Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Eurasia_UMKD_AGS_ekon_2_kr_2013.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
954.88 Кб
Скачать

Бөж орындау нысан түрлері және әдістемелік нұсқаулар Баяндама

Баяндама белгілі бір тақырып бойынша көпшлікі алдында, яғни тыңдаушылар алдында жасалынған толық жазылған ауызша хабарлама болып табылады.

Семинар сабақтарында жасалған баяндамалар дәріс материалдарын толықтыра түсуге және студенттердің оқу және ғылыми материалдармен жұмыс істеу қабілеттерін бағалауға мүмкіндік береді.

Баяндама дайындаудың кезеңдері:

1. Берілген тақырыпқа қатысты маңызды ғылыми еңбектерді оқу, оның тізімін оқытушы береді.

2. Оқыған материалға талдау жасау, тақырыпты барынша айқындайтын зерттеушілердің әр түрлі көзқарастарын, фактілерді және ғылыми жағдайларды бөліп көрсету.

3. Баяндама материалдарын логикалық жағынан дұрыс құру және талдап қорыту, мысалы, кеңінен ашып көрсетілген жоспар ретінде.

4.Баяндама мәтінін ғылыми еңбекке қойылатын талаптарды сақтай отырып жазу.

Баяндаманың құрылымы басқа ғылыми еңбектердегі сияқты үш бөлімнен тұрады:

    • кіріспе;

    • негізгі бөлім;

    • қорытынды.

Кіріспеде - баяндаманың тақырыбы көрсетіледі, оның басқа мәселелермен байланысы, орны және тақырыпты ашып көрсетуде қолданылатын дерек көздеріне қысқаша шолу жасалады.

Қорытындыда - әдетте қарастырылған мәселе бойынша жалпы қорытынды және негізгі тұжырымдамалар жасалады.

Негізгі бөлім - логикалық жүйемен құрылған болуы тиіс. Бұл бөлімде тақырып бойынша келтірілетін материалдар дәйекті де дәлеледі болу керек. Осылайша, баяндамамен жұмыс студентте тек қана жаңа білімді қалыптастырмайды, сондай-ақ, маңызды ғылыми-зерттеу шеберлігін, ғылыми таным әдістерін, көпшілік алдында сөйлеу дағдысын игеруге мүмкіндік береді.

Баяндама түйіні – баяндама бойынша негізгі жағдайлар қысқаша түрде берілетін көлемі шағын мәтін. Алайда, түйін мәтіні көлемі шағын болғанымен, оны жазу баяндаманы жазудан қиынырақ келеді. Өйткені түйінде баяндаманың негізгі мазмұны сақтала отырып, соған сәйкес тұжырымдар жасалуы керек.

Реферат

Реферат – (лат. refere  - «хабарлау») – нақты ғылыми материалдың: кітап, білім, ғылыми мәселе және т.б. мазмұнын жазбаша түрде қысқаша түрде баяндау. Студенттердің ғылыми жұмысының бұл түрі негізгі теориялық курстарды оқытқанда және арнайы қолданбалы пәндерді оқыған кезде де пайдаланылады.

Реферат студенттің өздігінен бір (монографиялық реферат) немесе бірнеше (шолу рефераты) ғылыми еңбектермен жұмыс істегенінің нәтижесі және онда олардың негізгі мазмұны көрініс табуы керек. Рефератты жазған кезде студент ғылыми мәтіндегі негізгі жақтарын, еңбекте арнайы қарастырылатын мәселені анықтай білуге және оны шешудің әдістерін автор (авторлар) қолданған жолдарды көре білу тиіс.

Рефераттың құрылымы нақты болуы қажет:

Монографиялық реферата әдетте шағын кіріспе бөлімі, онда қойылған ғылыми тақырыптың маңыздылығы көрсетіледі; негізгі бөлімінде еңбектің мазмұны ашып көрсетіледі, ал, қорытындысында автордың тұжырымдарын қысқаша түрде береді, егер ол болмаса, оны өзі жасайды. Осы арада, қорытынды рефераттың міндетті бөлімі болып табылмайды, көпшілік жағдайда ол жұмыстың мазмұнын баяндаумен аяқталады.

Негізгі бөлімнің құрылысы төмендегідей болуы мүмкін:

  • конспектілі, мұнда жұмыстың құрылымы еңбектің негізгі бөлімдерімен (тарау, бөлім, параграф және т.б.) толық сәйкес болып келеді;

  • фрагментті, еңбектің тек жеке бөлімдері қарастырылады (әдетте мұндай түрде көлемі үлкен және көп мәселе қарастырылатын еңбектер орындалады);

  • аналитикалық, мұнда қарастырылып отырған тақырып еңбек мазмұнының құрылымымен байланысты жасалмайды, бұл жағдайда реферат жоспары құрылып, сол бойынша мазмұны жасалады.

Шолу рефераты жалпы алғанда құрылымы жағынан ұқсас келеді; оның өзгешелігі: кіріспе алдында міндетті түрде реферат жоспары, соңында рефератта қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетеледі. Алайда, мұндай реферат түрімен жұмыс істеу қиын, өйткені, мұнда жеке ғылыми мәселе немесе теория бойынша бір немесе бірнеше авторлардың еңбектері арқылы негізгі әдебиеттерге шолу жасалады. Бұл жағдайда тек қарастырылған әдебиеттердің негізгі мазмұнын ғана бөліп көрсетуге талап қойылмайды, сонымен қатар олардың әрқайсында мәселенің (теорияның) қай қырлары ашылып көрсетілетіндігін және кейбір жақтарына салыстыру, жалпылау жасау, олардың өзара байланысын, өзгешіліктерін ажырату керек. Мұндай рефераттар құрылымы жағынан әртүрлі болып келеді. Деректер белгілі бір кезең бойынша (пайда болу уақыты жағынан, жұмыстың маңызы бойынша және т.б.) жеке түрде немесе аналитикалық, яғни әртүрлі деректерде мәселенің әр қырынан көрініс табуы қарастырылады.

Дайын рефератты студент оқытушыға тексеруге береді, оны тексерудің басты формасы – рецензиялау болып табылады. Сол сияқты басқа да түрлері, мәселен, студенттермен жұмысты өзара рецензиялау немесе рефератты семинарда немесе студенттер конференциясында ауызша баяндама ретінде тапсыру.

Рефераттар студенттердің семинар сабақтарындағы жұмысында да қолданылады. Мұндай жағдайда олар тілек бойынша орындалады және сабақта одан әрі қарай топтағы басқа студенттермен талқылау мақсатында оқылады.

Жалпы рефератпен жұмыс істеу студенттерге, зерттеушіге аса маңызды шеберліктерді игеруге, атап айтқанда: ғылыми мәтінмен жұмыс істеуге, ондағы негізгісін, маңыздысын бөліп көрсетуге, оларды өз сөзімен жеткізе білуге, зерттелген материалдарды жүйелеуге және бірізді құруға мүмкіндік жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]