Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
моя дип работа.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
706.05 Кб
Скачать

Ұжымдық келісім-шарт жасау туралы

  • A

  • A

  • A

Ұжымдық келісім - шарт жасау туралы шешім қабылдау хұқығы

Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 10 желтоқсанындағы № 493-1 Қазақстан ресупбликасындағы Еңбек туралы Заңына сәйкес ұжымдық келісім -шарт – бұл бір немесе бірнеше жұмыс берушілер мен бір немесе бірнеше жұмысшы арасындағы жазбаша түрдегі еңбек және әлеуметтік -экономикалық мәселелерді реттеу үшін жасақан хұқықтық акті . Бір немесе бірнеше жұымс берушілер мен бір немесе бірнеше жұмысшы өкілдері арасындағы ұжымдық келісім -шарт жасасу мақсатында келіседі . Басқа жақтың ұжымдық келісім -шарт жасауды бастау туралы ұсынысын алған жақ 10 күн ішіндеқарап , келісімге келуі керек . Жұмыс беруші ұжымдық келісім -шарт жасасушы екінші жақтың барлық өкілдерімен келісім жүргізеді . Ұйымда бірнеше кәсіби одақтар болған жағдайда олар бірегей өкілетті орган құра отырып , келісім жүргізу мен оған қол қоюды жүзеге асырады . Бұл жағдайда олардың әрқайсысына бірегей орган құрамында келісім жүргізуге өкілдік болу хұқығы беріледі . Кәсіби одақ мүшесі емес жұмысшылар кәсіподақ ұйымы органына өкілдік етуге хұқылы , осы және басқа да өкілдер жұмыс берушілермен өзара қарым -қатынасында туындайтын қызығушылықтарды анықтайды . Келісім жүргізу уақытында екі жақтан тең дәрежеде комиссия құрылады .

Ұжымдық келісім - шарт құрылымы мен мазмұны

Ұжымдық келісім -шарт мазмұны екіжақты комиссияның келісімімен анықталады . Ұжымдық келісім -шарт мазмұны бойынша білім ұйымдарын бірітуші түлектерді егер олардың біліктілік талаптары сәйкес келетін болса жұмысқа алу туралы мәселе қарастырылған .

Ұжымдық келісім -шарт мынадай ережелерден тұрады :

  • Оның қызмет мерзімі;

  • Атқаруды бақылау тәртібі туралы;

  • Келісім-шарт талаптарын орындамағанжа жауапқа тартылу туралы

  • Келісім-шартқа толықтырулар мен өзгертулер енгізу тәртібі туралы.

Ұжымдық келісім-шарт ережелері заңнамамен бекітілген жұмысшылардың хұқықтарын шектеп, еңбек жағдайын нашарлатып және кепілдікті бұза алмайды.

Ұжымдық келісім-шарттың қызмет аясы мен мерзімі

Ұжымдық келісім -шарт екіжақтың анықтаған мерзіміне бекітіледі .

Ұжымдық келісім -шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді , егер оның ережелерінде басқа жағдайлар қарастырылмаса .

Ұжымдық келісім -шарт қол қойғандар атынан жұмысшыларға таралады .

Ұжымдық келісім -шарт құрылымына өзертулер енгізіліп , ұйымның басқару органдарында өзгеріс болса да күшінде қалады .

Ұжымдық келісім -шарт ұйымның қайта құрылуы кезеңінде өз қызметін атқара береді . Нәтижесінде бір жақтың бастауымен ұжымдық келісім -шарт қайта қаралады .

Ұйым иесі мен мүлкінде ауысулар болса ұжымдық келісім -шарт үш айғңа дейін сақталады . Осы кезеңде екі жақ бақа келісім -шарт жасауға немесе толықтырып , күшінде қалдыруға келіседі .

Ұйымның тарауында немесе оның күйреуінде ұжымдық келісім-шарт тарау мен күйреу туралы шешім қабылданғаннан бастап күшін жояды.

Ұжымдық келісім-шартты мерзімінде толықтыру мен өзгерту екі жақтың келісімімен ұжымдық келісім-шартта қарастырылған тәртіппен жүзеге асырылады. Екіжақ өкілдері жұмысшыларды ұжымдық келісім-шартпен және оның орындалуымен таныстыруы тиіс.

Ұжымдық келісім-шарт жасаудағы келісім қатысушыларына берілетін кепілдеме

Ұжымдық келісім -шартты бекітуге қатысқан қатысушылар келісім -шартты келісу кезеңінде орта айлық жалақы мөлшері сақтала отырып , уақытша қызметтен босатылады .

Жұмыс беруші ұжымдық келісім-шарт келісімі бойынша келісім жүргізуге жағдай жасайды.

1.1.    Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің даму Стратегиясына, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жарғысына, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті қызметкерлерінің «Парасат» кәсіптік одағының Жарғысына негіз дайындалды және жасалды.

1.2.    Ұжымдық шарт Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұдан әрі – Университет) қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың кепілдігін және еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және оның тиімділігін арттыру бағытындағы тараптардың міндеттерін анықтайтын құқықтық акт болып табылады.

1.3.    Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, білім мен ғылым қызметі жөніндегі және мемлекеттік мүлік туралы заңнамасының іске асуын қамтамасыз етуге байланысты қабылданған құқықтық акт болып танылады.

1.4.    Осы шарттың ережелері, сонымен қатар, «Қазақстан – 2050» Стратегиясымен айқындалған міндеттерді іске асыруға, еңбек ұжымын басқарудың заманауи механизмдерімен тәсілдерін енгізуге және Университетті корпоративтік басқарудың жүйесін сапалы жетілдіруге, оқу бағдарламаларын «Қазақстан – 2050» Стратегиясымен айқындалған мақсаттармен міндеттерге бейімдестіру, сонымен қатар, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталады.

 

  • Ұжымдық шарттың пәні

 

2.1.    Ұжымдық шарт тараптардың мүдделерін анықтайтын акт ретінде танылып өндірістік, еңбектік және басқа да әлеуметтік – экономикалық қатынастарды реттейді.

2.2.    Ұжымдық шарт бір жағынан қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуды ұйымдастыруға және олардың еңбектік, әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс берушінің міндеттерін, екінші жағынан еңбек тәртібін сақтауға және университет әкімшілігінің еңбектік қатынастардың тиімділігін арттыруға бағытталған қызметіне қатысуға байланысты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлерінің «Парасат» кәсіптік одағы атынан кәсіподақ комитетінің (бұдан әрі - Кәсіподақ) өкілдік етуімен еңбек ұжымының міндетін қамтиды.

 

3.  Ұжымдық шарттың тараптары

 

3.1.    Ұжымдық шарттың тараптары ретінде, бір жағынан, жұмыс беруші атынан қатысатын университеттің бірінші проректоры, екінші жағынан еңбек ұжымы атынан қатысатын кәсіподақ комитетінің төрағасы болып табылады.

3.2.    Осы ұжымдық шарттың мазмұнына байланысты жұмыс берушінің өкілдері болып университеттің құрылым бөлімшелерінің басшылары танылады.

3.3.    Университеттің еңбек ұжымы болып педагогикалық және ғылыми қызметкерлер, әкімшілік–басқару құрамы (ӘБҚ), оқу–әдістемелік құрамы (ОӘҚ), қызмет көрсету құрамы (ҚКҚ), ғылыми зерттеу институттарының (ҒЗИ), ғылыми орталықтардың (ҒО) және басқа да оқшау орналасқан құрылым бөлімшелерінің қызметкерлері танылады.

3.4.    Ұжымдық шарт кәсіптік одақ құрамына қатыстылығына қарамастан барлық қызметкерлерге тең таралады.

 

  • Ұжымдық шарттың қолданылуы

 

4.1.    Ұжымдық шарт қабылданған күннен бастап 2016 жылдың 30 сәуіріне дейін күшінде болады.

4.2.    Осы ұжымдық шарттың және оның жекеленген бөлімшелерінің күші тараптардың келісімге келуіне байланысты, келісім алқасының отырысында бекітілгеннен кейін, тоқтатылуы мүмкін.

4.3.             Осы ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтыруларды енгізу қосымша келісім сөздер жүргізу тәртібінде жүзеге асырылады, олар тараптарға міндетті болып танылады және оларды қабылдау тәртібі ұжымдық шартты қабылдау тәртібінде жүзеге асырылады.

4.4.    Ұжымдық шарттың ережелерінің іске асырылуын қадағалайтын жұмыс органы болып келісім комиссиясы танылады.

 

5.  Жұмыс берушінің оқу үдерісін ұйымдастыру,

мамандарды дайындау және өндірістік қызмет жөніндегі міндеттері

 

5.1.    Жұмыс беруші келесідей міндеттерді өзіне жүктейді:

5.1.1.      қызметкерлердің құқықтары мен мүдделеріне қатысты Ғылыми Кеңестің шешімдері, Ректордың бұйрықтары және басқа да құжаттар туралы қызметкерлерді хабарландыру арқылы өз қызметінің жариялылығын қамтамасыз етеді;

5.1.2.      бұйрықтардың, өкімдердің және басқа да жұмыс берушінің актілерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

5.1.3.      жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлерді ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен таныстырады;

5.1.4.      Университеттің құрылым бөлімшелерінде, оқу жылы мерзімінде, заң бөлімінің, кадр бөлімінің, Кәсіподақ қызметкерлерінің және заң факультеті кафедраларының оқытушыларының қатысуымен еңбектік заңнаманы түсіндіруге байланысты кездесу-семинарларын өткізеді;

5.1.5.      педагогикалық, ғылыми қызметкерлердің біліктілік деңгейін үнемі көтеріп отыруды және мамандарды дайындау сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;

5.1.6.      кафедра меңгерушілерінің педагогикалық және ғылыми қызметкерлердің еңбегін жоспарлау және ұйымдастыру бағытындағы, олармен оқу-педагогикалық жүктемені бөлуге байланысты қызметін бақылауды, сонымен қатар, оқу дәрістері кестесін жасауда оның үнемдік талапқа жауап беретіндігін бақылауды жүзеге асырады.

