Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 билетСйлеу мдениетін игеру.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
64.23 Кб
Скачать
  1. Ошақ бұтын күзетіп отырған қарт анасынан басқа қол ұшын берер ешкімі жоқ;

  2. Қыздар – қыран-топан;

  3. Уәдесінде тұрмай, аяқ астынан айнығаны ;

  4. Кірер ауыздағы кіп-кішкентай кабинетте күж қара кісі отыр ;

  5. Әйтеуір торай көздің қарашығына қуақы күлкі ұшқындады ;

«Дәстүрлі метафоралар – меншіктік авторы жоқ халықтық қазына, оны кез келген қаламгер сөзінен табуға болады, олар бірте-бірте бейнелілік қасиеті солғындап, омонимге айналуы мүмкін, тіпті тұрақты сөйлеу штампына айналуы мүмкін»,-дейді ғалым Хасанов.

Ал индивидуалдық метафора – өмірдің кейбір жағдайларынан берілген субьективті баға, өзіндік тұжырым, бұл метафоралардың авторы болады.

Индивидуалдық метафоралар өзінің айырмашылықтарымен қатар дәстүрлі метафоралардың ерекшеліктерін түгел қамтиды. Бұл оның салыстыру обьектілерін жалпақ қамтитын, диапазонының кеңдігін көрсетеді. Автор дәстүрлі метафоралармен қатар өзіндік жеке қолданыстағы бейнелеуіш метафораларды пайдаланған. Мысалы:

  1. Бар білген-cоңына соңына мына сілбу іздің қимылынан сөлекет бірдеңе сезе ме, қалай?;

  2. Мына іш пыстыратын сылбарлық реніш шақырғандай әлденеге ұқсай ма?;

  3. Мамандығына сәйкес бір жұмысқа табан іліктіргесін той жабдығына әзірлене бермек;

  4. Қарауытып бүйе аяқтанып алған қалың қас үрпі-түрпі;

  5. Ішінен тынып, өз қасіретіне өзі уланып жүр;

Ой қорытындысы

Шешеннің шеберлігі тұрақты, қажымас, мақсаткер еңбектің нәтижесінде жетілді, жаңғырған. Содан шешендіктің үш бастауы бар деп саналды. Олар:

  • табиғи дарын; 2) теориялық білім;  3) тәжірибе жүзінде жаттығу. Бұлар ойлауды керек ететін талғам мен таңдау. Ал бұл өнердің негізгі  мақсаты мыналар:

  1. Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдей отырып, тыңдаушыларды сендіру.

  2. Көркем тілмен үйлесімді сөйлеу арқылы тыңдап отырған адамдардың құлақ құрышын қандырып, эстетикалық ләззәт сыйлау.

  3. Олардың көңіл күйіне әсер етіп, толқыта білу, жүрегін қозғау.

Шешендік өнердің антикалық мектебі бұл мазмұнды бес бөлікке бөліп қарастырған:

  1. Мәселені қоя білу. Әңгіменің нақты не жайында болатынын анықтап, фактілер мен аргументтер жинақтау.

  2. Мәселені орналастыру. Осы жинақталған материалдарды белгілі ретпен орналастыра білу.

  3. Сөз колданыс. Ойды жеткізуде сөздерді қалай қолдану керек? Ол үшін мына шарттарды міндетті түрде білген жөн:

— сөздердің дұрыс қолданылуы — грамматикалық және лексикалық ережелердің сақталуы;

— қолданылатын сөз мағыналарының анықтығы-жалпыға бірдей түсінікті сөздер мен сөз тіркестерін қолдану қажет;

— сөздерді орынды қолдану — әр мәселеге қатысты соған сай келетін стильді ұстанған жөн;

— сөздердің көркемдігі-шешеннің сөзі күнделікті ауызекі сөзге қарағанда бейнелі, құлаққа жағымды болуы шарт.

  1. Есте сақтау. Антикалық мнемониканың негізгі тәсілі ретінде сөйлейтін сөздің әр бөлігін белгілі бір затқа ұқсатып, есте қалдыру қолданылды.

  2. Дауыстап сөйлей білу. Демосфен; «Шешендік өнердегі ең бірінші мәселе-сөйлей білу, екінші мәселе де-сөйлей білу, үшінші мәселе де сөйлей білу» деп бекер айтпаған. Мұндағы негізгі екі мәселе-дауысты билеп үйрену және бойды игере білу екені белгілі.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі

Білім беру ісіндегі басты тұлға – педагог екені ақиқат. Сол педагогогтың мәртебесін арттыру, абыройын көтеру – көп қырлы үдеріс. Бұл білім беруді дамытудың жаңа бағдарламасынан орын алған [1,17].

            Педагог – деп жалпы білім беретін мектептегі бір немесе бірнеше пәнді беретін маманды айтады. Әртүрлі білім беру қызметпен айналысатын адамдарға қолданылатын жалпы термин [2].

            Бүгінгі заман талабына сай педагог – ол рухани дамыған, педагогикалық технологияның қыр-сырын жетік меңгерген шығармашыл тұлға болуы тиіс.

  "Педагогтың кәсіби құзыреттілігіне не жатады?" деген сұраққа жауап бермес бұрын, кәсіби құзыреттілік терминінің мәнін ашып алайық.

            Ұстаздың педагогикалық шеберлігі мен кәсібилігінің айырылмас құрам бөлігі ретінде оның кәсіби құзыреттілігі саналады. Құзыреттілік ұғымы адамның қайсыбір қызметті атқаруға дайындығының құймасын сипаттайды.Қазіргі кезде жалпы және кәсіби білім берудің теориясы мен практикасында жиі қолданылуда.

   А.К.Макрова кәсіби құзыреттіліктің бірнеше түрін бөліп көрсетеді де, олардың болуы адамның кәсіби жетілгендігінің көрсеткіші деп санайды:

Арнайы құзыреттілік;

Әлеуметтік құзыреттілік;

Тұлғалық құзыреттілік;

Даралық құзыреттілік;

    Педагогикалық қызметтің ерекшелігі тек бір тар мамандық бойынша құзыретті болуына жол бермейді, оқытушының кәсібилігі кәсіби құзыреттіліктің барлық түрінің бір тұтастығымен анықталады.

     Кәсіби құзыреттіліктің құрылымын анықтаудың бірнеше жолы бар.Олардың біреуі оқытушының кәсіби құзыреттілігінің құрылымын педагогикалық ептілік жүйесі арқылы ашумен байланысты болса, басқасы педагогтың түрлі кәсіби саладағы құзыреттілігіне бөліну құрылымы арқылы анықталады, олар: өзіндік білім беру және оқытушылық; тәрбие беру қызметі; ғылыми-әдістемелік және мәдени-ағартушылық; коррекциялық-дамытушы қызмет; басқарушылық қызмет.

    Педагог қызметінің түріне қарамастан олардың әрқайсысында құзыреттілік екі негізгі компоненттен тұрады:

   1.Оқытушының теориялық дайындығын анықтаушы білімдер жүйесі.

   2.Оның кәсіби қызметін іс жүзінде атқаруға дайындығының негізгі құраушысы болатын ептілік пен дағдылар жүйесі [3].

Педагогтың мәртебесін көтеретін басты күш - оның кәсіби құзырлылығы. Кәсіби құзырлылық маманның әлеуметтегі қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби-педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер мен дағдылар жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама. Кәсіби құзырлылық - мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педагогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етуі. Білімнің сапасын қамтамасыз ететін педагогтар болғандықтан, ең алдымен олар сапалы қызмет көрсетуі тиіс.     

Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагог маманның кәсіби құзыреттілігіне мұғалімнің оқу-тәрбие үдірісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни оқушыларымен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзыреттілік ұғымына педагогқа тән болуы тиіс барлық, қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, мұғалімнің білім-білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, педагогикалық такт, әдеп т.б жатқызамыз [4,76 б.].

      Педагогтардың кәсіби құзыреттілігіне байланысты зерттеушілер О.А. Абдулина, Ю.К. Бабанский, В.В. Краевский, И.Я. енер, Р.В. Овчарова, И.Ф. Харламовтар болса, мұғалімнің мәдениетіне байланысты зерттеу Б.С. Гершукский, Ш.Таубаева сияқты ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты. Аталған ғалымдардың еңбектеріндегі маманның кәсіби құзыреттілігіне берілген анықтамаларды саралай келе, педагогтың кәсіби құзыреттілігін төмендегідей деп танып отырмыз. Олар: педагогтың бойынан табылатын субъектілік, нысандық, пәндік компоненттер. Егер аталған компоненттердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталатын болсақ, онда:

-  субъектілік компонентке: мұғалімнің мақсат қоя білушілік, шығармашылық және өзін дамыту барысында өзіндік диагностиканы, өз ісіне талдау жасай отырып, өзіне сыни тұрғыдан қарай ашу шеберлігі жатады;

-  нысандық компонентке: кәсіби іс-әрекет жүйесін және мұғалімнің әрекетіндегі қойылған міндеттерді шешудегі стратегиялық іскерлік.

-   пәндік компонент: өз білімін жетілдіру мақсатында қажеттіліктерін қанағаттандыру.

                  Егер біз педагогтың кәсіби құзыреттілігін тек жоғарыда аталған компоненттер құрайды дейтін болсақ, онда маманның кәсіби құзіреттілігі ұғымының мағынасын тарылтқан болар едік. Біздің пайымдауымызша,мұғалімінің кәсіби құзіреттілігінің құрамына келесі педагогке тән кәсіби, даралық, қасиеттер болуы керек деп есептейміз:

-  ірелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейінің болуы;

-  түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі;

-  кәсіптік-педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы;

-   инновациялық технологияларды меңгеруі;

- педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік, шығармашылық іскерлігі;

- шығармашылық шеберлігі.

Мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін төмендегідей ашып айтар едік:

- ірелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейінің болуы яғни педагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, дидактика, барлық пәндерді жүргізу әдістемесі, сол пәндер арқылы оқушыларға берілетін білімдерді терең игеру;

-  түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі – дидактикалық, танымдық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық, өз білімін дамытуға деген қабілет, теория мен практиканы байланыстыра алу қабілеті, диагностикалық іс-әрекет. Ғылыми – зерттеу іс-әрекетімен айналысу;

-  кәсіптік-педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы – бұрыннан қалыптасқан "мұғалімнің айтқаны әрқашан дұрыс" деген қағидадан аулақ болып, мұғалім тек ақпарат таратушы ғана болмай, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуының басты көмекшісі болуы керек, оқушының, даму деңгейіне қарамастан, оның тұлғасын құрметтеу, авторитарлық биліктің орнын өзара бірлескен қызмет, көмек, оқушының аз да болса да жетістігіне қуана білушілік басым болуы керек. Оқушылардың әрқайсысын тануға тырысу, өз мамандығын сүю;

-  инновациялық технологияларды меңгеруі – мұғалім өзінің шығармашылық іс-әрекетінің арқасында тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру үшін қазіргі кездегі бар инновациялық технологияларды меңгеруі тиіс. Жаңа инновациялық технологияларды ғылыми ізденіспен тәжірибеге енгізуде өз үлесін қосуы қажет;

-  педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік, шығармашылық іскерлігі;

- педагогикалық міндеттерді шешу барысында шеберлік танытып, өзінің білім, білік дағдыларын пайдалана отырып, оқушыларға тиісті білімдер жүйесін меңгерту. Оқушылардың білімдерін тексеруде мұғалімнің жүргізетін диагностикалық іс-әрекеті;

- шығармашылық шеберлігі – мұғалім оқушыларды оқытып қана қоймай, оларды тәрбиелеумен айналысатыны белгілі, мектеп өмірінде небір қиын жағдаяттар кездесіп жатады, сондай жағдаяттарда өзінің шығармашылықпен ойлай білетіндігін, шеберлігін танытуы тиіс. Сонымен қатар оқушылармен, сыныппен жүргізілетін түрлі мәдени шараларды ұйымдастыруда дайын жоспарларды пайдаланбай, сол сыныпқа, сынып ішінің құрамына, сипатына тән жоспарлар жасап, оқушылар үшін, ата-аналар үшін, мұғалімнің өзінің өз ісіне қанағаттануы үшін қызықты іс-шара өткізе білуі шарт.

       Жоғарыда аталған құзыреттілік құрамынан әр мұғалім өз жұмысына талдау жасап, қызметіндегі артықшылықтары мен кемшіліктерін мойындай алады. Өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып, кемшілік болса, түзеп, артықшылықтарымен өз әріптестерімен бөлісе алады, олай ету әр маман үшін өте тиімді [5].

                Мұғалімнің құзыреттілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Сабақ нәтижелі болуы үшін мұғалімдер төменгі ережелерді ескергендері дұрыс:

 - өте жинақы болу, оқушылардың алдына қоятын мақсат нақты, айқын болуы және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу;

- оқушыларды төмендетіп, жөнді-жөнсіз ұрыспау, олардың білмегеніне ренжімеу, мейірімді болу. Егер сыныптың көпшілігі түсінбеген болса, онда өзіңіздің кемшілігіңізді іздеңіз;

- оқушылардың сөзін бөлмеу, соңына дейін сөйлеуге мүмкіндік беру, оқушының жауабы дұрыс болмаса, ол қойылған сұрақтың нақты болмауынан;

 -тапсырма мен нұсқау анық, оқушы мүғалімнің талабын анық түсінетін болуы шарт;

 - сабақ барысында оқушылардың зейінін тұрақтандыру, егер ауытқулар болса, тақырыпты өзгерту немесе қосымша материалдарды пайдалану, оқушылардың ынта-ықыласын, қызығушылықтарын қадағалап отыру;

- сабақты дәл уақытында бастау, уақытты үнемдей білу, тәрбиелік ақыл-кеңесті ұзақ уақыт айтып тұрудың қажеттілігі аз;

- оқушыларға қойылған талап міндетті түрде жүзеге асуы керек;

- сабақтың өткізілу темпі интенсивті, бірақ оқу материалдарын оқушылар толық меңгеруіне жағдай жасалуы шарт;

 - оқушылардың жауабын мақұлдап, ынталандырып, қоштап отыру қажет.

Мұғалім    қызметінде    өз    кәсіби құзыреттілігін жетілдіре отырып жетістікке жетудің алғы шарттары: сырт кескін-келбеті; пәндерді сабақтан тыс ақпараттармен қамтамасыз ету; мінез-құлқы, пайымдау мүмкіндіктері, оқу процесінде қарым-қатынас мәдениетін сақтай білуі; әзіл-қалжыңға мән бере білуі; оқушылардың жеткен жетістіктерін мақұлдай, қолдай білуі; шыдамдылық және төзімділік; басқалардың пікірін сыйлай білу; еркіндік, икемділік; кез - келген жағдаятты оңтайлы бағытта шешуге арналған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана алу; балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы [6, 116 б.].

Егер мұғалім жоғарыда аталған шарттар мен өзін-өзі жетілдіруге арналған мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, онда мұғалім өз жұмысының нағыз шебері болатыны даусыз. Қазіргі қоғамға сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі де сай болар еді.

Аллегорлауаллегория (көне грекше: allёgorіa — пернелеп айту), пернелеу — оқырманның не көрерменнің санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей, образ жасаудың бейнелеуші құралы, көркемдік тәсіл. Аллегорлау көркемдік тәсілдердің ең көнесі, бастауын мифтен алып, фольклорда ерекше дамыған. Түлкі — қулық, арыстан — зорлық, қасқыр — қастық, қоян — сужүректік, есек — ақымақтық, аққу — адалдық, махаббат т.б. түрінде бейнеленетін персонаждарда адамдарға тән мінез пернелеп айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер етіп, көз алдыңа елестейді. Әлемдік сөз өнерінде ғасырлар бойы қалыптасқан типология ортақ бейнелер Аллегорлау арқылы беріледі.

Әдеби шығармаларда жансыз табиғат құбылысы тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттелетіні көптеп кездеседі. Құбылтудың мұндай түрі кейіптеу деп аталады. Мысалы, Абайдың "Қыс" өлеңіндегі:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды,---

деп, қыстың кәрі құда бейнесінде бейнеленуі суреттелуі, сылқ-сылқ күлгені" - кейіптеу.

Кейіптеу– әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Қазақ халқының бірқатарэпостық жырларында атқа тіл бітіп, адамша ойлап, сезетіндей етіп бейнеленеді. Ертегілер мен сықақ-мысалдарда қасқыр, түлкі, қоян,тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі. Жазба әдебиетте кейіптеудің жаңа үлгілері мол ұшырасады. Мысалы, Абайдың “Қыс” атты өлеңінде қыс мезгілі мейірімсіз, түсі суық, қатал шал кейпінде бейнеленген. Ауыз әдебиетінде кейіптеуге шарттылық, дәстүрлі үлгіні ұстаушылық тән, жазба әдебиетте бұл тәсіл өзгеше сипат алады. М.Жұмабаевтың “Жел”деген өлеңінде желді мазасыз, дамыл алмай жүгіріп жүрген тентек бала кейпінде кескіндейді. Сөйтіп, желді жанды бейне секілді етіп алады да, “ерні өтірік қыбырлап, сыр айтқан боп сыбырлап”, “жымиып, күліп өтеді” деп сипаттап, оны, тіпті, сұлу қызға қызықтырып: “Келдім ұшып, ғашықпын, Бір сүюге асықпын. Мойның бұр мендей әуреге”, – дейді де, “Сүйіп көзінен, Шашы, алма жүзінен”, – деп, әсерлі кейіптеу түріндегі суреттеме жасайды. Осы өлеңді тұтастай алғандағы бейнелеу тәсілін де, ерні қыбырлап, сыбырлап, жымиып, күліп деген секілді бейнелі сөздерді де кейіптеуге жатқызуға болады. Аллегория, символ секілді тұспалдап суреттеу кейіптеу тәсілімен ұштасып жатады.

Шешендіктану ілімінің қарастыратын орталық басты ұғымы шешен (латынша очаче - сөйлеу) – көпшілік алдында сөз сөйлеуші адам (грек тіліндегі синонимі – rhetor - ритор). Оның өз сөзін қарата айтқан адамдары, сөз сөйлеуге арналған көпшілік аудитория болып есептеледі (латынша – audire-тыңдау).

Пікірсайыс өнері – объективті шындықты анықтаудың, дұрыс идеялық көзқарастарды бекітудің, қате де бөтен түсініктермен күресудің маңызды құралы. Кемшілік пен қауіпке қарсы сөзбен және іспен күресе білу — әділеттілікті орнықтырмақ өмір талабы. Қарсыласудың тиімділігі проблеманы нақты етіп анықтаудан және оны шешудің жолдарын табудан білінеді.  Осы мақсатқа жеткізер әдіс-тәсілдерді меңгеру әбден қажет-ақ. Пікірталас – түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, салғастыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу.

Пікірталасты мынадай түрлерге бөлуге болады:

  • Пікіралмасу

  • Ойталасы

  • Пікірсайыс

  • Ойбөліс

  • Айтыс

Пікір – көрген, оқыған, естіген әңгіме, баяндама, көркем шығарма т.б. еңбектер жайындағы әсер, туған ой.

Мұндай стратегиялық бағытта:

—  қарар маңызды тақырыпты қозғайтын және өзекті болуы шарт. Ол ойлау қабілетін және сыни ойлау дағдысын жандандыратын пікірсайысқа  арналып жасалуы тиіс;

— жарыссөзде белгіленген мерзімнен шығып кетпеу —  баяндаушы мен сарапшылардың мәдениеттілігін танытады. Сөйлеуші тақырып аумағынан шығып кетсе, оның проблема қисыны мен ойды жеткізу желісін ұқпағаны. Көтерілген тақырыптан тым ауытқушылық – көңіл басар жарамсыздық;

— пікірталаста жеке адамның  ар-намысына тиетін сөз айтпау. Арға тию — дөрекілік пен дүмшеліктің ашық түрі. Сұхбаттасушы адамның жеке тұлғалық қасиеттерін қазбалап кетуден аулақ болған абзал.

— тыңдаушыны сендіру үшін үш нәрсені — алдымен ең мықты деген дәйектерді, сындарлы ойыңды, жол сілтеуші қызметіңді бірден немесе біртіндеп ұсын. Дәйектер жұмыс істеу қабілеттілігін дамытуға ұйытқылық етуі керек. Өтімді дәйекті уәжді ұстанымға айналдыру және оны дәлел ретінде қолдана білу – тәжірибелік жетістік;

— пікір таластырғанда ондағы негізгі ұғымдар мен терминдерге түсініктеме бер. Ол күдікті сейілтеді, қатығыс аймақтарын тарылтады. Содан кейін өзара ізеттілік танытып, көңілге қаяу түсірер ызалы сөзден аулақ болып, ой қозғайтын сөзге көбірек жүгінген лайық. Біреудің көңілін қалдырып, намысына тиетін сөздер айту – алдымен сөйлеушінің өзін қорлайтындығын және айналадағы адамдар арасында жайдары қатынас орнатуға тікелей кедергі болатынын ұмытпалық;

— пікірсайыс тиімділігі басқаны тыңдай білу тәжірибесіне және баламалы дәйектер енгізуге мүмкіндік қалдыруға тікелей байланысты. Өзіңіздің жеке көзқарасыңызды жеткізу барысында басқаның пікіріне төзімсіздік танытуға болмайтындығын, менторлық, дөрекі райда сөйлеудің орынсыз екендігін ұғалық. Пікірсайысқа түскендер өзара сыпайылық, ұстамдылық, басқаның пікіріне деген төзімділік танытуы – алдымен олардың мәртебесін көтереді;

— талқылауға қойған мәселе төңірегінде өзіңнің өте мәнді ой-пікірлеріңді қысқа-нұсқа ортаға сала біл. Ол – ортаны сыйлау ғана емес,  өз дәйектеріңді қалпына келтіру, қарсыластың күдігіне жауап беру, тың шешімге жол ашу. Қолдау тапқан пікір-ой мен ой-тоқтам рухани жақындарды бір-бірімен топтастыра түседі. Пікір білдірушінің сөзін бөлу – дөрекілік, әрі көргенсіздік;

— өз ойының мәтінін қысқаша хаттамалау — сөзінің салмақты, дәлелді, ойының жүйелі болуына күш салу, сол тынымсыздықтан іркілмеу. Тыңдаушылар пікірталасқа ықылас білдірсе де, оның мазмұны мен бағдарына жауап бермейді. Содан пікірталастың сәтсіздігіне біреуді кінәлауға болмайды. Бұлар адам дамуындағы өмірлік жол үшін күрестің түрлері мен тактикасын, қала берсе қоғамды дамытудың өзекті мәселелерін құрайды.

Әңгімелесу мен сұхбаттасу деп отырғанымыз сырласу мен сыр ашу, өзіне ұқсастықты іздестіру, беделді кісіге еліктеу, татулыққа талпыну, бітім мен бірлікке бел буу, бас бағыт-бағдарды анықтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Оның пәні — іріктеулі де іргелі мәселелер төңірегінде өмірлік позицияны анықтау мәселелері және жақындату тәсілдері.

Әңгімені жүргізу – ойлану мәдениетінің айғағы. Оның шарты: әңгімеге өткір де өтімді мәселені ұсыну; әңгімелесушінің дұрыс ойды қолдайтынына көз жеткізу; ой мәйегін сұхбаттасуда дамытпақ ортақ мәселеге бағыттау; басқа, тіпті қарсы пікірдің нақты мазмұнын бағалау немесе оған сынау тәсілін қолдану; оң пікірге қажетті дәлелді іріктеу.

Сырласқан жақсы сөзін айтып бірін-бірі жұбатады, қуаныштары мен қиыншылықтарын айтып көңіл-күйлерімен бөліседі. Бірін-бірі мақтап, қуанышы мен мақтанышын медеу тұтады. Сырын шашып сыйласады, мұңын шағып үндеседі. Үйлестік іздеген көркемдікке қызығады, жақсы қылықтарға қадалады, сән қуады, көңіл кібіртігін таза тілегімен немесе әнмен жуады.  Көп жиналған көңілді ортада сезімі ағын-төгін көркемді немесе ұстанымы басым парасатты диалогтар қатар өрбіп жатады. Бәрі де өзара тілдесу мен түсінісудің әдіс-амалдары.

Әңгімелесу – үлкен мен кішінің, ұстаз бен шәкірттің, құрдастар мен замандастардың, еркек пен әйелдің, үстемділер мен қарамағындылардың арасында қатынасты қалыптастыру немесе нығайту ниетінде жүргізілетін ізденістер, сондай ықыласты жеткізу әрекеттері. Онда қалыптасқан немесе қабылданған жеке нәрсені баяндау басым. Әңгімеге арқау болатын мәселе – жеке қағидадан жеке ой-пікірге келу, жеке ой-пікірден қалыптасқан қағидадан шықпайтын ой тарату. Мұнда ақиқат пен әділеттіліктің жеке көріністері мен нақты жақтары, негізінде, тілге тиек болады. Әңгімеде шындыққа жеткізер жолдар – сөзді айта білу және қолдану, сөз саптаудың дұрыс үлгілері, сөйлемнің (ойдың) айқындылығы әрдайым талас тудырды. Нақты мәселені талқылағанда  тілмәрлық, сөзге шешендік, яғни жатық әңгіме бірден көзге түседі, көңілден шығады және жоғары бағаланады.

Әңгіме адамның өзін-өзі жетілдіру және ұстай білу ұстанымдары мен қағидалары туралы. Осыған орай біз мына тоқтам-түйіндерді ұсынбақпыз:

— білімге ынталы, білімдімен бірге бол, еркімен есейгенге ашық жол;

— өнімді еңбекке ықылас таныт, өнімді тәрбие – қабілетке ашық нарық;

— ынта-ықыласта ар-намысты арқала, адамгершіл байлықты тастама.

Сұхбаттасу дегеніміз – сөйлесу, сөзбен пікір алмастыру, бір-біріне түрлі қимыл-ыммен мәлімет жеткізу. Мұнда естігендерді дұрыс қабылдау, сөз бен мәліметтің нақтылығы, олардың дер кезінде тура жеткізілуі — өте маңызды мәселелер.

Сұхбаттасу – ашық әңгіме, оның логикалық құрылымы немесе «сұрақ-жауап түрінде жүргізілетін философиялық толғаныс» (Гадамер Ханс-Георг). Адам сұхбаттасқанда дүниені ашық ортаға жатқызады, оған деген көзқарасты да ашық жүйеге балайды. Ашықтық тұтас дүниеге және оның құрамдас бөлшектеріне ортақ сипаттама. Себебі ашықтық — дүние мен ойдағы тұтастық пен өзгермелі жақты қамтитын жүйелілік. Ашықтық — түрлі ұрпақтардың түсініктерін топтастыратын, сабақтайтын жүйе және адамдық көзқарастың дұрыс-бұрысын анықтауға жол ашатын кеңістік. Ашық жүйеде сырт пен ішкі, ірі мен ұсақ, үлкен мен кіші, оң мен теріс қабаттасып, қатарласып жатады. Сұхбаттасу – ашық және қымсынбай сырласу, іштей ынталанған мәселеге екі жақтап мән беру, көңілге түйгеннің жүйесіне еріксіз еру. Тек сұхбаттасудың өзіндік тиімділігі қандай деген мәселеге назар аударып, мән берушілік шамалы.

Сұхбаттасу барысында кейде ерік ырқына түсеміз, ерік ықпалынан шыға алмай қаламыз. Әңгімеде біз әрдайым дәлел күшіне жүгіне бермейміз. Кейде өзімізге ұнайтын жайды тамсандыра айтып қана қоймай, оны дәлелсіз-ақ шындыққа балаймыз. Ерік кейде ақылдан гөрі сенім мен сүйіспеншілікке тез көнеді, солардың ықпалында қалады. Адам осындай күйде жүректен ақылға жеткен шындықты ұнатады, ұнатып қана қоймай, жүректен шыққан жылы сөзді күмәнсіз биік тұтады. Ақылдың құдіретіне көндіккендер: «Затты ұнату үшін, алдымен оны білу керек» деген қағиданы бетке ұстайды. Ерік ықпалын биік тұтқандар, керісінше: «Затты танимын десең, алдымен оны ұнату керек» деген талапты алға тартады. Пайдалы кеңес неде? Сүйгенде, ұнатқанда ғана шындықты терең, толығырақ танисың, тани аласың. Ол рас. Қағиданың бастауы неде? Адамды сүйген жан, оны жақын тұтады, жақсы біледі, дұрыс түсінеді, шеттетпей өзіне тартады. Сүйе алғандар өзіне ұнатқандарға сенеді, соларды алдымен тыңдайды, қолдайды. Ол үшін адам өзін-өзі бағалай білуі абзал. Өзін-өзі дұрыс бағалайтын адам әңгімені жандандырады, ойды ортақ арнаға жақындатады. Адамның мінез-құлқы объективті жағдайға орай және әріптесін әлпештеп құрметтеумен жетіледі. Ашық әңгіме — жаңалық пен жарастықтың қайнар көзі, адамның өзін-өзі ұстай білудің және өзін басқарудың бітімді амал-әрекеті. Сөйлескен, сырласқан жанның өзгелер арқылы өзіне, өзінің жан дүниесі арқылы өзгелерге жақындауы – сүйіспеншіліктің айғағы мен аймағы.

Сұхбаттасудың жолдары біртекті емес. Оған – тапқыр сұрақ-жауап, айтыс-тартыс, дәлел келтіру өнері, диалог-келісім  арқылы жаңа тақырыпқа көшу және т.б. жатады. Мұндай сұхбаттасу адамдар арасындағы келісімге жарарлық мәліметтілікті, бағдарлылықты, шешім қабылдау үшін пікірлестікті құраса, ол сонысымен құнды.

Сұхбаттасудың мақсаты — адам болмысының тұтастығы мен тұрақтылығын білуге талпыну; өмірлік тәжірибенің және өмірлік көзқарастың мәнісін, мәнділіктің ақиқатын ашып беру; түрлі көзқарастардың тоқтамы мен тоғысын табу. Бәрі де топтастыру және бірлестіру амалдары, өзара байланысты қалыптастыру әрекеті. Содан сауалнама мен сұхбаттасудың ауқымы ұқсас та, әрқалай келеді. Бұл мақсатқа тұйықталған тәжірибе, білімсіздік, балама түсінікті қабылдамаушылық тікелей кедергі болады.