Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Office Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
304.75 Кб
Скачать

Мазмұны

  [жасыру] 

  • 1 Өсімдік туралы

  • 2 Қолданылуы

  • 3 Алма мусы

  • 4 Алма пудингі

  • 5 Қамырға орап пісірген алма

  • 6 Жаңғақ қосқан алма

  • 7 Алма сусыны

  • 8 Жібітілген алма

  • 9 Алма джемі

  • 10 Сілтемелер

  • 11 Дереккөздер

Өсімдік туралы[өңдеу]

Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м аралығында, 3-12 жылда жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптар болады. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу – әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.

Қолданылуы[өңдеу]

Алма құрамында су, қант, қышқыл, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес» деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам организмін ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылуы және жүрек ауруларын емдеуде қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды.

Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.

Алма мусы[өңдеу]

Алманың әсіресе қышқыл сұрыптарын тазалап жуып, шанышқымен түйреп тесіп, табаға салады да, 15—20 минутқа пешке қояды. Піскен ыстық алманы үккіштен өткізіп, оған суытылған қант шәрбатын құйып, жұмыртқаның ақуызын қосып, көпіршіп қоймалжың болғанша жақсылап араластырады. Егер қышқылы кем болса, онда оған 1/2 шай қасық лимон шырынын қосу керек. Дастарқанға салқындатып қояды. 500 г алмаға: 2/3 стақан қант мен 3 жұмыртқаның ақуызы керек.

Алма пудингі[өңдеу]

Алманы тазалап жуып, тат баспайтын пышақпен өзегі мен қабығынан тазартып, әр алманы 4-ке бөліп, сары май салынған табаға аздап қуыру қажет. Бидай ұнына қант және ас содысын қосып, жақсылап араластырып, май, жылы сүт пен жұмыртқа қосып қамыр дайындайды. Содан соң алма біраз суығаннан кейін қамырменараластыру керек. Алма қосылған қамырды май жағылған және кепкен нан себілген табаға салып, бетін тегістеп, пешке қойып, 30 минут пісіреді. 800 г алмаға:

  • 2 1/4 стақан ұн

  • 1/2 стақан қант

  • 2 ас қасық сары май

  • 1/2 стақан сүт

  • 2 жұмыртқа

  • 1-2 шай қасық соды керек

ал тұз әркімнің қалауынша салынуға тиіс.

Қамырға орап пісірген алма[өңдеу]

Иленген қамырды (қалыңдығы 1-2 cм) төрт бұрыштап, алма орауға болатындай шамамен кеседі. Алманы тазалап жуып, ортасындағы өзегін алып, өзектің орнына қант себеді де, жаңағы жайылған қамырға орап, үстіне қант сеуіп, суланған қаңылтыр табаға салады. Әр алманың үстіне бес жұлдызшалап қамыр салып, оның бетіне жұмыртқа уызын жағып әсемдеуге болады. Қаңылтыр табаны ыстықпешке қойып, 10-15 минут өткеннен кейін, отын азайтып, тағы 8-10 минут ұстау қажет. Тағам дайын болған кезде оны қалақпен немесе ұшы доғал келген пышақпен табадан алып, бетіне қант себу керек. Бұл — ыстық немесе салқын күйінде де жеуге болатын тағам.

Жаңғақ қосқан алма[өңдеу]

Жұмыртқаға қант қосып, әбден ақкөбік болғанша араластырып, оған өсімдік майын, ұн, аршылған алма (үгін), майдаланған жаңғақ, лимонның қабығын немесе оның үгіндісін қосады. Қоспаны араластырады, оны май жағылып, ұн себілген шойын табаға салып пісіреді. Піскен тағам суытылып, бетіне қант себіліп, бірнеше бөлшекке кесіліп, сонан соң дастарқанға қойылуға тиіс. 2 стақан ұнға:

  • 2 жұмыртқа

  • 1 1/4 стақан қант

  • 1 стақан өсімдік майы

  • 1/2 стақан жаңғақ

  • 1 шай қасық үгітілген "дәмдеуіш қабық

  • 1/2 лимон қажет.

Алма сусыны[өңдеу]

Алманы жуып, өзегінен тазартып, үккішпен үгіп, шырынын алады. Сол шырынға қант сеуіп, қайнатып, көзі тар сүзгіштен өткізіп, сонан соң аз ғана суытып қою керек.Ыдыстың түбіне жиналған тұнбасын ептеп құйып алады. Осы әдіспен мүкжидегінен шырын дайындал, оны алма шырынымен араластырып, қант, қайнаған су, ванилин қосып, салқындату керек. 500 г алмаға:

  • 200 г мүкжидегі

  • 100 г қант

  • 1 стақан су

  • бір шымшыма ванилин қажет.

Жібітілген алма[өңдеу]

Жібітуге қышқыл дәмі бар, орташа және ұсақ алмалардың күздік және қыстық сұрыптары (Антоновка, Анис, Литовский пепин, Осеннее полосатое) пайдаланылады. Ашық түсті алмалар мен оның жаздық сұрыптары, жібітуге жарамсыз. Алманы жинап алған соң, 15 күннен кейін жібітсе, оның сапасы онан сайын арта түседі. Жібітерден бұрын алманы ірі-ұсағына қарай іріктеп, зақымдалған алмалар бөлек алынуға тиіс. Алманың сұрпын бөлектеп қатар-қатар етіп қойып, әрқайсысын 30-50 кг-дық бөшкелерге салады (қыш ыдысқа салып та жібітуге болады). Бөшкені алма салмастан бұрын ыстық сумен жуу керек. Содан кейін оған алманы қатарлап салып, оның ең астыңғы қабатына және жан-жағына, бетіне, ыстық суға жуылған қара бидайдың немесе бидайдың сабанын төсейді. Сонда жібітілген алма әдемі сарғыш түске еніп, дәмі жақсарады. Алманы бөшкеге саларда арнайы қоспалар (бір бөшкеге: 150 г эстрагон, 250 г шие жапырағы немесе қара қарақат жапырағы) салуға болады. Алма толтырылған бөшкенің қақпағын жақсылан жауып, арнайы қалдырылған саңылау арқылы тұздық құяды. Саңылауды тығынмен онша тығыздамай жауып, 150С температурада 5-6 күн ұстап, көбіктенген кезде саңылаудан көбігін алып, жаңа тұздық құяды да (өйткені алма көп ылғал қажет етеді), саңылауды тығыздап жабады. Сөйтіп алманы жертөледе 20 С пен 50 С аралығында сақтайды. Жалпы алма сақталатын жердің температурасы 120 С-тан аспауы тиіс. Жібітілген алманы 30-40 күннен кейін жеуге болады. Оны көкөніс салатын, «провансаль» капустасын жасау үшін, сондай-ақ гарнир ретінде пайдалануға болады. 10 л тұздық дайындауға: 9,5 л су, 250 г қант (қанттың орнына 2 есе бал салуға болады), 150 г тұз, 150 г қара бидай ұнын пайдаланады.

Алма джемі[өңдеу]

Джем дайындау үшін алманың кез келген сұрпы жарайды. Әсіресе Антоновка, Папировка, Анис сұрыптарын пайдаланған жөн. Алманы жуып, бөлшектел турап, өзегінен тазартып (қараймай тұрып), оны сірке суымен аздап қышқылдандырылған немесе тұзды су құйылған ыдысқа салады. Сосын оны алма қайнатылатын ыдысқа аударып салып, су құйып (1 кг алмаға 2-2 стақан су) қайнату қажет. Қайнатқан кезде, оны үнемі араластырып отыру керек. Алманы қайнату уақыты 10-15 минуттан аспауы тиіс. Егер суы аз болған жағдайда, тағы 1 стақан су құюға болады. Алмалы оттан түсіріп, оған қант немесе қант шәрбатын қосып, қайтадан отқа қойып, араластыра отырып тағы 30 минут қайнату қажет. 1 кг тазартылған алмаға: 1,2 кг қант пен 2,5 стақан су керек.[3]

Мандарин - жемістің бір түрі. Мандарин (Cіtrus retіculata) — руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл аласа ағаш. Шыққан жері Үндіқытай, Қытай, Жапония. 1805 жылдан Еуропа елдеріне жерсіндіріле бастады. Қытай, Испания, Мексика, Жапония, т.б. елдердің субтропиктік және тропиктік аудандарында өсіріледі. Биіктігі 2 — 3 м, діңгегінің бұтақтары тармақталып өседі. Сабақтары жасыл. Жапырағы жұмыртқа пішінді сопақшалау келеді. Басқа цитрустарға қарағанда жапырағының сабағы жіңішкелеу және ол ең тез пісетін әрі көп жеміс беретін ағаш. Мамыр — шілде айларында гүлдейді. Гүлі ақ түсті, майда. Қараша — желтоқсанда жеміс береді. Жемісінің салмағы 60 — 80 г, түрі қою сарғыш, дөңгелектеу. Жемісінің шырынында 7,4% қант, 0,8 — 0,9% қышқыл, С және Р витаминдері, ал қабығының құрамында біріктіргіш заттар, көп мөлшерде эфир майы, т.б. бар. Көшеті отырғызылғаннан кейін 3 — 4-жылда жеміс бере бастайды. 1 жылда 10 — 12 жылдық ағаштың 1 га-сынан 500 ц-дей өнім алынады. Суыққа төзімді, жапырақтары –6,5°С-қа дейін үсімейді. Әк және қарашірігі мол құнарлы топырақта жақсы өседі.[1]

Таралуы[өңдеу]

Отаны Қытай, атауы да қытайлардан келген. Португалдар қытай феодал, чиновниктерді Мандарин деп атаған екен. Ал осы жеміске тек Мандариндер ғана ие болған. Кейбір елдерде Танжерин деп аталады екен, сондықтан бұл жемістің кейбір гибридтері танжело (мандарин х грейпфрут), тангор (мандарин х апельсин), ичандарин (ичанг х Сатсума мандарині) деп аталады. Сатсума - шемешкісіз мандарин сорты.

Canned and peeled mandarin orange segments

Емдік қасиеттері[өңдеу]

  • Астма мен бронхиттің бірден бір емі, таңертең 1 стақан мандарин шырынын ішіп тұрсаңыз өкпеңізді тазартады

  • Шөлді жақсы қандырады

  • Жөтелге қарсы пайдалы

  • Мандарин қабығынан тәбет ашу және ас қорыту үшін дәрілер жасалынады

  • Қысқы уақытта адам ағзасына өте пайдалы витаминдерге ие

  • Антимикроптық қасиеттері де бар

  • Мандарин шырыны тері және тырнақтағы жараларды жақсы емдейді

пельсин – руталар тұқымдасының цитрус туысына жататын жеміс ағашы. Шыққан жері – Оңтүстік Қытай және Үндістан. Апельсиннің тәтті және ащы түрі бар.

  • Тәтті апельсин жабайы түрінде кездеспейді. Биіктігі 10-12 м, жапырағы қалың, сопақша, жоғары жағы сүйірлеу болып келеді. Гүлдері қос жынысты, ақ, жұпар иісті, гүл шоғырына бірден, кейде бірнешеуден орналасады. Жемісі көп ұялы, сұрпына байланысты сыртқы түрі, түсі (ақшыл сарыдан, қызыл сарыға дейін) әртүрлі болып келеді. Тәтті, шырынды. Жемісінің орташа салмағы 50-400 г, құрамында 75-88% су, 8-9% қант, 1.06-1.97% қышқыл, 70 мг С витамині, 0.9% илік заттар болады. Өсу жағдайына байланысты 2-3 кезеңге бөлінеді. Апельсин жыл бойы өсіп, гүлдеп жеміс береді. Әр гектардан 20-25 т өнім алынады. Апельсин тұқымынан және ұластыру арқылы көбейеді. Тұқымынан егілсе 10-15 жылда, ал ұластырылғанда 3-4 жылда жеміс береді. Жемісін сол күйінде немесе қайнатып кондитерлік (варенье, джем, шырын, т.б.) тағамдар жасап жеуге болады.

  • Ащы апельсиннің биіктігі аласа(6-8 м) болып келеді. Тікенекті бұтақтарының ұзындығы 6-8 см, жемісінің сыртқы қабығы жылтыр, қызғылтым сары, бедерлі, шырыны өте ащы болады. Жемісі көбінесе, эфир майын алу үшін пайдаланылады, сондай-ақ тағам, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады.