Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

sayasat_shpor

.docx
Скачиваний:
48
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
120.69 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының партиялық жүйесі?=Қазіргі кезде елімізде 12 саяси партия әрекет етеді. Олар – “Отан”, “Асар”, Азаматтық, Аграрлық, “Ауыл”, Патриоттар, “Әділет”, “Руханият”, “Ақ жол”, “Нағыз Ақ жол”, Коммунистік, Коммунистік халықтық партиялары. “Алға” партиясы тіркелу үдерісінен өтуде. Бірқатар қоғамдық қозғалыстар (“Ақорда”, “Табиғат” және басқалары) оқтын-оқтын партия болып құрыламыз деп мәлімдеумен келеді. Бұл партиялардағы мүшелерінің жалпы саны шамамен 1,3 млн. адамға жетеді, яғни елдегі сайлаушылар санының 15,1%-ын құрайды.=Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әртүрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады.Онда үш және одан артық партия қатысады.Бұл адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі.Дегенмен орыстың белгілі саясаттанушысы Б.Чичерин айтқандай көппартиялықтың өзіндік жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жағына жататындары-онда саяси мәселелер жан-жанжақты қаралады. Ұнамсыз жағына жататындар – өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарайды.Бар ойы қарсы партияны жеңуге арналып,ол жолда алдау арбау,өсек өтірік сияқты жат қылықтар мен тәсілдер пайдаланаылып жатады.Дегенмен,қазіргі таңда көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің бірі болып табылады.Ондайларға Австрия,Бельгия,Дания,Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады.

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі?=Саяси жүйе – қоғамды басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, мемлекет аралық істердіреттеуді іске асыра отырып, қоғам тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру өкілеттігіне ие. Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы бойынша Президентік республика болып табылады. Қазақстанның Үкіметі атқарушы тармақ өкіметін басқарады. Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады.Өкіметтің Соттық тармағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен басқарылатын жалпы юрисдикциясы бар соттар жүйесімен ұсынылады. Қазақстан Республикасының Конституциялық нормалары орындалуының бақылауы бойынша міндеттерді Конституциялық Кеңес орындайды. Республиканың Бас Прокуратурасы және Ішкі Істер Министрлігі тұсындағы құқық қорғау органдар жүйесі заң бойынша бақылау мен мемлекеттік тәртіпті іске асырады.  Қазақстан – әкімшілік-территориялық бірлік болып келетін аймақтарға бөлінген унитарлы мемлекет.

Қазақстандағы президенттік басқарудың ерекшеліктері==Президенттік республикада, Президент парламенттен тәуелсіз сайланады, не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен сайланады және ол бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы қызметін атқарады. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал Президент — Парламентті таратпайды. Дегенмен Парламент қабылданатын заңдардың көмегімен Президент пен Үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті құрғанда, тағы сондай жағдайларда Президентті жұмысынан аластатуы мүмкін (әсіресе ол конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын тілінен — «тыйым салу»).

Қазақстандық қоғамның демократиялануы: жетістіктері мен болашағы==Жаһандану және қоғамдық өмірдің демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасында, таяу және алыс шетелде орын алған тарихи маңызы зор түбегейлі өзгерістер тұсында төзімділік мәселесін, әсіресе мемле кеттің саясатын жүзеге асыруға жауапты  буын өкілдерінің – яғни мемлекет тік қызметшілердің төзімділігі мәселесін зерттеу қисынды қажеттілік әрі уақыт талабы болып табылады.Қазақстан Республикасында төзімділік қағидаттарына негізделген демократиялық қоғамның қалыптасып, дамуына әрбір қазақстандық, әрбір мемлекеттік қызметші өз деңгейінде үлес қосуда. Соның нәтижесінде ең күрделі кезеңдерде қазақ халқының кемеңгерлігі мен төзімділігі жаңа мемлекеттің азаматтарының этностық шығу тегіне қарамастан саяси тұрақтылықты сақтап қала білді.

Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптері мен қалыптасуының кезеңдері==Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:1)мемлекетті мүддені қорғау;2)елімізде экон-лық реформаларды жалғастыру,демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;3)әлемдегі барлық елдермен тең құқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;4)ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу;5)халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету;6)халықаралық терроризммен және есіркі саудасымен күрес;7)діни экстремизмге қарсы әрекет жасауға бағытталған саясат;8)қазіргі заманға ғаламдық проблемаларын шешу.Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президентіміз өзінің 1992 ж мамыр айында шыққан «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті. Кейін оны «Қазақстан – 2030» еңбегінде одан да басқа сөйлеген сөздері мен еңбектерінде дамытып толықтырды. Қазақстан мен Ео арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар – 1993 жылы орнатылды. 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды.Оның дәлелі ҚР БҰҰ толық құқылы мүшесі болуы,Хельсинки келісіміне қосылуы,АҚШ-пен «Демократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қоюы,НАТО-ның «Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік» бағдарламасына қосылуы және т.б.

Қазіргі қазақстандағы саяси элита?=Біздің Қазақстандағы элитаға келсек,еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ.Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, Коммунистік партия ыдырағаннан кейін мемлекеттік институттарға (Президент,Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті.1993 жылғы Конститутция бойынша биліктің үш тармағы тең делінді.Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конститутциясы Президенттік билікті бекітіп, атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегіне жасалған мүлікке ие болды.Қазақстан қазіргі элитасына кідер жатады десек,Оған Президент аппаратының құрамы (Президент,оның әкімшілігінің бастығы орынбасарлары,бөлім басшылары, көмекшілері,кеңесшілері,) Парламент, минстрліктер басшылары мен орынбасарлары,дипломатиялық элита кіреді.Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.

Қазіргі қоғамдағы саясаттанудың негізгі функциялары?--Саясаттану басқа ғылымдар сияқты, келесі қызметтерді атқарады:--Танымдық қызмет саяси өмір және биліктік қатынастар туралы жүйелі түсінік қалыптастыру және дамудың тенденциялары мен заңдылықтарын анықтайды.--Практикалық қызмет, саяси теориялар мен тұжырымдар негізінде, мақсатқа жетуге байланысты нақты әдіс-тәсілдерді ұсынады.--Саяси өмірді рационализациялау қызметі, мемлекеттің шешімдері мен жүргізіп жатқан реформаларын қарапайым халыққа түсіндіру.--Әлеуметтендіру қызметі, азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыру және саяси мәденитетті көтеруге байланысты қызмет.--Болжам жасау қызметі, саяси үрдістің даму тенденциялары мен жетістіктерін анықтайды

Қазіргі уақыттағы негізгі идеологиялық ағымдар: либерализм, консерватизм, социализм, фашизм, феминизм, энвайронментализм?=Либерализм (фр. libéralisme) — адамның еркіндігі қоғамның да, экономиканың да негізгі тұғыры болып табылатын идеология.=Консерватизм - французша соnservatisme, латынша Conservo - сақтаймын, қорғаймын] - бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы.Консерватизм - қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.=Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғаморнатумен байланысты ілім. =Фашизм - [ лат. fascismo, fascio - диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі ] - 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы.=ФЕМИНИЗМ (лат. femіna – әйел; ағылш. femіnіsm; франц. femіnіsmе) – әйелдердің еркектермен құқықтағы теңдігі жолындағы қоғамдық қозғалыс

Қазіргі элитарлық теориялардың негізгі бағыттары?=Элита теориясы (фр. elіte – үздік, таңдаулы) — қоғамның ілкі топтарының ерекше миссиясы мен әлеуметтік-саяси және интелектуалдық белсенділігі және қалған адамдардың енжарлығы туралы теориялар. Бұл теориялар негізделуіне байланысты ажыратылады.Биол. теориялар бойынша биол.-генетик. белгілеріне байланысты (Р. Уильямс, Э. Богардус) адамдарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс немесе кеміс деп негіздейді.Психол. теорияларда (Г. Джилберт, Б. Скиннер) – біреулердің қабілеттілігі мен екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын психол. қасиеттерге сілтейді.