5.1.7.      жоспарлы негізде, кемінде 5 жылда бір рет, педагогикалық және ғылыми қызметкерлердің біліктілігін көтеру курстарында оқуын және олардың тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

5.1.8.      кредиттік технология жүйесі негізінде білім беруде, дәрістік, лабораториялық, практикалық тапсырмалар материалдарының электрондық қорын жасауға байланысты қызметкерлердің, Университеттің зияткерлік нысандағы қызметіне байланысты, авторлық құқығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғауды жүзеге асырудың нысандарын зерттейді.

5.2.    Еңбекті ұйымдастыру және жоспарлау мәселесіне қатысты жұмыс беруші Университеттің нормативтік актілерінің жобасын Кәсіподақпен келісе отырып дайындайды.

5.3.    Оқу үдерісін ұйымдастыру мәселесіне қатысты, оқу сабақтарын жүргізуге байланысты, шетел еңбек күшін жалдау мәселесі бойынша, еңбек шартын жасау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалады.

Ескертпе: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы №45 Қаулысымен бекітілген, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттары туралы Ереженің 5-тармағының 15)-тармақшасына негіз, лицензия беру тәртібі, ерекше мәртебемен иемденетін жоғары оқу мекемелеріне педагогикалық қызметкерлер ретінде тартылған шетелдік қызметкерлерге қолданылмайды.

Осы Ереженің 5-тармағының екінші абзацына сәйкес, педагогикалық қызметкерлер ретінде тартылған шетелдік қызметкерлерге қатысты, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша, жұмыс беруші уәкілетті органға ақпарат береді.

Ескертпе: Хабарлама нысаны осы шартқа қоса тіркелді: №1 Қосымша.

5.4.    Шетел еңбек күшін жалдау жағдайы бойынша, осы шартқа тіркелген №1 Қосымшада көрсетілген нысан бойынша, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігіне және Алматы қаласы әкімшілігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасына хабарландыру – мәлімет беріледі.

 

6.  Жұмыс және демалыс уақытының режимі

 

6.1.    Университетте, педагогикалық қызметкерлерді қоспағанда, барлық қызметкерлерге қатысты, еңбек заңнамасына сәйкес апталық 40 сағаттық жұмыс уақыт режимі қолданылады.

6.2.    Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 54 бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, қызметкерлер санының, штаттық кестесінің қысқартылуына байланысты еңбек шартының бұзылатындығы туралы ескерту алған қызметкерлерге, бір ай көлемінде, әр аптада 4 сағатқа дейін, орта жалақысы сақтала отырып өз бетінше жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беріледі.

6.3.    Жылдық ақылы еңбек демалысы белгіленген тәртіпте, бекітілген кестеге сәйкес: педагогикалық қызметкерлерге – 56 күнтізбелік күнге (8 апта), ӘБҚ, ОӘҚ, ҚКҚ құрамына 28 күнтізбелік күнге, 5 жыл қызмет өтілі бар ӘБҚ, ОӘҚ, ҚКҚ құрамындағы қызметкерлерге – 30 күнтізбелік күнге, 10 жылдан артық Университетте еңбек өтілі болған жағдайда – 33 күнтізбелік күнге, 15 жылдан артық болған жағдайда – 35 күнтізбелік күнге беріледі.

Жекеленген санаттағы қызметкерлерге, жұмыс берушінің актіне сәйкес, мадақтау сипаттағы қосымша ақылы еңбек демалыстары берілуі мүмкін.

6.4.    Өндірістен қол үзбей білім беру ұйымдарында оқитын Университеттің қызметкерлеріне, емтихандарын тапсыру және дипломдық жұмыс жобаларын орындау уақытына, жалақысы сақталмайтын оқу демалысы беріледі.

Емтихан тапсыру кезеңі басталмастан бұрын, кемінде 1 ай бұрын, оқу демалысын беру туралы өтініш жұмыс берушіге беріледі.

6.5.    Университетте педагогикалық қызметкерлердің жылдық оқу-педагогикалық жұмыс уақытының нормасы, Ғылыми Кеңестің шешімі негізінде Университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Педагогикалық қызметкерлердің жұмыс уақыты, қосып есептеу ережелеріне сәйкес – білім берудің кредиттік технологиясына сәйкес білім беру, ғылым және тәрбие жұмысы көлемінің есебі айқындала отырып бекітіледі.

6.6.         Жылдық оқу-педагогикалық нормасы бекітілмеген қызметкерлерге олардың жұмыс уақытының ұзақтылығы, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен айқындалады.

6.7.    Қызметкерлерге, олардың арызына негіз, отбасылық және басқа да себепті жағдайларды ескеріп, жұмыс берушімен жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі:

1)  некеге отыру жағдайына байланысты – 3 күнге;

2)  қызметкердің отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты – 3 күн;

 

 

3)  жақын туысының қайтыс болуына байланысты – 5 күн;

4)  қызметкердің мерекелік жасқа толуына байланысты – 2 күн.

 

7.  Жалақы төлеу және еңбектің

нормасын анықтау жағдайы

 

7.1.    Университеттің қызметкерлеріне жалақы төлеу тәртібі еңбек заңнамасына және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

7.2.    Жалақы, кем дегенде, айына бір рет келесі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей төленеді.

7.3.    Қызметкердің еңбегі нормасын анықтау және оларға жалақы төлеу ҚР ЕК-не, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

7.4.    Қоса атқаратын жұмыс үшін төленетін үстеме ақы (атқарылатын жұмыстың көлемінің ұлғайылуы не уақытша жұмыста жоқ адамды ауыстыру жағдайына байланысты) және бірнеше мамандылықты талап ететін жұмысты орындағаны, жаңа технологияны меңгергені үшін қызметкерге құрылым бөлімше басшысының ұсынысы негізінде жұмыс берушімен айқындалады.

7.5.    Қоғамдық және өндірістік маңызы бар уақытша не бір реттік жұмысты орындағаны үшін, жұмыс берушінің актілерінің негізінде айқындалатын, қызметкерге негізгі қызметпен теңдей, үстеме ақы төленеді.

7.6.    Еңбек қызметін атқару барысында қол жеткізген жоғары көрсеткіштері үшін, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес, жалақыға қосымша үстеме ақы төленеді.

7.7.    Өндірістің және атқарылатын жұмыстың сапалылығын арттыру мақсатында дифференциалды негізде, жұмыс берушінің актілерімен ынталандыру сипатындағы жалақы төлеу жүйесі енгізіледі.

7.8.    Қызметкерлерге сауықтыру үшін төленетін жәрдемақылардың тізімі және жәрдемақының көлемі де жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

7.9.    Қызметкердің уақытша еңбек жарамсыздығына байланысты демалыста болуы, кадр бөліміне өткізілетін уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парағымен расталады. Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша қызметкерге Қазақстан Республикасының актісімен бекітілген көлемде жәрдемақы сақталады.

Ескертпе: Еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады (ҚР ЕК 159-б. 2-т.). 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы              № 1339 Қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау Ережесінің 6-тармағына сәйкес айлық жәрдемақы көлемі он бес еселенген  айлық есептік көрсеткіш шамасынан аспауға тиіс.

7.10.        Құрылым бөлімше басшысы, уақытша еңбекке жарамсыздығы басталған бірінші күнінен бастап қызметкермен оның уақытша еңбекке жарамсыздығы оқиғасы туралы хабардар болуы тиіс.

Құрылым бөлімше басшысы, өзінің тікелей бағыныштағы қызметкері уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы оқиға болғанын кадр қызметінің басшысын хабардар етуге міндетті.

Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша демалыста болған қызметкерлерге қатысты, жұмыс уақытын есептеу табелін толтыруға міндетті тұлғамен, жұмыс уақытын есептеу табеліне «ауырып жатыр - а» деген мәліметті енгізеді.

 

8.  Өндірістік және қаржылық-шаруашылық қызмет

 

8.1.    Өндірістік және қаржылық тәртіпті сақтау, сонымен қатар, Университетке бекітілген мемлекеттік мүлікті есепке алу, мемлекеттік мүлік туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама, Университет Жарғысы, Ішкі еңбек тәртібі Ережесі, бөлімдер және басқа да құрылым бөлімшелері туралы Ережелер, лауазымдық нұсқаулар және Университет қызметкерлерімен жасалған еңбек шарттары негізінде іске асырылады.

8.2.    Университет құрылым бөлімше басшыларының жауапкершілігі, олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып, заңнама нормаларымен, Университеттің нормативтік актілерімен және жекелік маңыздылығы бар актілермен – лауазымдық нұсқаулармен, бұйрықтармен, өкімдермен, еңбек шарттарымен және сенімхаттармен жүктелген міндеттерді орындамауымен айқындалады.

Құрылым бөлімше басшыларының және басқа да қызметкерлердің мақсаты Университеттің Ғылыми кеңесі, ректораты, факультеттердің Ғылыми кеңес шешімдерімен, еңбек ұжымының жалпы жиналысы шешімімен, жұмыс берушінің жекелеген тапсырмасымен де анықталуы мүмкін.

8.3.    Кемінде жылына бір рет, өндірістік-ғылыми, оқу-методикалық және әлеуметтік-экономикалық қызмет мәселелерін талқылаумен байланысты, университеттің құрылым бөлімшелерінің еңбек ұжымымен жұмыс берушінің өкілдерінің проректорлар, департамент директорлары, басқарма басшылары және басқа да лауазымды тұлғалармен кездесулер ұйымдастырылады.

8.4.    КР ЕК-нің 22-бабының 2-тармағына сәйкес қызметкер өзіне жүктелген еңбектік міндеттерін еңбек және ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға (1-тармақша), еңбек тәртібін сақтауға (2-тармақша), жұмыс орнында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі туралы талаптарды сақтауға (3-тармақша), жұмыс берушінің және басқа да қызметкердің мүлкіне ұқыпты қарауға (4-тармақша), адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ахуалдың туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға (5-тармақша), еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етпеуге (6-тармақша), жұмыс берушіге келтірілген зиянды, заңнамамен белгіленген тәртіпте, өтеуге міндетті (7-тармақша).

8.5.    Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі жұмыс берушінің өкілі (бұдан әрі – ЕК және ТҚ) жұмыс орындарында еңбек және өрт қауіпсіздігі жөнінде жағдайларды анықтауға қатысады.

8.6.    Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі туралы талаптарды бұзғаны үшін және, сонымен қатар, Университеттің мүлкіне келтірілген зияны үшін жұмыс беруші қызметкерді тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартуға деген құқығымен иемденеді.

8.7.    ҚР ЕК-нің 50 және 316-баптарына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы талаптарды бұзған қызметкерлерді жұмыс беруші жұмыстан шеттетуге құқықты.

8.8.    Университеттің құрылым бөлімшелерінің басшылары, бекітілген тәртіпте қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін және еңбегін қорғауды және мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

8.9.    Азаматтық заңнама нормасының, коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнама, мемлекеттік мүлік туралы заңнама, білім және ғылым қызметі заңнама негізінде, Университет Жарғысымен айқындалатын міндеттерді іске асыру мақсатында Университет деңгейінде құрылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге және қоғамдық бірлестіктерге олардың қызмет ету уақытына сол ұйымдардың Жарғыларымен көрсетілген тәртіп және шарттары негізінде бөлмелер бекітіледі.  

 

9.  Қызметкерлердің еңбегін қорғау және еңбек

қауіпсіздігі туралы шарттар

 

9.1.    Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс берушінің қызметі еңбек заңнамасына, Университеттің нормативтік актілеріне және осы шарттың ережелеріне негізделеді.

9.2.    Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бағытында, ҚР ЕК-нің 314 бабының 7)-тармақшасына сәйкес, қызметкер жұмыс берушіден жұмыс орнының сипатымен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, туралы дәйекті ақпарат алуға құқылы.

9.3.    Жазатайым жағдайлар орын берген жағдайда, ҚР ЕК-нің 323-бабына сәйкес, жұмыс берушінің өкілі, зардап шеккен қызметкерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға, жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге міндетті.

9.4.    Қызметкердің еңбектік қызметімен байланысты жазатайым жағдай туралы ақпарат, сол жағдай орын берген сәттен бастап, бір сағаттан кешіктірімей, Университеттің құрылым бөлімшесінің басшысы жұмыс берушінің өкілі хабардар етуге міндетті.

9.5.    Қызметкердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау бағытында, ішкі мониторингті жүргізу және өндірістің қауіптілік қатерін анықтауды, Университеттің құрылым бөлімшелерінің басшыларымен біргелікті, ЕК және ТҚ бөлімінің лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.

9.6.    Қызметкердің еңбектік қызметімен байланысты жазатайым жағдайды тергеп-тексеру жұмысы Кәсіподақ өкілінің қатысуымен жүргізіледі. Жазайым жағдайды тергеп-тексеру ҚР ЕК-нің 323, 324, 325-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

9.7.    ҚР ЕК-нің 314-бабының 15-тармағына сәйкес, медициналық қорытынды (ұсыным) негізінде, қызметкердің еңбек ету қабілеттілігінің жоғалтылуына негіз болған әрбір жазатайым жағдай ол туралы Актіні жасау нысанында рәсімделді. ҚР ЕК-нің 326-бабының 1-тармағына сәйкес Актіге ЕҚ және ТҚ бөлімінің басшысы, Кәсіподақ өкілі қол қояды және жұмыс берушінің өкілімен бекітілген тәртіпте ұйымның мөрі қойылып рәсімделеді. ҚР ЕК-нің 326-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74-п «Өндірістегі жазатайым жағдаймен байланысты құжаттамалардың нысандарын бекіту туралы» Бұйрық негізінде Акт тергеп-тексеру материалдарды негізінде жасалады.

9.8.    ҚР ЕК-нің 326-бабының 8-тармағына сәйкес Актпен рәсімделген жазатайым жағдай уақытша еңбекке қабілетсіздік және өндірістік жарақат алу жайлы статистикалық есепке енгізіледі.

9.9.    Статистикалық есеп жүргізуге бағытталған қызмет тәртібі ҚР ЕК-не, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 9 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына және 2007 жылғы 21 тамызындағы № 720 Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібі туралы» Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

9.10.        Статистикалық есеп жүргізудің негізін алғашқы құжаттамаларда бар ақпараттар құрайды. Алғашқы құжаттама – өндірісте орын берген жазатайым жағдаймен байланысты жұмыс берушімен жасалатын құжаттар.

 

  • Әлеуметтік-тұрмыстық міндеттемелер

 

10.1.        Еңбек заңнамасына сәйкес (ҚР ЕК-нің 312-бабының 1-тармағына) денсаулығына зиянды және қауіпті еңбек жағдайында қызмет атқаратын қызметкерлердің медициналық бақылауда болуын жұмыс беруші қамтамасыз етеді. Басқа санаттағы қызметкерлерді медициналық қарау жұмыс берушінің есебінен, жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

10.2.        Науқастығының ауырлығын ескеріп, отбасылық жағдайына, қызмет өтіліне байланысты Кәсіподақ қызметкерге материалдық көмек көрсетуге және санаториялық-курорттық ем қабылдауымен байланысты шығынын толық не ішінара өтейді.

10.3.        ҚР ЕК-нің 314-бабының 2-тармақшасына сәйкес зиянды және қауіпті жұмыс жағдайында қызмет атқаратын қызметкерлер, жұмыс берушінің есебінен, жекелік қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі және ҚР ЕК-нің 317-бабының-1 тармағының 6)-тармақшасына сәйкес арнайы емдік тағаммен қамтамасыз етіледі.

10.4.        Мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарға тартылатын қызметкерлердің және, сонымен қатар, қан тапсыратын қызметкерлердің, сол күнге, жұмыс орны мен жалақысы сақталады.

10.5.        Аудиторияларда, оқу-өндірістік ғимараттарында және жатақханаларда белгіленген талаптарға сай санитарлық жағдайдың сақталуы жұмыс берушінің өкілдеріне жүктеледі.

10.6.        Университет қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне - материалдық көмек көрсету, әлеуметтік-мәдени және ғылыми-білім беру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, сауықтыру және демалуын ұйымдастыру мақсатында, жұмыс беруші Кәсіподаққа Университет қызметкерлерінің жылдық еңбекке ақы төлеу қорынан бір пайыз шегінде қаражат бөледі.    

Қызмет көрсету аумағының кеңеюінен, жұмыс көлемінің ұлғаюына байлансты, Кәсіподақтың басқару аппаратының қызметкерлеріне, жұмыс берушімен бөлінетін қаражат есебінен оларға үстеме ақы тағайындалады.

Бөлінетін қаражаттың қолдану шегінің басқа негіздері осы шарттың тараптарымен қол қойлатын, қосымша келісіммен айқындалады.

10.7.        Университеттің білім алушылары болып табылатын балалары бар қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында, әр оқу жылына оқу ақысын кеміту арқылы келесі жеңілдіктер тағайындалады: Университетте 3 жылдан артық еңбек өтілі болған жағдайда 5 %, 5 жылдан артық – 10 %, 7 жылдан артық - 15%.

10.8. Университет қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне, Ыстық-Көл көлінің жағалауында орналасқан Спорттық сауықтыру лагеріне (бұдан әрі - Спорттық сауықтыру лагері) жолдама алуға байланысты кәсіподақ комитетінің шешімімен өтемақы беріледі. Өтемақының мөлшері кәсіподақ комитетінің шешімімен айқындалады.

10.9. Спорттық сауықтыру лагерінің басшысы жолдама алған тұлғаларға және Спорттық сауықтыру лагеріне жұмыс берушінің және кәсіподақ комитетінің төрағасы тапсырмасымен келген жауапты қызметкерлерге лагерде тұру және орындарды (төсек орындарды) бөлудің шарттарын сақтауға жауап береді.

10.10. Спорттық сауықтыру лагерінде бекітілген мемлекеттік мүлік қатаң есепке алынады. Мүлікті пайдалану және олардың жағдайы туралы, сонымен қатар, есеп саясатының мәліметі туралы жыл сайынғы есебі, Спорттық сауықтыру лагерінің басшысымен Университеттің бюджеттік саясат және экономикалық жоспарлау Басқармасының басшысына беріледі.   Есептіліктің нысаны және оның берілу мерзімі экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректормен бекітіледі.

10.11. Қызметкерлердің Спорттық сауықтыру лагерінде тұру жағдайларына бақылауды кәсіподақ комитетінің өкілі жүзеге асырады. Мемлекеттік мүліктің сақталуына бақылауды жұмыс берушінің өкілі жүзеге асырады. Жұмыс берушінің өкілі жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.

10.12. Спорттық сауықтыру лагері басшысының қызметкерлердің Спорттық сауықтыру лагерінде тұруы (мекендеуі туралы), сонымен қатар, мемлекеттік мүлікті пайдалану жағдайлары туралы кешендік есебі, ағымдағы жылда өткізілетін, жұмыс беруші өкілдерінің қатысуымен кәсіподақ комитетінің екінші отырысында тыңдалады.

10.13. Спорттық сауықтыру лагерінің жауапты қызметкерлерінің өкілеттіктері мен олардың материалдық жауапкершіліктерінің шегі Қазақстан заңнамасымен, ішкі еңбек тәртібі Ережесімен, лауазымдық нұсқаулармен, еңбек шартымен, кәсіподақ комитетінің шешімімен және жұмыс берушінің актісімен айқындалады.    

 

  • Біргелікті қызмет

 

11.1.    Тараптар келесі мәселелерге байланысты біргелікті шешім қабылдайды:

11.1.1. жұмыстар мен лауазымдар тізбесін анықтай отырып, қосымша жылдық еңбек демалысына деген құқығы бар қызметкерлердің еңбек демалысы кестесін бекітуге;

11.1.2. Университеттің нормативтік актілерінің жобасын қабылдауға;

11.1.3. ҚР ЕК-нің 71-бабына сәйкес қызметкерді материалдық және моралдық мадақтау жөніндегі бұйрықтарды қабылдауға;

11.1.4. Кәсіподақтың сайланған қызметкерлерін тәртіптік және материалдық жауапкершіліктерге тартумен байланысты шешімдерді қабылдауға.

11.2.    Тараптар Университет мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды біргелікті іске асырады.

11.3.    Кейбір жекеленген санат құрамындағы қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мақсатында, олардың еңбек өтілін және атқарған ерекше қызметін ескере отырып, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ардагерлері туралы» Ереже қабылдайды.

11.4.    Қызметкерлердің және басқа тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнама нормаларын іске асыру мақсатында тараптар «Университеттің лауазымды тұлғаларымен өтініштерді қарау тәртібі туралы» Нұсқаулықты қабылдайды.

11.5.    Жұмыс берушінің шешімдерін, актілерін – бұйрықтарын және өкімдерін, хаттамаларды қабылдауда және іс өндірісін жүргізуде Университеттің құрылым бөлімшелерінің басшылары, өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №1570 «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес қызметін атқарады.

11.6.    Құрылым бөлімше деңгейде, барлық кіріс құжаттары, бекітілген тәртіпте тіркелуге және олар бойынша міндетті түрде шешімдер қабылдануы тиіс.

Жоғарыда көрсетілген үлгілік қағидаларды іске асыру мақсатында, құрылым бөлімше деңгейінде - кафедралар, деканаттар, бөлімдер және басқармалар, департаменттер, ҒЗИ, ҒО және басқа да құрылым бөлімшелерінде өндірістік тәртіпті сақтауға байланысты кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу жүрналдары (жекелеген түрде) және өтініштерді тіркеу журналы (бөлек түрде) жүргзілуі тиіс.

11.7.    Осы шарттың 11.4. - 11.6. тармақтарында көрсетілген талаптарды орындамау, лауазымды тұлғаларды тәртіптік жазаға тартуға негіз болып табылады.

Еңбек заңнамасы нормаларын сақталуына және еңбек тәртібін сақталуына бақылауды Әкімшілік департаменті және құрылым бөлімшелер басшылары жүзеге асырады.

11.8.    Жұмыс беруші Кәсіподақпен бірлесе отырып келесі іс-шараларды қаржыландырады: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелері ұйымдастыруға және өткізуге; 2) Ұлы Отан Соғысының және еңбек ардагерлерін қошеметтеуге.

11.9.    Университеттің қызметкерлерін әлеуметтік қорғау бағытындағы жұмысты ұйымдастыруға келесі іс-шараларды атқарады: мемлекеттік пәтерді жалға алу бағдарламасына және мемлекеттік үй құрылысы бағдарламасына еңгізу; материалдық көмек көрсету.

 

12.  Кәсіподақ қызметінің кепілдігі

 

12.1.        Кәсіподақ мүшесі, ақысыз негізде, заң көмегін алуға және Кәсіподақ тарапынан материалдық, моралдық қолдаумен пайдаланады.

12.2.        Заң бөлімімен және басқа да Университеттің құрылым бөлімшелерімен біргелікті, Кәсіподақ еңбектік заңнаманы сақтау және дұрыс қолдануды қоғамдық негізде бақылайды.

12.3.        Кәсіподаққа мүшелік жарналарын жинау қолма-қолсыз кәсіподақ мүшелері болып танылатын қызметкерлердің жалақысынан ұстап отыру тәртібінде жүзеге асырылады.

12.4.        Кәсіподаққа сайланған қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту және онымен еңбек шартын бұзу, еңбектік заңнамаға сәйкес, Кәсіподақтың келісімі негіз жүзеге асырылады.

12.5.    Кәсіподаққа сайланған құрылым бөлімшелерінің қызметкерлері университеттің ҒЗИ, ҒО, деканаттардың және басқа да құрылым бөлімшелерінде шешім қабылдаумен байланысты үдеріске қатысады.

12.6.    «Парасат» кәсіптік одағының сайланған қызметкерлері факультет ғылыми кеңесінің құрамына кіреді.

12.7.    Кәсіподақ, ақысыз негізде, кәсіподақтың Жарғысына сәйкес, Университеттің нормативтік актілеріне және Университет құрылым бөлімшелерінің жұмыс жоспарларына сәйкес кәсіптік қызметін атқарумен байланысты өзіне бөлінген бөлмелермен пайдаланады.

 

  • Кәсіподақ комитетінің міндеттемелері

 

13.1.    Кәсіподақ комитеті өзіне жүктелген қызметті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, қазақстан Республикасының кәсіптік одақтар туралы заңнамасына, кәсіподақ Жарғысына және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

13.2.    Еңбек ұжымы мүшелерімен ішкі еңбек тәртібі кестесін және жұмыс берушінің басқа да актілерін сақтауын бақылауға қатысады.

13.3.    Өзінің қызметін атқаруда кәсіподақ мүшелерінің творчествовалық жігерлігіне және еңбектің сапалығын арттыру, еңбектік қатынастар тараптарының құқықтары мен мүддемелерін қорғау қағидаттарын басшылыққа алады.

13.4.    Қызметкердің денсаулығын, тұрмыстық жағдайын, еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралардың өз уақытында өткізілуін қоғамдық негізде бақылауды жүзеге асырады.

13.5.    Қызметкерлердің өз лауазымына сәйкестігін анықтауға байланысты оларды аттестациядан өткізуге және педагогикалық және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымына конкурстық негізде іріктеуге қатысады.

13.6.        Өткізілетін іс-шаралар жөнінде және сол іс-шараларды мақсаттары және міндеттері туралы жұмыс берушіні ескертуге міндетті.

13.7.    Университет әкімшілігі мен бөлінетін бөлмелерді және құралдарды, мәдени-ұжымдық, ағартушылық, дене шынықтыру іс-шараларын өткізуімен байланысты, сақтауға және сол мақсатқа қолдануға міндетті.

13.8.    Университеттің кәсіподақ активі мен қызметкерлеріне сертификаттар берумен байланысты семинар-тренингтерді өткізеді.

13.9.    Университеттің заң бөлімнінің қызметкерлері мен біргелікті, еңбектік, өндірістік және әлеуметтік қайшылықтар туындаған жағдайда, кәсіптік одақтың және Университеттің мүдделерін сотта және басқа да органдарды білдіреді.

 

14.  Ұжымдық шарттың талаптарының

орындалуын бақылау

 

14.1.    Ұжымдық шарттың талаптарының орындалуын бақылауды келісім комиссиясы жүзеге асырады.

14.2.    Кемінде жылына бір рет, біргелікті жасалған жоспарға сәйкес, тараптар ұжымдық шартта белгіленген міндеттемелердің өз уақытында орындалуы жөнінде біргелікті отырыстар өткізеді.

14.3.    Осы ұжымдық шарттың мерзімінің аяқталуына негіз, жаңа ұжымдық шарттың жобасын жасауға және, соған байланысты ұжымдық келіссөздер жүргізу мақсатында тараптар тең жағдайда өз өкілдерінің қатысуымен келісім комиссиясын құрады.

14.4.    Ұжымдық шарттың мазмұнына байланысты, есеп беру материалдарын дайындауға қажетті барлық мәліметтерді тараптар беруге міндетті.

14.5.    Есеп материалдары келісім комиссиясымен дайындалады.

 

  • Қорытынды ережелері

 

15.1.        Осы ұжымдық шартқа сәйкес іс-шаралар келісімшарттарында көрсетілген айқындалған іс-шараларды қаржыландыру және жоспарлау жұмыстары, келісім комиссиясы шешімімен және/немесе конференция шешімң негізінде жүзеге асырылады.

15.2.        Тараптар 2013 жылдың 31 тамызына дейін, біргелікті, келесі актілерді қабылдауға міндеттенеді:

1) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайын жақсартуға және өндірістік жазатайым оқиғаларға жол бермеуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс шаралар жөніндегі кешендік жоспарын;

2) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлерінің жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысына, қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығына және жалақыға қосымша төленетін үстеме ақыға деген құқығын анықтауға байланысты зиянды (өте зиянды) не қауіпті (аса қауіпті) мамандықтар мен лауазымдар тізбесін;

3) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде арнайы киіммен және басқа да жекелік қорғау құралдарымен қамтамасыз етілетін қызметкерлердің мамандығының және лауазымның тізбесі;

4) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылым бөлімшелерінің ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Минитрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі №184-п Бұйрығына сәйкес арнайы тағаммен қамтамасыз етілуге құқығы бар қызметкерлерінің тізбесін;

5) Университеттің материалдық жауапкершіліктегі лауазым тізімдерін бекітуге;

 

6) мемлекеттік мүлікті сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, материалдық құндылықтарды және басқа да сеніп тапсырылған мүлікті рационалды пайдалануға байланысты, толық жеке және толық ұжымдық материалдық жауапкершілік туралы шарттардың нысандарны әзірлеп және бекітуге.