Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
нов_лаб_химия.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.69 Mб
Скачать

4 Тәжірибе.Көмір қышқылының тұздары.

Ізбес суы бар пробиркадан көмірқышқыл газының тогын өткізіңіз. Не байқалады? Көмірқышқыл газын ақ тұнба ерігенге дейін өткізіңіз. Алынған ерітіндіні екі пробиркаға құйыңыз. Бір пробирканы қыздырыңыз, ал екіншісіне ізбес суын қосыңыз.Екі жағдайда да ақ тұнба түзіледі. Бұл немен түсіндіріледі? Реакция теңдеулерін жазыңыз.

5 тәжірибе. Оксокарбонаттардың термиялық тұрақтылығын салыстыру.

Екі газ өткізгіш түтікшесі бар пробиркаға және - ті қыздырыңыз. Ізбес суына газ өткізгіш түтікшені салғанда қайсысында ионын анықтауға болатынын анықтаңыз.

6 тәжірибе. Тиоционат иондарының тотықсыздандырғыштық қасиеттері.

Алмасу реакциясымен күміс тиоционатының тұнбасын алыңыз. Тұнбаға концентрлі азот қышқылын құйыңыз. Ерітіндіде және иондарының бар екендігін тексеріңіз. Реакция теңдеулерін жазыңыз.

Зертханалық жұмыс № 9

Тақырыбы Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

Тақырыптың негізгі сұрақтары

  1. Тотығу-тотықсыздану реакциялардың типтері.

  2. Тотығу-тотықсыздану реакцияларына ортаның әсері.

Мақсат

  • Тотығу-тотықсыздану тендеулерін құрастырып үйрену.

  • Әртүрлі тотығу-тотықсыздану реакцияларын жүргізіп үйреніп, оларға ортаның әсерін бақылау.

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары.

1- тәжірибе. Иод иондарының темір иондарымен тотығу.

Пробиркаға 4-5 тамшы FeCl3 және КІ ерітіндісін тамызып, оған түсі ашықсары болғанға дейін су қосып, 1-2 тамшы крахмал клейстерін тамызыңыз. Не байқалады ? Реакция тендеуін жазыныз.

2- тәжірибе. Темір сульфатының азот қышқылымен тотығу

Пробиркаға 2-3 тамшы FeSO4 тамызып, оған сонша 20% Н2SO4 ерітіндісін қосып, 2-3 тамшы сұйытылған (1:3) НNO3 тамызыңыз. Ерітіндіні сәл қыздырып, бөленген газдын түсіне көңіл аударыңыз. Не байқалады? Реакция тендеуін жазыныз.

3- тәжірибе. Мыстың тотықсыздандырғыш қасиеттері.

1,Газ жұтқыштың астына апарып сынауыққа 2-3 мл-дей сұйылтылған азот қышқылын құйып, оның ішіне мыстың бір бөлшегін салып байқаңдар.

Байқағандарыңды жазып реакцияны теңестіріңдер, тотығу-тотықсыздану коэффициенттерін анықтаңдар. Реакция түрін анықтаңдар.

4- тәжірибе. Хром (ІІІ) оксидінің және оның қасиетері. (Ауа сорғыш шкафтың астында жұмыс істеңдер.)

(NH4)2Cr2O7 ұнтақталған кристалдарын пробиркаға салып, штативке еңкейтіп бекітіңдер. Заттың үстіңгі бөлігін реакция басталғанша қыздырыңдар, содан кейін қыздыруды тоқтатыңдар. Байқағандарынды түсіндіріңдер: массаның өзінен- өзінің қызуы, газдардың бөлінуі және түсінің өзгеруі. Алынған Cr2O3 қышқылдарға және негіздерге қатынасын тексеріңдер. Осы реакциялардың теңдеуін жазыңдар.

(NH4)2Cr2O7→N2+Cr2O3+H2O

5-тәжірибе. Марганецтің қышқылмен әрекеттесуі.

Пробиркаға 5-6 тамшы концентрленген күкірт қышқылын құйып, оның үстіне марганец металының кішкене бөлігін немесе марганец ұнтағын салыңдар. Газдың бөлініп шығуын байқаңдар және реакциялардың теңдеуін жазыңдар.Реакцияның нәтижесінде марганецтің (ІІ) тұзы түзілетінін ескеріңдер.

Mn+H2SO4(K)→MnSO4+SO2+H2O

6-тәжірибе. Калий перманганатының тотықтырғыштық қасиеті.

а) Темір сульфатының тотығуы.

Пробиркаға 3-4 тамшы калий перманганатының ерітіндісін және сондай мөлшерде сұйытылған күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар. Үстіне темір (ІІ) сульфатының кристалдарын немесе ерітіндісін қосыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Реакцияның теңдеуін жазыңдар. Алынған ерітіндіде Fе3+ ионы бар екенін аммоний тиоцианаты NH4SCN ерітіндісінің көмегімен анықтаңдар.

Сұрақтар:

  1. Тотығу дәрежесі деген не? Қалай анықталады?

  1. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесі реакция кезінде қалай өзгереді?

  1. Периодты жүйеде нағыз тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар қандай топтар мен топшаларда орналасқан?

  2. Элементтердің тотығу-тотықсыздану қасиеттері қалай өзгереді:

а/ период бойынша

ә/ негізгі топша бойынша /жоғарыдан төмен/.

  1. Элементтердің тотығу-тотықсыздану реакциялары теңдеуін құру үшін қандай әдістер қолданылады?

  2. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштар эквиваленттерінің мольдік массасын қалай есептейді?

Тапсырма:

  1. Мына тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер:

а/ H2S + Cl2 + H2O = H2SO4 + HCl

ә/ MnO2 +KI + H2SO = I2 + MnSO4 + H2O + K2SO4

б/ KMnO4 + H3PO3 + H2SO = H3PO4 + MnSO4 +K2SO4 + H2O

в/ Zn + K2Cr2O7 + H2SO = Zn SO4 + Cr2/SO4/3 + K2 SO4 + H2O

  1. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш эквивалентінің мольдік массасын есептеңдер. 2-тапсырма /б/.

  1. Мына мысалдар тотығу-тотықсыздану реакцияларының қай типіне жатады?

a/ Na3ASO3 + I2 + H2O = Na3ASO4 + 2HI

ә/ Cr2 + 2NaOH = NaCl + NaCiO + H2O

б/ 2AgNO3 = 2Ag + NO2 + O2

  1. Мына тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер.

a/ Ca + HNO3 = Ca / HNO3/2 + NH4 NO3 + H2O

ә/ K2S + KmnO4 + H2SO4 = S + K2SO4 + MnSO4 +H2O

б/ Fe + HNO3 = Fe/NO3/2 + S + NO + H2O

в/ K2Cr2O7 + HCl = CrCl3 + Cl2 + RCL + H2O

Зертханалық жұмыс - 11

Тақырыбы: Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі.

Сабақтың мақсаты: Химиялық реакция жылдамдығына

концентрацияның, температураның, катализатордың әсерін қарастыру;

химиялық тепе -теңдіктің тұрақтануы мен ығысуына әртүрлі факторлардың

әсерін қарастыру;

Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі.

1 тәжірибе. Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі.

Үш пробиркаға 3 мл-ден күкірт қышқылын 0,5%-тік ерітіндісін, ал басқа үш пробирканың: біріншісіне-3 мл натрий тиосульфатының 0,5%-тік ерітіндісін, екіншісіне-2 мл тиосульфат ерітіндісі мен 1 мл су, үшіншісіне-1 мл тиосульфат ерітіндісін және 2 мл су құйыңдар. Осы пробиркалардың әрқайсысына 3 мл күкірт қышқылының ерітіндісін қосып, тез араластырып, тұнба түзіле бастаған уақытты белгілеңдер. Реакцияның салыстырмалы жылдамдығы ретінде, секундпен анықталған уақыттың кері шамасын алыңдар. Алынған нәтижелерді кесте күйінде өрнектеңдер:

Пробирка

Көлем, мл

Салыстырмалы концентрация

Тұнба түзілу уақыты

τ, с

Реакцияның салыстырмалы жылдамдығы, ϑ

Na2S2O3

a

H2O

b

1

2

3

Тәжірибе нәтижелерін координаталары – салыстырмалы концентрация және жылдамдық болатын график күйінде келтіріңдер.

Осы 1-3 тәжірибелер нәтижелерінен химиялық реакциялардың жылдамдығына концентрацияның, температураның және катализатордың әсері туралы қорытынды жасаңдар.

2 тәжірибе. Әрекеттесетін заттардың концентрациясы өзгергенде тепе-теңдіктің ығысуы.

Пробиркаға 1 мл 0,0025 М темір (III) хлоридінің және осындай көлем 0,0025 М калий роданидінің ерітінділерін құйыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгерді? Түзілген ерітіндіні төрт пробиркаға бірдей қылып бөліңдер. Бір пробиркадағы ерітіндіні салыстыру үшін қалдырыңдар. Екіншісіне бірнеше тамшы темір (III) хлоридінің қаныққан ерітіндісін, үшінші пробиркаға –бірнеше тамшы калий роданидінің қаныққан ерітіндісін, төртіншісіне- калий хлоридінің бірнеше түйірін қосыңдар. Пробиркалардағы ерітінділердің түсін салыстырыңдар. Осы процесстің тепе-теңдік константасының теңдеуін жазыңдар. Темір (III) хлоридін, калий роданидін, калий хлоридін қосқан кезде, ерітінділердің түсі қалай өзгереді? Тепе-теңдік қай бағытқа қарай ығысады? Тепе-теңдікті оңға қарай ығыстыру үшін қандай заттың концентрациясын және қалай өзгерту керек? Солға қарай ығыстыру үшін ше?

Химиялықреакциякинетикасы.

Сұрақтар:

  1. Қандай реакциялар гомогенді, гетерогенді деп аталады?

  1. Гомогенді, гетерогенді реакция жылдамдықтары неге байланысты?

  1. Әсер етуші массалар заңына анықтама беріңдер. Реакция жылдамдығы константасының мәні не?

  2. Температураны өзгерткен кезде химиялық реакция жылдамдығы қалай және неліктен өзгереді?

  3. Катализатор деген не? Химиялық реакция жылдамдығына катализатор қалай және неліктен әсер етеді?

Тапсырма:

  1. Төмендегі теңдеу бойынша жүретін реакция жылдамдықтарының теңдеуінің математикалық түрін жазыңдар:

а/ N2/г/ + 202/г/ = 2N02/г/

ә/ CaO/k/ + CO2/г/ = CaCO3/k/

б/ 2SO2/г/+ O2/г/ = 2SO3/г/

в/ S/k/+ O2/г/ = SO2/г/

  1. Газ фазада жүретін реакция үшін температураны 300 – тен 700С – қа дейін өзгерткенде реакция жылдамдығының неше есе өзгеретінін есептеңдер. Температуралық коэффициенті – 2.

Зертханалық жұмыс - 12

Химиялық реакция кинетикасы.

Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі.

Тақырыбы: Химиялық реакция жылдамдығы. Химиялық тепе -

теңдік.

Сабақтың мақсаты: Химиялық реакция жылдамдығына

концентрацияның, температураның, катализатордың әсерін қарастыру;

химиялық тепе -теңдіктің тұрақтануы мен ығысуына әртүрлі факторлардың

әсерін қарастыру;

Сабақтың жоспары: