Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
23_bilet.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
25.49 Кб
Скачать

3. Астық өндірісінің экономикасы.

Ауыл шаруашылығын дамытуда  шешуші орынды астық шаруашылығы алады. Астық өндірісі – бүкіл ауылшаруашылық өндірісінің негізі. Астық шаруашылығы деңгейі ауыл шаруашылығының басқа да салаларының дамуымен тығыз байланысты, яғни халықты нан өнімдерімен ғана емес,  етпен, сүтпен және басқа да ауыл шаруашылық азық-түліктермен қамтамасыз ету  осы саланың өсу қарқынына да тәуелді.  Астық бағалы азық-түлік болып табылады. Астық өнімдерін өнеркәсіптік қайта өңдеу арқылы (ұн, нан, жарма) тағамның жалпы құндылығының 40 пайызы қамтамасыз етіледі, белоктың қажеттілігінің  50 пайызы,  көмір сутегінің 60 пайызы қанағаттандырылады. Астық – тамақ өнеркәсібі,  химия, тоқыма, арақ-шарапты ашыту өнеркәсіптері үшін шикізат көзі, ал мал шаруашылығы үшін жем-азықпен қамтамасыз етудің басты көзі болып табылады. Астық шаруашылығы өсімдік шаруашылығының және барлық ауыл шаруашылығы өндірісінің негізі болып табылады. Бұл астық өндірісінің ауыл шаруашылығының басқа да салаларымен және өнеркәсіппен жан-жақты байланыстары арқылы анықталады. Нан және нан өнімдері  елдегі тұрғындардың тамақ өнімдерінің маңызды бөлігі болып табылады, ал құндылығы жағынан адамның барлық азық-түлік балансының жартысын құрайды. Республикады нан және нан өнімдерінің адам басына шаққандағы тұтынуы 2006 жылы 123 кг-ға тең болды.  Тәжірибе көрсеткендей, астық өндірісін дамытпайынша экономикалық аудандарды мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге, техникалық дақылдар өсіруге және ауыл шаруашылығының басқа да салаларын дамытуға мамандандыру мүмкін емес. Астық- халықтың тек қана азық-түлік көзі ғана емес, сонымен қатар мал және құстар үшін ауыстырылмайтын жем-азық болып табылады.  Астық сыра дайындау, спирт өнімдерін шығару және жарма өнеркәсіптері үшін шикізат көзі болып табылады. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құнында астық 35 пайызды құрайды, егістік аудандар құрылымында олардың үлесі 80 пайызға тең.   Астық  мемлекеттегі нан ресурстарын құру және жаңартуды талап етеді және де астық  маңызды экспорттық өнім болып табылады. Астық дақылдары ішкі нарықта ғана емес сыртқы нарықта да үлкен сұранысқа ие өнімдердің бірі. Сыртқы нарықта әсіресе, Қазақстанның солтүстік облыстарында өсірілетін  жаздық бидай ерекше жоғары сұранысқа ие. Ол Қазақстанның стратегиялық қорлары ретінде қолданылады. Қазақстан негізгі экспорттық дақылы бидай өндіруден әлемде алтыншы орынды иеленеді. Қазақстанның бірегей климаты басқа елдердің бидай ұнының қасиеттерін жақсартушы ретінде әлемдік нарықта сұранысқа ие болып отырған жоғары сапалы, құрамында протейн мол астықтың қалыптасуына ықпал етеді.  Астық ауыл шаруашылығы өнімі ретінде экономикалық жағынан бірнеше артықшылықтары бар. Ол құрғақ күйінде жақсы сақталады, үлкен қашықтыққа оңай тасымалданады. Осындай астықтың ерекшеліктері  астық сақтау қоймаларын, элеваторлар салуда, сонымен қатар тасымалдауда және азық-түліктің мемлекеттік қорларын құруда ескеріледі. Қазақстан республикасында өсірілетін астық және астық бұршақтық дақылдар қолданылуы бойынша топталады: азық-түліктік және жем-азықтық . Азық-түліктік дақылдар құрамына нан өнімдері (бидай және қара бидай) және жармалар (қарақұмық, тары, күріш). Ал жем-азықтық дақылдарға арпа, сұлы, жүгері, сонымен қатар астық бұршақтық дақылдары жатады.  Бидай Қазақстандағы азық-түліктік астық дақылдарының жетекшісі болып табылады. Астықтың жалпы өнім көлемінде  бидайдың үлес салмағы 70 пайыздан асады. Бидай жоғары өнімділікті дақыл, дамыған шет мемлекеттерде оның егістік ауданының бір гектарынан 40-70 центнерге дейін өнім алады.  Ал Қазақстанда орташа астықтың өнімділігі 10-12 центнерді құрайды.   Қара бидай. ол елдің астық балансында айтарлықтай орын алады. Соңғы жылдары астық дақылдарының егістік құрылымында оның үлесі өсуде. Егер 2005 жылда елдің дақылдарының құрамында  қара бидай үлесі 6% болғанда, 2008 жылда -7,4 %, онда 2007 жылда – 7,8% алған болатын. Қысқы бидайға қарағанда, қысқы қара бидай суыққа төзімді келеді.  Ол шаруашылықтарда өсіріледі, тек қана арпаға ғана орын береді. Өнімділігі жағынан бидайдан кейінгі орынды қара бидай алады.   Арпа, жүгері, сұлы  жем- азықтық дәнді дақылдардың негізгілері болып табылады. Арпаны құс және малдарға беретін әр түрлері құрама жем құрамына қосады. Арпа сонымен қатар азықтық  мақсатта да қолданылады, яғни одан жармалар дайындалады және арақ-шарап өнеркәсібінде шикізат ретінде пайдаланылады. Елімізде арпаның орташа өнімділігі 11-13 центнерді құрайды.  Жүгері өсіруде оның  биологиялық ерекшелігіне байланысты  шектеулі болады. Оның түсімінің төмендеуі  жүгері өндіруші шаруашылықтардың сапалы тұқым материалдарымен толық қамтамасыз етілмеуінен болады.  Сұлы  астығы жылқы, құстар, асыл тұқымды малдар үшін құндылығы өте жоғары жем- азық болып табылады.  Ашық экономика және азық – түлік пен ауыл шаруашылығы өнімін сатудың әлемдік жүйесінің шарттары егіншілік мәдениетін арттыруды, өнімнің сапасын жақсартуды, экспортты жандандыруды және өндірісті әртараптандыруды талап етеді. Жоғары сапалы бидай өндіру аймақтары көбінесе өнімділіктің орташа деңгейі гектарынан 10-25 ц. шегінде қара- қоңыр және қара топырақ аймақтарымен шектелетіні мәлім. Бұлар – Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарындағы күн сәулесі өте жеткілікті мөлшерде түсетін құрғақ және қуаң дала аймақтар. Негізгі егін егетін аймақтар болып, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және  Ақмола облысы табылады, олардың астық дақылдарының ауданы республиканың астық үлесінің 70 пайызын құрайды. 2006 жылы олармен 14000 га егілді, бұл 2005 жылға қарағанда 6,2 пайызға көп. 2007 жылы ауа райының қолайлы жағдайына байланысты барлық негізгі дақылдардан жоғары өнім алу мүмкіндігі туды, яғни бұл жылы республикада 20137,8 мың тонна астық жиналып, оның орташа өнімділігі 13,3 ц/га-ны құраған. Бұл көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 3626,3 мың тоннаға немесе 21,9 пайызға артық болып отыр.

Кесте 13. 2005 - 2007 жылдардағы астық шаруашылығының негізгі көрсеткіштері

 

Жалпы өнім, мың тонна

Өнімділік, ц/га

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

Қазақстан Республикасы

13781,4

16511,5

20137,8

10,0

11,7

13,3

Ақмола облысы

2966,8

3475,9

4456,1

8,5

9,6

11,6

Ақтөбе облысы

220,7

129,3

459,2

4,7

2,9

7,8

Алматы облысы

979,2

967,3

1059,5

19,7

19,8

22,2

Атырау облысы

0,1

0,1

0,1

1,4

1,0

1,3

Батыс Қазақстан облысы

149,6

271,0

422,9

3,9

6,1

8,5

Жамбыл облысы

655,1

431,1

425,9

16,6

11,8

13,0

Қарағанды облысы

269,8

401,7

554,1

3,9

6,3

8,1

Қостанай облысы

3537,2

4733,0

5899,3

10,5

13,4

15,0

Қызылорда облысы

259,2

256,2

263,3

30,7

30,4

31,1

Павлодар облысы

286,6

354,7

514,7

5,2

6,7

8,3

Солтүстік Қазақстан облысы

3493,4

4613,0

5027,9

16,8

14,6

17,0

Оңтүстік Қазақстан облысы

400,6

361,0

342,4

11,2

14,5

15,1

Шығыс Қазақстан

561,4

516,4

711,5

10,4

9,5

11,9

Астана қаласы

0,6

0,6

0,6

13,3

13,6

14,0

Алматы қаласы

0,5

0,2

0,3

10,5

8,9

9,1

Бүгінгі күні ең маңызды мәселе – Қазақстанда астық өндірісін тұрақтандыру. Оны өндірудің технологиялық аспектілерін қозғамай-ақ, астық өндіру салаласындағы нарықтық экономиканың төменгі бағыттарын баса айтуға болады. Жалпы, дүние жүзінің қай мемлекетін алып қарасаңыз да, ауыл шаруашылығы бағдарламаларында астық өндіру мәселесі бірінші болып тұрады. Сондықтан да астық өндіруде оны нарығы экономикалық қатынастарды дамытуды қажет етеді.  Жоғарыда аталған мәселелер Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңында көрсетілген, осы құжатта жалпы астық туралы жүйелі шаралар, мәселен, астықтың жылжуы, оның тауарлық мониторингі, астықты сақтау, мемлекеттік қолдау және т.б. белгіленген. Бұл белгіленген шаралар мемлекеттің жалпы макроэкономикалық жағдайы тұрақтанса, халықтың сатып алу жағдайы артса, ауыл шаруашылығы секторының банкротқа ұшыраған кәсіпорындары қайта іске қосылып,  жабылған есеп шоттары ашылса ғана жүзеге асады.  Ең маңызды қағиданың тағы бірі - астық өндірушілердің астық нарығына жол табуы. Бұл мәселені шешудің ұйымдастыру нысаны жер-жерде сауда-саттық кооперативтерін құру.  Бұндай кооперативтер әр аймақта енді ғана құрылып жатыр. Оларды ұйымдастырудағы басты кедергі біріншіден - қаржы тапшылығы, екіншіден - салық заңдарының пісіп жетілмеуі. Астық нарығының ең мызғымайтын шарты оның осы заманға сай биржалық сауданың дамуы. Астық биржалық тауар, бірақ астық биржасы тек астық өндірісі ұдайы өскен кезде ғана өркендейді. Ол үшін республикада сатушы ретінде және астық нарығына дер кезінде интервенция жасай      тын ірі коммерциялық құрылымдар, ұжымдар болуы заңды нәрсе. Осыған орай қазіргі уақыттың өзінде бірегей ақпараттық-маркетингтік орталықтар құру кезек күттірмейтін шара. Сондай-ақ астық нарығын реттеу үшін республикада астық комитеті немесе астық тауар өндірушілер Одағын  құру қажет.  Қазақстан Республикасын жалпы алғанда астық шаруашылығында қазіргі таңда мынадай негізгі мәселелер бар: - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлығы төмендеп бара жатыр; - ұсынылған ауыспалы егістер сақталмауы; - көптеген шаруашылықтарда минералдық тыңайтқыштар дұрыс және мерзімді еңгізілмейді; - машина – трактор паркінің 80 пайызға тозуы; - жаңар – жағар май бағасының қымбаттауы. Астық  нарығы  -  еліміздің  азық  - түлік  нарығының ең  ірі  маңызды  буыны  болып  табылады.  Реттеу  объектісі ретіндегі   оның  мәні  астықтың  азық – түлік  қорын  қалыптастырудағы   жетекші  рөлі,  астық  және  оның  өңдеуден  кейінгі   өнімдерінің  сан түрлі   мақсатта  пайдаланылатындығы,  астық нарығына  қатысушылар  арасындағы экономикалық қатынастардың  алуан  түрлілігі   және  ерекшелігіне  байланысты  анықталады.      

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]