Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мемлекеттік несие.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
326.14 Кб
Скачать

2.3 Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы

Қарызды басқару мақсаттарын орындау үшін, бірқатар елдер қарызды басқару жөніндегі тәуелсіз органдарды құрды, бұл қарызды басқарудағы айқын мақсаттарды анықтау мен сәйкес орындаулар және тәуелсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндіріледі. Берілген орган Үкіметке валюта құрылымы, мемлекеттік қарызды өтеу және тәуекелділіктер лимиті, сондай-ақ жеке қарыз құрылымына қатысты және жеке қарыз нарығына әсер етудің жанама құралдар жүйесі жөнінде істеліп біткен сұлбаны табыстыруға тиіс.

Қарызды басқаруда әлемдік тәжірибені талдау, берілген мәселелердегі ішкі жағдайды бағалау бізді қарызды басқарудың барлық мәселелері арнаулы орган Қарызды басқару жөніндегі агенттік кұзіретінде болуға тиіс деген қорытынды әкелді. Берілген сәтте борышты басқаруды Қазақстан Республикасының ҰБ мен Қазақстан Республикасының ҚМ, яғни, мемлекеттің монетарлық және қазынашылық саясатын іске асыратын институттар жүзеге асыруда олар үшін қарызды басқару атқарымы қосалқы болып табылады. Ұсынылып отырған агенттік тікелей Президентке бағынуға тиіс, өйткені ол бұл проблемамен атқарымды айналысатын барлық органдардың – Қазақстан Республикасының Ұлттың банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі, Қазақстан Республикасының Экономикалық және бюджеттік жоспарлау министрлігі жұмыстарын үйлестіретін болады. Ұсынылған агенттік қарыз алу стратегиясын енгізуге, сондай-ақ егеменді қоржын тәуекелдігін күн сайын басқаруға жауапты болады. Мұндай ұйым нарықтарға қарыз алудың ішкі нарығының тұрақтылығы жөнінде дұрыс ескерту және институционалды инвесторлар үшін облигацияның ішкі нарығының дамуына түрткі береді.

Берілген агенттіктің ұйымдық құрылымы барлық ірі қаржы институттарында жалпы қабылданған құрылыммен (фронт, бэк және мидл офистерге бөлінген және қарыз алу институттары бойынша сәйкес лимиттерін белгілеумен) салыстырмалы алынуға тиіс. Атқарымдық тұрғыдан бұл Агенттік не тікелей ел Президентіне, не Үкімет құрамында дербес министрлік атқарымын алуға тиіс.

Жүзеге асырылатын мемлекеттік қарыз алудың тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасының тұрақты макроэкономикалық дамуы мен борышқорлық оңтайлы даму деңгейін қолдану үшін Республиканың мелекеттік қарызының жағдайын көрсететін сенімді және толық бағалы мониторинг және талдау ұйымдастыруды ұсынады. Мұндай талдау негізінде мынадай міндеттер уақытылы шешіледі:

-сыртқы және ішкі мемлкеттік қарызды басқару тиімділігін бағалау;

-мемлекеттік қарыз құрылымын оңтайландыру қарастырылатын көрсеткіштер мен бағалау индикаторларының сеніміндегі, сондай-ақ борыш ұрылымындағы жағымсыз үрдістерді анықтау;

-экономиканың мемлекеттік емес секторларының қарыз алу көлемін реттеу жөніндегі қажетті шараларды анықтау.

Мониторинг деректері қаржы ресурстарын тарту және пайдалану бойынша тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, ақпарат жетімсіздігімен байланысты бюджет үшін жаңсақтық пен ысыраптан құтылуға мүмкіндік береді.

Ішкі қарызды басқарудың балансталынған жүйесін қалыптастыру мақсаты болып қарызға қызмет көрсету құнын төмендету есептеледі, оған қол жеткізк үшін тарту кезеніндегі әмбебап тетіктер ретінде МБҚ нарығына инвестициялық қорлар мен халыққа МБҚ-ды тікелей уәкілетті банкілер арқылы сатумен халықтың және басқа инвесторлардың қаражаттарын тарту тетігі қызмет атқара алады.

Қазіргі уақытта МБҚ нарығында іс жүзінде халықтың қаржы құралдарын тарту мақсатында шығарылатын қаржы құралдары жоқ. Халыққа арналған жинақ облигацияларын шығарудағы барлық бұрынғы әрекеттер табысты аяқталған жоқ. Мұның негізгі себебі – нарықта бар құралдардың төмен өтімділігі. Инвестициялық қорлар арқылы нарыққа халықтың қаржысын тарту тетігін келесі тізбектен көрсетуге болады:

1)халықтың ақшалай қаражатын инвестициялық қор аз акцияларының эмиссиялары, негізінен ұсақ жеке инвесторлар арқылы тартады;

2)түскен қаражаттарға инвестициялық қор мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алады және өзінің салымшыларына облигациялар бойынша кірісті қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қарызды басқарудағы негізгі мақсаттар болып мемлекеттік қарыздың жалпы көлемін төмендету, қарыз алу құнын төмендету, қарыз ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, борышқорлық міндеттемелердің уақытылы орналасуын қамтамасыз ету. Үдерістің қосымша мақсаттары ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыздың жалпы құрылымындағы сыртқы қарыз алуларды қысқартуды; ішкі нарықта қарыз алу бойынша жұмысты тарту жөніндегі жұмысты күшейтуді; борышқорлық міндеттеменің табыстылығын олардың өтімділігін арттыру арқылы айналыстағы міндеттемелердің орташа мерзімін арттыруды.

