
- •1.Қаз.Тарихы пәні: мақсаты мен міндеттері, кезеңдері, деектері мен тарихнамасы
- •2. Қазақстан трерриторисындағы тас дәуірі
- •3.Қола дәуірі.(б.З.Б.Хүііі-Хғғ.). Андронов және Беғазы-Дәндібай мәлениеті.
- •5. Үйсіндер мен қаңлылар
- •6. Ғұндар: саяси жүйесі, шаруашылығы, мәдениеті
- •7. Түрік қағанаты. Батыс түрік қағанаты
- •8.Түргеш қағанаты (704-756 жж.).
- •9.Қарлұқ мемлектеі (776-940)
- •10.Оғыз мемлекеті
- •11. Қимақ қағанаты
- •14. Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.)
- •15. Қарақытай мемлекеті (1128–1213 жж.)
- •16. Найман және керейт ұлыстары
- •17. Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.)
- •18. XIII – XVI ғғ. Моңғол империясының құрылуы. Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде.
- •19. Алтын Орда
- •20. Ақ Орда мемлекеті (XIII-XV ғғ.)
- •21. Моғолстан мемлекеті (xiVғ. Ортасы-XVI ғ. Басы)
- •22. «Көшпелі өзбектер» Әбілхайыр хандығы (1428–1468 жж.)
- •23. Ноғай Ордасы (XIV аяғы – XVI ғғ.)
- •24. Қазақ халқының қалыптасуы
- •25.Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы (XV-XVII ғғ.)
- •27. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы. «Жеті жарғы»
- •28. Қазақ-Жоңғар қатынастары: Бұланты, Аңырақай щайқастары
- •31. Әбілқайыр хан. Саяси қайраткер, әскери қолбасшы
- •32. Қазақ даласында Ресейдің отаршылдық саясатының тереңдетуі және оның кезеңдері
- •33. Абылай хан және оның ішкі және сыртқы саясаты
- •35.Бөкей Ордасының құрылуы (1801 ж.)
- •36. 1822Ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен 1824ж. «Орынбор Қырғыздары туралы Жарғы» және оның мәні
- •37.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлыбастаған шаруалар көтерілісі (1836–1838 жж.)
- •38. XIX ғ.Аяғы -XX ғ. Басы қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саяси дамуы
- •39.Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс (1837–1847 жж.)
- •41. Патша үкіметінің 1867-1868 ж. Қазақстандағы реформалары: мәні және мақсаттары
- •42.Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс (1868–1869 жж.)
- •43. Патша үкіметінің 1886-1891ж.Реформалары. «Далалық ереже»
- •44.Қоныс аудару саясаты (XIX ғ. 1870–1880 жж.)
- •45. 1905–1907 Жылдардағы орыс революциясына Қазақстанхалқының қатысуы.
- •46. 20Ғ.Басындағы Қазақ зиялылары.
- •50. 1917-20 Ж. Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар
- •51.52. Бірінші және екенші жалпы қазақтық съезі
- •57. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918–1920 жж.)
- •58. Қазақ кеңес автономиялық республикасының құрылуы
- •61. Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру
- •63. Сталиндік билік жүйесі және оның сипаты саяси қуғын – сүргін зардаптары
- •65. Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері (1941–1945 жж.)
- •69.Қазақстанның 1960 жылдарындағы қоғамдық-саяси жүйесі
- •70. М. С. Горбачев реформасы тұсындағы Қазақстан (1985–1991 жж.)
- •71. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
- •74. Қазақ кср Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.
- •78 «Қазақстан – 2030» стратегиясы
- •80. Қазіргі кезеңдегі Қаз.Экон.Реформалаудың негізгі багыттары Нарықтық экономика саясатының негізгі белгілері:
- •84. Қазақстан халқы Ассамблеясы
- •85.Тәуелсіз Қаз. Рухани дамуындағы жетістіктер (1991-2010жж.) н.А.Назарбаев «Тарих толқынында»
- •V. Интеллектуалды ұлт
- •89. Үдемелі дамудың сәтті қадамы
- •90. Н.Ә.Назарбаеватың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында қойылған міндеттер.
90. Н.Ә.Назарбаеватың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында қойылған міндеттер.
Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес мақсатты жұмыстар жүзеге асырылуда.
Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңғыртумақсатында білім берудің интерактивті түрлері кеңінен пайдаланылып,он-лайн режимінде дәрістер, сабақтар, семинарлар өткізілуде. Қазіргі таңда облыс мұғалімдерінің35%-ғажуығы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларымен жұмыс жүргізеді
Облыстық білім басқармасы мен оқу-әдістемелік кабинетінің арнайы сайттары ашылып, педагогтарға виртуалдық режимде арнайы қашықтықтан оқыту курстары, виртуалды тренингтер ұйымдастырылуда.
Биылғы оқу жылында 6 үздік мұғалімніңсабақтары республика көлемінде өткізілетін он-лайн режиміндегі интерактивті сабақтар кестесіне енгізілді. Облыс көлемінде ең үздік мұғалімдер әр ай сайын он-лайн режимінде оқытудың жаңа технологиялары бойынша сабақтар өткізеді.
Білім беру қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы оқу жылынан бастап облыстағы 45 білімнысанындаe-learningэлектронды оқыту жүйесі енгізіледі.
