Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhabdyk_1-1.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
51.6 Кб
Скачать

18. Көкөністерді жуу машиналары

Көкөністерді жууға арналған машиналардың ішіндегі көп тараған түрлерінің маркілері А9-КМБ, КУМ-1, КУВ-1 д.а. Бұл машиналарда көкөністер бір-бірімен жұмысшы органдар арқылы үйкеліп және су ағындарымен өңделеді. Жуу процесін жылдамдату үшін кейде суға сығымдалған ауа беріледі. Картопты н/е басқа тамыржемістілерін жууға маркісі ММКВ-2000 тербелмелі жуу машинасы қолд. Машина картоп тазалайтын тасқынды желілерде қолд. ж/е рамадан оған қондырылған электроқозғалтқыштан, корпустан тұрады. Машина корпусы рамаға амортизаторлар арқылы жалғасады. Машинаның тербелмелі қозғалысы жұмысшы ротордың айналуынан пайда болады. Оның себебі ротордың бойында дебаланс бар. Ротор жабық цилиндр ішінде айналады. ММКВ-2000 өнімділігі 2500 кг/сағ, массасы 403 кг.

Түйнектер тиеу шанағынан айналмалы жұмыс барабаныныңішіне төгіледі. Барабанның сыртқы беті електі б.к. Барабан ішіне орнатылған шашыратқыштар арқылы су түйнектерге беріледі. Барабанның 2-ші шетінде түсіру терезесі бар. Өнімдердің таза жуылуы үшін кейде барабандардың сандарын өсіреді. Мысалы, 1-ші ж/е 2-ші барабандарда өнім жуылса, 3-ші барабанда олар таза сумен шайқалады. Осы тәртіппен маркісі А9-КМ-2 барабанды жуу машинасы жұмыс атқарады. Бұл машиналарда қатты және өлшемдері 15-200 мм-ге дейін көкөністер жуылады.

19. Картоп аршуға арналған машиналары және жұмыс процесі

Маркісі МОК-1250 машинасының үстіңгі жағында цилиндрлі жұмысшы корпустың ішінде айналмалы конус бар. Жұмыс істеу тәртібі: тиеу қақпағы арқылы камераға берілген көкөністер түрпілі қаптамасы бар айналып тұрған конустық табақшаға түсіп ортадан тебу күштерінің әсерімен камера қабырғасына үйкеліп қозғалады. Бір-бірімен үйкеліскен картоп түйіршіктерінің сыртқы қабықтары аршыла бастайды да, жең арқылы берілген сумен жуылады. Өңделген картоп камерадан есікше арқылы шығарылады.

Маркісі КНА-600М д.а. картоп аршуға арналған үздіксіз жұмыс істейтін машина көкөністерді өңдеуге арналған тасқынды желілерде пайдаланылады. Өңдеу камерасының секциялары жылжымалы жапқышы бар тезелелер арқылы өзара байланысқан.әр секцияның жоғары жағына су шашырататын тетіктер бекітілген. Лай су мен камерадағы қабықтар камераның астындағы жең арқылы сыртқа шығарылады. Машинаның жетегі электроқозғағыштан роликтерге айналыс беретін сына белдікті ж/е тісті берілістерден тұрады. Камераға үздіксіз түсіп отыратын картоп роликтерге түседі де, олардың айналуынан бір-бірімен үйкеліп жылжиды. Роликтердің бойымен жылжи отырып картоп түйнектері бірте-бірте 4 секциядан өтеді де, жүк түсіру терезесіне жетеді. Картопты аршу процесі оның роликтермен және бір-бірімен үйкелуі негізінде жүзеге асады. Бұл кезде камераға су үздіксіз беріліп тұрады. Өнімділігі 600 кг/сағ

20. Асханалық әмбебап құрылымдарын айтыңыз

Маркісі ПУ-0,6 машинасы. Бұл машина П1-0,6 жетегінен және төмендегідей ауыстырмалы атқару механизмдерінің жиынтығынан тұрады:

- МС2-70 ет және балық етін тарту құрылымынан;

- МС4-7-8-2 көп мақсатта қолд. атқару механизмінен;

- МС10-160 шикі көкөністерді кесуге арналған мех.;

- МС18-160 пісірілген көкөністерді кесуге арналған мех

- МС19-1400 етті қопсытуға арн мех

- МС28-100 шикі картопты кесуге арн мех

- МС12-40 жаңғақтар ұнтақтайтын атқару мех

- МС12-15 қатқан нандарды және басқа шикізаттарды елеуге арн атқ мех

Маркісі ПМ-1,1 арнаулы әмбебап асханалық машина. Машина П-1,1 жетегінен және атқару мех-нен тұрады:

- МС2-150 ет және балық етін тарту мех;

- МС8-150 етті араластыруға арналған құрылымынан;

- МС12-15 қатқан нандарды және басқа шикізаттарды ұнтақтау мех,

- МС 19-1400 кесек етті өңдеуге арн мех.

Маркісі УММ әмбебап асханалық машина.

- УММ-2М ет және балық етін тартуға арн мех,

- УММ-10-7 шикі көкөністерді кесу және пісірілген көкөністерді езгілеу мех,

- УММ-4 қамыр дайындау және кондитер қоспаларын бұлғауға арн мех;

- УММ-5 картоп және басқа тамыр жемістерінің сыртқы қабаттарын аршуға арн мех.

Маркісі ПУВР-0,4 әмбебап асханалық машина жетектен және ауыстырмалы атқару мех тұрады:

- УММ-2М ет және балық етін тарту мех;

- УММ-10-7 шикі көкөністерді кесу және пісірілген көкөністерді езгілеу мех,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]