Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет практики.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
3.08 Mб
Скачать
      1. «Алматы қ. Тұрғын үй секторының соңғы тұтынушыларын газдандыру»

Жобамен Алматы қ. тұрғын үй секторын газдандыру деңгейін 100%-ға дейін жеткізу мақсатында шкафті газ реттеуіш пункттерін монтаждаумен қоса төменгі және орташа қысымды жаңа көшелік және кварталдық газ құбырларын жобалау және салу көзделіп отыр. Жобаны іске асыру нәтижесінде ұзындығы 533 км жуық орташа және төменгі қысымды газ құбырларын пайдалануға беру жоспарлануда, ол 2020 жылға шамамен 21,3 мың әлеуетті абоненттерді қосу үшін жағдай жасалады және Алматы қ. бойынша болжамды тұтынуды 103 млн м3 табиғи газына немесе 10%-ға өсіруді қамтамасыз етеді.01.01.2013 жылдағы жағдай бойынша жоспарланған 533 км газ құбырынан 333 км салынды, құбыр жолдарын электрохимиялық қорғаудың 3 бірлігі, 72 ШГТП және 75 протектор орнатылды.

      1. «Алматы облысының Іле және Талғар аудандарының елді мекендерін газдандыру»

Жоба Іле ауданының (Байсерке а., Ынтымақ а., Жаңа талап а., Көк-Қайнар а., Тройник ауданының Қоянқұс а.) және Алматы облысының Талғар ауданының (Алатау ПИТ, Талғар қаласының оңтүстік ауданы) елді мекендерін газдандыруды, атап айтқанда газ реттеуіш және шкафтық газ реттеуіш пункттерін монтаждаумен қоса жоғары, төменгі және орташа қысымды жаңа түйісетін және поселкеішілік газ құбырларын жобалау және салуды көздейді. Жобаны іске асыру нәтижесінде Алматы облысын газдандыру деңгейін 6%-дан 8%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.01.01.2013 жылдағы жағдай бойынша жоғары, орташа және төменгі қысымды 157 км газ құбыры жүргізілді, 55 ШГТП орнатылды.

      1. Қр өңірлерін газдандыру жобалары

2012 жылы КазТрансГаз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп республиканың өңірлерін газдандыру жөніндегі жұмысты жалғастырды. 2012 жылы өңірлік газ тарату желілерін газдандыру және жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыруға «ҚазТрансГаз» АҚ-ның инвестицияларының жалпы сомасы 13,960 млрд теңгені құрады (ҚҚС-сіз).

6. Сапа шеңберіндегі саясат

7. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

«ҚазТрансГаз» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) компаниялар тобының өндірістікобъектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті, өрт қауіпсіздігін, еңбекті және қоршағанортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс 2012 жылы ҚазақстанРеспубликасының қолданыстағы заңнамасына, нормативтік құқықтық жәненормативтік-техникалық актілеріне, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның «Еңбекті қорғаудыбасқарудың бірыңғай жүйесіне» (ЕҚББЖ), «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ныңЕҚББЖ, «ҚазТрансГаз – Алматы» АҚ-ның ЕҚББЖ, «ҚазТрансГаз – Аймақ» АҚ-ныңЕҚББЖ сәйкес жүргізілді. «ҚазТрансГаз» АҚ орталық аппаратының өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және эко-логияны қорғау саласындағы 2012 жылға арналған жұмыс жоспарында көзделгеніс-шаралары толық көлемде орындалды. Кестеге сәйкес өткен кезеңде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның өкілдерімен бірлесіп,«ҚазТрансГаз – Аймақ» АҚ-ның, «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-нің орталық ап-паратында, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның, «ҚазТрансГаз – Аймақ» АҚ-ныңОңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда өндірістікфилиалдарының «Тараз» МГҚБ, «Атырау» МГҚБ, «Ақтау» МГҚБ, «Ақтөбе» МГҚБ, «Орал»МГҚБ, «Қызылорда» МГҚБ, Азиялық газ құбыры» ЖШС, «Бейнеу-Шымкент газқұбыры» ЖШС еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жай-күйіне тексерулер жүргізілді.Тексерулердің нәтижелері бойынша жұмыстарды жүргізу жөніндегі ұсыныстар дай-ындалып, шаралар қабылдау үшін еншілес және тәуелді ұйымдарға (бұдан әрі – ЕТҰ )жіберілді. 2012 жылы Қоғам бойынша барлығы бесінші және алтыншы деңгейдегі 28 тексеру жүргізілді. Мемлекеттік бақылаушы органдар 82 тексеру жүргізді: ТЖМ – 40; ГСЭН– 17; ЕХӘҚМ – 6; прокуратура органдары – 8; Қоршаған орта мині – 11. 2012 жылдың 4-тоқсанында Қоғамның компаниялар тобы ЕТҰ-ның объектілерінтексерудің 2013 жылға арналған кестесі дайындалып, бекітілді. Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіружөніндегі бірыңғай бағытты әзірлеу мақсатында:

  • а. ж. шілдеде Қоғамның Бас директорының ГТЖ басқару жөніндегіорынбасарының төрағалық етуімен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаужөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік кеңес өтті. Кеңеске ЕТҰ біріншібасшыларының өндіріс жөніндегі, ЕТҰ құрылымдық бөлімшелерінің еңбекқауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі басшыларының орынбасарла-ры қатысты. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әзірлеген құжаттаманы басқарудыңкорпоративтік ақпараттық жүйесі есептілігінің нысандарын өзекті ету, еңбектіқорғау, өнеркәсіптік, өрт, экологиялық қауіпсіздік бойынша есеп беру жәнежоспарлаудың бірыңғай нысандарын енгізу мәселелері қаралды;

  • а. ж. қыркүйекте Қоғамның Бас директорының төрағалық етуімен Қоғамныңбарлық ЕТҰ бірінші басшыларының қатысуымен еңбек қауіпсіздігі мен еңбектіқорғау жөніндегі кеңейтілген кеңес өткізілді. Осы кеңестің хаттамалық шешіміменкомпаниялар тобында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жүйесін жетілдіружөнінде нақты ұйымдастыру және практикалық шаралар кешені айқындалды;

  • Қоғамның Бас директорының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 132 бұйрығымен бюджеттік шығындарды ашып жазудың, жоспарлаудың, есеп берудің, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт, экологиялық қауіпсіздік жөніндегі негізгі көрсеткіштердің бірыңғай нысандары бекітілді;

  • Қоғамның Бас директорының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 184 бұйрығымен «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысына басшылық ету үшін Қоғамның басшы құрамы арасындағы жауапкершіліктің аражігі ажыратылды;

  • Қоғамның Бас директорының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 185 бұйрығымен төтенше жағдайлар, авариялар мен оқиғалар туралы хабардар ету жөніндегі жедел комиссия жаңа құрамда құрылды.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін 2012 жылдың 4-тоқсанында «ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметтерінің «ҚазТрансГаз» АҚ-ның өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және экологияны қорғау департаментіне жедел бағынуы туралы» үлгі ереже әзірленді. Орталық аппараттың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы 2013 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. ЕТҰ персоналдың еңбегін қорғауды, өнеркәсіптік, өрт, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі 2013 жылға арналған жұмыс жоспарын әзірлеп, бірінші басшылар оны бекітті.

Қорытынды

Газ саласын дамытудың маңызды құрамының бірі Қазақстанның транзиттік әлеуетін қамтамасыз ету болып табылады. Еліміз газ тасымалдау бағыттарын кеңейтуге және көмірсутекті жеткізуге жаңа жолдарды іздеуге мүдделі. Егер өткен жүзжылдықта Қазақстан үшін батыс бағыты басым болса, 21 ғасырда «көгілдір отынды» тасымалдаудың шығыс жолы да сәтті игеріле бастады. 2007 жылғы 18-тамызда Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының үкіметтері арасында «Қазақстан-Қытай» газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы» келісімге қол қойылды, оған сәйкес «Орта Азия-Қытай» трансконтинентальдық газ құбыры шеңберінде «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырын салу жобасы сәтті іске асырылуда. 2009 жылдың желтоқсан айында ұзындығы 1305 км алғашқы желі пайдалануға енгізілді. 2010 жылдан бастап «Бейнеу-Шымкент» магистральдық газ құбырының құрылысы» инвестициялық жобасы іске асырыла бастады, ол «Қазақстан-Қытай» газ құбырының екінші учаскесі болып табылады. Қазақстан Республикасы табиғи газ транзиті мен экспорттық жеткізілімдер бойынша барлық экономикалық тиімді бағыттарды дамытуға ұмтылады. Жобаларды іске асыру еліміздің транзиттік және экспорттық әлеуетін көтеруге мүмкіндік туғызады және, тиісінше, жалпы алғанда Қазақстан экономикасын дамытуға жәрдемдесетін болады. «КазТрансГаз» компаниясы магистральдық газ құбырларының операторы ретіндегі жұмысының жақын болашаққа және перспективаға негізгі қағидалары технологиялық процестің барынша сенімділігін, үнемділігін және қауіпсіздігін, сондай-ақ газ тасымалдау жүйесінің толассыз және сапалы жұмысын, оның экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа заманауи технологияларды, механизмдер мен жабдықты қолдану мен енгізу болып қала бермек.