Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толкын - копия.docx
Скачиваний:
66
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
98.81 Кб
Скачать
    1. Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудағы элективті курстардың маңызы

Қазіргі таңдағы оқушыларды химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың жағдайын талдай отырып, олардың негізгі ерекшеліктері анықталды: жеке білім беретін пәндерді тереңдетіп оқыту; саралай оқыту; оқушылардың өз қабілеттері, икемдері мен қажеттіліктеріне сәйкес жеке білім траекториясын таңдап алуы; білімі әртүрлі дәрежедегі оқушылардың қабілеттеріне, жеке икемдері мен қажеттіліктеріне сәйкес деңгейлеп оқыту; оқушыларды әлеуметтендіру, оларды кәсіби тұрғыдан өзіндік орын анықтай білуге дайындау; жалпы және кәсіби білім беру арасындағы байланыстың болуын, мектеп бітірушілерді жоғары кәсіби оқу орындарының бағдарламаларын игеруге дайындау; төрт курс түрлері бойынша: базалық жалпы білім беруші курстар, бейінді курстар, қолданбалы курстар және таңдау бойынша курстарынан әртүрлі комбинациялар жасау мүмкіндігі; негізгі мектеп оқу жоспарына міндетті таңдау курстары мен оқушылардың келешек оқу бағдарын таңдауына әсер ететін кәсіби сынықтарды енгізу арқылы бейіналды дайындықты іске асыру.

Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра элективті курсты пайдаланып оқытудың негізгі идеясы – оқушыларға таңдау мүмкіндігін беру болып табылады. Оқушылардың химия пәнінен терең білім алуының негізгі формасы ретінде таңдау бойынша курстары – элективті курстарды атауға болады. Пәнаралық байланысты оқыту жүйесіндегі элективті курстар негізгі мектеп оқушыларының мектептің жоғары сатысында болашақ бейін бағытын саналы түрде таңдап алуға көмек көрсетуші және жеке білім беру траекториясын құруға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.

Қазіргі кезде бейіналды курстардың нақты белгіленген типологиялары жоқ, көбінесе ғалымдар оларды үш типке бөліп көрсетеді.

Пән бойынша, мұндай элективті курстарын іске асыру барысында келесі міндеттер шешіледі.

Пәнаралық элективті курстар дәстүрлі оқу пәндерінің бір – бірімен байланысын қамтамасыз етеді.Олар мектеп оқушыларын бірқатар пәндер бойынша білімдерінің синтезін талап ететін кешенді мәселелер және міндеттермен, сонымен қатар оларды әртүрлі кәсіби салаларда шешу әдістерімен таныстырады. Мұндай курстардың міндеттері:

  • оқушылардың білімін жаратылыстану математикалық бағытта жалғастыруына бейімдеу;

  • оқушылардың икемдерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту;

  • әлемнің интегративті бейнесін қалыптастыру.

Бейімдеуші элективті курстар – оқу бағдарын талдауға және оқушылардың кәсіби бейімделуі бойынша психологиялық – педагогикалық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Олардың алдына келесі міндеттер қойылады:

  • оқушылардың қазіргі заман мамандықтар әлеміне бейімделуі үшін негіз болуы;

  • типтік іс – әрекет түрлерімен іс жүзінде танысу;

  • кәсіби сынықтарды ұйымдастыру.

Бұл курстар таныстырушы сипатқа ие болғандықтан, қысқа уақытта өткізіледі және жиі ауыстырылып отырылады. Бір курстың ең тиімді ұзақтығы – бір тоқсан.

Білім беру жүйесінде Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі бекіткен типтік оқу бағдарламалары қолданылады. Типтік оқу бағдарламаларын негізге ала отырып, мұғалімдер бейіналды элективті курс бағдарламаларын өздігінен жасайды. Кез келген оқу бағдарламасы сияқты элективті курс бағдарламасы да белгілі бір технология бойынша жасалатын және белгілі талаптарға жауап беретін нормативті құжат.

Қазіргі кездегі қолданылып келген белгілі бейіналды элективті курс бағдарламаларының құрылымы мен талдау негізінде элективті курс бағдарламаларын құрудың алгоритмін ұсындық:

  1. Түсінік хат

1.1 Элективті курстың түрі

1.2 Бағдарламаның көлемі, курс ұзақтығы

1.3 Бағдарламаның қажеттілік деңгейі

1.4 Бағдарламаның жаңалығы

2.Мақсаттары мен міндеттері

2.1Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

2.2 Пәнді игеру деңгейіне қойылатын талаптар

3.Мазмұны

3.1 Курстың тақырыптық жоспары

3.2 Негізгі берілетін ұғымдары

3.3 Курс бойынша қолданылатын әдебиеттер тізімі

4. Оқыту әдістемесі

4.1 Оқыту әдістемесінің қысқаша сипаттамасы

4.2 Сабақтарды ұйымдастыру формалары

4.3 Сарамандық, зертханалық жұмыстар тізімі

5. Білім бағалау

5.1 Оқушылардың білім деңгейін бағалау

5.2 Бағдарламаның тиімділігін бағалау әдістері

Бейіналды элективті курс барысындағы оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға қажетті оқыту тұжырымдамаларын таңдау себептері түсіндіріледі. Курсты оқытуда негізінен дамыта оқыту талабы жүзеге асады. Химияны оқу барысында мотивацияны қалыптастырудағы іс – әрекет қарастырылады.

