
- •Мазмұны
- •1. Салықтардың ториялық негіздері.................................................................5
- •3.Қр-ның экономикасын салық арқылы реттеуді жетілдіру перспективалары.................................................................................................31
- •1.Салықтардың ториялық негіздері
- •1.1Салықтардың пайда болу тарихы
- •Салықтың экономикалық мәні
- •Шет мемлекеттердің салық салу ерекшеліктері
- •Еуропаның салық жүйесі оның ерекшеліктері. Германияның салық жүйесі
- •Ұлыбританияның салық жүйесі
- •Францияның салық жүйесі
- •Италияның салық жүйесі
- •Испанияның салық жүйесі
- •Швецияның салық жүйесі
- •Еуропаның салықтық құқығы
- •Жапонияның салық жүйесі
- •2.Қр-ның экономикасын салықтық реттеудің қазіргі жағдайы
- •2.1. Экономиканы қаржылық реттеудің қажеттілігі мен әдістер
- •2.2Салық-экономиканы реттеу құралы ретінде
- •2.3Қр-ның фискалдық саясатының негізгі бағыттары
- •3.Қр-ның экономикасын салық арқылы реттеуді жетілдіру перспективалары
- •Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері
- •Қорытынды
Қорытынды
Сонымен қорыта айтқанда, салықтар – мемлекет қазынасын толтырудың, экономиканы дамытудың негізгі көзі болып табылады. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған күннен бастап қысқа мерзімде қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз ететін өзінің салық жүйесін құруды көздеді. Яғни 1991 жылы салық мәселелеріне байланысты заң актілерін қабылдау мемлекеттің басты мақсаты болды. Бұл актілердің құрамына 14 заң актілері, солардың ішіндегі ең негізгісі „Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы” заңы кірді. Атап айтқанда, осы заң салық жүйесін құрудың жалпы принциптерін, салықтар мен төлемдер өндіріп алуды реттеу, сонымен қатар салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін және төлемдердің бюджетке толығымен, әрі уақытында есептелуін анықтайды.
Тарихымызда „Салық Кодексін” Қазақстан Республикасымен қатар ТМД елдері де қабылдады. Елімізде „Салық Кодексі” қабылданбас бұрын, салық заңы 45 заңдардан және Қазақстан Республикасы Президентінің үш жарлығынан құралған. Салық реформасын жүргізбес бұрын ең алдымен оның стратегиялық мақсаттарын, негізгі бағыттарын және өткізу мерзімін анықтау керек еді. Бұл салық реформасын жүргізуде кеткен негізгі кемшіліктердің бірі болды. Салық жүйесі әлемдік тәжірибеде жалпы қабылданған принциптердің есебі негізінде құрылуы керек болды. Оларға әділдік, қарапайымдылық және экономикалық бейтараптылық принциптері жатады.
Осы аталған мәселелер Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1995 жылдың 1-ші шілдесінде жүзеге асқан „Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер” туралы заңында көрініс тапты. Оның негізгі мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады: салық ауыртпалығын бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер көлемін қысқарту арқылы төмендету, салық салудың халықаралық практикасының прогрессивтік тәжірибесіне жету, салық жүйесінде нақтылықты, қарапайымдылықты және әділікті қамтамасыз ету. Салық жүйесін жетілдіру бағыттары келесі:
салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
салық жүйесін максималды ықшамдау, яғни заңдар мен нормалардан бір мәнді емес түсіндірмелерді алып тастау;
салық ставкаларын төмендету арқылы, салық прессингін әлсірету;
тікелей және жанама салықтарды оқтайлы түрде ұштастыру;
тұрақты салық салынатын базасы бар, мүлік салықтарының рөлін күшейту; жеке тұлғаларға салық салуды, инфляциялық процесс есебімен салық салудың икемді шәкілін өндіруді жетілдіру және тағы басқалары.
Салық жүйесінде бюджетаралық қатынастар өте маңызды орын алады. Яғни, мемлекеттегі бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіруде мына төмендегі ұсынымдарды ұсынуға болады:
бюджет жүйесінің звенолары арасында кірістер мен шығыстарды оқтайлы түрде шектеу міндетін шешу, бұны заңмен бекіту.
аймақтық бюджет кірістерінің деңгейін жоғарлату;
жасанды түрде қалыптасатын аймақтық бюджеттердің демеу қаржысын жою.
Сонымен қатар, қазіргі кезде теориялық және практикалық мәселелер қарастырылуда. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: экономиканы құрайтын аймақтардың жеткілікті дамуы, функционалдық қамсыздандыру, экономиканы жеткілікті түрде бағалау, экономиканың макроэкономикалық және микроэкономикалық деңгейлерін дамыту, Қазақстан экономикасының салық жүйесін қамтамасыз ету және тиімді салық салу негіздері ретінде экономикалық бәсекеге қабілеттілігін дамыту.
Сонымен, қорыта айтқанда ұсынып отырған осы бағыттарды қаржы және салық саясатын жетілдіруде мақсатты түрде жүзеге асыру үшін, қаржы ағынында мемлекеттің реттеуші және бақылаушы рөлін дамыту керек деп ойлаймын. Бұл өз кезегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуды қамтамасыз етеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Жетісу №26, 2009 жыл 4 наурыз, 1-2 бб.
2.Ермекбаева Б.Ж., „Салықтар және салық салу”,- Алматы: „Қазақ Университеті”, 2011, 5-6 бб.
3.Ілиясов Н.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”- Алматы: 2010, 208-211 бб.
4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ө.С., Комягин Б.И. „Жалпы экономикалық теория”,- Оқулық. Алматы: 2009, 17-21 бб.
4. Ілиясов Ң.Қ., Нұрлыбаев С. „Қаржы” Алматы 2005 ж.
5. Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә. „Макроэкономика”,- Оқулық Алматы: Экономика, 2009, 392-395 бб.
6. „Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер” туралы Қазақстан Республикасының Салық Кодексі,- Алматы: 2007, 13-17 бб.
7. Худяков А.И., Бродский Г.М. „Теория налогообложения”,- Издательство норма – К Алматы: 2008, 6-12 бб.
8. проф.В.Д. Камаева „Экономическая теория”,- под редакцией д-р экономических наук, Москва, ИМПЭ: 2008, 47-49 бб.
9.Алданыш Нұрымов, “Налоги и финансы рыночной экономики”,- “Елорда” Астана: 2008, 89-92 бб.
10. Әубәкіров Я, Нәрібаев К. „Экономикалық теория негіздері”,- 1998,126-131 бб.
11.Ермекбаева Б.Ж. “ Шет мемлекеттер салығы”,- Алматы: 2009, 121-125 бб.
12. Найманбаев С.М. “Салықтық құқық”, - Алматы: “Жеті жарғы” 2009, 198-230 бб.
13.” Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер” туралы ҚР-ң Салық Кодексі,- Алматы: 2008, 14-16 бб.
14.Смағұлова Г.С. “Аймақтық экономиканы басқару мәселелері”,- Алматы: Экономика 2009, 61-63 бб.
15. “ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер” туралы ҚР-ң Салық Кодексі,- Алматы: 2008, 11-13 бб.
16.”Қаржы қаражат” экономикалық журналы 5/2009 “Налоговые проблемы”, 28-29 бб.
17.Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. “Налоги и налогообложение”,- Алматы: Рауан 2007, 132-134 бб.
18.Искакова З.Д. “Реформирование налоговой системы в разрешении проблемы формирования доходов государственного бюджета Казахстана”,- Вестник. Серия экономика. Алматы: №3(43) 2009, 4-9 бб.
19.„Қазақстанның нарықтық экономикасының қаржы-несиелік проблемалары”,- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы: 2009, 248-303 бб.
20. „Қаржы қаражат” экономикалық журналы. 12/99 „Салық жүйесін жандандыру жолдары”, 3-8 бб.