Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Office Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
304.75 Кб
Скачать

Шырындар. Жеміс-жидек және көкөніс шырындарында нәрлі заттар көп және оларды организм оңай сіңіреді. Тамақта витамин тапшы болатын қыс пен ерте көктем айларында жеміс және көкөніс шырындары, әсіресе балалар үшін өте бағалы тағам болып табылады. Шырының құрамында жас өнімнің қасиеттері толық сақталады, ал олардың кейбіреулерінің дәмі мен жұғымдылығы, қант қосудың нәтижесінде, айтарлықтай жақсарады. Әсіресе, жемістерден жұмсақ етімен қоса жасайтын шырындар бағалы (мысалы, ерік, шабдалы, қара ерік, томат т. б.). Мұндай інырындар басқа қасиеттеріне қоса ішектің жұмысын жақсартады.

Жүзім шырыны тез қорытылатын қантқа (глюкоза және фруктоза), органикалық қышқылдарға (алма, шарап және лимон), минералды тұздарға бай. Жұзім шырынын- да витаминдер өте көп емес, негізінен каротин (провитамин А), В және С. витаминдері бар. Жұзім шырынының колориялылығы жоғары, сондықтан бағалы диеталық тағам ретінде пайдаланылады. Алма шырыны қантқа, пектин заңларына және минералды тұздарға (әсіресе темір тұзына) бай. Абрикос шырынында (жұмсақ етімен)калий мен темір тұзы мол. Оның құрамында каротиннің мол болуы ерекше маңызды. Қара ерік шырынын жұмсақ етімен қоса және қант қосып әзірлейді: оның құрамында пектин заттары мол болады, шөлді басады, қарынішек трактісіне босаңсытатын әсер туғызады.

Апельсин және мандарин порындары витаминдерге, әсіресе С витаминіне бай, цинготқа қарсы қасиеттері бар. Етімен қоса жасалған қарақарақат шырыныида С витамні өте көп болады қой бүлдірген мен қарлыға шырындарында С витамині мұнан аздау. Томат шырынының құрамында өсімдік тағамдарында кездесетін витаминдердің барлығы дерлік болады. Бірақ томат шырыны каротин мен С витаминіне ерекше бай, онда сонымен бірге минералды тұздар, қант және органикалық қышқылдар да мол. Томат шырыны қышқылдылығының төмендігімен сипатталады және жағымды, бой сергітерлік дәмі болады, шөлді басады. Сәбіз шырынында каротин көп, сонымен бірге онда организмге қажетті кальций, фосфор және темір тұздары бар. Өзінің калориялылығы мен қорытылуы жағынан сәбіз шырыны басқа овощ шырындарынан артық. Ол, әсіресе балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге пайдалы, қызылша шырыны қантқа, минералды тұздарға және азоттықзаттарға бай Өнеркәсіптік жолмен шығарылатын араластырылған және қойытылған шырындар жоғары тағамдық маңыздылығымен және жақсы дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Араластырылған шырындар (мысалы, алма — мүкжидек, алма — сәбіз) екі немесе одан да көп түрлі шырындардан тұрады. Қорытылған шырын алу үшін кәдімгі шырынды (негізінен алма шырынын) арнаулы аппараттарда суалғанша қайнатады. Қойытылған шырындағы құрғақ заттар кәдімгі шырындағыдан 6 есе көп. Жеміс-жидек және көкөніс шырындарын, сондай-ақ, үй жағдайл арында да дайындауға болады.

Лимон (Cіtrus lіmon)— руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаш. Шыққан жері — Үндістан, Оңтүстік және Үнді Қытай аралдары. Біртіндеп Жерорта теңізіаймақтарына және Батыс Еуропа өңірлеріне жерсіндірілген. Жабайы түрі жоқ, қолдан өсіріледі. Биіктігі 3 — 7 м-ге жетеді. Бұтақтары тікенекті. Жапырағының жоғарғы ұшы үшкірленген, пішіні жұмыртқа тәрізді, шеттері ара тісті болып келеді. Өзіне тән эфир майының хош иісі бар. Гүлдері (6 — 8 күн) ашық ақ түсті. Жемісі ірі, салмағы 200 — 400 г, сопақшалау, сары түсті қалың қабықпен қапталған. Ішіндегі шырын жемісі 8 — 10 бөлікке бөлінген, сыртын жұқа ақ қабық жауып жатады. Шырынының дәмі қышқыл, құрамында 5 — 7,2% лимон қышқылы, 1,9 — 3% қант, 50 — 90 мг С витамині, темірге бай, эфир майы, кальций, калий, т.б. болады. 3 — 4-жылдары жеміс береді. Бір ағаштан 15 — 30 кг жеміс алынады. Лимонның жемісін шырын және Лимон қышқылын алуға пайдаланады. Ашық алқапта өсіріледі. Қарашірігі мол, кәрізделген топырақта жақсы өседі. Лимон жылу, жарық, ылғал сүйгіш, оны тұқымы, қалемшесі және өркендері арқылы көбейтеді. Өсу кезеңінде артық өскіндерін қиып, биіктеп кеткендерін қысқартып отырады; қара Цитрусті өсімдіктер.[1]

Мазмұны

  [жасыру] 

  • 1 Өсімдік туралы

  • 2 Жарығы

  • 3 Жылуы

  • 4 Суғарылуы

  • 5 Ылғалдылығы

  • 6 Қоректендірілуі

  • 7 Аурулары

  • 8 Көбейтілуі

  • 9 Күтімі

  • 10 Қолданылуы

  • 11 Лимон туралы тақпақ

  • 12 Тағы қараңыз

  • 13 Дереккөздер

  • 14 Сілтемелер

Өсімдік туралы[өңдеу]

Лимон – цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгіжасыл өсімдік. Отаны – Үндістан, Қытай және Тынық мұхитының тропикалық аралдары. Қазіргі кезде тропикалық]аймақтарда ғана емес, сонымен қатар мәдени түрлері субтропикалық Кавказ, Орта Азия, Калифорния, Флорида, Жерорта теңізі аймақтарында да өсіріледі. Лимон ағашының биіктігі 5-8 метр. Бұтақтарының инелері болады. Жапырағы жұмыртқа пішінді, ұшы сүйірленген. Жапырағындағы эфир майы әсерінен өсімдік жағымды иіс бөліп тұрады. Гүлі ақ түсті, хош иісті. Лимон ағашының жемісі жұмыртқа пішінді, кейбір сұрыптарында домалақ түрлері кездеседі. Жемісінің ұзындығы 7-12 см, диаметрі 8-10см, салмағы 120 г. шамасында. Лимон жемісінің қабығының қалыңдығы 2-5 мм, сары түсті. Лимонның шырыны ақшыл-сарғыш түсті, дәмі ащы. Қазақстанда климаттық жағдайымызға байланысты бақшаға өсіре алмағанымызбен, жылыжайда өсіруге болады. Дұрыс күтіп баптаса, үй жағдайында да гүлдеп, жеміс береді. Үйде өсірілетін лимонның қабықтары жұқа, дәні майда, хош иісі көбірек болады. Дәнінен өсірген лимон 7-8 жылдан, кейде 15-20 жылдан кейін ғана жеміс береді. Бұл процесті тездету үшін, бір жылдық көшетті жеміс беретін ағаштың бұтағымен телу керек. Мұндай өсімдік 2-3 жылда гүлдей бастайды. Бір лимон жемісі толық жетілу үшін сабақ бойында кем дегенде 10-15 жапырақ болуы керек.

Жарығы[өңдеу]

Тек жаздың ыстық айларында ғана тіке түскен күн көзінен қалқалау қажет, басқа уақытта жарықта жақсы өседі.

Жылуы[өңдеу]

Қыс айларында 12-14ºС төмен болмағаны дұрыс, егер осы температуралық жағдай жасалмаса өсімдік көктемде гүлдемей қояды. Ал, гүлдегенде, түйін салғанда 18ºС төмен болмауы керек. Азынақ желден, температураның кенет өзгеруінен, өсімдік гүл күлтелері мен түйінін тастап жібереді.

Суғарылуы[өңдеу]

Жаз айларында аптасына 2-3 рет, қыста айына 2-3 рет суғарып тұру керек.

Ылғалдылығы[өңдеу]

Су бүркіп ылғалдандырып әрі шаңнан тазартып тұрған абзал.

Қоректендірілуі[өңдеу]

10-15 күнде бір рет толық минералды тыңайтқышпен қоректендіріп тұру қажет.

Аурулары[өңдеу]

Ауа құрғап кетсе өрмекші құрты, кене, өсімдік биті секілді зиянкестердің әсерінен ауырады.

Көбейтілуі[өңдеу]

Тұқымы және қалемшелеу, жалғау арқылы көбейтеді.

Күтімі[өңдеу]

Жарықты жақсы көреді, тек жаздың аптап ыстық күндерінде терезеден түскен күн сәулесінен қалқалау қажет. Қыста 12ºС салқын жерге қою керек, егер осы температуралық жағдай туғызылмаса, өсімдік көктемде гүлдемей қояды. Оның себебі, салқын жерде өсімдік өсуін тоқтатып, «ұйқыға» кетеді де, көктемге дейін демалады. Дәл осы демалу кезеңінде гүл түйнегін қалай бастайды. Демалу кезеңінде тыңайтқыштармен қоректендіруге болмайды, ал басқа уақыттарда 10-15 күнде толық минералды немесе арнайы лимонға арналған тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған дұрыс. Су бүркіп ылғалдандырып, әрі шаң-тозаңнан тазартып тұрған абзал. Лимон гүлдей бастағаннан орнынан қозғап мазалауға болмайды, гүлін, түйінін тастап жібереді.

Қолданылуы[өңдеу]

Лимонның құрамында 5-8% лимон қышқылы, азот пен пектинді заттар,қант, фитонцидтер, калий, мыс, флавоноидтар, А, В1, В2, С, Д, Р дәрумендері, қабығында – эфир майы болады. Лимон жемісі тұрмыста аспаздықта кеңінен қолданыс тапқан. Одан кондитерлік тағамдар, мармелад, джемдер, шараптар, түрлі иістендіргіштер жасалады. Суық тигенде лимонды шайға салып ішеді. Медицинада лимонды авитаминоз, цинга, қан қысымының жоғарылауы, асқазан ауруларына кеңінен пайдаланады. Сонымен қатар лимон шырыны косметикада да қолданыс тапқан. Оның шырыны теріні тазартып, ағартатын қасиетке ие.

Лимон туралы тақпақ[өңдеу]

Ыстық өлке тұрағы,

Көп витамин - құрамы.

Шайға қосып ішкенде

Тұмауыңды қуады.

Дәмі қышқыл ептеген,

Ауруға ем көптеген.

Иісін айт аңқыған,

Лимонға жеміс жетпеген.

Алма (лат. malus)— раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі.

Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10— 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 4—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.

Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.

Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіші. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.[1][2]