Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аша теориялары.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
221.18 Кб
Скачать

Қорытынды

Құрстық жұмысты қорыта келгенде, ақша дегеніміз – бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесіАқша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар — бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі . Адам еңбегінің өнімі ( зат ) оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды . Егер ( еңбекпен белгіленген ) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса , коғам тарапынан мойындалмаса , онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны ; мұндай бұйым тауар формасына ие емес, өйткені оның коғамға қажеті жоқ . Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнның алу кұралы бола отырып , өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша .

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну кұны ретінде көрінеді. Оның кұны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар — барлық басқа тауардың бір-бірімен өзара айырбасталу кұралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы кұндық формасына жасырын түрде өту басталды . Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген . Біртіндеп жалпы кұндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Кұнның жалпы кұндық формасы ақша формасына айналды.

.. Яғни ақша – жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді. Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдақ еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады.Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірісіндегі үлесінде ақша арқылы анықтауға болады.Себебі, адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарады. Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі.</h4>

Ақша реформасы – ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.

Жалпы, ақша реформалары мынадай әдістер көмегімен жүзеге асырылады:

  • Жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы және жаңа валюта негізу туралы хабаралау;

  • Қалыпқа келтіру,яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық бағамын қалпына келтіру ;

  • Деноминация, яғни "нольдерді қысқарту" әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.

Қазақстанда 1922-1924 ж.ж.,1947 жылы ақша реформалары ,1961 жылы баға масштабын өзгерту,1993 жылы ҚР-ң ақша рыформасы болды .Әрбір егемен мемлекеттің өзіндік отрибутикасы болады.Оған ту ,елтаңба,әнұран және ұлттық валюта жатады.

Ұлттық валюта тәуелсіз егемен мемлекттің міндетті рәміздерінің бірі болып табылады.Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді.Ұлттық валюта кез келген елдің өткен тарихын, бүгінгі күнін және келешегін бейнелейді.Ал Теңгенің ҚР Ұлттық Валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан бастау алады. Осы айтулы күнге орай ,белгілі сәулетші , суретші дизайнер , ұлттық валюта – теңгені жасаушылардың бірі Хайроша Ғабжәлелов баспаға әзірлеп , қазақ және орыс тіліндерінде құрастырған "Теңге " атты көлемді кітабы жарық көрді.

<h