Қайта Өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси ілімдер (Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж. Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо)?==Никола Макиавелли (1469-1527). Атақты шығармалары: «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренция тарихы». Макиавелли алғаш саясатты адамгершілік принциптерден бөліп қарады. «Мақсат - әдіс-тәсілді ақтайды». Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Билеуші арыстандай күшті және түлкідей қу болуы тиіс. Макиавеллидің ойынша, әлемде теңдей дәрежеде қайырымдылық пен жауыздық, әділдік пен зұлымдық бар, бірақ олар бір елден бір елге жылжи отырып, өздерінің географиялық бағытын өзгертуі мүмкін.Томас Гоббс (1588-1679) мемлекет қоғамдық келісім нәтижесінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. «Левиафан» атты еңбегінде мемлекет пен ағзаны салыстырған. Гоббстың пікірі бойынша күшті орталықтанған мемлекет барлық жеке тұлғалардың қатысуымен жасалатын қоғамдық шарт негізінде құралады. Билеушінің парызы- халықты жақсы басқара білу, себебі, мемлекет билеуші үшін емес, халық үшін құрылған.Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 — 28 қазан 1704) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі.Сенсуализмның тарауына әсер етті.Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.Локк дене тәрбиесін жас буржуйдің тәрбиесі жүйесіне өндірісті түсінудің негізі ретінде және жасампаздықтың алдын алу құралы ретінде енгізген. Локк әдістемелік мәселелерді жасап, оқуды іш пыстыратын міндетке айналдырмауға шақырған, балалар кызығушылығын және логикалық ойлауын қолпаштауға шақырған. Локк ойлары ХҮІІІ-ХІХғғ. педагогика дамуына зор ықпал ететі.Шарль Луи Монтескье (1689-1775) «Заңдар рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, географиялық орта, заң, дәстүр, дін тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды.Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу керек деп есептеген.Жан Жак Руссо (1712-1778) тек теоретик қана емес, қоғам қайраткері болған адам. Оның ойынша алғаш адамдар өздерінің тұлғалық қасиеттерін ортақ игілік үшін қоғамға бере отырып, мемлекетті қалыптастырады, ал кейіннен сол мемлекет өзінің заңдары мен нормалары арқылы азаматтарын қайта тәрбиелеп шығарады. Адами құндылықтар тек мемлекет пайда болғаннан соң өмір келген деп есептейді.

Қауіпсіздіктің халықаралық жүйесінің құрылуы және адамды қорғауды қамтамасыз ету===Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін,егемендігі мен аумақтық тұтастықтығын қамтамасыз ететін,мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне,республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға,оның тиімді және өсіңкі экономика,тұрақты демократиялық институттар жасауға,барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр.Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес,парасатты,салмақты дипломатияға сүйене отырып,саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр.Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси,әлеуметтік-экон-лық, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда.

Қоғам және саяси жүйенің бейімделу жолдары=Әр түрлі елдердің бейімдену жағдайларын талдап,қорыта келіп,ғалымдар бұл жолда белгілі бір жүйелік болуы керек дегенді айтады.Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеге екі түрлі:либералдық және консервативтік қөзқарастар бар. Либералдар жаңа жағдайға көшуге орта тапқа,халықтың білім дәрежесіне баса назар аударады.Консерваториялық бұған керісінше қарайды.олардың ойынша,демократиялық үрдісте тәрбиеленбеген,билік институттарын дұрыс пайдаланып басқара білмейтін халықты билікке араластырып керегі жоқ.Дамып келе жатқан елдердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін мықты саяси тәртіп,тұрақсыздықты тежей алатын заңды,белсенді саяси партия,авторитарлық тәртіп болуы тиіс.70 жылдардан бастап үш бірдей авторитарлық тәртіп өздерінің бұрынғы жолдарынан бас тартты.Казіргі кезге дейін көптеген мемлекеттер біртіндеп демократиялық режимге көшті.Оған тек бейбіт жолмен жетуге болады.Оның үш түрі бар:1)реформа жоғарыдан басталады.2)амалсыздықтан биліктен бас тарту;3)билік басындағылар оппозициядағылармен келісімге келу арқылы авторитарлық тәртіптен демократияға өтеді.

Қоғамды саяси басқару түсінігі=Қоғамдық өмірді билік арқылы реттеп,жөнге келтірудің бірнеше түрі бар.Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара,бір билеушінің қолында болып,ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады.Монархия өз кезегінде абсолюттік және конституциялық болып бөлінеді.Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі тұтас формальды түрде шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады.Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі бір дәрежеде заң шығаратын билік парламетпен шектеледі.Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғарғы органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын түр.Республика президенттік,парламенттік,аралас болып бөл.Парламеттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады.Араласта президенттік те,Парламенттік те түрлердің белгілері кездеседі.

Қоғамдық саяси қозғалыстармен ұйымдар?=Қоғамдық қозғалыс - қандай да бір қоғамдық мақсатты көздеуші азаматтардың ортақ әрекеті; белгілі бір қоғамдық өзгерістерге қарсылыққа немесе қолдауға бағытталған институцияланбаған қоғамдық күш жұмсау=Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді атайды.Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.=Ұйым - белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, еңбек бөлінісімен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі. Термин қазіргі қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық аспектілеріне енетін ірі көлемді немесе «күрделі» ұйымдарға қатысты қолданылады.өзара байланысты ерекше максаттарға жетуге және жоғары формалданған құрылымдардың қалыптастырылуына бағытталған әлеуметтік топ.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуі==Еңбектің қоғамдық бөлінуі негізінде жұмыс істейтін әлеуметтік топтар мен олардың өзара қатынас жүйесінің жиынтығын қоғамның әлеуметтік құрылымы дейді.Адамның қоғамдық жағдайындағы негізгі белгілеріне қарай ол әлеуметтік-демографиялық,әлеуметтік-таптық,кәсіби және елді мекендік құрылым болып бөлінеді.Әлеуметтік құрылымды және қоғамның әлеуметтік бөлінуін зерттеу үшін ХХғ әлеуметтік стратафикациялау деген ұғым кіргізілді.Әлеуметтік жіктелуге қоғамның құрамына кіретін белгілі бір топтардың жиынтығы жатады.Әлеуметтік жіктелу теориясы белгілі бір талаптарға сай келетін әдістемелік және теориялық құрал.Ол әлеуметтік топтарды жіктегенде мынадай белгілерді басшылыққа алады:меншікке ие болудың сипаты,табыстың мөлшері,биліктің аумағы,мәртебесі,ұлттық ерекшеліктері және т.б.Егер топтар бір белгінің негізінде жіктелсе,ол бір өлшемдік жіктеуге жатады.Егер бірнеше белгінің негізінде болса,ол көп өлшемдік жіктелу болады.

Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны==Қоғамның саяси өмірінде дін де айтарлықтай орын алады.Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде дін қудалауға түсіп,саяси өмірден шеттетілуінің,атеистік идеологияның үстемдік етуінің салқыны елімізде әлі айыға қойған жоқ.Ал шетелдерде діни идеологияның адамдар іс әрекетіне ықпалы бар.Адамзат тарихында мемлекет пен діннің ара қатынасы үш түрлі шешіліп келді:1)мемлекеттік билікті діңнің орталығына айналдыру;2)мемлекетті діни мекемелерге айналдыру;3)мемлекет пен діннің одағы.Қазір ол негізінен 2түрлі шешіледі:1)мемлекет пен діннің имандылық одағының негізінде;2)мемлекет пен діннің бөлінуі,бір бірінің ісіне араласпауы.Алайда өз қызметін толық атқару үшін мемлекетке дін қажет.Өйткені дін қоғамда этикалық қызметтерді атқарып,имандылық ережелерін қалыптастырады.Ол халықты тәрбиелейді,адамгершілік көзқарасты қалыптастырады.1992 ж 15қаңтарында «Дін ұстану бостандығы және діни бірлестіктер туралы»ҚР Заңы қабылданды.Ол діни бірлестіктер қызметін құқықтық жағынан реттейді.Соңғы кезде елімізде дінге сенушілер саны көбеюде.Респ 2000-ға жуық діни бірлестіктер жұмыс істейді.Көптеген діни мектептер ашылуда.

ҚР сайлау жүйесі=Сайлау жалпыға бірдей,тең және сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі.Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы-ҚР 18 жасқа толған азаматтарының тегіне,әлеуметтік,лауазымдық,мүліктік жағдайына,жынысына,нәсіліне,ұлтына,тіліне,нанымына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатыса алады.Бәсең сайлау құқығы – Республика азаматтарының Конституцияда белгіленген шектеулермен Президент,Парламент,Мәслихаттың депутаты немесе жергілікті озін өзі басқару орган-ның мүшесі болып сайлану құқығы.Сенат 47(7 през),Мәжіліс 67.

ҚР саяси модернизациясы=Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2005 жылғы жодауында жақсы атап көрсеткен. Жалпы модернизация қазіргі таңда ұлттық мүддемен тығыз байланысты. Соған байланысты біздің мемлекетіміз біршама шаралар жүргізуде:1)ақпараттық қауіпсіздік - елдегі іс - әрекет ететін экстремистік топтарды есепке алу және олардың негізгі бағыттары жөнінде толығымен ақпараттанып отыру;2)әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік - елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бұл топтардың таралуына өте жақсы ықпал ететінін ескере отырып, осы салаларды қатаң қадағалау;3)құқықтық қауіпсіздік - заң тұрғысында терроризмге және эктремизмге толық анықтама бере отырып, оны жоюды және жазалауды толығымен қамтамасыз ету;4)ұлттық қауіпсіздік – қоғамның тұтастығын сақтау, интеграциялық шаралар жүргізу.

ҚР ұлттық саясатының қазіргі концепциясының мәні==«Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы» - бұл елімізді мекендеген барлық азаматтардың, олардың ұлттық, діни өзгешеліктеріне қарамастан, бірлікте, татулықта өмір сүріп, тәуелсіздікті сақтауға және нығайтуға, қоғамды демократияландыруға, әділеттілікті орнатуға үлес қосуын басты мұрат еткен негізгі құжат. «Қазақстан халқы ассамблеясы» әзірлеген, қоғамның басым бөлігі қабылдамаған «Ел бірлігі» доктринасымен қатар талқылауға ұсынылады.Тұжырымдама ұлттық мемлекетті қалыптастыру әрі нығайту, содан соң азаматтық қоғамды құру бағытындағы негізгі ұстанымдар, өзекті мақсаттар мен міндеттердің жиынтығы болып табылады.Бұл құжат Қазақстан Республикасының байырғы қазақ жерінде құрылғандығын, мемлекеттің байырғы тұрғындары және республиканың абсолютті басым бөлігін қазақтар құрайтындығын ескеріп, елде өмір сүретін өзге этникалық топтардың мемлекетқұрушы ұлттың төңірегіне топтасуының саяси, мәдени, рухани, экономикалық, т.б. негіздерін анықтауға бағытталған.Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, дүниежүзілік құқық талаптарына негізделіп дайындалды.Қазақстанның жаңа геосаяси, геоэкономикалық жағдайда алға ілгерілеуі, жаһандану кезеңінде ұлттық мемлекет ретінде ерекшеліктерін сақтай отырып, төлтумалық болмысын, әлемдік дамуда дара мемлекеттілігін қалыптастыруы, елдегі демократиялық үрдістерді тереңдету бағыттары осы тұжырымдаманы қабылдау қажеттігін күн тәртібіне қойды. Бұл әрі саяси және тарихи қажеттілік.Тұжырымдама мемлекеттік бағдарламаларды, заңдық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді дайындау үшін негіз болып табылады.

Құқықтық және әлеуметтік мемлекет?=Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан конституциялық мемлекет.Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды.=Әлеуметтік мемлекет – кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағытталған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет. Әлеуметтік мемлекет үғымының айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десекте, ол туралы түсінік түрақтанып, тек ғьшымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгіт насихатта да, публицистикада да көп қолданылады.

М.Вебердің саяси көзқарастары==М.Вебердің теориялық көзқарастарында қоғамның әлеуметтік жіктелуінің қатаң экономикалық анықтамасы жоқ. Ол таптық бөлінуді анықтауда қоғамның экономикалық жіктелуінің бастапқылығын, фундаментальдылығын мойындай отырып, қоғамның экономикалық қана емес, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне де сүйенеді.Батыстық қоғамдық ойдың әлеуметтік жіктелу проблемасына көзқарасы әлеуметтік стратификация теориясымен байланысты. Әлеуметтік стратификация негіздері М.Вебердің, П.Сорокиннің, Т.Парсонстың, В.Паретоның және басқа да авторлардың еңбектерінде көрініс тапқан. Қазіргі батыстық қоғамдық және саяси ойларда бұл теория – маңызды ғылыми және қолданбалы функцияларды атқаратын кең тараған теория

Мемлекет саяси жүйенің басты институты ретінде?-==емлекет ұғымы екі мағынада қолданылады. Біріншісі, «ел», «жұрт» деген мағынада тұтас территориясы халқымен алып түсіндірілсе, екіншісінде тек жоғарыда қолында билігі бар басшылар тобын ғана айтады.Мемлекеттің белгілері:Территория=Тәуелсіздік немесе егемендік, Мемлекеттік билік, Халық, Салық салу құқығы.Мемлекет саяси институт ретінде Мемлекет туралы мөселенің саясаттанудың ең басты, орталық тақырыптардың санатына жататындығы сөзсіз. Өйткені қоғамның саяси жүйесінде мемлекет басты қызмет аткдратындықтан, саяси жүйенің тиімділігі оның іс-әрекетіне елеулі дәрежеде тәуелді. Мемлекеттің жоғары әлеуметтіксаяси әрекеттілігі, саяси жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің мемлекеттік органдар құрылымы мен функцияларында тікелей және толықтай жүзеге асуы, саяси режимдердің мәні мемлекетті саяси жүйенің мейлінше сипатты, көрнекті элементіне айналдырады. Мемлекет жоғары нәтижелі құндылық әрі саяси еріктің жүзеге асуының тиімді құралы ретінде барлық кезеңдердегі ойшылдардың назарын өзіне аударды. Өркениет тарихында мемлекеттілікгің дамуы үлкен дәрежеде толыққанды әрі проблематикалы және орасан зор танымдық мәнге ие болуы себепті мемлекетгің пайда болуын зерттеу кең тарихи негіздерге құрылуы керек. Мемлекет тарихы мәні мен мазмұны бойынша ел тарихы, оның халқының тағдырының тарихы, өйткені мемлекет — биліктік құрылымдардағы халық субъектілігі. Осыған орай, халық қандай болса, мемлекеттік билік пен мемлекет соған сай болады.

Мемлекеттің жіктелуі?=Мемлекет алғашқы қауымда пайда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді.Оның пайда болуы және мәні жөнінде әртүрлі көзқарастар бар.Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:=1.Теологиялық теория.Оның негізін салушы А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірді.=2.Патриархтық теория.Оның негізін салушы 18ғ өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға,тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа,олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.=3.Қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді.=4.Зорлық жасау теориясы (Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатнастардың реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды.=5.Географиялық теория. (А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы,жер бедері және т.б.) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.=6.Психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәнгі бақи тән болған дегенді айтады.=7.Марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]