Кез келген басқа жалпы білім беретін курстар сияқты бейіналды дайындық мақсаттары мен міндеттерін негізге алып, химияны оқуға деген қабілетін дамытудың көзделуі негізгі мақсатқа айналады.

«Мұнай және біз элективті курсын оқытуда теориялық материалдарды меңгеру эксперименттік жұмыстар арқылы жүзеге асады. Педагогикалық эксперимент кезінде химиялық эксперимент және оқушылардың өзіндік жұмыстарына баса көңіл аударылды.

Курстың негізгі мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру барысында оқушылардың құзырлығы дамып, іс –әрекетке дайындығы күшейтілді. Осы жоғарыда атқарылған эксперименттік жұмыс мына төменде көрсетілген бағдарлама мазмұны бойынша жүзеге асты:

Мақсаты:

  1. Оқушылардың химия пәні бойынша өз қабілеттерін бағалауын және болашақ оқу бағдарын саналы түрде таңдауын қамтамасыз ету.

  2. Химиядан алған білімдерін кеңейту және тереңдету, жоғары деңгейдегі білім мазмұнын жалғастыруға және меңгеруге қажетті біліктерін бекітіп, нығайту.

  3. Мұнай химиясын оқытуда пайдаланылатын әдістерді химия ғылымының құрамдас бөлігі ретінде қабылдайтын жалпы түсінік қалыптастыру;

  4. Оқушылардың іс – әрекеттегі іздену белсенділігін және пәнге деген ішкі мотивацияны дамыту, тұрақты әрі саналы қызығушылықтарды қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

  • Химия пәні бойынша теориялық білімдерін арттыруына жағдай жасау;

  • Химия, география, экология, экономика пәндері бойынша білімдерін интеграциялау;

  • Химиялық экспериментті орындауға қажетті практикалық білімдері мен біліктерін нығайту;

  • Химиялық білімге байланысты мамандық таңдауына оқу мотивациясын дамыту;

  • Экологиялық және экономикалық мәдениетінің қалыптасуына жағдай жасау;

  • Оқушылардың оқу – коммуникативті білімдерін және біліктерін дамыту;

  • Іс –әрекеттің интеллектуалды және практикалық салаларын, танымдылық белсенділіктің, өздігінен жұмыс істеудің, ұқыптылықтың жинақылықтың, мақсатқа жетудегі өжеттіктің дамуына жағдай жасау.

Сабақ №

Тауарлар мен тақырыптардың атаулары

Сабақтың түрі

І. Мұнайдың маңызы (1сағ )

1

Кіріспе.Мұнайдың халық шаруашылығындағы маңызы

Сұхбат, сауалнама

ІІ.Мұнай.Құрылысы.Қолданылуы (5сағ)

2

«Қара алтынды» өңдеу

Сұхбат,зерт.жұмыс

3

Мұнайды фракциялау

Дәріс,зерт.жұмыс

4

Шикі мұнайдан соңғы өнімдерді алу

Өздік жұмыс

5

Химиялық байланыс

Дәріс,зерт.жұмыс

6

Алкандардың қайнау температуралары

Семинар сабақ

ІІІ.Мұнай – энергия көзі (6 сағ)

7

Энергия: бұрын, қазір, болашақта

Әлеуметтік сауалнама

8

Энергия және қазбалы отындар

Семинар сабақ

9

Жану процестерінің химиясы.Зертханалық жұмыс №5. Жану жылуы

Зерт.жұмыс

10

«Энергия айналуының тиімділігі» және «Жану жылуын қолдану» тақырыптарына есептер шығару

Есептер шығару

11

Отындардың молекулалық құрылымының өзгеруі

Дәріс

12

«Мұнай – энергия көзі» тақырыбын қорытындылау

Аналитикалық семинар

IV. Мұнайдан пайдалы материалдар мен заттарды алу (3 сағ)

13

Алкендер және оттекті органикалық қосылыстардың молекулалық құрылысы

Сұхбат,зерт.жұмыс

14

Мұнай және табиғи газ химиясы

Семинар сабақ

15

Тақырыпты қорытындылау

Іскер ойын

V. Мұнайды алмастыру жолдары (1 сағ)

16

Энергияның балама көздері.Химиялық өндіріс үшін шикізаттың балама көздері

Дәріс

VI. Мұнай және экология (1 сағ)

17

Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанудың экологиялық зардаптары

Іскер ойын,зерт.жұмыс

18

Қорытынды сабақ. «Мұнай. Химиялық шикізат па, әлде отын ба?»

Дебат

Зерттеу тақырыбымызға байланысты қойылған болжамды тексеру мақсатында педагогикалық эксперимент жүргізілді. Ұсынылған болжамның дұрыстығын тексеруге арналған критерийлер жасалды. Элективті курс материалдарын оқыту кезінде оқушылардың іс – әрекетінің тиімділігін тексеру және химияны оқуға деген мотивацияның туындау деңгейі және оқушылардың болашақ химия бейініне қатысты өзіндік бағытын таңдауы анықталды.