Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

sayasat_shpor

.docx
Скачиваний:
48
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
120.69 Кб
Скачать

Саяси даму және модернизация=Саяси даму деп саяси іс-қимылдар,саяси мәдениетке және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар.Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп,баяу дамиды.Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды.Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін.Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу(модернизация) теориясы атқарады. Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі.

Саяси жетекшілік архетиптері?=Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер),серкелердің орны ерекше.Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп,қорғай білетін,бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың ,аймақтың,мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп,белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті.Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын,бірақ саяси өмірде беделді,аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.=Архетип (грек, агсһе — бастау, tupos — бейне) — алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип жалпы адамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығармашылық жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәдени архетиптер — бұл ілкі мәдени түпнүсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, казіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар. Архетип туралы ілімдер К. Юнгтің «аналитикалық психологиясында», Выготскийдің «мәдени-тарихи теориясында», Дж. Кулидің «Рәміздік интеракционизмінде» және мәдениетті құндылық-рәміздік жүйе мен адамдар тіршілігінің рухани интенциясы деген түсініктерде жан-жақты дамытылды. К. Юнгтің аналитикалықпсихологиясында архетип көмескі сананың тылсымдық құрылымдарында «ұжымдық бейсаналық» түпнұсқалар ретінде.

Саяси жетекшіліктің функциялары мен типологиясы?=Лидерлерді өздерінің лидерлік функцияларын жүзеге асыру тәсілдері бойынша авторитарлық және демократиялық деп бөлуге болады.Авторитарлық лидер өз қызметінде қысым көрсету, мәжбүрлеу, бағындыру әдістеріне басымдық беріп, бағынушысының жақсы атқарушы болуын талап етеді. Демократиялық лидер бағыныштыларына еркіндік пен жауапкершіліктің белгілі бір дәрежесін бере отырып, олардың дербестігін, бастамасын қолдауға ұмтылады.

Саяси жүйе: түсінігі, мәні мен құрылымы? =Саяси жүйе дегеніміз қоғамдағы адамдардың саяси іс-әрекеттерін анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтын институттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы.Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады:=Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдар кіреді;=Нормативті құрылым, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады;=Мәдени құрылым, саясаттың ішкі эмоционалды жақтарын қарасырады=Коммуникативті құрылым қоғамдағы саяси билік қатынастарын қамтиды;=Функционалды құрылымға әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады

Саяси жүйенің типтері мен функциялары?=Саяси жүйе дегеніміз қоғамдағы адамдардың саяси іс-әрекеттерін анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтын институттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы.Саяси жүйенің жұмыс жасап, дамуы оның «кірісі» мен «шығысына» байланысты. Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе кеілпеушіліктер. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол шығыс деп аталады. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағы басқалары. Саяси жүйенің басқа қоғамның жүйелерден айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар.=Саяси жүйе төмендегідей қызметтеді атқарады:=1.Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде,қалыптарда бекітілген, яғни институтционалданған түрі. Сондықтан ол конститутцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнайды.Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.=2.Саяси жүйе қоғамдық қатнастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.=3.Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық қызметті атқарады.Ол ортақ әлеуметтік-саяси мақсаттармен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар,таптар,жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді.=4.Экономиканың қалыпты жұмыс істеп,прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы,саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді,қаржы жүйесін реттейді,салық саясатын жүргізеді.=5.Қоғамды,оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы,ұйымдасқан қылмыс,сыртқы агрессиядан (әскери, экономикалық,информациялық) және т.с.с.

Саяси манипуляциялау мақсатында БАҚ-ты пайдалану===Саясатта манипуляция ретінде манипулятордың адамды өзі жасауға ықылас білдірмеген əрекетті жасауына итермелеуі сипатындағы əсер ету түрін түсінеді.Адамға манипуляциялық əсер ету барысында ол сыртқы мəжбүрлеуді сезінбейді, өзі шешім қабылдап, өзінің жүріс-тұрысының нысанын өзі таңдаған сияқты əсерде болады.азаматтар мен демократиялық мемлекет құрылымына бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) саяси манипуляция, яғни адамдардың саяси санасы мен жүріс-тұрысына олардың өз мүддесіне сəйкестігіне қарамастан əрекет немесе əрекетсіздік жасауы мақсатында жасырын басқару жасау үшін пайдалану үлкен қауіп төндіреді. Оның үстіне манипуляция тек өтірікке негізделеді. Ал, бұл өтірік құтқаруға бағытталмаған, керісінше пайдакүнемдікке қызмет етеді.Қазіргі саяси кеңістікте нақты жағдай жайлы білу əрқашан БАҚ-пен байланысты, азаматтар болған жайды содан көріп біледі, сондықтан да орын алған жағдай мен берілген ақпаратты айыру қиын.Саяси манипуляцияның тек БАҚ қызметіндегі басым бағыт болып табылатын тоталитарлық жəне авторитарлық мемлекеттерде ғана кең пайдаланылмайтындығын, сонымен қатар, партиялық насихаттау шаралары мен сайлау алды науқандарда қазіргі батыстық демократиялық мемлекеттерде де көп қолданылатындығын айта кету қажет. Бүгінгі күні батыс жəне өзге көптеген мемлекеттердегі президенттік немесе парламенттік сайлау науқандары бір-бірімен астасып, нақты саясаткер жайлы шындықтан алыс түсінік қалыптастыратын жарнама мен саяси манипуляция тəсілдерінсіз өткізілмейді.

Саяси мәдениеттің мәні.Құрылымы мен функциялары?=Саяси мәдениет дегеніміз, қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, құндылықтардың, саяси дәстүрдің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси іс-әрекетті бағыттап, бақылай алады. Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы=Адамзаттың саяси мәдениеті – ерте дәуірден біздің заманымызға дейінгі адамзаттың саяси қызметінің бар байлығын бойына жинақтаған күрделі құрылым. Аталмыш қызметтің ұйымдастырушы өзегі субъект-субъектілік қатынастарда билікті қалыптастыру мен пайдалану болады. Бірақ,адамның барлық саяси қызметінің тарихи дамитын негізі, стихиясы мен шынайылығы саяси мәдениет болады.Саяси қызмет үшін қажетті теориялық идеяларды, көзқарастарды, ұйымдастыру формаларын, принциптер, әдістер, құралдар, жүріс-тұрыс актілерін адамзат саяси мәдениеттен алған және алып та жатыр.=Саяси мәдениет туралы барынша кең мағлұмат алу мақсатында оның құрылымы мен функциональдық мәнін қарастыру қажет. Осы ретте әртүрлі тарихи, әлеуметтік-таптық, аймақтық, этникалық, функционалдық және т.б.критериилерді басшылыққа ала отырып, адамзаттың қалыптасқан саяси мәдениетін құрылымдау мүмкін болады.

Саяси модернизация теориялары мен модельдері=Саяси модернизация теориялары: 1)50-60жж. Кең тарағанның бірі – бейімделудің сызықтық теориясы.Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша,дәстүрлік деңгейдегі елдер ерте ме,кеш пе капиталистік даму жолына түседі.Мысалы,саяси салада парламенттік жүйе және партиялық институттарды орнату,билікті тармақтау,оның жаңа шығарушы және атқарушы органдарын,көппартиялық жүйені жаңғырту.Бұл мағынада бейімделу-осы жолға түскен елдердің әлеуметтік экономикалық және саяси дамуының алғашқы шарты.60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді.Олардың ойынша,әртүрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын,мәдениет жағынан болсын бірыңғай болмайды.2)Сондықтан 70-80жылдары жаңа жағдайға бейімделу мен келешектегі дамудың арасындағы байланысқа қатысты қөзқарас қайта қаралды.Бейімделуді дамудың шарты емес,қызметі ретінде қарайтын болды. Бейімделудің либералдық және консерваториялық қөзқарастары бар.Либералдар жаңа жағдайға көшуге орта тапқа,халықтың білім дәрежесіне баса назар аударады.Консерваториялық бұған керісінше қарайды.олардың ойынша,демократиялық үрдісте тәрбиеленбеген,билік институттарын дұрыс пайдаланып басқара білмейтін халықты билікке араластырып керегі жоқ.

Саяси модернизация түсінігі мен мәні=Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі.Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің,соған бейімделудің әртүрлі қыры бар.1)Құрылымдық бейімделу.Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік экономикалық,саяси және басқа институттар жүйесінің қалыптасуын қамтиды.2)Азаматтық.Жаңғыру барысында дәстүрлік қоғамның саяси жүйесі де құрылымдық өзгерістерге ұшырайды.Солардың ішінде елеулі саяси көрінісі – азаматтылық,азаматтық құқықтар.3)Саяси қатынасу.Жоғарыда айтылған азаматтық принциптің негізінде азаматтарға қоғамның саяси өміріне белсене қатынасуына кең жол ашылады.Солардың ішінде ең маңыздылардың бірі – сайлау жасына келген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы.4)Қазіргі адам.Мемлекеттік,қоғамдық жұмсытарға белсене араласатын жаңа адам қалыптасады.Бұрынғыдай әдет ғұрып,салт дәстүрді,діни қағидаларды басшылыққа алмайды,өмірдің өркениеті талабына сай,іскерлік көрсетіп,білімді қорытындылар жасап,іс істеуге тура келеді.

Саяси мінез саясаттану пәнінің бағдарламасына кіретін саяси тұлға, саяси талап және қоғамдық пікір, сайлаушылар мінезі, саяси партиялар мен мүдделі топтар, саяси әлеумет¬тендіру, саяси мәдениет бірлестіктегі билікті айқындайтын формуланы қолдануға қажет болады. Аталған мәселелерден байқалғандай, саяси психология мен саяси әлеуметтік мүдде¬лер де саяси мінездің зерттеу саласына жатады.

Саяси партиялар түсінігі. Партияның пайда болуымен мәні?=«Партия» деген ұғым латын тілінен аударғанда «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмадыСаяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі. =Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ.

Саяси процесс түсінігі=Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала - өте күрделі процесс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады.Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейміз.Жалпыұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресмиұйымдар, ақпарат құралдары қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді саяси институттар атқарады. Себебі саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын солар.Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады:1)Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынға мемлекеттік билікті ауыстыруы мүмкін, соның легитимдігін көрсетеді.2)Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.3)Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру.4)Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Саясатта ақиқатты табудың бірден-бір дұрыс жолы демократиялық ойлау жүйесін қалыптастыру екенідігі белгілі. Ал мұндай баламаны ойлау жүйесінің бұған дейінгі тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен идеялардың пайда болуы мен дамуы және жүзеге асу жолдары саяси және құқықтық жолда болашақты дұрыс таңдай білуі оның бұрынғы тарихын жақсы оқып, үйренуге байланысты.

Саяси процестің жіктелуі.Саяси процеске қатысу түрлері=Саяси процесс жіктеліп,топталады.Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді.Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демократиялық және антидемократиялық саяси процесс етіп бөлінеді.Демократиялық түріне халық билейді.Антидем-лық процесте билік автортарлық көсем,монархтың,бір билеуші партияның қолында болады.Атқаратын қызметінің жариялығына қарай ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады.Ашығында азаматтар,топтар билік иституттарымен үздіксіз кездесіп,мақсат мүдделерін білдіріп отырады.Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады.Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне,билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі.Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді,сенімді жұмыс істейді,азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады.Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап,тығырыққа тірелген шағында пайда болады.Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады:1)саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтің өкілдік органдар арқылы;2)азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді.1)азаматтар сайлау,референдум,плебисциттерге қатысу;2)бұқаралық жиналысқа,шеруге,ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал ету.

Саяси психология. Саяси мінез-құлықтың негізгі типтері==Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында,әлеуметтік топтар,таптарда,жеке адамдарда туындайтын сезімдердің,көңіл-күйдің,әдет-ғұрыптардың,мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Саяси психология әртүрлі іс әреткеттерге соған сәйкес сезімін оятып,қоғамдық қозғалыстарға маңызды рөл атқарады.Сондықтан саяси бағытты жоспарлап,оны жүзеге асырарда халықтың саяси психологиясын ескерудің маңызы зор.Себебі,бұл салада қателік қоғамда дау жанжал,шиеленістер,адамдар мен ұлттар арасында егес тудыруы мүмкін. Саяси мінез немесе саяси мінез-құлық – басқару процесіне қатысты адамның ойлары мен іс-қимыл¬дары болып табылады. Саяси мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі, пікірі, мақсаты, нанымы, яғни ішкі әлемінің көрінісі кіреді. Оның нәтижесі мынандай іс-қимылынан білінеді: сай¬лауға қатысы, наразылығын білдіруі, жиналыстар мен нау¬қандарға қатысуы. Кең көлемде саяси мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында, бизнесте, шіркеуде, мешітте байқалуы мүмкін. Алайда бұл термин мемлекеттік институттар шеңберін¬де өрістейтін іс-қимыл әрекетіне байланысты қолданылады.

Саяси сана түсінігі,құрылымы мен функциялары?=Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.==Саяси құрылым - саяси тұтастықтың құрамдас бөліктері, элементтері арасындағы тұрақты және тәртіптелген байланыстар. Саяси құрылым адамның саяси тұрмысын сипаттай алады. Құрылымдандыру - саясат қағидаты, ал құрылым заңдары - саяси тұтастықтың саяси элементтері арасындағы маңызды қажетті байланыстар. Қоғамның құрамдас бөліқтерінің, әлеуметтерінің арасындағы тұрақты және реттелген байланыстар.Саясатта әртүрлі құрылымдық деңгей заңдары бар: саяси институттарды құрылымдандыруды ұйымдастыру заңы; әртүрлі саяси жүйелерді, мемлекеттік басқару мен жетекшілікті құрылымдандыру заңы; саяси үрдістерді құрылымдандыру заңы.Саяси сананың функциялары - саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарымен саналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі

Саяси тәртіп түсінігі мен типтері?=Саяси тәртіп- саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оған демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіш, өлшеуіші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсендігін айтады. Осыған байланысты қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және антидемократиялық деп екіге бөледі. Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап,оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі,қоғамның мемлекеттік – саяси құрылысы жатады. Антидемократиялық тәртіп тотолитарлық және авторитарлық болып бөлінеді.Тотолитарлық латынның бүтіндей тұтас жалпы деген сөзінен тәртіп деп қоғам ,адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік саяси құрылымды айтады. Авторитарлық тәртіп деп күштеуге,жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік саяси құрылысты айтады.

Саяси технологиялар,олардың саясаттағы рөлі мен түрлері=Саяси технологиялар дегеніміз – билік технологиясын өңдеу, билікке күрес, көптеген саяси технологияларды ұстау әрі пайдалану, рухани билікті, адамдардың білімі мен жүрегін қоғамдық ортақ ойлармен жаулап алу – саяси технологияларды құрайды.Саяси технологияның сан алуан түрлері бар. Олардың маңыздылары: саяси маркетинг, саяси жарнама, қоғаммен байланыс орнату (паблик рилейшнз), саяси консалтинг. Саяси технологияларды өңдеу мен пайдалаудағы процестің негізгі маңызы рационализация және оптимизация (құрастыру мағынасында) берілген тапсырмаларды орындау аясында субъектінің мақсатқа бағытталған қызметі. Соңында, саяси технологиялар субъектінің саяси өзгерістері аумағында бақылау және басқару жоспары мүмкіндігін кеңейтеді.

Саяси шиеленіс типологиясы=Әр түрлі мазмұндағы саяси қақтығыстар әлемі біршама дұрысталған көрініс беруі үшін, оның типологиясы, саяси конфликтілердің негізгі типтерін бөліп алу қажет. саяси қақтығыстың  бірінші тобы ретінде ғалымдар мемлекеттік билік жүйесінде пайда болатын мемлекеттік-құқықтық қақтығыстарды есептейді. Бұл типке қақтығыстардың мынадай түрлері жатады:1)заң шығарушы мен атқарушы билік арасындағы қақтығыстар;2)мемлекеттік-құқықтық жүйе және оны өзгерткісі келетін саяси оппозиция арасындағы қақтығыстар;3)мемлекет пен басқа саяси институттар арасындағы қақтығыстар;4)мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қақтығыстар.Заңдылық қақтығысы азаматтарды саяси реттеу формалары, яғни, басқару нормалары және тағы басқа туралы ұсынылған басқару тәртібінің мақсаттары мен құндылықтарын келісу нәтижесінде туады.Бірегейлік қақтығысы әлеуметтік құрылымдық бөлінулердің этникалық немесе басқа халықтық емес сәйкестік, жалпы халықтық бірігу мен белгілі бір саяси жүйеге қарсы әсер етуден тұрады.Саяси араласу қақтығысы билікке өздерінің қарсылықтарын білдіретін белсенді саяси топтар өміріне жасанды қарсылықтарды  енгізетін басқару элитасын құрумен сипатталады.Бөлу қақтығысы басқару элитасының  қоғам үшін материалдық жағдайды қамтамасыз ете алмауы және оны әлеуметтік дифференцацияланған көшу мүмкіндігін  туғыза алмауын білдіреді.

Саяси шиеленіс түсінігі=Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII—VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті жатқызды. Американың әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг "шиеленістің жалпы теориясын" жасады. Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Шиеленістің екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың, талап-тілектің өтелмеуі немесе канағатгандырғысыз өтелуі жатады.Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни, т. б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды.Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туадьі. Келесі кезенде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. . Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін.

Саяси шиеленістерді басқару және шешу логикасы=Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың,оны одан әрі өршітпеудің басты амалы – халықтың әл ауқатын көтеру,елдің жоғары әлеуметтік экономикалық дәрежеде дамуын қамтамасыз ету.Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар:1)дау жанжалға бармау,одан қашқақтау әдісі.М:кейбіреулер бастығымен істесе алмаса,өз еркімен жұмыстан кетеді;2)кейінге қалдыру әдісі.Қарсылықпен ерегіске бармай,бәріне көніп жүре береді.3)Саяси жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу.Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып,өзара кешірімділік жасап,ортақ келісімге келуге тырысады.4)Зорлық негізінде бітістіру,келістіру.Мұндай жағдайда бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда,2-ші жақ жеңілгенде не толық жойып жібергенде туады.5)Аралық сот не арбитраждық сараптау әдісі.Мұнда қарсы жақтар дау,талас тудырған мәселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді.

Саяси элита, оның функциялары мен қалыптасу механизмдері?=Элита” термины француздың elite деген сөзінен шыққан, сұрыпталған іріктелген , таңдалған деген мағынаны білдіреді.XVIII ғ . бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады.ХХ ғасырдан бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы,беделі,билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз,кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды.Орыс филосовы Н.А.Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси элитасанының арасында өзара байланыс барлығын ашып, “элита коэфицентін” шығарды.Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігінің халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқырауға әкеледі.Ал элитаның коэфиценті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым.Саяси элиталарды қалыптастырудың,жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері,көпшілік жұртқа ұнай білу қабілетібасты орын алады.Мұнда кандидаттың байлығына,кәсібіне,біліміне,мамандығына, т.с.с. Онша мән берілмейді.Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын,жасампаздығын,белсенділігін көрсете білу қажет.Мысалы,АҚШ -та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды.Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен,демократиялылығымен,үміткерге қойылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл тү кең тараған.

Тоталитаризм саяси тәртіп ретінде?=Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз.Дегенмен тоталитаризм ХХ ғ. жемісі болып саналады. Ғасырдың саяси процесіне өзіндік қолтаңбаларын қалдырған ірі тоталитарлық мемлекеттер осы ХХ ғ. пайда болды. Тотолитарлық латынның бүтіндей тұтас жалпы деген сөзінен тәртіп деп қоғам ,адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік саяси құрылымды айтады. Тоталитарлық режимдер демократиялық дәстүрлері әлсіз әлемнің көптеген елдерінде қалыптасты, олар: азаматтық соғыстың нәтижесінде демократиясы күйреген Испания, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, Румыния, Албания, Югославия. Чехословакия, Венгрия, Польша, ГДР секілді социалистік бағыттағы Еуропаның бірқатар елдерінде КСРО-ның қысымымен тоталитарлық тенденциялар қалыптасты.

Тоталитаризмнан демократияға көшу=Тоталитаризм – әрбір азаматтық қоғам барлық саласы мен мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік – саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Мұндай тәртіпте өндіріс, экономикаға, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. тегіс бақыланады. Тоталитарлық тәртіптен демократиялық тәртіпке көшу әр елде әр түрлі өтеді.2-ші дүниежүзілік соғыстан кеін Германия,Италия,Жапония буржуазиялық демократиялық тәртіп АҚШ-тың әскери күшінің көмегінің арқасында орнады.Португалия,Испания,Греция мұндай ауысу дамыған капиталистік елдердің қаржылық-экономикалық,саяси және моральдық-психологиялық қолдауының,сүйемелдеуінің арқасында жүзеге асты.Қазір Шығыс Еуропа елдері мен бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының демократиялық тәртіпке өту барысында Батыстың көмегіне сенуге болады.Бірақ ол үшін бұл елдер Батыстың талабына сәйкес дамуы шарт.

Тұлға саясаттың субьектісі мен обьектісі?==Тұлға саяси субъект те, объект те бола алады. Адамдардың өз бойында мұндай қасиеттерді орнықтыруы үшін қоғамның құрылымында да қажетті өзгерістер жүзеге асуы тиіс. Адамның өзін еркін сезінуі, бостандығы тікелей заң жүзінде бекітілген құқығымен қорғалады. Адамның бостандыққа деген құқы іс жүзінде адамның жеке меншік құқымен өлшенеді. Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке меншігі болмайынша, өзін емін-еркін сезіне алмайды. Қазір бізде меншікке деген көзқарастың өзгеруі, меншіктің түрлі формаларының өмір сүруіне еркіндік алуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы алғышарттар жасауда.Биік парасатты адам қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін де жете түсінеді, соның нәтижесінде ол қоғам мүшелеріне міндетті деп танылған барлық талаптар мен міндеттерді бұлжытпай орындауға, қоғам, мемлекет алдындағы жауапкершіліктерін мүлтіксіз жүзеге асыруға, парыздарын өтеуге әрдайым бейім тұрады.Әрбір адамда саяси, әлеуметтік, экономикалық құқықтары болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып-білудің маңызы өте зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]