Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мемлекеттік несие.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
326.14 Кб
Скачать

2.2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттің орындалуына талдау

Республикамызда соңғы жылдары аймақтың экономикаға, аймақтарды дамытуға, дәлірек айтсақ, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Бұл жерде салық жүйесінің алатын орны зор.

          Қазақстан Республикасы салық жүйесін басқару Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Президентке, Парламентке, Үкіметке,Қаржы Министрлігіне жүктеледі.

          Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен сәйкес құқықтық  нормаларға негізделген әр түрлі  деңгейдегі бюджеттерді қамтиды.

          Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттің болуын көздейді.

     Жергілікті бюджеттердің құрылуының қазіргі механизмі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, арнайы бюджеттік және салықтық заңнамалардың нормативтік актілермен, бюджет аясындағы мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы  өкілеттіліктер мен жауапкершіліктерді бөлуді анықтайтын басқа да заңдармен қамтамасыз етіледі.

2013 жылғы 1 қаңтардағы республикалық бюджеттің кірістері 100,7% орындалды, жоспардағы 4 729,9 млрд. теңгенің орнына түсімдер 4 763,4 млрд. теңгені немесе асыра отырып 33,5 млрд. теңге құрады.

Республикалық бюджетке 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салықтық түсімдер жоспардағы 2 951,7 млрд. теңгенің орнына 2 975,6 млрд. теңге немесе 100,8 % түсті, салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 103,6 % орындалды, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша – 87,7 млрд. теңге және трансферттердің түсімдері бойынша атқарылу 100,2 %-ды құрады.

Корпоративтік табыс салығы бойынша 2012 жылы жоспардағы 1 081,2 млрд. теңгенің орнына 1 041,2 млрд. теңге түсті немесе 96,3%-ды құрады. Жоспар минералдық шикізатқа әлемдік бағалардың төмендеуіне байланысты негізінен жекелеген ірі салық төлеушілердің аванстық төлемдерді азайтуы есебінен орындалған жоқ.

Қосылған құн салығы бойынша 2012 жылы жоспардағы 886,9 млрд. теңгенің орнына 914,4 млрд. теңге немесе 103,1 % түсті, оның ішінде жоспар өндірілген тауарларға ҚҚС бойынша 119,5 %, импортталатын тауарларға ҚҚС бойынша – 99,5 % орындалды.

Шығарылған тауарларға ҚҚС бойынша жоспардың артығымен орындалуы жоспарланғанға қарағанда бюджеттен ҚҚС қайтару қарқынының баяулауына байланысты 8,8% болды.

Импортталатын тауарларға ҚҚС бойынша жоспарды түгел орындамау алыс шет елдерінен Қазақстан Республикасына импорттың өсу қарқынының төмендеуіне байланысты. Есепті жылдың 1-тоқсаны үшін импорттың өсуі 144,5%, 1-жартыжылдық үшін – 137,7%, 9 ай үшін – 132,8% құрады.

Импортталатын тауарларға салынатын акциздер жоспардағы 25 711,1 млрд. теңгенің орнына 25 947,5 млрд. теңге немесе 100,9 % түсті.

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланудан түскен түсімдер бойынша есепті кезең үшін жоспардағы 214,0 млрд. теңгенің орнына бюджетке 227,0 млрд. теңге түсті немесе 106,1% құрады. Жоспардың артық орындалуы негізінен 2012 жылғы 4 тоқсандағы төлем түсімдері есебінен пайдалы қазбаларды алуға арналған салық бойынша төлем мерзімі 2013 жылғы 25 ақпанға дейінгі және РЖС пайдалануға арналған рұқсат сомасы 5,0 млрд.теңге сомасындағы біржолғы түсімдерге байланысты радиожиілік спектрді пайдаланғаны үшін төлем.

Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізу үшін жинақтар 3,5 млрд. теңге сомада немесе 110,5% түсті. Жинақтардың барлық түрлері бойынша жоспарды артығымен орындау байқалады.

Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтар бойынша түсімдер жоспардағы 721,8 млрд. теңгенің орнына түсімдер 744,4 млрд. теңгені немесе 103,1% құрады. Жоспарды артығымен орындау мұнайдан шығарылған шикі мұнай мен тауарларға кедендік әкету баждары бойынша болды.

Мемлекеттік баж бойынша жоспардағы 13,8 млрд. теңгенің орнына 14,0 млрд. теңге немесе 101,3 % түсті. Асыра орындау мөлшері 0,8 млрд.теңге сомасында төленген сот шешімі бойынша қайтаруға байланысты мемлекеттік мекемелерге қуыну-талап арызын сотқа беретін мемлекеттік баждан басқа, мемлекеттік баждың барлық түрлерінен байқалады.

Салықтық емес түсімдер бойынша есепті кезеңде жоспардағы 241,3 млрд. теңгенің орнына іс жүзінде 249,9 млрд. теңге немесе 103,6 % түсті.

Жоспарлы көрсеткіштердің негізгі асыра орындалуы мыналардың:

- жоспардан тыс түскен 6,4 млрд. теңге сомасындағы айыппұлдардың;

- сомасы 0,6 млрд.теңге жоспарланған көрсеткіштердің іс жүзіндегі мөлшерінің ұлғаюына байланысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бөлігі;

- сомасы 0,8 млрд.теңге ауыл шаруашылығы мен орман алқаптарын алу кезінде ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының өндірісі шығының өтеуден түскен түсімдер есебінен түсіндіріледі.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер есепті кезеңде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын өткізуден түскен жоспардың орындалмауы есебінен жоспардағы 19,7 млрд. теңгенің орнына 17,3 млрд. теңге немесе 87,7% түсті.

Трансферттердің түсімдері жоспардағы 1 517,2 млрд. теңгенің орнына 1 520,7 млрд. теңгені немесе 100,2%-ды құрады. Есепті кезеңде бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін 1 380,0 млрд. теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт тартылды.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан 3 411,9 млрд. теңге сомасында тікелей салықтар түсті.

           Нарықта өту жағдайында жергілікті бюджеттердің  түсімдерін негізгі толықтырушы болып келген заңды  тұлғалар табысына  салынатын салық 2002 жылдан  бастап  толықтай республикалық бюджетке  түсетін  болды.

Қазіргі уақытта  жергілікті бюджеттерді  жеке табыс  салығы, әлеуметтік салық республика  аумағында өндірілген  ішімдік өнімдеріне салынатын акциздер,  жер салығы т.б. құрайды.