Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Office Word.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
99.84 Кб
Скачать

6666 Тұлға тек қана әлеуметтік-қоғамдық қатынастардың жемісі ғана емес, сонымен қатар әлеуметік іс-әрекеттердің маңызды субъектісі де болып саналады. Бұл іс-әрекет, қызмет қоғамның барлық салаларында әрдайым көрініп отырады. Мысалы, экономикада, саясатта, рухани өмірде. Көрнекті неміс әлеуметтанушысы Марк Вебер әрбір адам өзінің іс-әрекетіне белгілі бір мән, мағына береді деп атап көрсеткен. Олар осыларды өмірде қолданады. Одан әрі саналы адамның әлеуметтік іс-қимылы, әрекеті, қызметі өзінше жеке дара бағытталып, өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа адамдарға бағытталады. Вебер осындай іс-әрекеттің біреуге бағытталуын, нысаналануын тосу, күту, үміт ету (ожидание) дейді. Мұнсыз ешқандай іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Мындай әлеуметтік іс-қимылдың алуан түрлері болады. Олардың ең бастысы мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целенаправленное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады.

Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды пайдаланады. Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық топ болып саналады. Ал, саналы емес іс-әрекеттің салдары әруақытта қалыптасқан нормадан ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процестің басты бағыты.

Вебер әлеуметік іс-әрекетті, қимылды 4 типке бөледі:

а) ақыл-ойдың мақсатқа бағытталуы (целерациональный). Мұнда әрбір іс-әрекеттің мақсаты мен құрылымының бір-біріне сәйкестігі көзделеді.

ә) іс-әрекеттің құндылыққа бағытталуы. Мұнда әрбір іс-әрекеттің басқа құндылық, бағалық үшін өмір сүруі (мысалы, діни немесе моральдық) көзделеді.

б) аффективтік, бұл адамның эволюциялық реакциясына негізделген (аффективия).

в) дәстүрлік (яғни салт-дәстүрлік), мұнда адмның іс-әрекеті белгілі бір дәстүр, салтқа сәйкес болады.

Тұлғаның әлеуметік қызметі деп, адамның өмірді өзінше игеріп, меңгеруі және адамның өзінің қоғамдық қатынастарды, құбылыс, процестерді өзгертуші субъект ретінде дамып, жетілдіруін айтады.

Әлеуметтік іс-әрекет пен қызметтің қозғаушы күші объективтік жағдайлармен байланысты. Объективтік жағдай адамдардың қажеттілігінен, мұң-мұқтажынан, мүддесінен, мақсатынан шығады.

Басқаша айтқанда, адамды іс-әрекетке, қызметке итермелейтін негізіг себептер – қажеттілік, мұқтаждық, мүдде және мақсат. Қажеттілік өмірде болады, бірақ, ол қолда жоқ зәрулікке жатады. Қажеттілік табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи қажеттілік, ол өз кезегінде әлеуметтік қажеттілікке ұласады.

Табиғи қажеттілікке тамақ ішу, киім кию, баспана қажеттіліктер (мқұтаждықтар) жатады. Мұндай әлеуметтік қажеттілікке еңбек ету, басқа адамдармен байланыста болу, қоғамдық өмірге араласу т.б. мұқтаждықтар кіреді. Қажеттілікті адам терең сезініп, түсінесе, оны өтеуге, іске асыруға тырысса, ол мүддеге, ал, мүдде мақсатқа айналады. Мұның өзі екінші жағынан, тұлғаның қажеттілікке, мұқтаждыққа, мүддеге, мақсатқа терең көзқарасын қалыптастыруын керек етеді.

Адам мүддесі, мақсаты белгілі бір қажеттілікті (мұқтаждықты, зәрулікті) қанағаттандыру мүмкіндігіне қарай тұлғаның іс-әрекетінің, қызметтерінің бағыттарын белгілеп отырады. Жалпы мүдде, мақсат адамның қоғамда өмір сүру қызметінің қалыптасқан жағдайлар мен орындарын сақтау немесе оларды өзгерту үшін күреске жеке адамдарды жұмылдыратын шешуші себеп ретінде байқалады.

Мүдделердің, мақсаттардың негізінде әлеуметтік талап-тілектерді білдіретін адамдардың қажеттіліктері жатады. Осыған орай мүдде, мақсат бір нәрсеге, затқа деген қажеттілікті түсінудің түрі ретінде көрінеді.

Қажеттілік тұлғаны өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қатар сыртқы табиғатпен тығыз байланыстырады, өйткені адам табиғаттен керегін алып, өзінің мүддесін, мақсатын қанағаттандырып отырады. Ол табиғатқа тәуелді болады, бірақ, бұл тәуелділікті біршама бәсеңдетуге, төмендетуге тырысады. Сөйтіп ол табиғаттағы жоқ заттарды қолдан жасап, өзінің қажетілігін, мұқтаждығын қанағатандырады. Осылардың нәтижесінде тұлға табиғаттан біршама тәуелсіз болады.

Қажеттілік – объективті дүниенің даму заңдарының негізгі бір түрі. Осыған орай тұлға қажетілікті терең, жан-жақты түсініп, оны меңгеріп, өзінің ісінде, қызметінде пайдаланып отырады. Екінші жағынан, қажеттілік тұлғаның өмірдегі белсеңділігін, жауапкершілігін арттырудың басты факторларына жатады. Тұлғаның атқаратын іс-әрекеті, қызметі белгілі бір нақты мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады.

Кейбір жағдайларда адам жаңа бір әлеуметтік жағдайда өзінің мүдделерін өзгерте алмайтын халге ұшыраса, онда ол өзінің жүріс-тұрмысын, мінез-құлқын өзгертуге, яғни бейімделуге мәжбүр болады.

Бейімделу - өмір сүру жағдайларының өзгерісіне деген сол адамның көзқарасының қалыптасуына көмектеседі, сөйтіп түсініспеушіліктің нәтижесінде пайда болатын шиеленісті жоюға, я болмаса оны бәсеңдетуге жағдай туғызады.

Қажеттіліктің мүддеге айналуы, ал, мүдденің мақсатқа айналуы бұл субъект қызметінің екі сатысы. Мұның әрқайсысы іс-әрекеттің себебі ретінде сипатталады,

Мүдденің мақсатқа айналу сатысында қозғаушы күш ретінде болатын адамдардың ынталары, бастамалары, ниеттері, т.б. маңызды рөл атқарады, осылардың өзара байланыс-қатынастары тұлғаның қызметінің әлеуметтік жағын құрайды. Әлеуметтік іс-әрекеттің, қызметтің сырт көрінісі адамның нақтылы көзқарасынан, жалпы идеологиясынан да байқалады. Тұлғадағы жоғары адамгершілік, құнды, бағалы нұсқаулар, мұраттар, бағдарламалар оны қоршаған әлеуметтік ортаға бейімделу ретінде бола отырып, тұлғаның жоғары кәсіби мамандығын, белсеңділігін, жауапкершілігін, іскерлігін ұдайы арттырып отырады. Бұл қатынастар индивидтің нақтылы қызметінің мәні мен мазмұнын, оның мақсаты мен міндетін қалай түсінетініне, осы қызметтің қажеттілігіне деген сезіміне қарай өзінің қызметінде қанағаттану немесе қанағаттанбау сезіміне сәйкес құрылады.

Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасып, іске асырылады.

Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады.

Сол сияқты әлеуметтік бақылау дегеніміз – ол жеке дара адам мен (индивидтің) қоғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қатынастарын реттейтін құрал. Әлеуметтік бақылау шеңберіндегі әлеуметтік қатынас дегеніміз, ол – субъект (адам, адмдардың алуан топтары мен бірлестіктері) мен объектінің (сырт дүниенің), жай ғана қатынасы емес, бұлар әр түрлі сипаттағы элементтердің өзара қарым-қатынастары.

Сөйтіп әлеуметік бақылау дегеніміз, ол индивидтердің әлеуметтік тәртібін тек қана саяси мекемелердің ғана тұрғысынан емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік мекемелердің (яғни, білім берудің, мәдениеттің, мораль) тарапынан да реттеу болып табылады.

Әлеуметтік бақылау – топтың, ұжымның, қоғамның тұрақтыдығын, бірлігін сақтайды.

Адамның іс-әрекеті деп, оның мұқтаждығы мен алдына қойған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған әрекеттердің жиынтығын айтамыз.

М. Вебер атап көрсеткендей, адамның мінез-құлқы деп, оынң іс-әрекетінің, қызметінің сыртқы көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі болады:

а) инстинктивті; ә) қарапайым; б) әлеуметтік;

Мінез-құлықтың бірінші және екінші түрі көбінесе саналы, ерікті емес түріне жатады да, оның әлеуметтік мәні болмайды.

Мінез-құлықтың мұндай түрлерін, психология ғылымы зерттейді. Екінші жағынан, кейбір осындай тәртіптің түрлерінде әлеуметтік жақтар болуы мүмкін (мысалы, білместіктен, байқаусызда жасалған қылмыстар). Мінез-құлықтың саналы өз үлгісі тек адамға ғана тән. Ол адамның ақыл-ойының көмегімен еркін бақылауы арқылы іске асырылады. Сондықтан оынң әлеуметтік маңызы және әлеуметтік мәні болады. Мұндайды әлеуметтік мінез-құлық деп санаайды.

Әлеуметтік мінез-құлық әр түрлі болады, олар:

а) индивидуалды (яғни, жеке адамның мінез-құлқы);

ә) ұжымдық – бұл жалпы мұқтаждығы, талап-тілегі және іс-әрекет мақсатының бірлігі кезінде құрылған ұйымдасқан топтың мінез-құлықтары;

б) бұқаралық – бұл бір типті, әрі ұйымдаспаған үлкен бұқара тобының мінез-құлқы.

Жеке адам мінез-құлқының құрылымы үш элементтен тұрады: а) мотивация, мұқтаждық пен себеп-дәлелдердің көкейтесті мәселелері;

ә) шешімдер, яғни шешімнің мақсаты, оны іске асырудағы құралдарды іріктеп алу, жоспарлау;

б) іске асыру, өмірге ендіру. Бұл қоршаған ортаға әсер ету, болатын нәтижені талдау, іс-қимылдарды жүзеге асыру.

Әлеуметтік мінез-құлықтың өлшемі болып қылық (поступок) саналады.

Қылық – бұл іс-әрекет. Мұның әлеуметтік маңызы және мәні болады. Мысалы, анасы баласына уақытында тамақ бермесе, бұл жағымсыз қылық болып есептеледі.

Әлеуметтік тәртіп белгілі бір әлеуметтік ережелерге (нормаларға) сәйкес келсе, қалыпты дейді. Ал, мінез-құлық нормаға сәйкес келмесе, оны ауытқыған (немесе девиандтық) мінез-құлық дейді. Бұл ауытқуды әлеуметтанудың арнаулы теориясы – ауытқы мінез-құлқының әлеуметтануы зерттейді.

Ауытқу тәртібіне құқық пен мораль прициптерінен кейін кету, оларды бұзу жатады.

Ауытқу тәртібі еңбек, өндіріс саласында, жеке адамдар арасында, ұцымдық қарым-қатынастарда, қызметте, жұмыста, тұрмыс-салтында жиі кездесіп отырады. Мұндай жат қылықтарға бұзақылық, ұрлық, маскүнемдік, нашақорлық, өз-өзіне қол жұмсау, жезөкшелік, т.б. жатады. Мұндай ауытқу мінез-құлықтарына қарсы күрестер еліміздің барлық салаларында алуан түрлі әдістермен қатаң жүзеге асырылуда.

 Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі.  Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд  ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.

   Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен  өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.

Тұлғалық қасиеттер үш дәрежеде болады:

1. Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі ретінде шыққан нәсілінен, ұлтынан, туысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы қасиеттерді иелену. Олардың қатарына: қуану, қайыру, болжамдық, елді сүю, арамдық –зұлымдарға, әділетсіздіктерге, әділеттікке және т.б. көптеген рухани-психологиялық қасиеттер жатды.

2. Әр адамның физикалық ерекшеліктерінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туындайтын және тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс тұрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарым-қатынсында т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.

3. Адам белгілі бір елде, рухани дәстүрде белгілі дәрежеде жеткен материалдық және рухани мәдениет жемістерін сусындап өседі. Сол дәуірдің тарихи ортаның жемісі осының бәрі адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады.

   Тұлғаны анықтайтындар қатарыны: нені және қалай білетіндігі, нені және оны қалай бағатыны, нені және оны қалай жандандырады, кіммен және қалай қатынас жасайтыны, оның көркемдік қажеттілігі жән оны қалай қанағаттандыратындығына байланысты.

Ең негізгісі өзінің әрекетіне, шешіміне, тағдырына деген жауапкершілігіне сай өлшемі тұлғаны толық көрсетеді.

Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен  көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент,  қабілет,  мінез.

Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады.

Адам  мүмкіндіктеріАдамның 5 түрлі мүмкіндіктері бар. Олар: гнесологиялық, аксиологиялық, шығармашылық, комуникативті, Көркемдік мүмкіндіктер.

1.Гнесеологиялық (танымдық) мүмкіндік алынған мәліметің көлемі, сапасымен өлшенеді. Бұл мәліметтер сыртқы ортаға қатысты оның табиғи және әлеуметтік жағдайына және өзіндік танымына байланысты жинақталады.

2.Аксиологиялық (құндылық) мүмкіндіктер- тұлғаның әлеуметтану процесінде болатын адамгершілік, саяси, діни, эстетикалық бағыттарға қатысты құндылықтар жүйесіндегі мақсатқа талпыну мен көзқарастарына байланысты туындайды. Бұлар психологиялық және идеологиялық жағдайлар бірлігінде болып, тұлғаның санасы мен өзіндік санасының эмоциональдық-еріктік, интелектуальдық механизмдерінің анықталуымен және өмірлік дүние танымының, көзқарасының, талпынушылығының ашылуымен болады.

3.Шағармашылық мүмкіндіктер-өз бетінше анықталған білігі мен дағдысы, продуктивті және репрокуктивті, құру жасау немесе бұзудағы әрекеттік қабілетімен, оларды орындаудағы еңбек жемісімен көрінеді.

4.Коммуникативтті мүмкіндіктер-басқа адамдармен байланысқа түсу формасы, өлшемімен белгіленеді. Тұлғааралық қарым-қатынас әлеуметтік рольдер жүйесінде көрініс береді.

5.Көркемдік мүмкіндіктер-көркемдік қажеттіліктің деңейі, мазмұны, үдемелі және оны қанағаттандыруымен белгіленеді. Тұлғаның көркемдік белсенділігі шығармашылықта, кәсіпте, өзіндік  іс-әрекеті мен өнер туындыларын пайдалануда ашыла түседі.

Тұлғаның шығармашылық ізденісі

Қазіргі кездегі өміріміздегі таң қанарлық есті шығарлық өзгерістердің болуына адамның тұлғалы назарын тыс қалады.Әлеуметтік проблеманы туындауы мен оны шешуге байланысты күнделікті түрлі жүйелер өрістету мен ұйымдастырлар болып жатады, дегенмен барлық осы проблема мен шешімдердің негізі адам тұлғасы екенін естен шығарып жатамыз.Әлеуметтік «тар» құбылыстың тереңуіне  байлай отырып, одан тәжірибелік олжа табуға қабілетті, бірақ адам тұлғалығы осы тордың ұялары арқылы жеңіс түсіп қалып отыр.Қоғам дамуы бір жағынан, оның жүгенсіз мүмкіндіктері екенші жағынн, оның үкіметінің орталықтандырылуы тұлға жауапкершілігінің төмендеуіне әкеледі.Соның нәтижесінде сенімсіздікпен қараушылық пайда болды.

ХХ ғасырдағы ғылыми және техникалық жетістіктер адамға жеңілдік әкелгенімен қоса бақытсыздықтыда ала келді.

Мысалы, дүкен сатушысының шынай кучсісімен гөрі шаттана тұрған кедей-шаруа жағдайы сізді таңдалдырады.Англияның белгілі актері Рекс Харрисонды дүние жүзінде ең мемлекет тұйық болып көрінсе, ал ең кедей –қайыршы индияның халқы ашықта, мейрімділігіне таң қалған.

Тұлғаның шығармашылық ізденісі

Өндірістік және техникалық революция арқылы ХХ ғасыр адам баласына көптеген пайда әкеледі, адам байыды, дегенмен адамның шығырмашылық сұранысын қанатағаттандыра алмады десе болады.Адам өзінің энергетикалық, ойлағыштық және шығармашылық қабілетін дамытпаса, адам өмірінің мәні жоғалады, оның тұлғалық күш-мазмұндылық, айқындылық, мақсаттылық, мәнділігі жоғалады.

Тұлға күші дегеміз-бұл тағдырдың құбылмалылығын жеңіп шығу қабілеті кей жағдайларда өзі пайдалы үшін өзіне қатынасы біліктілігі

Қазіргі кезде адамның шығармашылық қабілетін шындыққа айналдыру үшін ресурстар мен технология жеткілікті Бізге тек ерік, қиям, мен мейірімділік керек.Адам өзінің дарындылығы қашан туатынын, қалай туындайтынын білмейді.Әрбір адам қоғам жақсы тұрмысы үшін өз үлесін қосады.

Әрбір адам осы өмірде белгілі бір миссиясы бар.Көптеген шешілмей қалған проблемалар өзінің қабілеті мен потенциялдық мүмкіндіктерін анықтай алмаушылық нәтижесімен туындайды.тек кейбір санаулы адамдар ғана өзінің өзі белгілеп қойылған нәрселермен айналысып және өз өмірінде соған сүйенеді.

Бұл адамдар бақытты және тұлғалық шығармашылық күшке ие болған адамдар.

Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құрылымы.

    Тұлға құрылымын К.К.Платонов төрт құрылымшадан тұратынын белгіледі:

    1) Тұлға бағыты мен қатынасындағы құрылымша: ниет, қызығушылық, бейімділік, идеялары, көзқарас,  дүниетанымы, сенімі, құштарлығы жатады.

    2) Тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесі. Оған адамның білімі, дағдысы, білігі мен әдеті жатады.

    3) Адамның психикалық процестердегі жеке ерекшелігі – яғни, ес, қабылдау, түйсіну, ойлау, қабілеттерінің жеке көріністері.

    4) Құрылымшадағы биологиялық негізділік – тұлғаның типологиялық,жас ерекшеліктік, жыныстық  өзгешеліктері енеді.

     Платонов пікірінше, құрылым құрылымшаларының өзіндік үлес салмақтары бар. Биологиялық,психологиялық процесс,әлеуметтік тәжірибе сияқты үш құрылымша жалпы психологияға топталған,тек бағыттылық қана әлеуметтік психология үлесіне қалған.

А.Н.Сухов, А.А. Деркач тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құрылымына мыналарды, жатқызды:

  • ментальдық, құнды-мәнділік өрісі, себептілік өрісі (бағыттылық, өмірлік мақсат, жоспар, өмірлік жол);

  • когнитивтік сипат (әлем суреті);

  •  «Мен сипаты» («Мен» тұжырымы», «Мен – образы», өзіне қатынасы, өзін бағалауы);

  • тексеру локусы;

  •  тұлғаның статусты-рольдік сипаты;

  •  тұлғаның эмоциональді психикалық күйі мен әлеуметтік сезімі.

Осылардың кейбірін ғана қарастырайық.

   «Мен» - бұл тіл мен ойлау негізінде қарым-қатынаста қалыптасумен болатын тұлғаның өзіндік санасы.

   «Мен-образ» - біздің өзіміз туралы біліміміз, өзіміз туралы не ойлайтынымыз.

    Өзіндік баға саналы сипатында өзін-өзі сыйлау формасы болады. Өзіндік баға шындыққа сай болғанда «Мен-образ» өзін-өзі бекіту мен өзіндік жетілуге жақын болады. Имидж – бұл «Мен-сырты»: адамның өзін сыртқа көрсетуі, айналасындағыларға қандай әсер қалдыруы.

  Тексеру локусын (латынша Lokus – орын) американ ғалымы Д.Роттер ұсынған. Мұны түсінудің екі типі бар. Олар:интернальді және экстремальді .Интернальді типтегі адам өз ісінің нәтижесі жеке сапалығы: жетік білушілік, мақсатқа талпынушылық, жеке қабілеттілікке байланыстылығына сенімд. Экстремальді типтегілер – жеңісі (сәтсіздігі) сыртқы күш көмегі немесе айналадағылардың қысымы деп есептейтіндер.

   Тексеру локусы ерекше жеке сипаттама болып табылады. Нәтижесінде адам әлеуметтік проблемаларды дұрыс құбылыс ретінде қарап, оған бейімделеді немесе керісінше де болады. Әлеуметтену мазмұнын бағалағанда, тұлғаның нақты жағдайға бейімделуімен емес, өркениет пен мәдениет, жалпы адамзаттық образбен өмір сүру сияқты әлемдік стандартпен қараған жөн.

Тұлғаның әлеуметтік психологиялық типологиясы.

   Американ психологы А.Маслоу өзінің «Мен» өзін жүзеге асыру `(самоактуализация) жөнінде» деген еңбегінде адамның өзгелерге қатынасы жөнінде былай деп жазған: «Өзгеге өзіңе қарағандай қара, ал екінші өзін айналаны қалай қабылдаса, өзгені солай қабылдайды».

   Американ ғалымы Э.Шостром А.Маслоудың бірінші типтегі адамын – актуализатор, екінші типті -  манипулятор деп атайды. Осы екі типті зерттей отырып, актуализатор типін - әділ, ашық, қызығушылығы тұрақты, өзіне сенімді десе; манипулятор типі – адамдармен қатынас жасағанда барынша бетпердешіл екі жүзді, өзгелерге немқұрайлықпен қарайтын және т.б. деп есептейді.

   Манипуляторларды салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтарды өзіне және өзгелерге қатынасын, негізгісі күнделікті өмірдегі мінез көріністеріне байланыстыдеп көрсетеді. Э.Шостром манипулятордың сегіз түрін анықтайды:

  1. Диктатор (мінезінде ашық күшті мәнерге тән);

  2. Шүберек (таусылмайтын ойында беріліп ойнау сипаты тән);

  3. калькулятор(салқын, үнемшілдік тән);

  4. жабысқақ (қорғансыздықты имитациялау мен үнемі қорғанды қажет ету тән);

  5. бұзақы (айналасындағыларды өз қызығушылығына қарай террорлау тән);

  6. жақсы жігіт (өзін тақтада  деп ойнақтау тән);

  7. сот (жазалау позициясымен объектіге қатынасын манипуляциясын демонстрациялау тән);

  8. қорғаушы (өз мақсатына байланысты оларды қорғаушы рольін екі жүзділікте ойнау тән).

    Тұлғаны әлеуметтік-психологиялық талдауда Юнганың типологиясыэкстровертті және интровертті түрлері ерекше маңызға ие. Бұл типтерді толықтыру мақстында психикалық төрт процесті: ойлау, эмоция, түйсік, интуиция қатысымен төрт түрі ішінара бөлді. Оларды: ойлағыштық, эмоциональдық, түйсінушілік, интуитивтік тип деп төртке бөлді.

     Э.Шпрангер өмірлік құндылықтарына байланысты тұлғаның алты түрін:теориялық, экономикалық, эстетикалық, әлеуметтік, саяси, діни деп қарастырды.

     Американ психологы Хорни адамның басқа адамдармен қарым-қатынасына қарай тұлғаның үш типін қарастырды:

  1. Үйірсек тип;

  2. Агрессивті тип;

  3. Жатырқаушы тип.

 Үйірсек тип – сүйікті, сыйлы болу мен қамқорлықта болу үшін қарым-қатынасқа жоғарғы қажеттілікке ие және өзгелер бағасына «мені сүйер ме екен, маған қамқорлығы қандай болар екен?» деуші тип.                          

        Агрессивті тип - өзгелерге қатынасын мақсатқа жету құралы ретін құру тән. Мұндай адамдар үстем болуда қарсылықты қаламайды, өзге адамды «маған көмектесіп, пайдасы тиеді ме?» деген тұрғыдан ғана қарайды.

      Жатырқаушы тип – мұндай типтегі адамдар эмоциональді келеді. Олар топтық іс-әрекетке қатысқанды қаламайды, қарым-қатынасқа қауіппен, жамандықтан құтыла алмайсың деп өзгелермен қарым-қатынасын дистанцияда ұстауды қалайтындар. Егер біреумен кездесе қалса «мені жайыма қалдыра ма екен?» деген өзіне сұрақ қоятындар.

     Норакидзе адамның мінезі мен ішкі себептер сәйкестігіне қарай тұлғаны үш типке бөледі:

  1. Гормониялық тұлға;

  2. Конфликтілі,қайшылықты тұлға;

  3. Импульсивті тұлға.

    Гормониялық тұлға – мінезі мен ішкі мотивтері: ниет, моральдық принциптер, борыштық сезім, нақты мінездері арасында дау-дамайы жоқ, үйлесімді тұлға. Әлеуметті бағдарланған және адекватты.

    Конфликтілі, қайшылықты тұлға – мінезі мен себептер арасында қайшылығы бар, ниетіне іс-әрекеті, іс-әрекетіне ниеті үйлеспейтін адам.

    Импульсивті тұлға – тек өз ниетіне байланысты ғана әрекет ететін, егер ниеті болмаса, іштей әсер етуге лайықты. Мұндай адамдар екі жүзділікпен өзін боямалап, іскер, ымырашыл, дербес етіп көрсетуі де мүмкін.

 Әлеуметтенудің әлеуметтік психологиялық аспектісі.

     Әлеуметтік психологияда әлеуметтенудің қысаң және кең түсіндіру тұрғылары қалыптасқан. Б.Д.Парыгин пікірінше,әлеуметтенуді қысаң түрде түсіну – бұл әлеуметтік ортаға ену,онда бейімделу; әлеуметтенуді кең түрде түсіну –филогенез,тарихи процесс.

   Әлеуметтенудің мазмұнына ұқсас басқа да түсініктер бар. Олар: «тәрбие» мен «адаптация».

    Тәрбие – стихиялы процесс,әлеметтену одан кеңірек.

    Адаптация – бейімделу, әлеуметтенудің құрамдас бөлімі, механизмі іспеттес.

    Адаптацияның екі түрін: психофизиологиялық және әлеуметтік психологиялық деп ажыратуға болады.

   Әлеуметтік психологиялық адаптация – жаңа әлеуметтік ситуацияға енгендегі өзінің тұлғалық ролін меңгеруі. Әлеуметтік психологиялық адаптация нәтижесіне қарай позитивті, негативті болып, ал механизміне қарай ерікті ,еріксіз болып бөлінеді.

    Әлеуметтік психологиялық адаптация бірнеше кезеңде жойылады:

 а)танысу;

ә) рольдік бағдарлылық;

 б)өзіндік беку.

 Олай болса,әлеуметік-психологиялық адаптация әлеуметтенудегі нақты процесс.

      Адам әлеуметтену процесінде әлеуметтік нормаларды меңгеріп, әлеуметтік рөлдер, қоғамдық мінез дағдыларын пайдаланудың тәсілдерін үйренеді. Тұлға әлеуметтенуі тұлғаның әлеуметтік шындықты тануына негізделеді.

      Тұлға әлеуметтенуінің көзі болып табылатындар:

             1) сәбилік жастағы тәжірибесі – психикалық функциялар мен мінездің элементарлық формасының қалыптасуы;

              2) әлеуметтік институттар – тәрбиелеу, оқыту мен білім беру жүйелері;

               3) қарым-қатынас пен іс-әрекет процесінде адамдардың өзара әсері.

    Әрбір әлеуметтік роль өзі көптеген мінездің мәдени нормалары, ережелері, стереотиптерін ендіреді. Өмір сүру барысында әлеуметтік рольдің біреуін ғана емес, бірнешеуін немесе көптеген әлеуметтік рольдерді жастық және қызметтік баспалдаққа байланысты меңгеруге тура келеді.

       Әлеуметтену мазмұнына қарай екі жақты процесс. Бір жағында әлеуметтік тарихи тәжірибелер, символдар, құндылықтар, нормалар жатыр. Екінші жағында оны индивидтің меңгеру, интериоризациясы жатыр.  

    Интериоризация – бұл қоғамдық өмір сыртқы формасындағы процестердің сананың ішкі процесіне ауысуымен:талдап қорыту, вербалдану, ары қарай даму қабілеті.

    Мен-құрылымы әлеуметтік хабарларды қалай өңдейтінімізге қатты әсер етеді. Бұл  өзімізді және өзгелерді қалай қабылдауымыз жадымызды  сақтауымыз және оларды бағалауға ықпал  етеді. Егер студент  болу  Мен –тұжырымның орталық бөлігі болып есептелінсе, онда біз «студенттік» дағдыларды меңгереміз. Кезеңге тән білім, білікті өзімізде және өзгелердегі деңгейін белгілеп, байқаймыз, бағалаймыз. Біз өз кезегінде студенттік өмірге байланысты барлық жаңалықтар  мен хабарларды жинақтап отырамыз. Яғни, бұл біздің  Мен-құрылымға сол уақыттағы мұратына лайық келеді. Мен –құрылымы мынадай өзіне  тән қасиетерді жинақтайды.

  1. Өзіне деген сенімнің болуы;

  2. Өзіне тән қатысты хабарларды ұйымдастыру  және оны ауысып  отыруға бағыттау;

Мен–құрылымы өзіне қатысты хабарлар мен тәжірибелерді жинақтап, реттеп отыруды Осы тұрғыдан келгенде кітапханашының кталогтарды жинақтауына және қайта реттеп отырушы ретіндегі қызметіне теңейді. Дьюннің психикалық ондық жүйесі ретінде  қарастырға  болады.

Сервантес «Назидательные новелла» атты еңбегінде адам-шыны ол мөлдір, нәзік, әрі оның   құрылымынан дүниені тануға балады деп көрсетеді.

Шындығына келгенде адам күрделі жаратылыс иесі.Бірақ сіз-бірегейсіз, жаратылыс иесі.Бірақ сіз-бірегейсіз, өзіңіз сияқты, өзіңізді кейбір жақтатарыңыздың ұқсастығы бар адамдарды кездестіресіз.Соған қарамастан нақ өзіңіздей адамның бұрын және болашақтада қайталанбайтынына сенімдісіз.Сондықтан, әр адамның қайталанбас, өзгеше  «Мен»-бейнесі бар. Әрқайсымыз «Мен» сөзін түрліше толықтырамыз «Мен кіммін деген сұраққа берген жауабыңыз Мен –тұжырымын »құрайды.

«Мен» тұжырымы бірнеше элементтерден жинақталған Соның бірі «Мен»-құрылымы Мен –құрылымы –бұл, біздің өз өмірімізді ұйымдастырудағы психикалық модел болып табылады.

1.Адамды белігілі бір жынысы, күйші, скульптар т.б. өзіне сай қызығушылығы бар жан ретінде сезінеді.

3.Өз мұратына лайық белгілі бір кәсіп иесі оқушы, студент, аспирант, ізденуші, малшы, кәсіпкер,мойындайды.

Мен-құрылымы әр адамда әртүрлі  болады. Ол негізінен сол адамның Мінез құру бағытына тікелей байланысты болып келеді. Мен бейнесі бір ситуациядан екенші бір, ситуацияға өзгеріп отырады.Мысалы жолдасымен беріліп ойнап отырады да, екінші біреумен әңгімелеседі.

Мен-бейнесі үнемі өзгеріс үстінде болады және сол бір бейне екі рет туындамайды және одан өзін айқын байқап отырады.Өз бойымыздағы ерекшеліктерді, айырқша қасиеттер жиынтығын яғни, өзімізді өзіміз бағалаймыз.Өзіміздегі «Менге »баға беріп сынаймызМіне, бұл да «Мен» тұжырымының элементтерінің біріне жатады. Мұны «Өзім сүйнетін нәтиже » деген атпен аламын.Адам өзіне өзінің берген бағасымен жектелмейді.Өзіне өзінің берген бағасының қандай деңгейде екенін анықтап білу үшін, айналасындағы адамдардың өзіне берген бағасымен салыстырып көреді.Ол мына, схемадағыдай болып шығады.

Айналадағылардың бағасы

Өз бағамыз

Жаспақ

Мақтаншақ

Бөспе

Азамат

 

Адам өзінің өзгешілігі, мен бағасының нақтылығын болжауға байланысты және дұрыс бағдар түзуге талаптанып, әрдайым салыстырмалы түрде, өзгерлердің бағасына да бағынышты болады.Егер өзгенің өзіне берген бағасы дәл кейін жатса «Азаматтық  келбетінің дұрыс қалыптасып келе жатқанын бабы қойлады.»

Психолог Б.С. Мерия өзіне-өзі тең екенін білу анықтамасы деп есептейді.

Өзім сүйнетін нәтиже бойынша өз ісі мен қылығына да баға береді.

Кемістігіне баға беріп, сәтсіздіктеріне мән беріп, өзіне талдау жасайды.

Әрекет үстінде өзін әрдайым бақылап одан қорытынжы шығаруға талпынып отырады.

Міне, бұның барлығы мен –көрсеткіші болып есептелінеді. Мен –көрсеткішінде сіз өзіңізге тән даралық ерекшелігіңізді хабарладыңыз Ол мен –адаммын, Мен-жоғарымын, Мен-көпшілмін

Топтық және әлеуметтік байланысқа орай «Мен мұсылманмын», Мен –Қазақстанпын деген белгілейсіз.

Егер біз Батыс мәдениетінің психологиясына жүгіртер мүмкіндігін, өзіне дұрыс бағалай  білген адамды –ең өміршең, ең бай деп есептейді Осыған орай өзгені сүймес бұрын өзіңді сүй деген қағиданы қатты насихаттайды.

Батыс әдебиеті «Илиададан» Гекльберр Финн ғажайыптарына дейінгі адам ең алдыменөзінің күйшіне сүйену дерек деп түсіндіреді.

Мен –тұжырымы тек өзіне сену өзіне баға беру мен сондай-ақ мен-мүмкіндігінде қарастырады. Мен-мүмкіндігінде қарастырады. Мен-мүмкіндігінде адам арманым тұратын қамтиды. Хейзел Маркус «Мен –мүмкіндігі сан қырлы деп көрсетеді».Мен-бақуаттымын мен сүйіктімін, Мен толықпын, Мен данышпанмын деген сияқты жақсы шығындарға мен қосу яғни қара-қармы сен –кедеймін.Мен-жұмыссыздан дағымыз келмейтін қасиеттерді көрсетуімізге тура келеді.Мен мүмкіндігі –біздің негізгі мақсатымызбен қалай өмір сүргіміз келетіндігін көрсететін талпысын көрсетіш.

Мен тұжырымының ең маңызды элементтерінің бірі-өзін-өзі силау

Өзіне деген жақсы қатынаста болу «Мен» - құрылымы мен «Мен» мүмкіндігіне жақсы әсер етеді.Өзін-өзі ашудың өзі екі түрлі жоғарғы және төменгі деңгейде болады деп көрсетеді. Кейт Даттон жоғары деңгейде –үнемі жақсы эмоция ал төменгіде-нашар эмоцияларлар ал төменгіде-нашар эмоциялар да, мұңды күйде болу кездеседі.Өзін-өзі терең силайтындар жаман көңіл-күйді болғанның өзінде, өз көңіл-күйін  көтеретін жақсы жағдайларды тарихбарды еске түсіріп, уақытша тап болған келеңсіздіктерде өзін-өзі басқара алады.

Өзін-өзі силау өзінің сезімі, қабілетін, еске түсіру, ойлау т.б. толық қамти отырып, таңбасын лайықты қалдырады.

Дегенмен мен индивидализмнің терең қарастырған проблемасы дегенмен адамдағы мен бірнәрсеге тәуелді екенін түйсінеді.От отбасы, туған туыс жора жолдасынан ұзақтаған индивид әлеуметтік байланысты үзеді.Бұл оның кім екенін дәлелдеуге құқығынан айырады.

Адамдардағы «Мен» көп қырлы мен және ата-анам, мен және туған-туысым, мен және қызметкер, мен және жолдас-жораңдар Сондықтанда олар бір біріне тәуелді және да ол сол арқылы мен қасиетін айқындайды.Оның құндылығы –мен көлемінің кеңдігімен емес, оның үйлесімді бірлікте болып бірін –бірі  бағалау, сүю, құрмет көрсетуінен көрінеді.Мына схемадан тәуелсіз және тәуелді мен –тұжырым көреміз.

Мен тұжырымы тәуелсіз және тәуелді

 

тәуелсіз

 Тәуелді

 

Дербес ерекшелікпен мақсаттарды анықтаудағы бірдеменің жеке болуы

Басқалармен байланыстылықты анықтаудағы бердеменің қоғамдық болуы

Мәні

Мен –менің

Жеке жетістігі пен табысы

Біз-топтық мақсат пен ынтақтастық біздің қоғамдық міндеттеріміз бен өзара қатынас

Мақұлданбау

 конформизм

эготизм

Көрнекі ұран

 Өзіңе өзің сенімді бол

Бізде ешкем адал емес

Мен тұжырымын қуаттайтын мәдениет

Батыстың индивидуалистігі

Азияның ұжымдығы мен әлемнің үшінші мемлекеттері

Мен сезімі біздің ойымыз бен іс-әрекетімізді ұйымдастыруға көмек береді.Өзімізге қатысты мәліметтерді біз жақсы өңдеп, есте сақтаймыз.Мен-тұжырымының мен –құрылым элементі хабарларды өңдеуге басшылық жасаса «Өзім сүйенетін нәтиже » өзін бағалай білуге үйретеді, ал мен –мүмкіндігі арманымыз бен мұратымыз немесе өзіміз қорғатын нәрселерді дұрыс шешуге ықпал етеді.Өзін-өзі силау өзінің құндылығын сезінуге көмек беріп, ерекшеліктер мен қателікттерді бағалауға көмек береді.

Адамдар өзінің мен –тұжырымымен ерекшеленеді. Ол тек мемлекет ерекшеленеді. Ол тек мемлекет  ішінде емес, өзге мемлекеттердің мәдениетіндегі түрліліктер байқалады.Тәуелсіз және өзара тәуелді бір-біріне қарама-қарсы мәдениет ерекшеліктерінен де әлеуметтік мінез-құлық өзгешелігін көруге болады.

 

 Тұлғаның әлеуметтену процесінің ең маңызды кезеңі сәбилік шақ болса, бұл кезеңде өзінің әлеуметтік орнын іздеуге көмектесу. Оның негізгі тіректері:

1)өзінің «Мен» мәнін түсіну; 

2)өзінің «Менін» жете түсіну.

      Өзінің «Менін» жете түсіну мен мәнін түсінумен олардың дербестігі, «Мен - образы» қалыптасады.

       Өзінің «Менін» жете түсіну – 2-5 жас аралығында, сәбилік кезеңде жүзеге асады. Жүру, сөйлеу, ойлаудың дамуы, тану, еңбек, сурет салу т.б. күрделі іс-әрекеттерді меңгеру дағдыларымен көрінеді және оларды мектептің орта және жоғарғы балалық шағында өзінің «Менін» жете түсінуі негізгі кезеңі болады.     

    Өзінің «Мен» мәнін түсіну – бұл процесс орта балалық шақта пайда болады және өзіне баға беруі «өзге» адамның «Менін» салыстыру негізінде жүзеге асады. Осы процесс барысында жақсылық, жамандық, өмірдің мақсаты мен мәні, рухани-адамгершілік, дүниетанымдық ұстаным туралы түсініктері қалыптасады. Сондықтан, бұл процесс тұлғалық құндылықтық өзегінің қалыптасуы.

    Әлеуметтену процесінде анықталатындар: мазмұны, кеңдігі, әлеуметтену механизмі, әлеуметтік институттар, факторлар мен кезеңдері.

    Әлеуметтену мазмұны – тұлға әлеуметтік және мәдени «дәзір» ретінде нені ұсынады және әлеуметтену процесінде индивидтің қандай әлемді суреттеу, мақсаттары, стереотиптері, құндылықтары қалыптасуымен  мәнді.

    Әлеуметтену мазмұнын екі жақты анықтауға болады. Біріншісі, барлық әлеуметтік құбылыстар: саяси бағдарлар мен доктрина, көпшілік ақпарат құралдары, мәдениет жиынтығы; екіншісі, индивидтің осының барлығына қатынасы. Ал бұл қатынас тұлғаның өзінің ерекшелігінен және сол тап болған әлеуметтік ситуацияға байланысты.

   «Тұлғаның әлеуметтік мазмұны мінезінен, әдет, еліктеуінен, көзқарасының қалыптасуынан көруге болады» - дейді Т.Шибутани.

    Демократиялық мемлекетте әлеуметтену мәнін «Мен» жүзеге асыру, тұлғалық мүмкіндігі мен сол  мүмкіндіктерінің ашылуымен қорытындыланады.

    Тоталитарлық мемлекетте барлығы керісінше болады. Мұндай жағдайда Э.Фроммның пікірінше, әлеуметтенудің мынадай, тәсілдері: мазохизм, садизм, деструкция, конформизм мүмкін болады.

      Мазохизм – бағынуға талпыну, моральдық кемсіну. Садизм – басқа адамдарды өзіне жағдайына байланысты тәуелдендіру, олардың алдындағы өлшемсіз билігі мен қорыту арқылы үстемдігін құру. Деструкция - өзінің қауқарсыздығы арқсында айналадағы дүниені күйретумен көрінетін әлеуметтену тәсілі. Э.Фромм пікірінше, айналадағы дүниені күйрету, ол – қарсы тұрудағы жан кешті соңғы тәсілі. Конформизм - өзінің «Менін» қабылдамай, роботқа айналдыру.

     Г.Маркузе тұжырымдамасы бойынша, тоталитарлық қоғамдағы қатал жағдайға байланысты «біртекті» адам, «іштей бағытталған адам» (автоматты бағдарланған тұлға, автоматты конформды тұлға) қалыптасады.

   «Біртекті» адамға тән: ақиқатқа, мінездік және ағартушылық стереотипке сын көзбен қарамау, даралықтың жоқтығы, айлалы әрекетке шалдығу, консерватизм, дүниедегі көргенін бұрмалау(«Мен» үйлестіру,аса тұтынушылық бағдарлылықты). Тұлға әлеуметтік тәжірибені белгілі бір механизмдер арқылы меңгереді.

    Әлеуметтену механизмі – толық тәжірибе арқылы тұлғаның рольдік тұжырым шеңберінде айналық «Мен» теориясы ашылады. Мұндай теория негізін американ әлеуметтік психологы Ч.Кулли салды. Ч.Кулли өзге тұлғалардай өзінің «Мен» айырмашылығын біртіндеп түсінуді зерттеуді мақсаты етіп қояды. Оның теориясындағы индивидтің әлеуметтенуінде шешуші рлльді алғашқы топтардағы (отбасы, балалар ұжымы, көрші қауым және т.б.) формалы емес, интимді, сенімді тұлғааралық қатынасты жатқызады. Мұнда ұжым мүшелерімен баланың тікелей және тығыз байланысы олардың санасында өзіндік психикалық реакцияны тудырады. Ч.Кулли баланың сана және өзіндік санасын қалытастыруда айналасын қоршаған алғашқы ұжымы – ата-анасы, достары, көршілері туралы пікірі мен түйсіктеріне ерекше мән береді. 

     Индивид үшін айналасындағылардың пікірі маңызды, әрі мәнді, соған еліктеуде индивидтің «Мен» сезімі дамиды. Мұны«айналық «Мен» деп атайды.

     Өзге адамдар – бала үшін айна, олармен үнемі қарым-қатынаста болумен оның өзіндік «Мені» қалыптасады, яғни «айналық «Мен» айналасындағы адамдармен индивидтің өзара әрекеттестік нәтижесінде қалыптасады.

     «Айналық «Мен» баланың өзіндік санасының маңызды элементі. Осының арқасында оның өзіндік бағалауы, өзіне айналадағылардың көзімен қарау білігі қалыптасады.

    Өзін қоршаған адамдардан өзін саналы белгілеуге үйретеді, мұнымен қоса, өзінің «Меніне» мақтанышы, құрметтеуі немесе керісінше кемсінуі жасалады.

     Алғашқы топтардағы әлеуметтік өзараәрекеттестіктің уақыт өткен сайын кеңеюі субъективтік «Мен» барынша тұрақталып, белгіленіп қалады. Соған байланысты индивид  айналасындағылардың талаптарына байланысты өзін-өзі тексеру сезімі жасалынады және ол әлеуметтік топ нормасы мен құндылықтарын меңгерумен байланысты болады.

     Ч.Кулли ұсынған тұжырымдаманың жағымды жағы оның адамның «Мен» қалыптасуын әлеуметтік топтардағы өзараәрекеттестік нәтижесі деп қарауында болды. Дегенмен, алғашқы топтардың мәнін индивидтің әлеуметтенуінде маңызды рольін абсолюттендіріп жібереді.

     Дж.Мид (1863-1931жж) Ч.Кулли сияқты индивидтің әлеуметтенуі әлеуметтік өзараәрекеттестікке айырықша мән береді. Бірақ, оның айырмашылығы өзараәрекеттестік кезіндегі символдар мен ым-ишара рольді барынша ашуға талпынады.

    Дж.Мид адам санасының ерекшелігі симолдарды пайдалану қабілеті мен оларға бара-барлықты талдап беруде деп білді. Американ ғалымының пікірінше, өзара түсіністік пен өзараәрекеттестікті келісілгендік балалық шақта өзгелер рольін өзіне қабылдай алуының қалыптасуынан деп түсіндіреді. Оның пікірінше, бұл қабілеттерді қалыптастыруда балалар ойынының маңызы зор. Ұжымдық ойынға ену өзіне белгілі бір рольді қабылдауды оятады, тәжірибе жинақтау барысы мен ересектену барысында ол ойын процесінде ойынға қатысушы адамдардың бірнеше рольін өзіне алады.

    Сонымен қоса, оның ақыл-парасаты мен өзіндік санасы дамиды. Бала әлеуметтік топтың нормалары мен құндылықтарын, талаптары мен өзіне деген мақсатын барынша кең меңгереді.

    Кемеліне келген «Мен» белгілеріне «өзгенің талдап, қорытылған» рольін өзіне қабылдаудағы индивид қабілеті. Мид оны ұжымдық талап пен мақсаттың сол индивидке қатысты талдап, қорытылған образы деп түсінді.

    Индивид әлеуметтік топтың мақсаты мен құндылығының белсенді мүшесі ретінде онда өзінің субъективті «Менін» саналы меңгеруімен тұлға ретінде қалыптасады. Сол кезеңнен бастап ұжымның басқа мүшелерімен бірдей топтың жалпы мәселелерін шешуге қатысып, топтың жалпы жұмысы мен қызығушылығына тұтастай бөлісе алады.

    Француз ғалымы Г.Тарда пікірінше, әлеуметтенуге мыналарды ендіреді:

1)еліктеу;

2)ұқсастыру;

 3)басқару.

  Дегенмен,бұл механизмдер барынша бай және әр түрлі. Тұлғаның әлеуметтенуі түрлі қарым-қатынас түрлері (көпшілік, топтық, тұлғааралық, іскерлік, формальды емес),көпшілік ақпараттық құралдар, мәдениет әсері арқылы жүзеге асады.

     Әлеуметтену мазмұны  әлеуметтік институттар, экономикалық ,қоамдық, соның ішінде отбасы, балалар мекемелері, мектептер ,формальды емес топтар, арнайы ұйымдар және т.б. сияқты негізгі параметрлерге де байланысты.

    Әлеуметтену тиімділігі оның адамгершілік, мәдени, экономикалық жағдайына негізделеді. Әлеуметтік институттардың тұлғаға әсер күші авторитеттік-референттікке байланысты. Дегенмен, басымдылық артықшылық отбасына беріледі. Отбасының тұлға әлеуметтенуіндегі рольі ерекше. Отбасынан тыс тәбиеленетін бала бейімсіздіктен, эмоциональдық контактінің бұзылуынан, топтық пара-парлықтан шаршайды.

    Әлеуметтену процесі дене, анатомиялық-физиологиялық, сенсорлық, эмоциональдық, танымдық және тұлғаның әлеуметтік дамуы сияқты белгілі бір циклдарға байланысты. Әлеуметтену кезеңін адамның түрлі өмір сүру кезеңінде болатын адам дамуы мен өзіне тән әлеуметтік ситуацияларымен түсіндіріледі.

 Әлеуметтену кезеңін анықтаудың түрлі тұрғылары бар. Әлеуметтік тұрғыда әлеуметтену үш сатыда болады деп бөледі. Олар:

  • еңбекке дейінгі,

  • еңбектегі,

  • еңбектен кейінгі.

    Әлеуметтену кезеңінде психоаналитикалық көзқарастарды ескерген жөн. Олар: әлеуметтенуді алғашқы, маргинальді, тұрақты, статусын жоғалтумен байланысты әлеуметтенулер.(зейнетке шыққаннан кейінгі жағдай).

     Әлеуметтенудің алғашқы кезеңі – баланың әлеуметтенуі З.Фрейд пікірінше, бұл кезең мыналардан, тұрады:

    1) оральдық (туғаннан 2 жасқа дейін) бала әлемі тез  айналасына ғана шоғырланады;

    2) анальдық (2 жастан 3 жасқа дейін) бала гигиена дағдыларына үйретіледі. З.Фрейд пікірінше, бұл кезең адамның барынша кейінгі дамуын анықтайды;

    3)фаллигиялық (4 жастан 5 жасқа дейін). Алғаш рет қарсы жыныстық топтағы ата-аналарға симпатиясы пайда болады. З.Фрейд осы сезімге байланысты дау-дамайды,  ұл балалардағыны эдиптік комплекс, қыздардағы  электрлік деп аталады. Бұл кезеңді жақсы өткізгендер өздерін ата-аналарына ұқсатады.

   З.Фрейдтің пікірінше, негізгі тұлғалық сипаттар осы кезеңде қалыптасады.   Сондай-ақ, тұлғаның әлеуметтену процесіндегі бейсаналық рольін абсолюттендірмеу керек. Алғашқы әлеуметтену кезеңінде әлеуметтік рольдер мен ойындық іс-әрекеттерді тану мен меңгеру, күтуге жүйесіне байланысты туу мен беку, оны қанағаттандыру, оған ата-ана тарапынан болатын талап,онымен айналысу сипаттары шешуші мәнге ие.

    Маргинальды(аралық немесе псевдотұрақты) әлеуметтену – жеткіншектің әлеуметтенуі. Жеткіншек жаста жыныстық жетілу болатыны мен оның ересек адам болғанға дейін жалғасатыны белгілі. Бұл кезең тұлғаның өзіндік беку, топтық ұқсастықпен, балалықтан жеткіншектікке ауысужасымен байланысты.

      Тұрақты әлеуметтену – белгілі бір жетістікке жету мен әлеуметтік және тұлғааралық рөлдер кең спектрін орындау үйлесімінде.

     Статусын жоғалтуға байланысты әеуметтену – адамның зейнетақы демалысымен байланысты және ол кезеңдегі жағдады ауыр сезінуі мен дезадаптациялануымен түсіндіріледі. Ең жақын адамдардың өмірден кетуі, өмірінің мәнін, организмінің қартаю процесінің кері айналмайтынын, жалғыздық пен қажетсіздікті сезіну ауыр күйзеліске әкеледі. Мұндай жағдайды немере, шөберелеріне сүйіспеншілікпен ауыстыруы оларға күш береді және әлі де қажеттілігін, өмірдің қайталануын сезінуге мүмкіндік береді.

    Әлеуметтенуді әдеттегі жеке процесс деп қарастырады. Әлеуметтенудің әдеттегілігі әлеуметтік жағдайлармен және тап, нәсіл, этникалық, мәдени айырмашылықтармен байланысты.

     Әлеуметтенудің әдеттегі процесс болуы әдеттегі әлеуметтік немесе жас ерекшелік топөкілдеріне ұқсас өтілуі дегенді білдіреді. Жұмыс істемейтін және жұмысында елеулі жетістігі бар адамдардың әлеуметтенуінде айырмашылықтар бар. Қаңғыбас, биш, созылмалы ауру, мүгедек адам туралы да осыны айтуға болады. Эмиграттық өзге тіл, мәдениетіне адаптациялануы, аз ұлтты немесе ұлыстық өкілдері туралы да әлеуметтенуі жайында осыны айтуға болады.

     Әлеуметтену жеке процесс ретінде болуы сол тұлғаның өзіне тән ерекшеліктеріне орай туындайды (қабілеті, коммункабельдік, конформдық деңгейі, сыртқы келбеті, бара-бар жеке деңгейі),яғни өз қабілетін дамытуға талпынысы, өзінің өмірлік жолын бірегей деп жете түсінуі.

    Адам әлеуметтенуін осы процестің сыртқы және ішкі белгілеріне қарай сырттай демонстрациялауына болады.

   Тұлғаның әлеуметтену белгілеріне: әлеуметтік бірдейлік (топтық, жалпыадамзаттық), мақсат, стереотиптер, жалпы әлемдік құндылықтар мазмұнының қалыптасуы, өмір сүру образы, тұлғаның адаптациялануы, оның нормалы әдеттегі мінездері.

    Тұлғаның әлеуметтенуінің ең негізгі белгілеріне: тәуелсіздігі, сенімділігі, дербестігі, белсенділігі, комплекссіздігі, азаттық деңгейі жатады.

   Тұлға әлеуметтенуінің негізгі мақсатына: А.Маулоуша «қажеттілігін өзін жүзеге асыруын» қанағаттандыруы мен сол мақсатты дұрыс жүзеге асырудағы қабілеттің дамуы жатады. Олай болмаған жағдайда әлеуметтену процесі гуманистік мәнінен айырылып, психологиялық күштеу инструментіне айналады, мұндай жағдай тұлғаның өсуіне емес, өшуіне, «Меннің» жойылуына алып келеді.

     Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік-психологиялық факторларын екі үлкен топқа бөлуге болады:

  1)Әлеуметтік - әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени аспектісінің бейнеленуі мен сол мәселенің тарихи, мәдени, этникалық ерекшелігінің қамтылуы.

  2)Жеке тұлғалық – тұлғаның өмірлік жолын белгілейтін кезеңі.

    Отандық психология объективті көрсеткіштерді индивидтің әлеуметтік статусының өзгеруі, жаңа әлеуметтік рольдерді меңгеруімен бірге, субъективті, соның ішінде ұқсастықты да ескереді.  

     Ұқсастық (идентичность) – бұл басқа индивидтен бірегей дербес, жеке, жүзеге асуын сезінуі немесе басқа топтан топтық құндылықты пайдаланып, өзгешеленуі, бірегей топтың бөлшегі ретінде өзін сезінуі.

   Өмірлік цикл -  бұл әлеуметтік «Мен» сапалы кезеңінің қалыптасуы ретінде қарастырылатын адамның биограсындағы маңызды негізгі кезеңдері: мектепке дейінгі кезең, мектепте оқуы, студенттік өмірі, үйленуі, отандық борышты атқаруы, мамандық таңдауы, еңбекке орналасуы, зейнетке шығуы.

    Өмір сүрудің әрбір кезеңі өзара толықтырып тұратын екі процесс: деәлеуметтену(десоциализация) мен реәлеуметтену(ресоциализация) қоса жүреді.

    Деәлеуметтену(десоциализация) – бұл ескі құндылық, норма, роль мен мінез тәртібінен арылу процесі.

   Реәлеуметтену(ресоциализация) – бұл жаңа құндылық, норма, рольдер мен ескінің орнына мінездің жаңа ережелерін үйрену процесі.

   Аәлеуметтену(асоциализация) – бұл қоғамға қарсы әлеуметтік норма, құндылыққа қарсы негативті роль, мақсат, мінез стереотиптерін меңгеруі, оны қоғамдық байланысында түрін өзгертіп, қоғамның тұрақтылығын бұзуда пайдалануымен түсіндіріледі.

   Әлеуметтенуден қалушылық - әлеуметтенудің әр кезеңіне қоғам белгілеген мінез образы нормаларын өз кезінде меңгермей, тұлғаның кешігіп позитивті меңгеруі.  

     Сонымен,әлеуметтену дегеніміз – бұл индивидтің әлеуметтік құндылықтар жүйесін иеленуі (интернализациялануы) мен әлеуметтік институттардың мақсатты ықпал ету жағдайында мінездің әлеуметтік адаптациялануы,тұлғаның түрлі өмірлік жағдайларда стихиялы ықпал ету жағдайы.

   Әлеуметтену сапасы мен сипаты сол қоғамның әлеуметтік мақсаттарына сай белгіленеді.

  1. 8888. Ұйым (ұжым, фирма) имиджі

Ұйымның имиджі - сол деректі топтағы мүшелердің жинақталған образына қатынасты символдарға ие болады. Топтық имиджге қарағанда, корпоративті имидж ереже бойынша ұйымдастырушы образдарды “ішінен” белсенді басқарады. Бұл деген сөз ұйымның имиджін құру немесе өзгерту туралы шешімдерді оның жетекшілері қабылдайды деген сөз. Сонан -соң ол ұйымның өзімен тікелей осы бағыт бойынша жұмыстар жүргізіледі, немесе имиджмейкердің көмегі қолданылады. Ұйымның имиджін құруда – сол ұйымның жетекшісінің тұлғалық ерекшеліктері маңызды роль атқарып, орталықты символ болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда оның жетекшісімен ұйымның жұмысы, беталысы жүйеленді, анықталады. Корпоративті имидж барлық уақытта функциональды, қызметті болып табылады, оның көмегімен деректі анықталған прогматикалық мәселелер шешіледі. Осы аталған мәселелер мен тапсырмалардың шешілу, орындалу дәрежесі мен сипаттамалары бойынша корпоративті имидждің тиімділік көрсеткіштері анықталып бағаланады. Сол көрсеткіштердің мазмұндамалары бойынша корпоративті имидждің іс - әрекеттері, қызметтері, функциялары анықталады. Корпоративті имидждің бірінші функциясы ұйымды позициялау. Мысалыға: егер ұйым бизнес саласында жұмыс атқаратын болса, онда оны рынокта позициялау жайында сөз болады. Ұйымның рынокта позициялануы өзін - өзі идентификациялау, орнықтыру деп түсіну қажет. Яғни ол мынадай сипаттағы ерекшеліктерді біліп мазмұндап тұжырымдама жасай білуі қажет: ол немен айналысады, оның спецификалық өзіне тән ерекшеліктері қандай. Клиенттер үшін оның артықшылықтары, сонымен қатар оның негізі әріптестері кім? (Жалпылама айтқанда шикізатты тұлғалар, өндірістік процесте қатынасатын мүшелер мен тұтынушылар, қызмет көрсету жүйелері және тағы басқа). Позициялануда ұйымның миссиясының оның потенциалды клиенттерімен (тұтынушыларының) қатынастылығын қарайды.

Мысалы, адам нанды сатып алады, себебі оның тамаққа деген тұтынушылығы бар. Ол сақтандыру компанияларына барып сақтанады, себебі ондай жағдай оның қауіпсіздікке деген тұтынушылығын, қанағаттандырады. Ол тікелей белгілі бір машинаны сатып алады себебі ол маркалы машина оның престижге, беделдікке, статусқа және жеке ерекшелікті сезіміне деген тұтынушылығын қанағаттандырады. Ұйымның мақсаттары мен тапсырмасы клиенттің, тұтынушының көзқарасы жағынан нақты, тура анықталатын болса соғұрлым корпоративті имидждің беделі артып, функциялары оң жүйелене орындалады.        

 

  1. Ұйымның ішкі және сыртқы имиджінің (объективті бірлігінің негізі)

Ұйымның ішкі және сыртқы имидждерін байланыстыратын белсенді элементтердің маңыздысы ол - ұйымның миссиясы. Сыртқы имидждің құрылымындағы шарты – оның шыншылдығы, айшықтылығы, шынайылығы болып табылады. Егер ұйымның барлық мүшелеріне, яғни жетекшілерден бастап қатардағы қызметкерлеріне дейін ұйымның миссиясы түсінікті болып және олар оны қолдайтын, іс – жүзіне асыра білетін болса, онда оны сыртқы имидждің элементі ретінде оның тиімді болатынына көз жеткізуге болады.

Бар имиджді түрлендіру мақсатында алға қойған міндеттемелерді, тапсырмаларды іс - жүзіне асыруды имиджмейкингон деп атайды.

Имиджді құру мен оны түрлендірумен кәсіби деңгейде айналысатын  тұлғаны имидмейкер деп атайды.

Имидж – бұл субьект – субьектілі өзара әрекеттесу процесінде қалыптасатын субъектінің символы (рәмізді) образы болып табылады.

1. «Мен концепсиясын» құрудағы тұлғалық ерекшеліктерін, сапасын арнайы тесттер мен технологиялар арқылы зерттеу. Имидж жүйесі бойынша орындалатын жұмысты рухани, өзгениетті сапа ерекшеліктерін қалыптастыру мен жалпы адамдық құндылықтар, қоғамдық даму заңдылықтарына бағынудан бастау қажет. Ізгі - ниетті әсем іс - әрекеттерімен ерекшеленетін тұлғалық көріністер жүректі жаулап алады. Бастапқы кезеңде, идеалды бейне жайында, имидждеу процесіне қажетті эталон сапасында ақпараттар жинақталады.

2.  Кәсіби іс - әрекеттіліктер түріне, шығу тегіне тиісті сипатты мәліметтерді жинақтау, таңдап алу. Егер, жетекші имиджі қалыптастырылатын болса, лидердың (көшбасшының) сапалық ерекшеліктері таңдап алына отырып, жүйеленеді. Жауапкершілігі, тәртіптілігі, ұйымдастырушылық, ақпараттана білу, жігерлілік ерекшеліктері. Қарым - қатынасу, достар, жан - ұя, спорттық, денсаулық, салауатты өмір салалары жүйеленеді. Британ оқымыстылары, адам өмірінің ұзақтылығы оның зерделілігіне тікелей байланысты деген қорытынды жасады. Эдинбургск университетінің мамандары архивтен (мұрағат), зерделі даму коэффицентін сипаттайтын 1932 ж. болсақ, он бір жастағы 3000 бала, 1997 жылы өз араларындағы болашақ достарын іздестірген, орташа жасы 102,… Ақыл мен саналары жоғарғы дәрежеде дамыған  тұлғалардың жасы ұзақ болған. Сонымен қатар, имидж тұлғалық жеке көрсеткіштері арқылы да құралады: алғыр - тапқырлық, шығармашылықты ізденімпаз, мақсатқа жетелемейтін, ал ең бастысы – жетістік пен өз күшіне сене білуі. Адамның істеген істері, ой - өрісі, жүріс - тұрыстары, сөйлеу мәнерлері арқылы сипаттама беріледі.

3.  Имидждің қалыптасуындағы үшінші кезең сыртқы көрініс. Сыртқы көріністі тартымды да, сүйкімді қалыптастыру үшін, өзіндік беттік сипатты, макияжды таңдай білу қажет (косметика, иіс сулары және тағы сол сияқты). Киім киюдегі жекеше стильді әзірлеп, таңдап алу аса ерекшелікке ие. Тартымды сыртқы көрініс мінез - құлық, дене пішіміндегі гормония, сүйкімді әдеттер, күлімсіреуі қоршаған ортаны сөзсіз таң қалдырады. Осы аталған элементтерді жасау терең еңбекті талап етеді.

4. Қатынасу сапалық ерекшеліктерін жетілдіру (сөйлеу, өзара қарым -қатынаса білу, аудиторияның алдында еркін сөйлеу). Қажет болған жағдайда аудиторияның көңілін аулау, тыңдаушыны қызықтыру, бәсекелестік, айтыс - тартысты күлкіге айналдырып шешу. Байқап отырғанымыздай, имидждеу - өте күрделі және адам баласына қажетті жұмыс, ғылым, сондықтан да ол сан дамыған мемлекеттерде өте құнды. Ең бастысы ішкі дүниеге қамқорлық жасау, өз өмірімізді қалай сүріп жатырмыз, өмірге сабақ бола алатын ептіліктермен әдеп - ғұрыптарды тиісті дәрежеде жинақтау. Франциядағы модельдік бизнестің негізін қалаушы Шанель «Сұлулыққа деген қамқорлықты жан мен жүрек қалауынан бастау қажет, олай болмаса ешқандай косметика көмектеспейді». Шынайы жомарт адам ұлы жандылықпен дүниеге келмейді. Тұлғалық ерекшеліктерді мақсаттылыққа байланысты бағалайды. Осы мақсаттылықтар мекеменің және жалпы қоғамның мақсаттарымен сәйкес келуі тиісті. Тұлға өзінің іс - әрекеттіліктері мен өзге адамдармен қарым - қатынастылықтары арқылы өзіне тән бейнесін, түр - әлпетін көрсетеді.

 

Имиджелогия — іскерлік әлем мәдениеті мен әлеуметтік және тұлғалық коммуникация туралы ғылым ретінде

Жоспары: