Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oka эконом.doc
Скачиваний:
31
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
402.43 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 ВЕНЧУРЛІК БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ......................6-17

1.1 Венчурлік бизнестің түсінігі, қалыптасу тарихы..................................6

1.2 Венчурлік бизнестің қызмет атқару механизмдері...............................9

1.3 Венчурлік бизнес шетел тәжірибесінде...............................................12

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВЕНЧУРЛІК БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.............................................................18-27

2.1 Венчурлік бизнестің Қазақстан Республикасында қалыптасу кезеңдері.................................................................................................................18

2.2 Инновациялық жобалар..........................................................................25

2.3 Технопарктердің жағдайын талдау........................................................27

3 ВЕНЧУРЛІК БИЗНЕСТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ............................................................................28-32

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................33-34

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................35-36

Кіріспе

Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру,қаржылық,несиелік саясат,құнды қағаздар нарығын құру,жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау,шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.

XXI ғасыр жүз жылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.

Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.

Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп кетті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстанның инновациялық дамуы – біз үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оның үстіне бүгінде ел Президенті әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру мақсатын қойып отыр. Жаңғыртуларсыз, жаңа технологияларсыз және тұтастай инновацияға екпін бермейінше бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Әрі мұны бәрі түсініп отыр. Егер әлемдік тәжірибеге көз салсақ, нақ осы инновация дамыған мемлекеттер экономикасын өсірудің негізгі құралы ретінде венчурлік бизнес саласын дамыту әсер еткенін көруге болады. Осыдан шығатын ендігі мәселе – шикізат тәуелділігіне ие Қазақстан экономикасын осы салаға бағыттап, айырықша көңіл бөле отырып, сол саланы барынша қарқынды дамыту. Өкіншке орай, венчурлік бизнес саласы елімізде кенжелеп келеді. Сол себепті қарастырылып отырған тақырыбымыз бүгінгі күнде өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Венчурлық бизнес түсінігін талдап, оның еліміздегі даму мәселелерін қарастыру болып табылады.

Курстық жұмыста келесі міндеттер анықталған: • Оңтайлы венчурлық ортаны жасау; • Венчурлық индустрияның қазақстандық оң тәжірибесін анықтау және тарату; • Алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені тарту; • Венчурлық нарықтың қатысушылары үшін ақпараттық қамтамасыз ету және коммуникативтік алаңды жасау; • Қазақстанға болуы мүмкін инвесторлар мен технологияларды тарту; • Венчурлық бизнес компаниялары үшін білікті мамандардың тобын қалып-тастыру

Жалпы, венчурлік бизнес дегеніміз - технологиялық жаңалықтарды енгізудің негізгі формасына айналған тәуекелге негізделген бизнес. Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялауға негізделген иннновациялық салаларға салынатын тәуекелділік деңгейі жоғарылылығымен сипатталады.

Шетел тәжірибесіне келер болсақ, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, бірқатар Еуропа елдерін қарастыруға болады. Бұл елдерде инновация саласына айтарлықтай қаржы бөлінеді. Бұл – ілім-білімге негізделген экономиканы дамытуға ұмтылатын елдердің барынша жоғары технологиялық деңгейіне шығуына мүмкіндік беретін қадамдардың бірі.

Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.

Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда.

Инновациялық іс-әрекеттердің нақты секторға қызмет көрсету жүйесін кешенді ілімін зерттеп, тұжырымдамасын әзірлеуге дамыған елдердің шетелдік ғалым-экономистері: Н.Леончев, И.Перлаки, В.Д. Хартман, Э.Мэнсфилд, Р.Фостер, Б. Твисс, И Шумпетер, Э.Роджерем, Ф. Никсон, Б.Санто және басқалары елеулі үлес қосқан. Олардың инновация ұғымын өздерінің зерттеу объектілері мен құралына байланысты қолданған жұмыстарында жалпы ілімдік тұрғыда қарастырған ғылыми еңбектері қызығушылық туғызады.

Отандық ғалым-экономистер А.Қ.Қошанов, М.Б.Кенжегузин, А.Е.Есентугелов, О.Сабден, Б.Н.Исабеков, Д.Муканов, Т.Исахметов, Р.С.Каренов, С.Шілікбаев, А.Ж.Орманбаев, А.Акчурин, А.Н.Дауренбекова, Н.Урузбаева, О.Қалдыбаев, К.Қажымұрат еңбектерінде кәсіпкерліктің инновациялық даму мәселелері кеңінен талданып, қомақты зерттеу жұмыстары жүргізілген.

Инновация ұғымы зерттеушілердің Ресейлік ғалымдар Н.И.Лапин, Д.В.Соколов, А.Б.Титов, М.М.Шабанованың жұмыстарында принципиалды жаңа немесе венчурлік қызмет негізінде пайда болған модификацияланған жаңалықтарды жасау мен меңгерудің қорытынды нәтижелері негінде инновациялық іс-әрекеттерді қалыптастыру жөніндегі, еңбектерінде қарастырған.

1ВЕНЧУРЛІК БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Венчурлік бизнестің түсінігі, қалыптасу тарихы

Венчурлік инвестициялау тәуекелді капитал салымын білдіру мақсатында қолданылатын термин. Мұндай инвестициялау технологиялық жаңа енгізілімді жүзеге асырудың негізгі үлгілерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерліктің аталған түрі көп жағдайда перспективасы кепілдікке алынбаған, үлкен тәуекелділікке ие жоғары ғылымдық және технологиялық салада ғылыми зерттеулер қорытындыларын коммерциялизациялауға тән.

Шағын бизнес жүйесінде инновациялық процеске өз қызметін арнайтын бөлігі маңызды роль атқарады. Оған жоғары дәрежеде елдің интенсивті экономикалық өсуі және халық шаруашылығының бәсеке қабілеттілігін жоғарылату тәуелді болып табылады. Шағын инновациялық бизнеске салааралық сипат тән. Мұндай бизнестің объектісі – оны ғалымдардың шығаруынан тәжірибеге енгізуге дейінгі барлық идеялардың ғылыми қозғалысы, яғни венчурлік бизнесті жүзеге асыру кезеңдері.

Теориялық талдау негізінде венчурлік қаржыландырудағы инновацияны түсіндіруде екі көзқарастың қалыптасқаны анықталды:

біріншісі, инновация жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық-техникалық-экономикалық үрдіс ретінде қарастырған (Б.Твисс, Ф.Никсон, Б.Сантон, т.б.);

екіншісі, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді (И.Шумпетер). Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі, венчурлік бизнестің негізгі қозғаушы күші. Оның негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-зерттеу және басқа салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады.

Шағын инновациялық бизнесті көбінесе тәуекелдік және венчурлік деп атайды. Бұл шағын бизнестің инновациялық қызметтің өзінің ерекшеліктерінен басқа, сыртқы орта өзгеруінен жоғары тәуелдігімен сипатталады. Шағын бизнестің тәуекелділік деңгейін туралы орташа есеппен алғанда әрбір он венчурлік фирмалардың тек бір-екеуі ғана жетістікке жететін фактісі көрсетеді. Тағы да бір инновациялық жобалардың көңіл толтырмайтындығы: орташа алғанда жүзден тек екеуі ғана қаржыландырылады.

Жоғары тәуекел сонымен қатар, оның жоғары компетенциясымен де жүргізіледі: инновациялық жобаларды енгізуден мүмкін пайда нормасы бұрынғыға қарағанда жоғары болуы мүмкін, инновациялық салаға және сәйкес шағын бизнестің өмір сүруіне мүмкіндік береді, басқа жағдайда болмас та болар еді. Сонымен қатар, инновациялық жобаның жүзеге аспау қаупі жоғары екенін есте сақтау қажет. Егер де осындай жобалар көп болып, олар салалық жоспарда жайғастырылса, заң бойынша тәуекел саны минизацияланады және инновациялық бизнестің жетістікке жету ықтималдылығы жоғарылайды. Сондай-ақ, сәтті инновациялық жобалардан түсетін пайданың жоғарлығы соншалықты, ол сәтсіз басталған барлық шығындардың орнын толтыра алады. Осыдан тәжірибе жүзінде дәлелденген инновациялық жобаларды орталықтандырумен және қаржылық тәуекелді диверсификациялау негізінде оларды енгізуді ұйымдастырумен айналысатын венчурлік қор деп аталатын тиімділікті қызмет ету дәлелдемесі шығады. Мұндай қорларда шетелде шағын инновациялық фирмаларды қаржыландыру үшін арналған капитал шоғырланады.

Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновация - өтімділігі жоғары жаңа өнімді ойлап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептелінеді.

Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулер негізінде тұжырымдауға болады.

Инновацияның дамуына қозғаушы тетік - бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолдары мен тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестіктері алдында басымдылыққа иеленеді. Қазіргі кезеңде жаңа тауарлар түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған уақытта, әсіресе шағын кәсіпорындардың икемділік қабілеттерін күшейту аса тиімді саналады. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай «шағын шабақтар» қайрандап қалып қоймаулары үшін түрлі салалардағы жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды шығару басымдық негіздегі сұрақтардың деңгейінде жүреді.

Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу. Мұнда ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.

ҚР инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады.

Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлік қорлар құрылады.

Венчурлік кәсіпкерлікте көптеген ұйымдастырушылық формалары бар. Олардың ішінде «тәуелсіз», көбінесе инвестициялық қор капиталын пайдаланатын ұсақ, инновациялық фирмалар; сыртқы венчурлік қор капиталы деп аталатын, өнеркәсіптік корпорациялардың үлестік негізде ұйымдастырылған енгізушілік фирмалар; ерікті венчурлі бөлімше ретіндегі кәсіпкерлік топтың негізі болып табылатын корпорацияның «ішкі венчурлі бөлімі» («спин офф»).

Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-та пайда болған. Венчурлік бизнес АҚШ-та пайда болып және сол жерде кең қанат жайды. Кез-келген кіші инновациалды бизнес материалдық және қаржылық ресурстарда шектеулі. АҚШ-та кіші инновациалды бизнесті дамыту үшін арнайы комплекстік бағдарлама әзірленген. Ол бағдарлама бойынша мемлекет кіші кәсіпкерлікті федералды бюджеттен тікелей қаржыландырады. АҚШ-тағы венчурлік бизнестің негізгі мәні: инновациялық фирмалар жаңалықтарын өткізу инвесторлардың көмегімен жүргізілуінде және кейіннен инвесторлардың осы қалыптасқан компанияның акцияларын сатып алғанда бағаға жеңілдіктер болуында. Қазіргі уақытта Ресейде венчурлік кәсіпкерліктің дамуына барлық алғышарттар қалыптасты. Біріншіден, ол- дамыған құнды қағаздар нарығының болуы. Екіншіден, ол- шетел фирмаларының Ресейдегі  зиялы меншік нарығына өтуі,яғни шетел инвесторларының отандық инвестиция жобаларына инвестиция салуы. Алғышарттың бірі болып мемлекеттік зиялы меншіктің жасырын жекешелендіруі болып келеді. Ғылыми жаңалық ашқан шағын кәсіпорынды дамыту аса маңызды, оның тиімділігі экономикада, сонымен қатар әлеуметтік салада байқалады.

1.2 Венчурлік бизнестің қызмет атқару механизмдері

Қазақстандағы ғылымның негізгі проблемаларының бірі ғылыми зерттеулердің аяқталмаушылығы, олардың өндірістен қол үзушілігі болып табылады. Ғылыми әзірлемелердің қажетсіздігі, ғылым жүйесіндегі қазіргі құрылымдық диспропорция және соның салдарынан өнеркәсіптегі инновациялық белсенділіктің төменгі деңгейі өндіріс факторларының өнімділігін арттыру ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс негізінде ғана мүмкін бола тұрса да, экономиканы реформалаудағы ғылымның рөлін жете бағаламаумен түсіндіріледі.

Венчурлік қорлар венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасауға және коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендетеді. Венчурлік индустрияның қалыптасуының бастапқы кезеңінде мемлекеттің араласуының осындай үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін көрсетті. Венчурлік қорларды құрғанда мемлекеттің қатысуы (Ұлттық инновациялық қор) ҰИҚ–ң инвестициялық саясатының басты бағыттарының бірі – отандық және шетелдік инвестициялармен бірлесе отырып құрылған венчурлік қорлардың капиталындағы үлестік қатысуы (49%) арқылы венчурлік қорларды құру. Қазіргі таңда Қазақстан венчурлік капиталы және тікелей инвестициялау ассоциациясы құрылып, оған 9 венчурлік қор кіреді, оның біреуі ҰИҚ. Қазіргі таңда 5 венчурлік қор 5,6 млрд теңге құрайтын 13 жобаны қолдап отыр. Жобалар негізінен биотехнология, фармацевтика және ақпараттық технологиялар салалары бойынша. Бірақ инновациялық белсенділік өте төмен, венчурлік қорларға ұсыныс берушілердің тек 20% ғалымдар, қалғандары бұрын ғылымға қатысы болған бизнесмендер және ірі холдингтер. Венчурлік инвестордың көзқарасы бойынша компания объектісі бірнеше даму деңгейінен өтеді (Кесте-1).

Венчурлік қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады. Ал көп қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана басталады.

Қазақстан Республикасында концессиялық қатынастарды заңды реттеу белгілі бір деңгейде қалыптасқан. Қазақстан Республикасы мен шетелдік инвесторлар арасындағы қатынастарды реттейтін 2006 жылы «Қазақстан Республикасындағы концессия туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды.

Осы Заң концессияға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, концессия шарттарын жасаудың, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібін айқындайды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын айқындайды. 

Кесте 1. Инновациялық компанияның даму деңгейлері

Деңгейлер

Мазмұны

Бизнес идеясы (seed stage)

Идеяны жобалау және оны саудалау. Сонымен қатар болашақ өнімнің үздік үлгілерін дайындау;

Бизнесті ашу (start-up stage)

Жобаны жүзеге асыру мақсатында жүйелі іс-әрекеттерді жүзеге асыруды бастау;

Өсу деңгейі (expansion stage)

жаңа өндірістік қуаттылықты іске қосу және персоналдар санының өсуі;

Кеңею деңгейі (mezzanine stage)

нарықтың бір бөлігін жаулап алу және пайданың тұрақты болуы;

Өтімділік деңгейі (liquidity stage)

бизнестің нақты (реалды) нарықтық құнының қалыптасуы.

Әлемдік экономикада концессияның рөлі ұлғаю үрдісінде. Егер де ХХ ғасырда концессияны тек жер қойнауын пайдалануда қолданса, 1990 жылдан бастап концессияға мемлекеттік меншіктің көптеген басқа да объектілері беріле бастады.

Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі - концессиялық келісім.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, концессия мемлекеттің жекеменшік инвестицияға қызығушылығынан қолданылады. Қазақстанда концессияға қызығушылық артуда. Әсіресе ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда: көлік және телекоммуникация салаларында, жол салуда, т.б. Қазіргі таңда 212 млрд. теңге көлемінде 7 концессиялық жоба іске асуда.

Алайда, концессиялық жобаларды іске асырудың негізгі проблемалары бұл жобалардың капитал сыйымдылығының өте жоғары болуы «ұзын» ақшаларды қажет етеді. Біздің ойымызша, зейнетақы мен сақтандыру қорларының қаражаттарын пайдалану қажет. Келесі проблема концессиялық жобаларды өтеу мерзімінің ұзақтығында. Өйткені бюджет 3 жылға жоспарланады, сондықтан бюджеттік жүйе 3 жыл өткен соң қаржыландыруға кепілдік бере алмайды және салық кодексіне енгізілетін өзгерістерде кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан заң потенциалды концессионерлердің құқықтарын толық қолдай алмай отыр.

Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытуда лизингтің маңызы зор. Өйткені кез келген инновациялық кәсіпорын ашу үшін алдымен кәсіпорынға толық технологиялық циклді қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар қажет. Ал жаңа технологиялар қымбат тұрады және оны кез келген кәсіпкер сатып ала алмайды. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы қажетті құрал-жабдықтарды лизингке алу болып табылады.

Лизинг қазіргі кезде Қазақстанда да қалыптасу және даму кезеңін өткеруде. Лизингті дамыту үшін заңдық-құқықтық актілердің қабылдануы банкілер мен саудалық құрылымдар құрған, мемлекет немесе ҚР заңдары бойынша заңды тұлға болып есептелетін және шетел компаниялары тарапынан қаржыландырылатын түрлі лизингтік компаниялардың пайда болуына септігін тигізді. Лизингтік компаниялардың басым көпшілігі лизингті қолданудың тиімділігін арттыру үшін банкілердің көмегімен дербес қаржы көздерін тарту және өзара бірлестіктер мен одақтарға бірлесу арқылы ірілену саясатын жүргізуде. Лизингтік қызметтерді көрсететін компаниялар мен банкілердің көбеюі бір жыл ішінде жасалатын лизингтік операциялар көлемінің артуына себепші болып, соңғы жылдары лизингтік мәмілелер мен операциялар саны қарқынды түрде арта түсті.

Кесте 2.­ 2006-2009 жылдары арасында Қазақстан Республикасында көрсетілген лизингтік қызметтер көлемі мен құрылымы (млн. теңге)

Лизингтік қызметтер

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2009ж. %

2006-2009 ж.ж. салыс-тыру (қанша есе)

Жеңіл автокөлік лизингі

49,7

54,1

81,4

188,3

4

3,8

Басқа да құрлықта жүретін көлік құралдарының лизингі

15,5

45,8

83,9

97,0

2

6,3

Кемелер лизингі

-

-

39,5

36,4

0,7

-

Ұшақтар лизингі

10,6

24,9

46,9

78,2

1,5

7,4

Ауылшаруашылығы машиналарының лизингі

4,0

40,0

27,1

217,6

4,3

54,4

Құрылыс жабдықтарының лизингі

48,8

1585,6

1804,6

3112,3

63

63,8

Компьютерлер лизингі

7,2

5,5

27,9

285,5

6

39,6

Басқа да құрылғылар мен жабдықтар лизингі

20,5

86,2

52,5

298,1

6.4

14,5

Басқа негізгі құралдар лизингі

5,4

3,1

1,9

1,9

0,03

2,7

Барлығы

161,7

1855,2

2165,8

5015,2

100

31,0

Ескерту- автормен статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған.

2-кесте мәліметтері бойынша лизингтік операциялар көлемінің ауылшаруашылығы машиналары, құрал-жабдықтары және компьютер лизингі операцияларында қарқынды түрде артқандығы байқалады. Көрсетілген жылдар барысында негізгі өсім құрылыс жабдықтарының лизингінде байқалып отыр. 2005 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 63,8 есеге өскен (Кесте-2). Республикамызда көрсетілген лизингтік қызметтердің жалпы көлемінің артуына қарамастан, лизингтің даму деңгейі әлі күнге дейін қойылған талаптарға сай емес. Бұл, ең алдымен, лизингтің ұйымдық-экономикалық тетіктерінің тиімсіз әрекеттілігіне, лизингтік қызметтердің құрамы мен түрлеріне қатысты ақпараттардың тапшылығына, осы саладағы мамандардың білімдері мен тәжірибелерінің жеткіліксіздігіне және лизингтік компаниялардың басым көпшілігінде инвестициялық мүмкіншіліктің төмендеуіне тікелей байланысты болып отыр. Жалпы алғанда, шағын және орта кәсіпорындар мен банкілердің үлесі бар компаниялар лизингілік қызметтерді ұсынуда. Ал жеткілікті потенциалы бар ірі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар лизингілік жобаларды инвестициялау ісіне көп назар аудармауда.

Франчайзинг кәсіпорынның өз өнімін сату нарығын шұғыл кеңейтуге кәсіпорында жоқ елеулі қаржылық салымдарсыз мүмкіндік береді. Франчайзинг франчайзердің саудалық белгісімен жұмыс істей отырып, пайда өсімін, оның өзін (франчайзер компания) және өнімін жарнамалануын қамтамасыз етеді.

Қазақстанда 2007 жылы франчайзинг айналымы 500 млн. АҚШ долларын құрады. ҚР «Франчайзинг туралы заң» (2002ж.) қабылданды, 150 франчайзинг жүйесі және 1000-нан аса франчайзинг пункттері жұмыс істейді. Қазақстан ұлттық франчайзинг ассоциациясы құрылды. Франчайзинг мемлекеттік деңгейде қолдау тауып отыр. Соның арқасында 2003-2007 ж.ж. франчайзинг жүйесі елімізде 3 есеге өсіп отыр. Франчайзинг жүйесінде жұмыс істейтіндер саны 14000 адамды құрайды. Бірақ франчайзингтің одан ары дамуына келесі факторлар кері әсер етуде: франчайзинг секторына мемлекеттік жеңілдіктердің қарастырылмағандығы, интеллектуалды меншіктің нашар қорғалуы, кәсіпкерлердің «ұзын» ақшаны алуға шектеулігі, франчайзинг туралы ақпараттың жетіспеушілігі.

1.3 Венчурлік бизнес шетел тәжірибесінде

     Дамыған экономикалы елдерде (АҚШ, Жапония, Финляндия) өнеркәсіп кәсіпорындары НИОКР-ды өзін өзі ақтау мен өзін өзі қаржыландыру шарттарында жүзеге асырады және мемлекеттік шығыстардың үлесіне  орта есеппен 30 % келгенде, ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге арналған барлық ұлттық шығыстардың 70 %-ына дейін игереді. Атап айтқанда, соңғы жылдар ішінде мемлекеттің ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге жұмсаған шығыстары: Швецияда ІЖӨ-ден 4 %-ға жуық, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда – шамамен ІЖӨ-ден 3 %-ды, Ұлыбритания мен Францияда – 2 %-дан астамды құрады. Еуроодақ өзінің барлық мүшелеріне  ғылымға бөлінетін қаржының деңгейін ІЖӨ-ден 2,5 %-ға дейін жеткізуді ұсынады.

Қазақстанда соңғы бес жыл ішіндегі ғылымды қаржыландыру көлемі  шамамен ІЖӨ 0,2 %-ын құрайды, бұл жеткіліксіз болып табылады. Қазақстанның стратегиялық мүдделерін негізге ала отырып, 2010 жылға қарай ғылымды ІЖӨ-нің 2 % деңгейіне дейін және 2015 жылы 2,5-3 %-ға дейін қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асыру қажет.

Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, венчурлік бизнес ахуалға шапшаң бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі. Венчурлік бизнестің нақты ролі келісілерде айқындалады:

  • жаңа жұмыс орындарын құрады;

  • жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіреді;

  • ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтейді;

  • арнайы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етеді.

  • ғылыми-техникалық базалардың негізін құрайды.

Венчурлік бизнес өз кезегінде дамыған ірі компаниялармен бәсекеге түсіп, үлкен жетістіктерге жете алады. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, фирманың іскерлік стратегиясын өзгерту үшін ірі кәсіпорындарға 6 жыл және одан да көп уақыт қажет. Венчурлік кәсіпорындар үшін бұл мерзім жарты жылдан жеті жылға дейін барады. Екіншіден, дәстүрлі саналатындай, технологиялық инновациялар- ірі бизнестің саласы. Бірақ статистика бойынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін технологиялық инновацияның радикалды 95%-ы венчурлік бизнес саласынан шықты. Қазіргі кезде шағын фирмаларда инновация мен ашылулар ірі фирмаларға қарағанда 24 есе көп.

Әлемдік тәжірибеде венчурлік қаржыландырудың негізгі үш орталығы бар, олар: АҚШ, Канада, Европа мен Оңтүстік-Шығыс Азия. Осы мемлекеттер әлемдік венчурлік нарықты қаржыландырып, бақылап отыр. Көп инвесторлардың назарын даму перспективасы жөнінен Израиль, Индия, Австралия елдері қызықтырып отыр. Ал, мамандар көзқарасы бойынша Қытай әлі күнге дейін шешілмеген мәселе ретінде қалып отыр. Ал, Таяу Шығыс елдері (Израильден басқа), Оңтүстік Америка және Африка мемлекеттері венчурлік инвесторларды қызықтыра алмай отыр.

АҚШ, Нидерланды, Германия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания елдері әлемдегі ең ірі жоғары сапалы технологияларды экспорттаушылар болып табылады. АҚШ ең көп тәуекелге бел буатын болғандықтан, венчурлік бизнес саласы да бірінші орында. Елдің ғылыми- техникалық даму әлеуеті сәйкесінше сол елдің инновациялық жобаларының жүзеге асырушылық мүмкіндігін сипаттайды.

Көптеген мемлекеттердің ғалымдары ұзақ уақыт бойы шағын бизнеске анықтама беруге тырысқан. АҚШ Комитет Конгрессі кіші бизнеске 700-дей анықтама берген. Шағын бизнесті сипаттау үшін көптеген критерийлер бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмысшылар саны, депозиттер көлемі, пайда көлемі. Олардың кең тарағаны жұмысшылардың саны болып табылады. Германияда шағын бизнеске 1-ден 500-ге дейін жұмысшылары бар кәсіпорынды жатқызады. Олар төрт категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін; 50-ден 99-ға дейін; 100-ден 199-ға дейін; 200-ден 499-ға дейін. Германияда жылдық айналымы 3,5-нан 11,5 миллионға дейін болатын кәсіпорындар шағын кәсіпорындарға жатады. Жұмыс орындарының үштен екі бөлігін шағын кәсіпкерлік қамтамасыз етеді.

Кесте 1. Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы

Критерийлер

Ірі бизнес

Шағын бизнес

1

Өндіріс және қызмет көрсету саласы

Өнеркәсіп, отын-энергетикалық кешен, энергетика

Өндіріс, сауда, қызмет көрсету саласын қамтамасыз етуші

2

Шығарылатын өнім сипаты бойынша

Жалпылай өндіріс

Ұсақ немесе жекелеген өндіріс

3

Жаңа енгізілімдерге ыңғайлылығы

Инновациялық ашылуларға өте ыңғайлы емес

Іріге қарағанда 24 есеге жаңа енгізілімдер көп

4

Стратегияның өзгеруі

6-10 жыл

0,5-1 жыл

5

Қызмет ету аясы

Ірі қалалар мен өнеркәсіптік кешендер

Ірі, сонымен қатар шағын қалаларда

6

Бәсекелік ортаны құруы

Нарықтың ауқымды үлесін қамту есебіне бәсекенің шектелуі

Бәсекелік ортаның күшейтеді

7

К/о тіркеу және қалыптастыру

Әжептәуір қаржылық шығындар және тіркеу процедурасының ұзақтылығы

Минималды алғашқы шығындар мен тіркеушілік талаптар

8

Жаңа жұмыс орындарын құру

Жұмыс орындарын құру қарқыны елеулі түрде төмен

Жұмыс орындар өте тез қарқында құрылады

9

Жұмыс күшін оңтайландыру мүмкіншілігі

Жұмысшылардың тар мамандануы есебінен болмайды

Жұмысшылардың бірін-бірі ауыстыра алушылығы нәтижесінде іске асады

10

Басқару құрылымы

Аумақты, айбынды басқару

Басқару аппаратындағы минималды жұмыскерлер саны, икемділігі

11

Басқару жүйесіндегі мүдделерді ұйқастыра білу

Құрылтайшылар мен менеджерлер мүдделерінің сәйкес келмеуінен іске аспайды

Басқару жүйесінде қарама-қайшылық кездеспейді

Жапонияда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының критерийлері заңмен анықталған: өнеркәсіпте, көлік саласында және құрылыста- 300 адамға дейін, көтерме саудада- 100, қызмет көрсету саласында- 50. Заң бойынша жарғылық капитал да шектелген: өнеркәсіпте, құрылыс және көлік саласында- 770 мың доллардан аспау керек, көтерме саудада- 230 мың доллар, қызмет көрсету саласында- 77 мың доллар.

Ресей заңнамасы бойынша кіші кәсіпкерлікке жататындардың жұмыскерлер саны келесідей болу керек:

  • өнеркәсіпте- 200 адамға дейін;

  • құрылыста- 100 адамға дейін;

  • көтерме саудада- 50 адамға дейін;

  • ауылшаруашылықта- 50 адамға дейін;

  • ғылым мен өндірістік емес салада- 25 адамға дейін;

  • бөлшек саудада- 15 адамға дейін.

Қазақстан Республикасының заңы бойынша шағын бизнеске жататын кәсіпорындардың жұмысшылар саны келесідей болу керек:

    • өнеркәсіпте, құрылыс саласында және ауылшаруашылықта- 50 адамға дейін;

    • саудада және тұрмыстық қызмет көрсету саласында- 30 адамға дейін;

    • көлік және байланыс саласында- 25 адамға дейін;

    • ғылым мен инновациялық салада- 20 адамға дейін.

Қазіргі заманғы зерттеулерде шағын бизнесті сипаттаудың келесідей критерийлері ұсынылады: бағалы қағаздардың ашық түрде сатылмауы; кәсіпорынның бағалы қағаздардың шектелген көлемін иеленуі; шектелген жауапкершіліктің болмауы; кәсіпорынның негізін қалайтын адамдар- тәуекелге бара алатын жаңа заман адамдары; менеджерлер командасының толық болмауы; акционерлердің арасындағы қарым-қатынастардың нақты формальды түрде болмауы.

Шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанның шағын бизнесіне келесідей анықтама беруге болады. Бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, шектелген географиялық аймақта жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне иеленетін, негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайтын, басқару ісін осы кәсіпорынның негізін қалаушылар жүргізетін кәсіпорындар шағын бизнеске жатады. Шағын бизнес мемлекет экономикасына қажетті жаңа жұмыс орындарды қамтамасыз етеді. Американ Экспресс мәліметі бойынша, барлық жаңа жұмыс орындар ірі компаниялармен қамтамасыз етілмейді, олар жаңа ғана құрылған шағын фирмалармен бірге пайда болады. Мысалы, 1987 жылы жаңа жұмыс орындарының өсу темпі АҚШ-тың 7 миллион шағын фирмаларда 500 ірі компаниялардың жұмыс орындарының өсуінен 3 есе көп болған.

Кіші бизнес ірі фирмалардың және компаниялардың жақсы жұмыс істеуі үшін жағымды шарттар қалыптастырады. Мысалы, Жапонияда 50- жылдардан бастап контракт арқылы ірі фирмалардан мамандандырылған шағын фирмаларға берілген жұмыстың көлемі өте тез өскен. 1966 жылмен 1981 жылдары арасында ірі компаниялармен контракт арқылы жұмыс істейтін шағын фирмалардың үлесі 53,5 %-дан 65,5 %-ға дейін көбейген. Ал, электронды өнеркәсіпте бұл үлес 1981жылы 85,7%- ға дейін жетті.

Шағын бизнестің қалыптасуы

Жаңа к/о бастамасы

Қызмет етуші бизнесті сатып алу

Франчайзингтік қарым-қатынас жүйесі

Жанұялық бизнес

Сурет 2. Шағын бизнесті құру жолдары

Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Ол шағын бизнестің серпінді, өндіріп отырған тауардың түрін, ассортиментін тез өзгерту қабілеттілігі, технология және басқа салаларда да жаңалықтар енгізуде икемді болуынан көрінеді. Шағын бизнестің басты ерекшелігі- коллективтік еңбекке ұмтылу, жұмыстың максималды жемісті нәтижесіне жету үшін жалпылықтың қызығушылығының болуы.

Қазіргі уақытта көптеген елдердің экономикасы үшін шағын бизнес өте маңызды болып келеді. Шағын бизнес- жаңа идеялардың, табыстың, жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі көзі және экономика дамуының негізгі кепілі екенін біле отырып, көптеген мемлекеттер оны дамыту үшін маңызды іс-шаралар Әлемдік тәжірибеде франчайзинг кеңінен қолданылып отыр. Ал ҚР шетел франшизасының үлесі үлкен. Қазақстанада негізінен дистрибьютивтік/саудалық франчайзинг ғана дамып отыр, ал шет елде керісінше, кәсіпкерлік франчайзингінің үлесі саудалық франчайзингтен жоғары.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясының негізгі бағыты, біздің ойымызша, жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды және экспортқа бағытталған өнім мен өндірістердің дамуы болып табылады.

Соңғы он жылда Қазақстанда, басқа да ТМД елдеріндегідей технологиялық деградация тенденциясы орын алды. Өндірістің техникалық деңгейі төмендеді, жаңа технологиялар әлсіз меңгерілді, прогрессивті өнім өндірісі төмендеді, ғылыми-техникалық потенциал қысқарды.

Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің қазіргі жағдайы абсолютті сандық қысқаруы мен оның барлық құрамдастары бойынша сапасының нашарлауы тенденциясына ие болып отыр. Республикадағы инновациялық іс-әрекеттер ғылымның ары қарай дамуы оның заңдылық және нормативтік базаларын жетілдіруге байланысты.

Дамығын елдер тәжірбиесі көрсеткеніндей, экономикалық дамудың негізгі гранты – ғылыми-техникалық салада лидерлік позицияны ұстау. Сондықтан да 80-жылдардан бастап барлық алдыңғы қатардағы елдер белсенді ғылыми-техникалық саясат жүргізе бастады. Бір ғана мысал, ол елдердің ғылымға жұмсаған шығындарынан да көруге болады. Атап айтсақ, 2008 жылы ғылыми зерттеулерге жұмсалған мемлекеттік шығындар келесідей көрсеткіштерге ие: АҚШ – 246 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,9℅), Жапонияда – 94,2 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 3,0℅), Германияда 45,8 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,35℅), Францияда – 28,0 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,25℅), ал Швецияда 7,6 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 4,0℅) болып отыр. Бұл кестеде Қазақстан Республикасы ең төменгі орын болып отырғанын көреміз. Басқа мемлекетке қарағанда бізде ғылымға арналған шығын көлемі аз болып отыр (Кесте-3).

Кесте 3.­ 2008 жылы Әлемдегі мемлекеттердің ғылымға арналған шығындары

Мемлекет

ЖІӨ-дегі үлес салмағы, (%)

Жеке капиталдағы үлесі, (%)

АҚШ

2,9

66,7

Жапония

3,0

40,3

Германия

2,35

66,6

Франция

2,25

31,4

Швеция

4,0

32,3

Ресей

1,9

2,9

Украина

1,3

2,4

Қазақстан

0,3

3,0

Ескерту - автормен статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған

Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму үрдісі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлік және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түрде ұйымдастыру үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет.

Жалпы бірінші бөлімді қортындылай келген де, қазіргі күні барлық елдерде ірі көлемде ғылыми-техникалық саясаттар жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде бұл - өнеркәсіпте жаңалықтар мен инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми-техникалық дамудың ірі және жеке бөлімдерін қолдау болып табылады. Барлық елдерде ғылыми-техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға айналған. Бұл саланы қолдау заңды түрде: мемлекеттік акт, үкімдер бойынша жүзеге асырылады.

Ғылыми-техникалық саланы дамытудың негізгі қағидаттары мыналар болуға тиіс: жүйелілік; бәсекеге қабілеттілік; ашықтық; коммерцияландыруға бағдарланушылық; серпінді сипат және әлемдік ғылыми кеңістікке кіру; ғылымды, білімді және өндірісті біріктіру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]