Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 билетСйлеу мдениетін игеру.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
64.23 Кб
Скачать

4. Сөздің мәнерлігі

Мәнерлілік сөздің эмоционалдық  және экспрессивтік қасиеттеріне, екінші сөзбен айтқанда, сөздің стилистикалық бояуына тікелей байланысты.

Сөздің мәнерлігі дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының тыңдарманын немесе оқырманын қызықтыра білуі, сөзін ұғындыра алу қабілеті. Ойлаудың, сөйлеушінің сана қызметінің дербестігі; не туралы айтылып тұрғанына және ол сөздің кімге бағытталып, арналып тұрғанына назар аудару;  сөздің мәнерлілік құралдарын жақсы білу; тілдегі функциональдық стильдерді бір-бірінен  айқын ажырата білу; тілдік дағдыларды қолдануда тәжірибе жасап отыру, жаттығу ісі, мәнерлілікті сақтау үшін психологиялық қажетті жағдайларды жасау; сөйлеушінің не жазушының өзінің мәнерлілікті қамтамасыз ететін құралдарды игере білуі де, осы шарттардың барлығы бір жерден шығып, біріккенде ғана, сөздің мәнерлігінің күш-қуаты, қолданылуының қолайлығына көз жеткізуге болады.

5. Сөздің байлығы

Сөздің байлығы дегеніміз - әркімнің өз ана тілінің бар мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуі.

Сөздің байлығы туралы сөз болғанда екі жайды ескеру қажет болады: біріншіден, қай-қайсымыздың да ана тіліміздің байлығын игеріп, пайдалана білуіміздің маңыздылығы; екіншіден, сол байлықты игере отырып, өз тарапыңнан ана тілінің баюына үлес қосудың қажеттілігі туралы мәселе.

Біріншісі қиын да болса, сол тілді білетін, ана тілім деп есептейтін барша азаматтың борышы мен парызы. Ал, екіншісін екінің бірінен талап ету мүмкін емес, өйткені ол – дарындар мен таланттардың ғана қолынан келетін іс.

Тілдің байлығын жақсы игермей тұрып, оның даму барысына назар аудармай, тіл мәдениеті үшін күресу немесе тіл мәдениетін сақтау өте қиын. Кең көлемде алу керек болса, тіл байлығы ұғымы ілгеріде айтылған тіл мәдениеті сапаларының барлығына да тікелей қатысты. Адамның тіл арқылы қарым-қатынас жасау барысында сөз байлығы неғұрлым мол болса, ол соғұрлым ойын еркін, қиналмай және әсерлі жеткізе алады, тыңдарманын да оқырманын да тарта біледі. Жай ғана оқытып, тыңдатып қоймайды, сөзін еріксіз тыңдауға, жазғанын бас алмай оқуға әдеттендіріп, «бұғаулап» тастайды.

6. Сөздің қисындылығы

Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолданылуын айтады.

Сөздің қисындылығын функциональдық  стильдерден бөлек қарауға болмайды. Әсіресе, функционалдық стильдерде сөздердің қалай жұмсалу керектігі білініп тұрады. Мәселен, ауызекі сөйлеуде ресми стильдегі сияқты стандарт тілмен қарым-қатынас жасау күлкі туғызар еді. Сатиралық немесе юморлық мақсатта олай етудің де керектігі болар, бірақ тура мағынасындағы сөздің пайдаланылу табиғатына қарағанда, әр стильдің өзіне лайық синтаксистік құрылымының болғаны жөн. Сондай-ақ, іс қағаздарын толтыру кезінде көркем әдебиет тіліндегідей сөздің стилистикалық бояуын қолданудың еш қисыны болмайды.

Шешендік – жеке тұлғалық бастама және бағыт, ондағы тарландық және талғампаздық; жасампаздықтағы талант, талап, тәжірибе көрінісі. Адам қабілеті осы арнаға икемделінбей, осы құндылықтар арқылы игерілмей, ешкімде шешен бола алмас. Шешендікті, әмісе, туа біткен қасиет, бойдағы күш-қуаттың шабыты, шындық үшін шабыстың үлгісі, өмір үшін өрістің өрнегі деп жатады.  Тегін айтылмаған. Онда негіз — бағыт-бағдармен, бағдар — озат оймен, толғаныс —  тәсілді тәжірибемен ұштасып, үйлесіп жатады. Онсыз шешендік ескіден шығудың, жаңаға енудің өлшемі бола алмайды.

шешендік:

  • адамды ақиқат пен әділдікке, кемелділік пен бақытқа жеткізетін шынайы кісілік қасиеттердің көрінісі мен жиынтығы;

  • кісілікті, жақсы мінезді, әдепті және инабатты болуды, өз ұстанымына кәміл сенуді, ізгіліктерді сақтауға үйрететін құрал, шығармашыл қызметтің өлшемі мен өрісі;

  • адамның тұлғалық қасиеттерімен, қажыр-қайратымен, біліктілігімен, көрегендігімен, мұрат-мақсаттарымен ерекшелінетін суырып салма өнердің дәрежелі деңгейі;

  • халқымыздың рухани мәдениетінің көне де, кең таралған, ықылым заманнан қызықтырған, магниттей тартқан қасиет-қабілеттері;

  • әдебиеттің жетілген, ажарланған, тұлғаланған түрі, оның өтімді, өткір үлгісі, өнегелі үрдісі.

2билет

Шешендік сөз немесе шешендік өнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Байырғы салалары: бейнелі сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау. Әр қайсының әсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдау­шы­ның еркі мен сезімін билейді, толғандырады.

Шешендік сөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы.

Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады.

Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл.

сақталған. Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет. “Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін” дейтін қазақтың сөзге қонақ беруі.

Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беруі керек.

  • Белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында ауызша айтылған сөз болу.

  • Әңгіме өзегінің дәлелі (аргумент) болуға тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында белгілі бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет.

  • Тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, құлақ құрышын қандыратын, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы игі. Шешендік сөз дәстүрінің қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы, кеңіген сайын арта түсуде. Жиналыс, мәжіліс, құрылтайларда, пікірсайыс жиындарда, семинар, симпозиумдарда шешендік өнер өте қажет.

Қазіргі замандағы шешендік сөздердің түрлері бұл сөздердің жанрына (мазмұнына) қарай негізінен былайша ажыратылады.

  • Әлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік сөздер, бұларға осы тақырыптарға жасалған баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференцияда айтылатын сөздер, хабарламалар, баяндамалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шолулар жатады.

  • Академиялық шешендік, бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын дәрістер, ғылыми баяндама, хабарлама, шолулар құрайды.

  • Сот ісінде қолданылатын шешендікке прокурордың айыптау сөзі, айыпкердің қорғану сөзі кіреді.

  • Әлеуметтік тұрмыста жұмсалатын шешендікті мерейтойларда, салтанатты дастарқан басында айтылатын сөздердің "шешендік сөз" деген мәртебеге ие болу үшін оған қойылатын талаптардың бірі - оның ішінде көркем, әсерлі болуы. Ал көркемдік жалпы тілде, оның ішінде көркем әдебиетте, поэзияда жұмсалатын көріктеу құралдары мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, билер аузынан шыққан шешендік үлгілерде дәл өлеңдегідей өлшемді, жүйелі болғанымен,ұйқас ырғақ сияқты поэтикалық элементтер қатысады. Бұрынғы шешендік сөздерге тілге демеу, ойға дәлел ретінде мақал-мәтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, бүгінгі шешендердің аузынан шыққан сөздерде мақал-мәтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, мақал-мәтелдермен қатар, өзгелерден келтірілген сілтемелер орын алады. Сондай-ақ шешендік сұраулар да, ықшамдау тәсілімен келген сөйлемде де шешендік сөздерге эмоциялық реңк беріп, оның экспрессиясын күшейтеді.

Ондағы мақсаты студенттерге оқытудың, тәрбиелеудің және оқушыларды дамытудың маңызды амалы ретінде, педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі маңызды құрал ретінде сөйлей білуге көмектесу. Алғы міндеті – студенттерді тілдік қатынас туралы, олардың түрлері, сөйлеу сапалылығы (мәселен, сөз дұрыстығы, тазалығы, дәлдігі, дәлелдігі, байлығы, логикалығы, комуникативтік жағынан сәйкестілігі), қазіргі қазақ әдеби тілінің нормалары туралы білім көздерімен таныстыру; әдеби тілдің нормаларынан орынсыз ауытқуларды (бұл арада әдеби тілдік норманы бұзушылық туралы) тез аңғару дағдыларын қалыптастыру; өзіндік сөйлеген сөзіне талдау жасай білуге үйрету; сөз сөйлеу сәтіндегі кемшіліктерден құтыла білу дағдысын қалыптастыру; болашақ мұғалімдерді педагогикалық қарым-қатынас мейлінше тиімді болу үшін өзіндік дауысқа (дауыс тонына), сөйлеу аппаратына ие болуға үйрету; кәсіби тұрғыда аса мәнді сөз сөйлеу шығармашылығын туындатуға әзірлеу.

4билет

Қайталау, қайталама ұйқас – сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі. Қайталаудың бірнеше түрі бар.[Анафора (қатысты дейксис) - сөйлеудің эр параллельді элементінің бастапқы сөзін қайталаудан құралатын сөйлеу пішіні (орысша Клянусь я первым днем творенья, Клянусь его последним днем. Клянусь позором преступления...).[1]

  • Лексикалых анафора- сөзді немесе сөздерді қайталауға негізделген анафора (орысша He непрасно дули ветры, He напрасно шла гроза).[2]

  • Синтаксистік анафора - бір грамматикалық құрылымды кайталауга негізделген анафора (орысша Я стою у высоких дверей. Я слежу за работой твоей).

  • Фонетикалық анафора - дыбысты не дыбыс тіркестерін қайталауға негізделген анафора (орысша Грозой снесенные мосты. Гроба с размытого кладбища...).

  • Анафорлық - алдында айтылғанға түсінік беретін сөз немесе сөздер (орысша Вы просите песен, их нет у меняКурсивное начертание).

Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.

Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

  1. тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);

  2. этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);

  3. коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.

Әдеби тілдің грамматикалық нормалары. Грамматикалық норма дегеніміз- тіліміздегі грамматикалық тұлғалардың бір ізге, бір қалыпқа түсіп, дағдыға айналып жұмсалуы. Әдеби тілдің грамматикалық нормаларына  сөйлем мүшелерінің дұрыс орналасуы да жатады.  Тілдік тұлғаларды белгілі бір стильдік  мақсатта пайдалануды нормадан жөнімен ауытқу дейміз.

5билет

Эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің тіркесінің бірнеше қайталанып келуі. Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады. Қазақ өлеңінде эпифора сөздің кезекті қайталау үлгісіне жатады. Мысалы, Ақтан Керейұлының мына өлеңінен эпифораны айқын көреміз. "Қыз бала көркем көрінер Беттегі нұрлы қанменен... Еділ көркем көрінер Жағалай біткен талменен..." деген сөз тіркесін қайталау термелеп бірнеше нәрсені тізбектеу үшін қажет болған.[1]

Дамыту (градация)- алдыңғы сөзден соңғы сөздің, алдыңғы ой-пікірден кейінгі лебіздің, әдепкі құбылыстан екінші құбылыстың екпін қуатының күшейіп, өсіп отыруы. Бұлкөркемдік тәсіл құрылыс, жүйесі ұқсас бірыңғай сөйлемдердің іріктеліп шығуына, ой-пікірдің өткір, әсерлі айтылуына әрі мағыналық өрістің кеңеюіне кең еріс ашады.Абайдың «Келдік талай жерге енді» деген өлеңіндегі «Сергі, көңілім, сергі енді!», «Ұш, көңілім, кекке, кергі енді!», «Өрбі, сезім, өрбі енді!» деген шумақ аралық жолдар дамытуға құрылған. Сондай-ақ, ақынның Отыз жетінші сөзінде: «Биік мансап - биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады...» немесе Бесінші сөзіндегі «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады» деген жолдары да дамыту әдісіне жатады.

Антитеза — шендестіру (грек. antіthesіs — қарама-қарсылық) мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, оймен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралын көркемдік әдісінің бірі. А-ның сөз өнеріндегі орны ерекше және ежелгі А. бастауымифтерде жатыр. Адамзаттың балаң кезңіндегі дүниені аспан — жер, жарық — қараңғы, су — от т.б. қарама-қарсы ұғыммен салыстыра тануы шеңдестірудің алғашқы белгілері. Сөз өнерінде А. жай ғана салыстырудан көркемдік, образдылық бояуымен өзгешеленіп тұрады. Қазақ әдебиеттану ғылымында бұл әдіске, ең алғаш, А.Байтұрсынов назар аударған. “Жайдағы қайғыдан қуаныш үстінде көрген қайғы жанға көбірек батады. Жарлылық қиындығы жасынан жарлы болғаннан гөрі байдан жарлы болғанға көбірек сезіледі. Көріксіз бетіндегі дақтан көріктің бетіндегі дақ көзге көбірек түседі. Тәттінің артынан ащылық, дәмдінің артынан дәмсіздік артығырақ білінеді. Сөз шығарушылар көп қолданады” дейді ол. Шендестіру антоним сөздерді бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы жасалады. Мыс., “Қан мен тер” (Ә.Нұрпейісов), “Соғыс және бейбітшілік” (Л.Толстой), “Қызыл мен қара” (Стендаль”) т.б. шығармалардың аты шендестіру арқылы тура немесе жанама болса да оның мәнін ашуға қызмет етіп тұр. Қазақ ауыз әдебиетінің А. әдісі шеберлікпен қолданылған. “Қатыны семіз, ері арық, Иесі семіз, аты арық, Тұз жұтынан сақтасын (Мақал). Мұнда А. арқылы адам бойындағы кемшілік әсерлі бейнеленген. “Қара жерге қар жауар, Қарды көр де, етім көр. Қар үстіне қан тамар, Қанды көр де, бетім көр” (Ер Тарғын). Бұл сұлулықты эстетикалық талғаммен қарама-қарсы айқын, ашық түстерді салыстыра көрсеткен шендестірудің ұздік үлгісі. Мысал жанрында да шендестіру нышандары бар: “Қасқыр мен қозы”, “Қарға мен түлкі”, “Бұлбұл мен есек” т.б. Қазақ әдебиетінде шендестірудің күрделі, көркемдік қуаты мол, эстет. әсері күшті үлгісін Абай жасаған: “Қар — аппақ, бүркіт — қара, түлкі — қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға...” “Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда...” Абай реңі жағынан бір-біріне қарама-қарсы үш түсті алып, шендестіру арқылы негізі образ — төртінші суретті қиыннан қиыстырып бере алған. Сыртқы белгілерді салыстырумен бірге, адамның жай-күйі, ішкі сезімі, сыр-сыйпаты да шендестіру арқылы бейнеленеді: Бір үміт, бір қауіп”. (Абай). Қазақ әдебиетінде шендестірудің мұндай сәтті үлгілері көп кездеседі. Шашың — қара, денең — ақ бұлт, жүзің — Ай, Тісің — меруерт, көзің — сәуле, құралай (М.Жұмабаев). А. — бейнелеу құралдарының көркемдік қуаты ерекше, көп қолданылатын түрі.

Метафора – сыртқы және ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы, кимылындағы не атқаратын қызметіндегі т.б.) ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы болып табылады. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңы жатыр.

Метафораға келесі сипаттамалар тән: метафора әлемді тану мен ойлаудың құралы, метафора фундаментальды мәдени құндылықтарды көрсетеді немесе мәдени-ұлттық дүниетанымға негізделеді.

Б. Х. Хасанов қазақ метафораларын екіге бөледі: «біріншісі-белгілі бір шешеннің сөз саптауынан пайда болған индивидуалдық метафора, екіншісі-халықтық сипат алған дәстүрлі метафоралар. Бірақ екеуінің ашық ара-жігі жоқ, өйткені, жеке авторлар жасаған метафоралар көбіне халықтың дәстүрлі метафоралардың ізімен жасалады және олардың көпшілікке кең таралуы мүмкін».

Дәстүрлі метафоралар жақсы таныс нәрселер мен құбылыстарды салыстыру арқылы пайда болады.

Адам баласы өзіне қажетті материалдық игіліктерді уақыт озған сайын небір жаңа түрлерін, жаңа үлгілерін өндіріп, жетілдіріп, дамытып отырады. Сонда неғұрлым жетілген зат пен бастапқы қарапайым заттың арасында қызмет бірлігі, белгілі бір жұмысты атқаруы жағынан ортақтық болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бұл екеуінің бір атаумен атала беруі заңды нәрсе. Олай болса, тіліміздегі жаңа сөздерді, бар сөздердің мағыналарын кеңею, қолдану әсерінің әртараптануын жаңа құбылыстардың жетістіктерінің қажеттіліктерінен туған өзгерістер деп санаймыз.

Дәстүрлі метафоралар жақсы таныс нәрселер мен құбылыстарды салыстыру арқылы пайда болады. Сондықтан да олар халыққа түсінікті, белгілі болады. Мысалы: