру өнері мен мүмкіндігі, тиімділіктің жоғары болуын  қамтамасыз етуі деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар, нарықты экономика жағдайындағы бизнестің дамуы тұтыну нарығының тауар мен қызмет түрлері және оның толығуына әсер етеді, экономиканың құрылымдық дамуын жандандырады, ғылыми- техникалық жетістіктердің енгізілуіне себепші болумен бірге, өндірістің тиімділігінің жан-жақты жоғарылауына ықпал жасайды.

Кәсіпорынды құру алдында, кез келген кәсіпкердің және кәсіпкерлер тобының алдында нақты белгіленген мақсаты болуы керек. Бұл мақсат - өз өніміне немесе қызметіне бірқалыпты тапсырыстың болуымен бекітілуі керек. Шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызмет қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі керек. Одан кейін жаңа істі бастау барысында өз капиталының әр уақытта толықтыруын қамтамасыз ету жағдайларын ойластырған жөн. Осы барлық мәселелерді негізгі құжат кәсіпкерлік бизнес-жоспарда нақты әрі толық көрсеткен жөн.

Қазіргі заманғы кәсіпкердің ең басты маңызды қасиеті – тез өзгеретін жағдайларға бейімді болуы. Ол үшін өзі таңдаған іс жасайтын ортаны кәсіпкер жан-жақты меңгере білуі керек. Кәсіпкер көздеген мақсатына сай алдыға ұмтылушылығымен, кез келген сәтсіздікке ұшыраған жағдайда оған төтеп беретін жігерлілігіне сай өз тарапынан болатын олқылықтардың орнын толтыруда жіберілген қателіктерге сын көзбен қарай алатындай болған жөн, сонымен қатар одан қалай шығудың жолын қарастыра алатындай табандылығы болуы керек. Кәсіпкер өз ісіндегі ортақ әріптестерінің сенімді болуын ойластыруы тиіс. Бәсекелестік күреске дайын болуы қажет. Маркетингті нақты ұйымдастыра білген жөн. Сонымен қатар кәсіпкер шикізатпен, материалмен, жартылай өңделген өніммен (полуфабрикат), жабдықтаушы бұйыммен қамтамасыз етушілермен және өнімді тұтынуда тапсырыс берушілермен ресми байланыста болуы тиіс.

1.3. Кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті негізгі экономикалық, әлеуметтік құқықтық жағдайлары. Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін керекті анықталатын жағдайлар: экономикалық, әлеуметтік және құқықтық т.б.

Экономикалық жағдай – бұл бірінші кезекте тауарға ұсыныс және оларға сұраныс; сатып алушылардың сатып алатын тауар түрлері; сатып алуға жұмсалатын ақша құралдарының көлемі; еңбек ақы деңгейіне әсер ететін жұмыс орындары, жұмысшы күшінің артықшылығы немесе жетіспеушілігі және олардың тауарды сатып алу мүмкіндігі.

Жалпы экономикалық жағдайға ақша ресурстарының болуы, оларды алудың ыңғайлы жолы, инвестицияланған капиталдың кіріс деңгейі, қарызға алынған құралдардың шамасы елеулі әсерлерін тигізеді.

Мұның барлығымен нарық инфрақұрылымын құрайтын әртүрлі ұйымдар айналысады. Олардың көмегімен кәсіпкерлер іскерлік қарым-қатынастармен коммерциялық операцияларды жүргізеді. Оларға банктер (қаржылық қызмет көрсету), жабдықтаушылар (шикізатпен, материалмен жабдықтау бұйымдарымен, энергиямен, машина және қондырғылармен, құралдармен және т.б. қамтамасыз ету), көтерме және жеке сауда жасаушылар (тауарды тұтынушыға жеткізу қызметін көрсету), мамандандырылған фирмалар мен мекемелер (құқықтық, бухгалтерлік, делдалдық қызмет көрсету), жұмысқа орналастыру агенттіктері (жұмысшы күшін таңдау қызметін көрсету), оқу орындары жұмысшы мен маман-қызметкерлерді дайындау), т.б. агенттіктер (жарнамалық, көлік, сақтандыру), байланыс құралдары мен ақпаратты жеткізу жатады.

Кәсіпкерлік істі қалыптастыруда экономикалық жағдайларға әлеуметтік жағдайлардың жақын болуы қисынды болып табылады. Ең алдымен сатып алушылар әр уақытта өздеріне сай, көңілге қонымды тауарларды сатып алуға тырысатынын естен шығармау керек. Уақыт аралығы өткен сайын сұраныстың өзгеруі мүмкін. Оған әлеуметтік-мәдениеттік ортаға қатысты әртүрлі факторлар әсер етеді. Мұндай жағдай тұтынушылардың өмір салтына да ықпал жасай алады. Өз кезегінде өмір салты тұтынуға, тауарға деген сұранысқа қатысы бар екендігін білдіреді. Әлеуметтік жағдай жеке адамның жұмысқа деген ықыласына да әсерін тигізбей қоймайды. Ол өз кезегінде еңбекақы шамасына, еңбек жағдайына әсерін тигізеді.

Кәсіпкер өз кәсіпкерлік ісіне қанағттана білуі керек. Ол өз қызметкерлерінің еңбек ісіндегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыспен қамтамасыз ету және т.б.

Кәсіпкерлік істі қалыптастыруда кәсіпкерлердің, жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылату, оларды қайта дайындау, оқыту маңызды роль атқарады: атап айтқанда, кәсіпкерлік істі жүргізудің жаңа тәсілдерін оқытуды ұйымдастыру; жетілген мемлекеттерде жұмыскерлерді оқыту, стажировка жүргізу; кәсіпкерлік істі жүргізуді оқытатын оқытушыларды дайындау немесе жалдау; кеңес          беру орталықтарының жүйесін жасау.

Кез келген кәсіпкерлік іс өз қызметін белгілі бір құқықтық нормалар бар ортада жүзеге асырады. Сондықтан белгілі бір құқықтық жағдайлардың болуы маңызды. Оған бірінші кезекте – кәсіпкерлік істі реттейтін, оның дамуына дұрыс жағдай жасайтын, заңдардың болуы. Атап айтқанда, кәсіпорындарды ашу және тіркеу рәсімінің (процедурасының) қарапайым түрде болуы; кәсіпкерді мемлекеттік бюрократизмнен қорғау; салық заңдылықтарының өндірістік кәсіпкерлік істі дамыту бағытында жетілдіру және Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің шетел мемлекеттерімен  бірлесіп жұмыс істеуін дамыту. Бұның ішіндекіші кәсіпкерлікті қолдайтын орталықтарды ашу, статистикалық есеп беру формалары және санау тәсілдерін жетілдіру жатады. Кәсіпкерлік істің құқықтық кепілдігі болуының маңызы зор (мысалы: меншіктік құқық, міндеттемелер  бойынша жауап беру және т.б.).

АҚШ-тың кәсіпкерлік іс ортасында бірнеше жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан заңдар жүйесін мысал етіп көрсетуге болады.

Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің керектігін негіздей отырып, Ф.Котлер осы заңдардың пайда болуын үш негізгі себептің әсер етуімен түсіндіреді:

1. Фирмаларды бір-бірінен қорғаудың керектігі. «Кәсіпкерлердің барлығы бәсекелестікті бір кісідей жақтайды, бірақ өз мүддесі туралы сөз болғанда оларды барлығы да бәсекелестікті бейтарап қалдыруға тырысады» (Ф.Котлер, 168-бет). Сондықтан бәсекелестік арасындағы заңсыздыққа жол бермеу заңдары қабылданады.

2. Тұтынушыларды арам ниетті іскерлік практикадан қорғаудың қажеттілігі.Сондықтан бақылаусыз қалған фирмалардың нашар тауарларды шығаруына, жарнамаларда жалған ақпарат беруіне, әдемі қораптаумен және баға деңгейімен шатастыруына қарсы заң шығарылды.

. Қоғам мүддесін кәсіпкердің жеке мүддесінен жоғары ұстау. Ф.Котлер бұл жағдайда «кәсіпкерлік іс кейбір жағдайларда өмір деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз ете алмайды», - деп өте жұмсақтап атап кетті.

Нарықтық қатынастарға өту барысында Қазақстанда «кәсіпкерлердің жүгенсіздігі» жиі көрінеді. Қазақстан Республикасында заңдар жүйесі енді қалыптасып келеді.

Нарықтық экономика, оның жағымды қасиеттеріне қарамастан, қоғамның және әрбір азаматтың мүддесіне сай экономикалық және әлеуметтік процестерді реттей алмайды. Ол кірістің әлеуметтік тұрғыда дұрыс бөлінуін қамтамасыз етпейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, халықтың әлеуметтік деңгейі төмен бөлігін қолдай алмаумен бірге нарықтық экономика көптеген басқа да өзекті проблемаларды шеше алмайды.

Осындай жағдайлардан туындаған кәсіпкерлік мәселелерді реттей отырып, мемлекеттің бір бағытта айналысуы қажет. Басқа дамыған Батыс елдерімен салыстырғанда, Қазақстан бұл процесті тез арада жүзеге асыруы тиіс.

Бақылау сұрақтары