
2.4. Аристотельдің саяси – құқықтық пікірлері.
Аристотель ( Страгирит)-б.э.д. 384-322 жж. Аристотельдің « Саясатң, «Афиндік политияң, «Этикаң еңбектеріндегі құқықтық-саяси пікірлер. Эллинизм (б.э.д. 4 ғ. екінші жартысы-2 ғ.) кезеңіндегі құқықтық-саяси пікірлер. Эпикур ( б.э.д. 341-270 жж.) Демокриттің атомдық ілімін жалғаструшы ретінде.
Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аристотельде саясат ғылым ретінде этикамен тығыз байланысты. Оның көзқарасы бойынша саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілікпен этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Этика саясаттың бастауы, оның кіріспесі ретінде көрінеді. Аристотель әділдіктің екі түрін – теңестіретін және үйлестіретін түрлерін анықтайды. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде арифметикалық теңдік қарастырылады. Бұл принциптің қолданылу аясы – азаматтық – құқықтық мәмілелер, шығынды қалпына келтіру, жаза және т.б., ал үйлестіру әділдігі геометриялық теңдікпринципі түрінде ұсынылады және бұл принцип ортақ игіліктерді еңбегі мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негізделеді.
Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Бұл жерде мемлекет формасы билеушілердәің санымен (біреу, аз ғана топ, көпшілік) анықталады. Бұдан басқа мемлекеттің дұрыс және бұрыс формалары туралы да айтылады.
Дұрыс формадағы билеушілер көпшіліктің мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер тек қана өздерінің жеке басының мүдделерін көздейді. Аристотельдің пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және полития, ал екінші формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады. Мемлекеттің басқа формалары политиядан әрі немесе кері ауытқуы ретінде айтылады. Екінші жағынан қарастырғанда, Аристотельдің түсінігінше, полития демократия мен олигархияның аралас түрі ретінде қарастырылады.
Жоғарғы билік заңның емес, демостың қолына деп есептеген Аристотель демократияны сынға алады. Ол мүліктік демократияны ғана мақұлдайды және демократияның екі түрін – заңға негізделген және жоғарғы үкіметке билік жүргізетін демократияны анықтайды.
Аристотельдің саясат жөніндегі ойлар да көңіл қоярлық. Оның айтуынша, саясаттың мәні оның алдына қойған мақсатына қарай анықталады. Дұрыс саясаттың негізі – адамдардың тәрбиелігінде болып табылады. Адамдар дұрыс тәрбиенің нәтижесінде ғана жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, саяси мақсаттарын игілікке бұрады, осының арқасында ғана әділдік орнайды.