Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pp02.07.2011-767kz (1).doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
775.68 Кб
Скачать

3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру тәртібi

 

186. Жолаушыларды автокөлік құралына отырғызу және түсіру мынадай дәйектілікпен жүргізіледі:

1) шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсіру, одан кейін отырғызу жүргізіледі;

2) екі есігі бар автобустарда жолаушыларды түсіру - екі есік арқылы, ал отырғызу артқы есік арқылы жүргізіледі;

3) үш және одан артық есігі бар автобустарда жолаушыларды түсіру - барлық есіктер арқылы, ал отырғызу - алдыңғы есіктен басқа барлық есіктер арқылы жүргізіледі.

187. Кезектен тыс отырғызу, сондай-ақ алдыңғы есік арқылы отырғызу құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады.

188. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустардың салонында мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар басым отыру үшін 4-тен 8 орынға дейін (олардың паспорттық сыйымдылығына байланысты) бөлінеді.

189. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдау маршрутында «сұрау бойынша» аялдама пункттері болған кезде, жолаушылар жүргізушіге (кондукторға) көрсетілген аялдама пунктінде тоқтау қажеттігі туралы алдын ала хабарлауы керек. Осындай аялдама пунктінде жолаушылар тұрған кезде, жүргізуші оларды отырғызу үшін аялдама жасауы тиіс.

190. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша жолаушылар жол жүргенде:

1) автобустан, шағын автобустан ол толық тоқтағанға дейін немесе қозғалыс кезінде шығуға және кіруге;

2) автобустың есіктерінің ашылуы мен жабылуына кедергі жасауға;

3) жүргізушіні автокөлік құралының қозғалысы кезінде әңгімемен алаңдатуға;

4) автобустың, шағын автобустың салонының ішкі жабдығы мен жарағын бүлдіруге;

5) темекі тартуға, қоқсытуға, спирт ішімдіктерін ішуге;

6) от қауіпті, жарылғыш, улағыш, жеңіл тұтанатын, улы, өткір және күлімсі иісті заттарды, құндағы және ілеспе құжаттары жоқ дәрімен атылатын қаруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен тасымалдауға тыйым салынған заттар мен бұйымдарды тасымалдауға жол берілмеуі тиіс.

191. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында:

1) автобустарда тұрып және отырып, олардың толық паспорттық сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде;

2) шағын автобустарда отырып қана, отыратын орындар санынан аспайтын мөлшерде, олардың жасаушы кәсіпорын белгілеген паспорттық сыйымдылығына сәйкес жолаушыларды тасымалдауға және автобустардың, шағын автобустардың салонын толтыруға рұқсат етіледі.

 

 

4. Қол жүгі мен багажды алып жүру

 

192. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында автобустың, шағын автобустың салонында өлшемі 60х40х20 см дейінгі бір орын қол жүгін, сондай-ақ қабы бар бір жұп шаңғыны, бала арбасын немесе шанасын қосымша ақысыз алып жүруге рұқсат етіледі (автобустарда ғана).

193. Осы Қағиданың 192-тармағында көрсетілген өлшемдерден асатын қол жүгін автобустардың топталу алаңшаларында ғана және қолданылып жүрген тарифке сәйкес қосымша ақы үшін алып жүруге рұқсат етіледі.

194. Қол жүгінің орамасы мен тасымалдануы басқа жолаушыларға және автобус, шағын автобус салонының жарағына қандай да болмасын залал келтіру (ластау немесе зақымдау) мүмкіндігін толық болдырмауы тиіс.

195. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында жабық торларға немесе сумкаларға салынған ұсақ жануарлар мен құстарды тегін тасымалдауға рұқсат етіледі.

196. Иттер автобустарда топталу алаңшаларында ғана тұмылдырықпен және қарғы баумен тасымалдануы мүмкін.

197. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдауын, сондай-ақ жедел режимдегі жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдауын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын және багаж бөлімшесі бар автобустарда жолаушыларға өзімен бірге багаж бөлімшесінде әрбір орынның өлшемі 120х60х40 см аспайтын багажды белгіленген тарифке сәйкес қосымша ақы үшін алып жүруге рұқсат етіледі.

198. Жолаушыға тасымалдауға қабылданған багажына қалалық (ауылдық) қатынаста - бір жолғы бақылау билеті, қала маңындағы қатынаста багаж түбіртегі беріледі.

199. Багажды тасымалдауға тапсыру кезінде жолаушы белгіленген алымды төлеу арқылы оның бағасын көрсетуі мүмкін. Бұл ретте багаж түбіртегіне тиісті жазу жазылады.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]