Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_stan_tarikhy_shpor_2.docx
Скачиваний:
100
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
250.56 Кб
Скачать

31. Әбілқайыр хан. Саяси қайраткер, әскери қолбасшы

Әбілқайыр(Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693— 12.08.1748) — хан, қолбасшы,17181748жж. билік құрғанКіші жүзханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.[1]Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған. Ол - Әз Жәнібектің бесінші ұрпағы. Шыңғыс ханнан бастап тарататын болса ол хан әулетінің он сегізінші ұрпағы. Әз Жәнібектен тоғыз ұл тарайды, солардың бірі - Өсеке сұлтан одан Бөлекей ноян, одан Ырыс сұлтан, одан Хожа сұлтан, одан Абдолла сұлтан туған,

Әбілқайыр осы Абдолла сұлтанның баласы.[2]

1710жылыҚарақұмдағыхалық жиынында жас ӘбілқайырКіші жүзәскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақтыБөгенбайбатыртағайындалды.

18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам,ТүркістанжәнеТашкентқалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалаларжоңғарлардыңқоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды.1718жылыАякөздеӘбілқайыр менҚайып30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.

Саясаты

Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта Ресейимпериясына арқа сүйеуді ойлады.

Әбілқайырдың Құндағұлов СейітқұлменКөштаев Құтлымбетбастаған елшілігіПетербургкебарып (1730), Ресей сыртқы істер министрлігі коллегиясыныңМ.Тевкелевбастаған елшілігі оған келді (1731).( Құндағұлұлы елшілігі, Құтлымбет елшілігі). Елшілік қазақ ұлысын Ресейдің қарамағына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр1731қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді (Бұл антты 1738, 1740, 1742 қайталады). Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның қарамағына өткен башқұрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге халықты апаттан сақтауды да ойлады. АлайдаРесейсаясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. ӘбілқайырПетербургсарайы мен оныңОрынборәкімшілігінің саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Иоановнаның, кейінненЕлизавета Петровнаныңталаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әртүрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр, сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысыҚалдан Серенмен(Цэренмен) астыртын байланыста болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]