Сонымен қатар, осы оқу жылынан бастап 3 мектеп(облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты, облыстық «Дарын» мектеп-интернаты, Тараз қаласындағы №1 гимназия)«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің»озық тәжірибесін таратуға арналған эксперимент алаңы болып бекітіліп,он-лайн режиміндезияткерлік мектептерімен тәжірибе алмасып, мұғалімдер мен мектеп басшылары үшін тренингтер, семинарлар жүргізілуде. 2012-2013 оқу жылынан бастап облыстағы барлық гимназиялар мен мектеп-гимназияларда, лицейлерде оқу жоспарының вариативті компоненті есебінен«Акмеология»», «Қазақстан құқығы»және«Өлкетану»атты таңдау курстары енгізілді.
«Үш тұғырлы білім беруді»жүзеге асыру мақсатында осы оқу жылынан бастап4 мектептереспубликалық деңгейде(Талас ауданындағы А.Байтұрсынов, А.Пушкин атындағы және Тараз қаласындағы №7, 53 мектептерде)ағылшын тілі эксперимент ретінде1-сыныптан бастап«Кембридж Университетінің» оқулықтарымен оқуды бастады. Облыстың жаңа типті мектептерінде ағылшын тілі 1 сыныптан бастап оқытылуда.
Сондай-ақ, «2012-2013 оқу жылына арналған мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығы мен оқыту сапасының деңгейін арттыру бойынша қадамдық іс-қимыл жоспары» бекітіліп, жаңа оқу жылынан бастап жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Аталған жоспарға сәйкес 2012 жылғы ҰБТ-де республикалық орташа көрсеткіштен төмен нәтиже 204 орта мектептің11 сыныптарына негізгі пәндерден (қазақ тілі, орыс тілі Қазақстан тарихы, математика) сабақ беретін898 мұғалімжәне2623 бітірушітестинг-бақылауға қатысатын болады.
Тестинг-бақылау ағымдағы жылдың 7 қыркүйегіненбастапон-лайн режиміндежүргізілуде. Тест тапсырушының тестинг-бақылаудың нәтижесімен танысуына толық мүмкіндігі бар. Ал, оның нәтижесін білгісі келген кез-келген тұлға базалық мектептегіскайп-адресіненкөре алады.
Елбасының бағдарламалық мақаласында «орта білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнінде шаралар атқару қажет» деген тапсырмасын орындау мақсатында, облыста ағымдағы жылдың тамыз айында «Білім беру менеджерлерінің клубы»құрылып, өз жұмысын бастады. Клуб отандық, шетелдік білім беру жүйесінің жетістіктерін тарату, мектеп басшыларының резервін құру, білім мекемелері басшыларының корпусын қалыптастыру, оларға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарымен айналысатын болады.
Жақында ғана Тараз қаласындағы №5 мектеп-гимназиясына конкурстық негізде тағайындалған директорды клуб мүшелері кадрлар резервінен ұсынды. Осы жылдың 21 ақпанындаБілім және ғылым министрлігі бекіткен «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау туралы» жаңа Қағидаға сәйкес8 мектептіңдиректорына облыстық білім басқармасының келісімі берілді(Байзақ – 1, Жамбыл -1,Т.Рысқұлов – 3, Тараз – 3).
Оқушылардың функционалдық сауаттылығындамыту мақсатында қосымша білім беру ұйымдарының желісі артуда. Биылғы оқу жылында3 техникалық шығармашылық орталықтарыашылып,2 мыңғажуық оқушы қосымша біліммен қамтылса, облыс әкімдігінің қолдауымен демеушілер есебінен ашылған спорт алаңдары мектеп жасындағы балалардың2,8%-ыбос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.
Кәсіптік-техникалықбілім беру сапасын жақсартуды талап ету – білім басқармасының басты назарында. Кәсіби білім беруді дамыту мақсатында биылғы оқу жылында3 колледждеэксперименталдық алаң ретінде дуалдық оқыту жүйесі енгізілді.
Кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің санын оңтайландыру және кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету мақсатында колледждерді квалификациялық талапқа сәйкестендіру жұмыстарына бақылау орнатылды.2012 жылымемлекеттік аттестациялау қорытындысы бойынша2 колледж(мемлекеттік №12 «Тараз» колледжі, мемлекеттік емес «Білім» колледжі)қайта аттестаттауға қалдырылды.
Кәсіби біліктілікті жетілдірудің ұлттық жүйесін құру мақсатында«Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналаған іс-шаралар жоспарының115 пунктінесәйкес кадрларды даярлау және қайта даярлау бойыншаАтырау қаласындамұнайгаз саласы үшін,Екібастұз қаласындаотын-энергетика саласы үшін2өңіраралық орталықтарашылды. Алдағы уақыттаӨскемен қаласындамашина жасау саласы үшін,Шымкент қаласындаөңдеу саласы үшін2өңіраралық орталықтарашылады. Облыстағы колледждердің оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері кәсіби біліктіліктерін жоғарыда аталған орталықтарда арттыратын болады.
Колледж түлектеріне арналған біліктілікті бекітудіңтәуелсіз жүйесін құружөніндегі жұмыстар әр сала бойынша салалық министрлік пен ірі қазақстандық компаниялар тарапынан жүргізіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі мұнай-газ саласындағы мамандардың біліктілігінің сәйкестігін растау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, «KazEnergy» қауымдастығы базасында пилоттық режимдегі тәуелсіз орталықтарды құру жұмыстарын жүргізуде.
Облыстық білім басқармасы Ұлт Көшбасшысының бағдарламалық мақаласында орта және кәсіптік-техникалық білімді дамыту бағытында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында жоспарлы жұмыстарын жалғастыра беретін болады.