- •5В050600 - «Экономика» мамандығы бойынша
- •Глава 3.
- •2. Тұтунушылардың құқықтары және оларды қорғау
- •Глава 2. Бөлшек саудада сатып алу-сату шарты ……… Сауда қызметiн реттеу туралы ішкі ережелер……………………
- •Iшкi сауда ережесi
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Iшкі сауда қызметінің субъектiлерi мен объектiлерi
- •3. Сауда қызметiн жүзеге асыруға қойылатын талаптар Параграф 1. Сауда қызметін жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар
- •Параграф 2. Сауда объектiлерiне қойылатын талаптар
- •Параграф 2-1. Мейрамхана, дәмхана, бар, асхана санаттары бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметін жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар
- •Параграф 3. Сауда қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру кезiнде қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық талаптар
- •4. Iшкi сауданың түрлерi
- •Параграф 2. Бөлшек сауданы жүзеге асыру тәртiбi
- •Параграф 3. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң сауданы жүзеге асыру тәртiбi
- •5. Сауданың өзге де түрлерiн жүзеге асыру тәртiбi Параграф 1. Аукциондық сауда
- •Параграф 2. Комиссиялық сауда
- •2.1 Ортақ меншік құқығы
- •Ұжымдық келісім-шарт жасау туралы
- •Глава 3
- •Глава 1. Общие положения о договоре купли-продажи……………
- •Глава 2. Договор розничной купли-продажи……………………………
- •Глава 3. Защита прав граждан-потребителей в сфере торгового обслуживания
- •Параграф 1. Азық-түлiк тауарларын сатуға қойылатын талаптар
- •Параграф 2. Нан-тоқаш және кондитерлiк өнiмдердi сатуға қойылатын талаптар
- •Параграф 3. Тоқыма, трикотаж, тiгін және үлбiр тауарлары мен аяқ киiмдердi сатуға қойылатын талаптар
- •Параграф 4. Тұрмыстық мақсаттағы техникалық жағынан күрделi тауарларды сатуға қойылатын талаптар
- •Параграф 5. Парфюмерлiк-косметикалық тауарларды сатуға қойылатын талаптар
- •Параграф 6. Жеңiл автомобильдердi, мототехникаларды, тiркемелердi және нөмiрлi агрегаттарды сатуға қойылатын талаптар
- •Параграф 7. Қымбат бағалы металдардан және қымбат бағалы тастардан жасалған бұйымдарды сатуға қойылатын талаптар
- •Параграф 8. Аудио, аудиожазба өнiмдерiн және электрондық есептеу машиналары мен дерекқорларға арналған бағдарламаларды сатуға қойылатын талаптар
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Қорғауға жіберіледі
Кафедра меңгерушісі
э.ғ.д., профессор
З.А. Сальжанова
__________________
«___»_________2015ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Тұтыну құқығын қорғау Қоғамдық бірлестігі»
5В050600 - «Экономика» мамандығы бойынша
Орындаған: Зейнуллаева. А.Т
Ю-32 қ топ студенті
Ғылыми жетекші
э.ғ.д., проф. Б.Алиімжанович
Қарағанды 2015
Зан4 май 2010 ж Содержание
Мазмұны:
Жоспар: 1- бөлім
1. Тұтыну құқығын қорғау туралы заңнын түсінігі мен мақсаты: Қоғамдық бірлестігі
2. Тұтунушылардың құқықтары және оларды қорғау
2- бөлім. 2. Сауда қызметiн реттеу туралы ішкі ережелер,
2.1. Ортақ меншік құқығы;
2.2. Ұжымдық келісім-шарт
3- бөлім. 3. Келісім шарт сату- сатып алу ұғымы және оның элементтері;
3.1. Сатып алу-сату шартының пәні;
3.2. Келісім- шарттың мақсаты мен міндеттері;
Глава 3.
1. Келісім шарт сату- сатып алу ұғымы және оның элементтері; ЗАЩИТА ПРАВ ГРАЖДАН-ПОТРЕБИТЕЛЕЙ В СФЕРЕ ТОРГОВОГО ОБСЛУЖИВАНИЯ
3.1. ………
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қосымша
«Тұтынушылардың құқықтарын қорєау туралы 4 май 2010 ж» Қазақстан Республикасының Заңы тұтыушының құқықтарын регламенттейді және осы құқықтар бұзылған кезде қорғауы, сондай-ақ барлық тұтынщылар үшін тең жағдайлар және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың пәрменді тетігін жасауды қамтамасыз етеді.
Заңда тиісті уәкілетті орган (ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру функцяларын атқарады. Тұтынышуылар құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі фугкцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреттері шегінде барлық мемлекеттік органдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады.
Заңда тұтынушылар құқықтарын қорғаудың негізгі принциптері қамтылған, заң жобасында пайдаланылатын негізгі түсініктер айқындалған. Бұдан басқа, тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) кезінде тұтынушылар мен дайындаушылар, орындаушылар, сатушылар арасында туындаған қатынастарды реттеудің тетіктері айқындалған, тұтынушылардың тиісті сападағы және тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға, тауарлар, жұмыстар, қызметтер мен оларды дайындаушылар (орындаушылар, сатушылар) туралы ақпарат алуға арналған құқықтары белгіленген.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорєау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына сәйкес тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушының өтініші, шағымы бойынша құқықтары мен заңды мїдделерін бұзушылықтарды жою және осы бұзушылықтар арқылы келтірілген залалды (зиянды) тұтынушыға ерікті түрде өтеу туралы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) кінә қоя отырып жүгінуге құқылы (мынаған назар аударамын: өз еркімен емес, тек – тұтынушының өтініші немесе шағымы бойынша).
Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) күнтізбелік он күн ішінде кінә қоюға жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) сотқа жүгінуге құқылы. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушылар мүддесіне орай сотта қарауға жіберетін талап-арыздарға мемлекеттік баж салынбайды.
Осы Заңның 41-бабының негізінде тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар):
1) уәкілетті органға және өзге де мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) тұтынушылардың құқықтарын бұзу фактісін қарауға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік органдарға жүгінуге;
3) тауардың тұтынушылық қасиеттерін, оған сұранысты зерделеуге, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы туралы қоғамдық пікірді анықтау үшін халыққа сауалнама жүргізуге;
4) өтініштер, шағымдар қабылдауды жүзеге асыруға;
5) тұтынушының өтініші, шағымы келіп түскен жағдайда тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасын бағалау мақсатында мемлекеттік органдарға жүгінуге;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен мемлекеттік органдарда, сондай-ақ өзге де қоғамдық бірлестіктерде тұтынушылардың мүдделерін білдіруге;
7) тұтынушылар мүддесіне орай, оның ішінде тұтынушылардың белгісіз тобының мүддесіне орай сотқа талап-арыздар ұсынуға;
8) тұтынушылардың проблемалары мен құқықтары жөніндегі ақпаратты зерттеуге және бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға;
9) әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар негізінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, жобаларды, сондай-ақ жекелеген іс-шараларды іске асыруға құқылы.
Заңға қызметтің мерзімін, тауардың жарамдылық мерзімін, сондай-ақ тауарға кепілді мерзімін айқындаған кезде дайындаушыны айқындау саласында сатушының (дайындаушының, орындаушының) құқықтары мен міндеттемелерін белгілейтін норма енгізілген. Бұл дайындаушының қызмет көрсету мерзімдері мен жарамдылық мерзімдерін белгілеуге қатысуда Заңның нормаларын сақтау жауапкершілігін арттырады.
Заңда қызмет көрсету саласында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау ерекшеліктері, осындай қызмет көрсетуді ұсынуға арналған тұтынушылар құқықтары бұзылуының құқықтық салдардары барынша түбегейлі көрсетілген, дайындаушының (орындаушының, сатушының) құқықтары мен міндеттемелері регламенттелген.
Тұтынушылардың маңызды құқықтарының бірі тиісі сападағы тауарларды айырбастау немесе қайтару құқығы болып қалады. Заңның 14-бабының негізінде ттынушы азық-түліктік емес тауар өзіне берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы) бұдан да ұзақ мерзім жарияламаған болса, сатып алынған тауарды оның бағасында айырма болған жағдайда сатушымен (дайындаушымен) қажетті қайта есеп айырыса отырып, мөлшері, нысаны, ауқымы, пішіні, түсі, жиынтықталымы жағынан басқа, соған ұқсас тауарға айырбастап алуға құқылы. Сатушыда (дайындаушыда) айырбастауға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға (дайындаушыға) қайтарып беруге және оған төленген ақшалай соманы қайтарып алуға құқылы. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды сатып алу орны айырбастау немесе қайтарып беру орны болып табылады.