Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ayt_Daniar_23.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
31.84 Кб
Скачать

3. Картаны-қолдану, құру жүйесінде картографиялық зерттеу тәсілдері.

Карталар мен атластарды құру бағдарламалары туралы түсінік

Ұсақ масштабты карталар әртүрлі картографиялық, статистикалық басқа да дерек көздерін пайдалана отырып, камералық өңдеу жағдайында құрылады. Оларға аэроғарыштық түсірулер, гидрометеорологиялық бекеттер торлары сияқты тікелей табиғаттан алынған бастапқы деректер, картаның тақырыбы бойынша бұрын орындалған геодезиялық түсіру, картографиялық, физикалық және экономикалық-географиялық тағы басқа жұмыстардың материалдары жатады. Карталар мен атластарды құруға бұрын құрылған топографиялық және ұсақ масштабы жалпы географиялық және тақырыптық карталардан. әртүрлі статистикалық анықтамалардан, кітаптар мен кестелерден басқа да еңбектерден алынған көлемі ірі деректерді өңдеу кіреді.

Картаны құру оны жобалаудан, дайындау-саралау жұмыстарынан асталады. Олар картаның түпнұсқасын құруды жүзеге асыруды көздейтін барлық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін құжаттарды, ережелерд жасауды қамтиды.

Карта бағдарламаларының рөлі. Караны жобалау барысында картаның бағдарламасын (саралау жоспарын) құруға баса назар аударылады. Кез-келген картаның бағдарламасы оның атын, атқаратын қызметін, түрін, матиматикалық негіздерінің элементтерін, картаға түсірілетін материалдардың мазмұнын және оның рәсімделуін, жинақталу қағидалары мен дәрежелерін, географиялық құбылыстар мен нысандарды картада көрсететін бейнелеу әдістері мен кестетік нышандарын, картаны құруға қолданылатын негізгі дерек көздерінің тізімін, фототеруге қажетті жазулардың көшірмесін, картаны жасаудың технологиялық үрдістерін қамтиды.

дәстүрлі технологияларының негізгі кезеңдері. Картаны құру-еңбекті көп қажет ететін, мазмұндық, дизайнерлік және технологиялық мұқият өңдеуді талап ететін ұзақ үрдіс.

Қазіргі кезеңде картаны жасаудың негізгі 2 әдісі бар. Біріншісіне картаны қағазда құрып жасайтын дәстүрлі әдіс, екіншісіне электронды карталар құратын компьютерлік технология жатады.

Картаны жасаудың дәстүрлі технологиясының өндірістік тізбектерді

саралау- дайындау, картаны құру, баспаға дайындау және картаны басып шығару кезеңдерінен тұрады.

1. Саралау-дайындау жұмыстары болашақта жасалатын карталардың тақырыбын, мазмұнын, картаға түсірілетін аумақтың ерекшеліктерін оқып-үйрену, бастапқы материалдарды жинауды қамтиды. Негізінен бастапқы картографиялық материалды жинауға баса назар аударылады.

Картаны құру барысында қолданылатын барлық материалдарды картографиялық материал немесе кортографиялық дерек көздері дейміз. Оларға бірінші кезекте жаңа картаның географиялық негізін құруға қолданған болатын бұрын басылып шығарылған карталар жатады. Оған көбінесе құрылатын картадағыдан масштабы біршама ірі жалпы географиялық карталар қолданылады.

Тақырыптық карталар негізінен жаңа картаның тақырыптық мазмұнының элементтерін құру үшін дерек көзі ретінде қолданылады. Ол алуан түрлі болады. Мазмұнының біраз бөлігі басқа картадан көшірілуі мүмкін (мысалы, кешенді экономикалық картаны құру үшін бастапқы материал ретінде өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы тағы басқа карталар тартылады). Материктер мен дүние жүзі карталарын құру үшін жеке елдер мен аймақтардың карталары қолданылуы мүмкін.

Дерек көздері ретінде карталардың басқа төменде көрсетілгендер материалдар қолданылады:

  • тірек нүктелерінің координаталарының тізбесі:

  • картаның тақырыбына, сонымен қатар, әкімшілік-аумақтық бөлінуіне, географиялық атауларға тікелей қатысы бар анықтамалар мен статистикалық деректер:

  • әдеби-сипаттау материалы, ғылым-техникалық есептер, кітаптар, журналдар т.б.

Бастапқы карталар мен тірек нүктелерінің тізбелері негізінен картографиялық материалдарға, қалғандары картографиялық матриалдарды толықтыратын жерек көзіне жатады. Қатаң талаптар негізгі бастапқы материалдарға қойылады.

Олар картаның масштабына, мазмұнының толықтығына, дәлдігіне, заманауилығына, сапалы рәсімделуіне қойылатын техникалық талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Картографиялық матералдарды жинақтап бағалғаннан кейін картаның сарапшысы мазмұны, атқаратын қызметі, пайдалану дәрежесі мен әдістері, техникалық өлшемдері (құруға негіз болатын пішімі, кесінді карталары мен дерек көздері, жаңа картаға қажетті бастыратын бояу саны тағы басқалар) жазылған картаны құру туралы нұсқау жазылады. Мұнда математикалық элементтері мен оны құру әдістері, тақырыптық мазмұнның құрамдас бөліктері жіктеліп, оларды құру барысында жинақтау туралы нақты нұсқаулар беріледі. Картаның жеке бөліктерінің экспериметтік үлгілері құрылады.

2. Картаны құру жұмыстары. Картаны жасаудың келесі кезкңі мазмұнының элементтерін құру болып табылады. Алдымен координаттар нүктелерінің тізбесін картографиялық тордың тораптық нүктелердің тізбесінен картографиялық тордың тораптық нүктелердің координаттары таңдалып алынады. Содан кейін арнайы прибор координатографта олар қатты негізге жапсырылған қағазға түсіріледі. Қатты негіз (алюминий табақша) картаны құру үдерісінің барысында туындайтын қағаздың деформациялануы және оның нәтижесінде болатын бұрмалануды азайту үшін қажет.

Қорыта айтқанда, картаның матиматикалық негізінің нүктесінен оның мазмұнын құруға қолданылатын ірге алынады. Оптикалық приборлар картографиялық тор құрылған қатты негізге картаметриалдарды жобалайды. Негіздің тораптық нүктелері мен картаметриалдар үйлестіріледі. Бастапқы материалдары географиялық негіздері бар тақырыптық мазмұны негізге көшіріліп сызылады. Жүмыс барысында жаңа картаның масштабы мен атқаратын қызметіне сәйкес келетін элементтері жинақталып, саралау нұсқалары ретке келтірледі.

Картаны құрудың бұл кезеңінің нәтижесінде жоғарғы дәлдікпен сызылған құратын түпнұсқа дайын боады. Кестеасының сапасы жоғары болмауына байланысты құру түпнұсқа картаны басып шығаруға негіз бола алмайды. Құру түпнұсқасы саралау картасында тексеріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]