Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ETKS9kaz

.pdf
Скачиваний:
44
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.46 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі

ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН КƏСІПТЕРІНІҢ ТАРИФТІК-БІЛІКТІЛІК БІРЫҢҒАЙ

АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

9-шығарылым

І бөлім

Бөлімдер: «Электр станциялардың жəне желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету» «Электр станциялар мен желілердің жабдықтарын жөндеу»

ІІ бөлім

Бөлімдер: «Жылу электр станциялары», «Гидроэлектр станциялар», «Электр желілері», «Жылу желілері»,

«Энергия өткізу жəне оны пайдалану жөніндегі кəсіпорын (энергия өткізу)»

Астана қ., 2008 ж.

Жұмыстар мен жұмысшылар кəсіптерінің бірыңғай тарифтікбіліктілік анықтамалығы (БТБА), 9 шығарылым, 1-бөлімі, «Электр станциялары мен желі жабдықтарын пайдалануға беру, энергия тұтынушыларына қызмет көрсету», «Электр станциялары мен желі жабдықтарын жөндеу», 2-бөлімі, «Жылу электр станциялары», «Гидроэлектр станциялар», «Электр желілері», «Жылу желілері», «Энергия өткізу жəне оны пайдалану жөніндегі кəсіпорын (энергия өткізу)» бөлімдері Қазақстан Республика Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы «26» тамыздағы № 225-ө бұйрығымен бекітілген.

БТБА ТМД қатысушы-мемлекеттерінің қатысуымен Ресей Федерациясының Еңбек жəне əлеуметтік дамыту министрлігінің Еңбек жөніндегі орталық нормативтер бюросы əзірленген.

Тарифтік-біліктілік

сипаттамалары

жұмыстарды тарифтеу жəне

ерекше айтылған жағдайларды қоспағанда, осы бөлімде (дерде)

көрсетілген

өндірістер мен жұмыстар

бар ұйымдарда,

меншік нысаны мен

ұйымдық-

құқықтық нысандарына қарамастан, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

2

КІРІСПЕ

Жұмысшылардың жұмыстары мен кəсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген КСРО Мемеңбеккомитеті мен БКООО Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдеде № 225/15-87 қаулысымен бекітілген БТБА, 9-шығарылымы, негізінде əзірленді. Оны əзірлеу технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі жəне сыртқы нарықтағы бəсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне əсер ететін жəне орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарлататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.

Əрбір кəсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы: екі бөлімнен тұрады. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде жұмысшы орындауға тиіс жұмыс

сипаттамасы қамтылады.

«Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, əдістер мен құралдарды білуге қатысты қойылатын талаптарды қамтиды.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында жұмысшы кəсібінің осы разрядына тəн жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын жəне орындауға тиіс барлық жұмыстарды қамтымайды. Жұмыс беруші сайланбалы кəсіптік органның немесе қызметкердің өзге де өкілді органның пікірін ескере отырып, орындалу күрделілігі бойынша тиісті разрядтардағы жұмысшылар кəсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылғандарға сəйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін əзірлей алады.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау жəне тапсыру, жұмыс орнын, аспаптарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмысты орындауға тиіс.

«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық жəне практикалық талаптармен қатар, жұмысшы: өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын (қызметтің) сапасына, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; ақау түрлерін жəне оның алдын алу мен жоюдың тəсілдерін; өндірістік дабылдатуды білуге тиіс.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларда көрсетілген білімнің көлеміне сəйкес алтыншы жəне жоғары білікті топтары белгіленетін жұмысшылардың орындайтын жұмыстарында орташа техникалық жəне жоғары білімді мамандарды пайдаланған орынды.

БТБА осы шығарылымында кейбір кəсіптердің біліктілігі төмен топтарының сипаттамаларында өндіріс жағдайын немесе орындалатын

3

жұмыссипаттамасын негізге ала отырып, жекелеген жұмыстар біліктілігі жоғары жұмыскердің басшылығымен орындалады деп көрсетілген. Бұндай жағдайларда біліктілігі жоғары жұмыскерлер осы кəсіптегі біліктілігі төмен жұмысшыларды басқара білулері керек. Осыған байланысты төмен разрядты кəсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында келтірілген жұмыстар ережеге сəйкес жоғары разрядтардың сипаттамаларында берілмейді.

Қолданыстағы ережелермен жəне нұсқаулықтармен орындаушылықтың ерекше талаптары көзделген Темір жол, су көлігінде, көтерме-көлік жабдықтарында, қысымда жұмыс істейтін қазандық жəне турбина қондырғыларына, аппараттарына жəне ыдыстарына қызмет көрсетумен, улы заттарды сақтау жəне қолдану бойынша жəне басқа жұмыстармен айналысатын жұмысшылар осы ережелер мен нұсқаулықтарды білулері жəне сақтаулары қажет жəне қажет жағдайларда тиісті құжаты болы керек (дəнекерлеушінің дипломы, техникалық қадағалаудың куəлігі жəне басқалары).

Кəсіпті біріктіру жəне əр типті жабдықтарға қызмет көрсету кезінде белгілі кəсіп бойынша біліктілік тобы жабдықтарға күрделі қызмет көрсету бойынша белгіленеді.

Қызмет көрсетілетін жабдықтар саны қызмет көрсету нормаларымен айқындалады.

Анықтамада көрсетілген сандық көрсеткіштерді (мысалға 100 кгм/см²) қоса алған дұрыс.

Разрядтарда көрсетілген жұмысшылардың кəсіптік біліктілігі осы БТБА келтірілген біліктілік тобында көрсетілген жұмысшылардың кəсіптік біліктілігіне сəйкес келеді.

Біліктілік тобы айлық тарифтік ставка тобына сəйкес келеді. Агрегаттарға, машиналарға жəне басқа технологиялық жабдықтарға

қызмет көрсетумен байланысты жұмыстарға тағайындалған жұмысшыға кəсіпорынның əкімшілігі кəсіподақтар комитетінің келісімі бойынша, егер жұмысшы технологиялық процестерді өздігінен жүргізу шаралары мен əдістерін игермесе, 6 айға дейін осы БТБА шығарылымында көзделген төмен топ біліктілігін беруге құқығы бар.

Осы мерзім аяқталған кезде біліктілік тобын беру туралы шешім белгіленген тəртіппен шешіледі.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларды пайдалану, электр станциялар, жылу желілерін жəне энергия өткізу жабдықтарын пайдаланумен айналысатын жұмысшыларға біліктілік беру жəне арттыру, өзгерістер мен толқтырулар енгізу тəртібі жұмысшылардың жұмыстары мен кəсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығының Жалпы ережелерінде, 1- шығарылым, көрсетілген.

Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, анағұрлым біліктілігі төмен жұмысшыларды орындай алуға, сондай-ақ осы кəсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разрядтар кəсіптерінің тарифтік-біліктілік

4

сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары разрядтар кəсіптерінің сипаттамасында əдетте көрсетілмейді.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып əзірленді.

Қызметкердің еңбек қызметін растаушы құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кəсібінің атауы БТБА-ға сəйкес жазылады.

5

І бөлім «Электр станциялары мен желі жабдықтарын пайдалануға беру,

энергия тұтынушыларына қызмет көрсету» «Электр станциялары мен желі жабдықтарын жөндеу» бөлімдері

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары

§ 1. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНДАҒЫ АҚАБАСУДЫ ТАЗАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ

2-разряд Жұмыс сипаттамасы. Ақабасуды бейтараптандыру жəне тұндыру үдерістерін, ағындарды ақабасудың сапасы бойынша бөлу. Реагенттерді даярлау, жоғарылау білікті аппаратшының басшылығымен оларды түсетін ақабасудың көлемі мен құрамына байланысты мөлшерлеу. Тазаланған суларды, қождарды жəне тұнбаларды тартып алу жəне қайта жіберу. Аппараттар мен коммуникацияларды қождан тазарту. Технологиялық

журналдағы жазбаларды жүргізу.

Білуге тиіс. Тазалау тəсімі аппараттарының, бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен жұмыс істеу қағидаттары; ақабасуларды тазалау үдерісінің технологиялық параметрлері, қолданылатын реагенттердің химиялық қасиеттері.

§ 2. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНДАҒЫ АҚАБАСУДЫ ТАЗАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ

3-разряд Жұмыс сипаттамасы. Өнеркəсіптік ақабасуларды технологиялық үдерістерде тұндыру, флотациялау жəне фильтрден өткізу əдістерімен қоспалардан тазарту жəне бағалы заттарды ұстау үдерістерін жүргізу. Өлшеу құралдарының көрсеткіштері жəне химиялық талдау нəтижелері бойынша үдеріс параметрлерін реттеу. Ақабасуларды тазалау толықтығына бақылау талдау жүргізу. Сүзгілердің жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру. Жұмыстағы ақаулықтарды жөндеуге анықтау, жөндеуден қабылдап алу. Жабдықтың остандарын іске қосу. Технологиялық журналда жазбаларды

жүргізу.

Білуге тиіс: Ақабасуды тазалау жөніндегі құрылғының технологиялық тəсімі мен қызмет көрсетілетін жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы мен жұмыс істеу қағидатын; үдерістің технологиялық тəртібін; физика мен жалпы химия негіздерін.

§ 3. ХИМИЯЛЫҚ РЕАГЕНТТЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ

2-разряд Жұмыс сипаттамасы. Қолданылатын реагент атауларының үшеуге дейінгі санымен химиялық реагенттер мен реагенттік шаруашылық қоймасының (бактар, бункерлер, цистерналар, сорғылар, араластырғыштар

6

мен тиеу-түсіру тетіктері) жабдықтарына қызмет көрсету. Аппараттарда əкті езу, əкті сүтті, коагулянт, фосфат, гидразин-гидрат, гидразин-сульфат, трилон жəне басқа химиялық сумен тазартуға арналған реагенттер ерітінділерін даярлау. Химиялық реагенттер мен материалдарды жұмыс орнының шеңберінде тасымалдау. Тетіктердің мойынтіректерін майлау.

Білуге тиіс: жүк түсіру мен реагенттер даярлау тораптарының технологиялық тəсімін; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы туралы негізгі мəліметтерді; реагенттер мен сүзгіден өтетін заттардың құрамы мен қасиеттерін; суды механикалық жəне химиялық тазалаудың негізгі тəсілдерін; ыдыстар мен аппаратураны тазалау жəне жуу ережесін.

§ 4. ХИМИЯЛЫҚ РЕАГЕНТТЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ

3-разряд Жұмыс сипаттамасы. Реагенттерді шығын бактары, өлшегіштер, араластырғыштарға қабылдап, тартып алып жəне бере отырып реагенттік шаруашылығы тəсімдеріне қызмет көрсету. Коагуляциямен əктендіру, сүзгілердің алмастырғыш қабілетін қалпына келтіру, ішетін жəне қазандық суларын түзете отырып өңдеу үдерістері, қазандық агрегаттарын бейтараптандыру жəне химиялық жуу үшін берілген шоғырландырудың химиялық реагенттерін (3-ден 10-дейін) даярлау. Технологиялық регламентті сақтауды бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптардың көрсеткіштері мен химиялық талдау нəтижелері бойынша берілген ерітінді шоғырландыруын қолдап отыру. Жабдықтың жағдайын бақылау жəне оны тазалау. Жабдықты жөндеуге даярлау жəне жөндеуден қабылдап алу. Реагенттің жұмсалуы мен

болуын бақылау. Технологиялық журналда жазбаларды жүргізу.

Білуге тиіс: реагенттерді қабылдап алу, беру жəне даярлаудың технологиялық тəсімін; негізгі жəне қосалқы жабдықтардың жəне бақылауөлшеу аспаптардың құрылғысы жəне жұмыс істеу қағидаттарын; үдерістің технологиялық тəртібі мен реттеу ережесін; сынамаларға таңдап алу ережесін; қолмен химиялық талдау əдісін жəне есептеу əдістемесін; қорғану құралдарын қолдану жəне бірінші дəрігерге дейінгі көмекті көрсету ережесін.

§ 5. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ СУМЕН ТАЗАЛАУ АППАРАТШЫСЫ

3-разряд Жұмыс сипаттамасы. Қазандықтар мен жылу беретін желілер үшін бастапқы судың сапасына байланысты ағартқышта суды реагентті өңдеумен жəне одан кейін механикалық сүзгілер арқылы сүзгілеумен жұмсарту тəсімі бойынша суды химиялық тазалау үдерісін жүргізу. Салынды заттар мен мұнай өнімдерінен суды тазарту үдерісін жүргізу. Өлшеу құралдары көрсеткіштері жəне химиялық талдау нəтижелері бойынша өңдеу сатылары жөніндегі салынды заттар мен мұнай өнімдерінен суды тазарту үдерістерін бақылау. Үдеріс параметрлерін реттеу. Тұз ерітіндісімен регенерациялық ерітінді, сүзгі регенерациясын даярлау. Флотатор, механикалық жəне көмір

7

сүзгілерінің, технологиялық қорғау, АВР блоктау жəне дабыл қағу жабдықтарын қосу, тоқтату жəне сынамалау жөніндегі операцияларды жүргізу. Жабдықтың, арматураның, коммуникациялар мен аспаптардың жағдайын бақылау жəне жұмысындағы ақаулықтарды анықтау жəне оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау. Апаттық жағдайларды жоюға қатысу. Жабдықты жөндеуге шығару жəне жөндеуден қабылдап алу. Жабдықты іске қосу жəне тоқтату. Шұғыл құжатнаманы жүргізу.

Білуге тиіс: химиялық-сумен тазалаудың технологиялық тəсімін; қызмет көрсетілетін (сүзгілер, сорғылар, өлшейтін құрылғылар) жабдықтардың құрылғысы жəне жұмыс істеу қағидаттарын; негізгі технологиялық параметрлерді, оларды бақылау жəне өлшеу құралдары; химиялық талдау мен есептерді орындау əдістері; химиялық реагенттерді қолдану ережесін; жалпы химия негіздерін.

Жоғарылау білікті аппаратшының басшылығымен суды химиялық тазалау үдерісін жүргізуде - 2-разряд.

§ 6. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ СУМЕН ТАЗАЛАУ АППАРАТШЫСЫ

4-разряд Жұмыс сипаттамасы. Одан əрі механикалық сүзгілер арқылы сүзгілеумен ағартқыштардағы (коагуляция, əктеу) суды алдын-ала реагентті өңдеу үдерісін жүргізу. Сыланған жəне өндірістік қойыртпаны, катиондық алмасу жолымен жұмсарту тəсімі бойынша қазандықтар ен жылу желілері үшін суды химиялық тазалауды, ішкі регенерациямен блоктық тұзсыздандырылған құрылғыларда қойыртпаны тұзсыздандыруды жүргізу. Өлшеу құралдарының көрсеткіштері мен химиялық талдау нəтижелері бойынша суды реагентті өңдеу жəне жұмсарту үдерістерінің параметрлерін реттеу. Ион алмасу жəне реагенттердің салыстырмалы шығысының технологиялық сипаттамасын есептеу. Жоғарылау білікті аппаратшының басшылығымен қазандықтарды қоректендіру жəне ионитті сүзгілерді тұздың, қышқылдың, сілтілердің ерітінділерімен регенерациялау үшін суды тұзсыздандыру үдерісін жүргізу. Химиялық талдауды орындау жəне жұмсарту, тұзсыздандыру жəне қойыртпаны тазалау, алдын-ала тазалау тəсімі бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылау. Флотатор, механикалық жəне көмір сүзгілері, технологиялық қорғау, АВР блоктау жəне дабыл қағу жабдықтарын іске қосу, тоқтату жəне сынамалау. Апаттық жағдайларды анықтау жəне жою. Жабдықты жөндеуге даярлау жəне

жөндеуден қабылдап алу. Шұғыл құжатнаманы жүргізу.

Білуге тиіс: суды алдын-ала реагентті өңдеу, катионды алмасу жолымен қоректендіру суды жұмсарту жəне ішкі регенерациямен блокты тұзсыздандыру құрылғыларының технологиялық тəсімін; аппараттардың, жабдықтардың жəне бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс істеу қағидаттарын; сүзгілердің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру үдерісін; химиялық талдау жəне есептеуді орындау əдістемесін; тазаланған су жəне қойыртпа сапасының нормативтік көрсеткіштерін; жалпы химия негіздерін.

8

§ 7. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ СУМЕН ТАЗАЛАУ АППАРАТШЫСЫ

5-разряд Жұмыс сипаттамасы. Тұзсыздандырудың біржəне екі сатылы тəсімдері жəне «тізбек» тəсімі бойынша суды тұзсыздандыру үдерісін жүргізу. Қойыртпаны блоктық тұзсыздандыру құрылғыларында шығармалы регенерация жəне суды екі ағынды-қарсы ағынды сүзгілерде жұмсартумен жəне ағындардың қайталама пайдаланумен тұзсыздандыру үдерісін жүргізу. Үдерістердің өлшеу құралдары көрсеткіштері жəне химиялық талдау нəтижелері бойынша параметрлерін реттеу. Сүзгілердің алмасу қабілетін қышқыл, сілті, тұз ерітінділерімен қалпына келтіру. Ақабасуларды бейтараптандыру жəне жарым-жартылай пайдалану. Тұзсыздандыру тəсімінің технологиялық сипаттамасын есептеу. Флотатор, механикалық жəне көмір сүзгілерінің, технологиялық қорғау, АВР блоктау жəне дабыл қағу жабдықтарын қосу, тоқтату жəне сынамалау жөніндегі операцияларды жүргізу. Жабдықтар мен аспаптардың жұмысын бақылау, ақауларды анықтау жəне оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау. Апаттық жағдайларды

жоюға қатысу.

Білуге тиіс: химиялық-сумен тазартудың технологиялық тəсімін; қызмет көрсетілетін жабдық мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы жəне жұмыс қағидаттарын; үдерісті жүргізудің технологиялық регламентін; химиялық талдау жəне есептеуді орындаудың əдістерін; тазартылған су мен қойыртпа сапасының көрсеткіштері; қолданылатын химиялық реагенттер мен сүзгіленетін материалдардың қасиеттерін.

§ 8. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ СУМЕН ТАЗАЛАУ АППАРАТШЫСЫ

6-разряд Жұмыс сипаттамасы. Реагенттердің қысқартылған шығысы жəне ақабасудың қайталама пайдаланумен сүзгілейтін материалдың қысылған қабаттарымен үш сатылы тұзсыздандыру, қарсы ағын жəне екі ағынды-қарсы ағынды сүзгілерде жəне қарсы ағын тəсімі бойынша одан əрі тұзсыздандырумен суды алдын-ала тазарту үдерісін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптары жəне химиялық талдау нəтижелері жөніндегі өңдеу сатылары бойынша тұзсыздандыру үдерісін бақылау. Технологиялық үдерістерінің өлшеу жəне бақылау құралдарының көрсеткіштері, сондай-ақ химиялық талдау жəне АСУПТ деректері бойынша параметрлерін реттеу. Технологиялық сипаттаманы есептеу. Жабдықтарды, технологиялық қорғау, АВР блоктау жəне дабыл қағу жабдықтарын іске қосу, тоқтату жəне сынамалау. Жабдықтар мен аспаптардың жұмысын бақылау, ақауларды анықтау жəне оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау. Апаттық

жағдайларды жоюға қатысу. Шұғыл құжатнаманы жүргізу.

Білуге тиіс: химиялық-сумен тазартудың технологиялық тəсімін; қызмет көрсетілетін жабдықтар мен автоматты бақылау жəне үдерісті

9

басқару жүйесінің құрылғысы жəне жұмыс істеу қағидаттары; технологиялық регламент; химиялық талдау жəне есептеулерді орындау əдістері; қолданылатын сүзгіленетін материалдар мен химиялық реагенттердің қасиеттері; химиялық реагенттерді қолдану ережесі.

§ 9. ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ

1-разряд Жұмыс сипаттамасы. Электр энергиясын тұрмыстық тұтынушыларына қызмет көрсету. Есептеу аспабының жағдайы мен жұмысын бақылау. Электр энергиясын есепсіз қолдану жағдайларын анықтау. Кəсіпорындар мен ұйымдарда электр есептегіштердің көрсеткіштерін алу. Тұрмыстық абоненттермен есептесуде тарифтердің қолданылуын бақылау. Тұрмыстық тұтынушылар шоттарының уақытылы төленуін қамтамасыз ету. Оларға төлеу туралы алдын-ала ескертулерді беру. Білуге тиіс: электр есептегіштер мен токты өлшеу трансформаторларының жұмыс істеу қағидаттары жəне пайдалануға беру ережесін; электр есептегіштерді қосу тəсімдерін; олардың жұмысындағы жол берілген қателіктерді; есептеу коэффициенттерін; халық қызмет көрсететін жəне пайдаланатын электр құрылғыларының негізгі мəліметтері; электр

энергиясын есепсіз пайдалану тəсілдері.

§ 10. ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ

2-разряд Жұмыс сипаттамасы. Электр энергиясын тұрмыстық тұтынушылардың өзіне-өзі қызмет көрсетуі немесе төленген шоттар бойынша есептеулерін бақылау. Бірфазалық тұрмыстық электр есептегіштерді өшіру жəне қосу. Электр энергиясын тұрмыстық тұтынушыларды электр есептегіштің қыспағы мен қорабынан өшіру жəне

қосу.

Білуге тиіс: бір фазалық электр есептегіштердің жұмыс қағидаттары мен қосылу тəсімдері; тұрмыстық тұтынушылардың электр энергиясын есептеу технологиясы мен есептеу жөніндегі құжатнаманы жүргізу тəртібі.

§ 11. ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ

3-разряд Жұмыс сипаттамасы. Электр энергиясын төлеу ведомостілері немесе банктен түсетін төленген шоттар бойынша есептесуін, жəне тұтынушылардың энергияны жұмсауын бақылау. Бекітілген тұтынушылар бойынша электр энергиясымен есептесу жүргізу. Тұтынушылармен олардың жұмсаған энергиясын есептегіш машиналарда есептесуді жүргізу. Есептегіш құралдардың жағдайын қадағалау. Бұзылған электр есептегіштерді ауыстыру. Электр энергиясын есепсіз пайдаланғаны үшін актілер жасау жəне актілер

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]