Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет практики.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
3.08 Mб
Скачать
      1. «Тараз қаласындағы газ тарату желісін жаңғырту»

Тараз қаласының қазіргі газбен жабдықтау жүйесі металдан жасалған құбырлармен және ондағы жабдықтар айтарлықтай таттанған және олар құбырларды пайдалану мерзімінен асып кетумен сипатталады, олардың кейбірі 40 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылғандар және барлығы ақша қаражатын талап етеді, бөлінетін қаражат газ тарату желілерін жұмыс жағдайында ұстап тұруға және газ құбырларының авариялық учаскелерін ауыстыруға ғана жетеді.Тараз қаласын табиғи газбен сенімді және үздіксіз жабдықтау, сондай-ақ газ құбырын пайдалану кепілді мерзімін және газ желілерінің өткізу қуатын сағатына 101,5 мың м3-тан сағатына 150,5 мың м3дейін арттыру және 2011 жылы шығындарды азайту мақсатында, ҚазТрансГаз «Тараз қаласының газ тарату желісін жаңғырту» жобасын іске асыруға кірісті.Жоба Тараз қ. газ тарату жүйесін жаңғырту және қайта құру жөніндегі кешенді шараларды болжайды. 2011 жылы жобаның ТЭН-і әзірленді, сондай-ақ газ тарату желісінің техникалық жай-күйін тексеру жөніндегі жұмыстар жүргізілді. 2012 жылы жобаның 1-ші кезегінің 1-ші және 2-ші қосу комплектісіне ЖСҚ алынды. Жобаны іске асыру 2012 жылғы қарашада басталды, орташа қысымды газ құбыры 6 км салынды.

      1. «Қызылорда қаласын газдандыру»

Қызылорда қаласын газдандыруды кеңейту және өңірдің өнеркәсіптік және коммуналдық тұрмыстық кәсіпорындарын табиғи газбен қамтамасыз ету, сондайақ Қызылорда облысын газдандыру үшін техникалық база құру мақсатында жоба басталды, ол жалпы ұзындығы – 13 км жоғары қысымды, төмен қысымды – 207 км, сағатына 21 950 м3 жалпы газ жіберу қуаттылығымен, газ құбырларын салу жолымен қалада газ таратудың айналма жүйесін қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар жоба 6 ГТП, 5 ШТП орнатуды көздейді. Бұл ретте Қызылорда қ. Әл-Фараби, Саяхат, Жана-Ауыл шағын аудандарының, Бейбарыс, Рисмаш аудандарының, сондай-ақ Титов кенті ауданының тұрғындары мен коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындары газдандырылатын болады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде Қызылорда қ. 77 %-дан 90 %-ға дейін газдандыру деңгейіне қол жеткізу болжанып отыр.2012 ж. қаңтарда жобаның 1-ші кезеңін іске асыру мақұлданды. 2012 жылы жоғары (жалпы ұзындығы 12 км) және төменгі (195 км) қысымды, газды сағ. 21 950 м3 өткізу қабілетімен қоса газ құбырларын салу жолымен жобаның «Қызылорда қ. жаңа тұрғын шағын аудандарын газдандыру» 1-ші кезеңі аяқталды. Газ тарату желілерінде 6 ГТП және 5 ШТП орнатылып, пайдалануға қабылданды. Абоненттерге газ беру жүзеге асырылуда. 1-ші кезең бойынша жұмыс көлемі аяқталды.

      1. «Жамбыл облысының агрс-Қордайдан Шу қаласына дейін түйісетін газ құбырын салу»

Республиканың газ жүргізілмеген аудандарын, атап айтқанда Жамбыл облысының Шу қаласы мен 23 шеткері жатқан ауыл-дарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін, жаңа аудандарды газдандыру үшін және техникалық база құру үшін 2012 жылы Жамбыл облысының АГРС-Қордайдан Шу қаласына дейін түйісетін, ұзындығы 106 км газ құбырын салу жобасы іске асты. 2011 жылы мемлекеттік сараптама өтіп, жоба бойынша ЖСҚ әзірлеу жүзеге асырылды. 2012 ж. желтоқсанның аяғында «Қордай – Шу» газ құбыры пайдалануға берілді.

Жобаны іске асыру шеңберінде жер асты орындауында бірінші санаттағы – 1,2 МПа жоғары қысымды 106 км газ құбырын салу орындалды. Газ құбырының трассасы алты автомобиль жолдарын, төрт өзенді (Шу, Рғайты, Қалғұты, Қақпатас), сегіз бетон каналын, үш ЖЭБ-ті (500, 220 кВт) кесіп өтеді. Су тосқауылдарынан және автомобиль жолдарынан өту ГНБ-мен орындалған. «Қордай» АГТПаумағында қуаты сағ. 80 мың м3 жаңа блоктік газ тарату станциясы салынды.