Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р экономикалык стратегиясы Кулдыбаев.A.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
69.45 Кб
Скачать

3. Энергетикалық қауіпсіздік

Энергетиканың ұлттық рыногын ашып, шетелдік инвесторлар үшін жайлы жағдай жасай отырып, біздің еліміз өз мойнына энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі «жаһандық ойыншының» ролін алып отыр.

Энергетикалық сектор еліміздің жетекші экономикалық брэнді.

Қазақстан Республикасы 4,8 млрд. тонна мөлшеріндегі мұнайдың барланған қорына ие, бұл әлемдегі жалпы мұнай қорының 3 пайызына жуық. Еліміз, сондай-ақ көмірсутегі қорлары бойынша әлемнің жетекші 10 елінің қатарына кіріп отыр. Жалпы алғанда, 2007 жылы мұнай мен газ конденсатының өндірісі 67,2 миллион тоннаны құраса, ағымдағы жылы 70 миллион тонна шамасында болады деп күтілуде. Ал 2010 жылға қарай біз 100 миллион тоннаға жуық мұнай өндіруді жоспарлап отырмыз, бұл өнімнің басым бөлігі экспортқа шығарылады.

Қазақстан әлемдік рынокқа энергоресурстар жеткізуші ретіндегі өзінің артып келе жатқан ролін сезінеді және жауапты да, сенімді халықаралық серіктес болып қала береді. Ол үшін біз стратегиялық мәндегі қосымша шаалар қабылдамақпыз. Ең алдымен, халықаралық стандарттар мен тәжірибеге сәйкес келісімшарттардың сенімділігін қамтамасыз ететін заңнамалық базаны жетілдіру тұрғысында жұмыстар атқарылмақ.

Біз «Халықаралық энергетикалық форуммен» ынтымақтастықты кеңейтпекпіз және «Мұнай статистикасы туралы мәліметтер банкін құру жөніндегі бірлескен бастаманы» жүзеге асыруға Қазақстанның үлесін арттырудың мүмкіндігін қарастырмақпыз.

Қазақстан Энергетикалық хартияның қағидаларын және оған мүше елдердің энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі күш-жігерлерін қолдап отыр. Біз алдағы уақытта та көпвекторлық саясатын ұстана отырып, қауіпсіздікке баса назар аудара отырып, экспорттық энергетикалық бағыттарды саралау стратегиясын жүзеге асыра береміз. Қандай бір бағытты таңдау кезінде біз тек экономикалық мақсаттылық мен прагматизмді ұстанатын боламыз.

Біздің еліміз барлық үлкен еуразиялық құбыр желілері жобаларына, оның ішінде Каспий құбыр желісі корсорциумы, Баку-Тбилиси-Жейһан, Қазақстан-Қытай, Бургас–Александропулис, Каспий жағалауы газ құбыры сияқты жобаларға қатыса береді.

Көмірсутегі қорының молдығына қарамастан, біз орны қайта толатын энергия көздерін дамытуды ХХІ ғасырда еліміздің орнықты дамуына қажетті мәселе ретінде қарастырып отырмыз.

Сондай-ақ Қазақстан бүгінде уранның анықталған қоры бойынша әлемдік екінші орында тұр (Австралиядан кейін), 2010 жылға қарай біз жылдық өндірісті 15 100 тоннаға жеткізуді жоспарлап, бірінші орынға таласымыз бар.

4.Ұлысаралық және конфессияаралық келісім

Әлемнің түкпір-түкпірінде конфессияаралық және ұлысаралық негізде орын алып отырған қақтығыстар мен соғыс ошақтары саясаткерлердің, діни және қоғам қайраткерлерінің үлкен алаңдаушылығын туғызып отыр.

Көпұлтты және поликонфессиялы Қазақстан үшін осынау мәселедегі толеранттылық пен сындарлы ынтымақтастық саяси мәдениет мен күнделікті қарым-қатынастың нормасы ғана емес, мемлекеттік стратегияның ажырамас көрінісіне айналып отыр.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылығы бойынша Қазақстанның елордасы –Астанада 2003 және 2006 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының екі съезі өтті. Келесі саммиті 2009 жылы өтетін бұл форум бейбітшілік пен толеранттылықты нығайтудың айтулы халықаралық тетігіне айналып отыр.

Біз өркениеттер диалогы арқылы Батыс пен Шығыстың арасындағы байланысты нығайтуға талпынып отырмыз. 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының төрағалығына және 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымының төрағалығына дайындала отырып, Қазақстан өзіне бұйырған осынау мүмкіндіктерді нәсілшілдіктің барлық түрін жою және төзушілікті нығайту мәселелерін аталмыш беделді ұйымдардың күнтәртіптеріне енгізу үшін пайдалануды жоспарлап отыр.

Толеранттылық мәселесін көтеруді басымдыққа ала отырып, ЕҚЫҰ төрағалық аясында, сондай-ақ «Өркениеттер альянсы» идеясын дамыту мақсатында біз ағымдағы жылдың қазан айында Мұсылман әлемі мен Батыс елдері сыртқы істер министрлерінің қатысуымен «Ортақ әлем: әралуандылық арқылы ілгерілеуге» ұранымен халықаралық конференция өткізгелі отырмыз. Мен Мемлекеттік хатшы Кондолиза Райс ханымды осынау басқосуға шақырдым, және Құрама Штаттар осынау форум жұмысына лайықты деңгейде қатысады деп күтіп отырмыз.