Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_stan_tarikhy_shpor_2.docx
Скачиваний:
100
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
250.56 Кб
Скачать

78 «Қазақстан – 2030» стратегиясы

1997 жылғы қазан – Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер: Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.

Реформаларды аяқтау.

Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.

«Қазақстан барысын» қалыптастыру

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:

Ұлттық қауіпсіздікті сақтау

Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс.

XXI ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін «демографиялық апатқа» ұшырайды.

Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту

Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудың міндеттері:

Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту.

Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету. Дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үнемі ерекше көңіл бөлу.

Әлеуметтік проблемаларды ұдайы шешіп отыру.

Саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай Қазақстанды қалыптастыру.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту.

Әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.

Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.

Мемлекет ең алдымен орта таптың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр.

Қазақстан – өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар еуразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.

Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.

Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген. Мемлекет белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы:

Үкіметтің сауда мен өндіріске әкімгершілік араласуын жою.

Жекешелендіру процесін аяқтау.

Орталық Үкіметті және жергілікті өкімет орындарын парасатты орындастыру.

Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру.

Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау.

Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.

Тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету үшін өндірісті диверсификациялау қажет. Алдағы міндет:

Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсету. Инвестицияларды тарту.

2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде мына салаларға көңіл бөлу қажеттігі баса көрсетілді: Ауыл шаруашылығы;

Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі;

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі;

Туризм;

Тұрғын үй құрылысы;

Инфрақұрылым жасау.

Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын көтеру.

Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтерудегі стратегия:

Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтына ынталандыру.

Әйел мен бала денсаулығын жақсарту және қорғау.

Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.

Көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі – ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтардың әл-ауқатының артуы.

Ұлттық қауіпсіздіктің бір тірегі – миграциялық саясат. Ол – халықтың бір елден басқа бір елге қоныс аударуы. Энергетика ресурстарын жете пайдалану.

Қазақстандағы табиғи ресурстарды, әсіресе энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы:

Халықаралық шарттар жасағанда Қазақстанның мүддесін, экологиясын, өз адамдарымыздың жұмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік міндеттерді шешу қажеттігін көздеу.

Мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру.

Әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанның әлемдік отын өндіруші ретіндегі рөліне бағыттау.

Ішкі энергетика инфрақұрылымын құру мен дамыту, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемаларын шешу үшін шетел инвестицияларын тарту. Ресурстардан түсетін кірістерді үнемшілдікпен пайдалану.

Инфрақұрылым, көлік, байланысты дамыту.

Инфрақұрылым, көлік пен байланыс саласындағы Қазақстанның міндеті – отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз ету.

Теміржол

Қазақстандағы жүк тасымалының негізі – теміржол. Осы саланың алдында тұрған стратегиялық міндеттер:

Халықаралық көлік және сауда байланыстарын, Транспорт магистралі бойынша транзиттік жүк тасуды қамтамасыз ететін негізгі темір жол бағыттарын жаңарту.

Достық станциясын дамыту, Достық-Ақтоғай участкесін нығайтуды аяқтау.

Барлық көліктік-коммуникациялық монополияларды батыл қайта құрылымдауды жүзеге асыру. Автомобиль жолдары

Жеке меншік магистаральдар салу, қазіргі барларын жекешелендіру мен концессияға беру жөніндегі жұмыстарды бастау.

Әуе көлігі

Авиацияда тәртіп орнату және ұшақтар паркін лизинг пен жоғары деңгейді ұшақтардың белгілі бір көлемін сатып алу есебінен толықтыру. Әуежайларды қайта жаңарту, қызмет көрсету мен сервисті қамтамасыз ету деңгейін халықаралық стандартқа жеткізу.

Су көлігі

«Ақтау» айлағын қайта жаңарту және флотты кемелермен толықтыру үшін шетел инвестицияларын тарту.

Байланыс және телекоммуникациялар желілері

  • Шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға кем дегенде, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беру (балаларға арналған аймақтық оқыту бағдарламаларын тарату).

  • Болашақта әлемнің дамыған елдерінің инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті дербес және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.

Қазақстан қоғамын басқарудағы негізгі міндеттер:

Мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау.

Басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру.

Ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.

Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі стратегия ұстанымдары:

Ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.

Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.

Ведомствоаралық үйлестіру.

Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.

Орталыққа тәуелділікті жою.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.

Қазақстан елінің 8 артықшылығы баса көрсетілді.

Тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізі қаланды.

Ескі саяси және экономикалық жүйеден түбегейлі бөлектенді.

Қоғамдағы өзгерістер ықпалымен адамдар да түгел өзгерді.

Орасан зор байлық – табиғи ресурстар.

Жетекші фактор – адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш қуаты, табандылығы, білім-білігі.

Ауыл шаруашылық жерлері.

Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігі.

Қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқындығы.

79. Экономиқалық рефорамлар.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.

Экономикалық реформаны дамыту жағдайында 35 станционерліқ қоғам, 75 салааралық сыртқы, экономикалық ассоцияциялар, 30-ға жуық концерндер мен консорциумдер, 30-дан астам коммерциялық банктер құрылды.

Жекешелендіру.Нарықтық құрылымының дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу жәнежекешелендіружоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нәтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды. Қазақстандығы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады.Жекешелендірудің мақсаты:

  1. Кәсіпкерлікті дамыту.

  2. Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу.

  3. Еркін баға орнату.

  4. Жеке меншік секторлар құру.

  5. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру.

Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі тұралы» заң қабылданды. Мақсаты:

  • Нарықты басқару механизмін еңгізу.

  • Ерікті бақталастық пен кәсіпкерлікті, сұранымдылықты қорғауды қатамсыз ету.

  • Тұтынушылардың мүддесін қорғау. Бұл заңда Монополиялық бақару құрылымын тарату, товар нарқында сапасыз бақталастықты жою шаралары белгіленген. Іскерлік белсенділіктің өсуі жаңа банктік құрылымның жасалуына әсер етті, бірақ құрылымдық өзгерістер республикада материалдық әл-ауқатты жақсартпады.

Өндірістік тұтыну товарлары мен қызмет көрсету қысқартылды.

1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен республика бағаны босатты. Баға алғашқы кезеңде –186,4 есіге өссе, 1992 жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Ауыл мен ауыл арасындағы қатынас мүлдем қиындап кетті. Қаңтар айыннан тамызға дейін өндірістік товарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Нарыққа көшу саясатының бұрмалауынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара алумен түзеген адамдар тобы пайда болды. Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]