Белгілі бір мақсаттар мен қосымша мақсаттарды жүзеге асыру үшін мыналар қажет:

-еліміздің қарызын тиімді басқаруға бағытталған 10-30 жылға бірегей қарыз алу стратегиясын қабылдау;

-мемлекет тұрғысынан жеке еншік сыртқы қарызды жанама басқару және мониторинг;

-қарыздың жалпы құрылымындағы сырттан қарыз алуды қысқарту бойынша тетіктерді әзірлеу және салдары ретінде ішкі нарықта қарыз алуды тарту бойынша жұмысты күшейту;

-жекеменшік компаниялар үшін қарыз алудың баламалы құралдарын ұсыну бойынша мемлекеттің тым «басқыншылық» саясатын жасау;

-берілген үдеріске қатынасын барлық құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты үйлестіру.

Бұл мақсаттарға қол жеткізуге кедергі келтіретін негізгі факторлар болып мыналар есептеледі: мемлекеттік қарыздың абсолюттік параметрлерін арттыру, борышқордың міндеттемелерге қызмет көрсету жөніндегі бюджеттің шығыстарын ұлғайту, жүзеге асырылатын қарыз алудың жоғары құны, тартылған қаражаттарды инвестициялық емес мақсатта пайдалану.

Мемлекеттік қарызды басқарудың әрбір кезеңінің өзінің мақсаттары мен міндеттері және де сәйкес іске асыру тетіктері бар.

Қарызды басқарудың балансталған жүйесін қалыптастыру мақсаттарының бірі болып қарызға қызмет көрсету құнын төмендету болып табылады, оған қол жеткізу үшін тарту кезіңінде әмбебап тетіктері ретінде инвестициялық қорлар арқылы МБҚ нарығына халық қаражатын тарту тетігін және халыққа МБҚ-ды тікелей уәкілетті банктер немесе арнаулы агенттіктер арқылы сату бола алады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызын басқару міндеттері болып:

-мемлекет үшін қарыз алудың төмен мөлшерлемелері және жанама түрдегі коммерциялық сектордың қорландыру базасын қамтамасыз ету;

-мемлекеті шығарған қаржы құралдары үшін жергілікті өтемпаздыққа қол жеткізу;

-ішкі эмитенттер шығарған құралдар үшін ең трансперенттік бағаны анықтау үшін құралдар үшін бенчемаркті орнату;

-тартылған қаражатты тиімді орналастыру және қарызды белсенді басқару есебінен қарыз алу құнын төмендету.

Берілген міндеттемелерге сәйкес келесі мемлекеттік ішкі қарызды басқару стратегиясы ұсынылады.

Еліміздің ішіндегі инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшін мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыру үкіметтің жергілікті нарықта теңгемен қарыз алу арқылы жүреді.

Мұнда өтімділікті қамтамасыз ету және тартылған қаражатты мақсатты пайдалану мақсатында келесі тәртіп пайдаланылады. Ішкі нарықта қаражатты тарту жүйелі негізінде және белгілі бір салалық сегменттер бойынша жүреді. Мемлекеттік органдар шығарылған құралдар бойынша тиімді бенчмарктар белгілейді. Реттеуші органдар бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға айқын және ашық талаптарды белгіледі. Мемлекеттік органдар операциялардың ашықтығы мен мемлекеттің нарыққа сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ішкі қарызды басқарудың мемлекеттік стратегиясының барлық негізгі ережелерін борышқорлық құралдар нарығынығ барлық қатысушыларының назарына жеткізеді.

Келесі мемлекеттік ішкі қарызды басқару қағидалары ұсынылады:

-нарықтағы сәйкес өтімділікті қолдау үшін бенчмарк құралдары болып табылатын құралдар бойынша үлкен көлемдерді белгілеу:

-инвесторлық базаны әртараптандыру;

-қарыз алу қаржысының оңтайлық құрылымын белгілеу;

-қарыз алудың барлық құралдары бойынша қайталама нарықта сауданы ұйымдастыру;

-қарыз алу мөлшерлемесін қайталама нарықтағы белсенді сауда арқылы;

-МБҚ негізінде туынды құралдар нарығын құру;

-зейнетақы қорларының бағалы қағаздарының ішкі сауда нарығын жандандыру;

-қаржы агенттігінің атқарымын жемісті орындау мақсатымен сауда дескілерін орнату;

-коммерциялық сектор үшін құнын төмендету мақсатымен бенчмарк қарыз алудың пайыздық мөлшерлемесін төмендету;

-пайыздық мөлшерлемені төмендету мақсатымен бенчмарк құралдарымен белсенді сауда;

-туынды құралдар нарығы әртараптандыру және рөлін арттыру;

-коммерциялық банктердің ұзақ мерзімді жаңартпалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін қарыз алуды пайдалану мақсатында қарыз алу құралдары бойынша мерзімдерін ұзарту;

-екінші дәрежедегі орташа және шағын банктердің несиелеу жүйесін құру;

-ұлттық капиталдың шетел нарықтарына деңдеп енуі.

Сыртқы қарызды басқару саясатының мақсаты – сыртқы қаржыландыру көздерінен ең үлкен пайда табу және болашақта төлем балансындағы макроэкономикалық қиындықтар мен проблемалардан құтылу. Сыртқы қарыздардың болуы өз өздігінен теріс көрсеткіш болып есептелмейді, егер оның деңгейі мемлекетпен оның резиденттері өз борышына қызмет көрсете алмайтын одан жоғары сыни белгісіне жетпесе.