Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мемлекеттік несие.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
326.14 Кб
Скачать

1.3 Халықаралық мемлекеттік несие

Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік кредиттерді де тартады. Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық мемлекеттік кредиттің тез дамуына жеткізіп, соның негізінде сыртқы берешектердің шапшаң өсуіне себептер болып отыр. Мемлекеттер өзіне қажет қаржы ресурстарын жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқары елдердегі бос ақша көздерін барған сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер, сондай-ақ әр түрлі елдердің мемлекеттік органдары кредит мәмілелерінің қатысушылары болып отыр.

Халықаралық мемлекеттік кредит — халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет дүниежүзілік қаржы рыногінде борышкер немесе несиегер рөлінде болатын қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастар мемлекеттік сыртқы қарыздар нысанын қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық жағдайында беріледі. Алынған сыртқы қарыздардың сомасы есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады. Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақша және тауар нысанында беріледі. Несие субъектісі мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.

Халықаралық кредит — бірқатар елдер мемлекеттерінің, банктерінің, сондай-ақ басқа заңды және жеке тұлғаларының басқа елдердің мемлекеттеріне, банктеріне және өзге де заңды және жеке тұлғаларына беретін қарыздары. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына байланысты халықаралық кредит сферасында мына валюта-кредит ұйымдары барған сайын маңызды орын алып отыр: Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ), Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (ХҚДБ Дүниежүзілік банкі) және оның ұйымдары — Дамудың Халықаралық Ассоциациясы (ДХА), Инвестациялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі (ИККА), Халықаралық Қаржы Корпорациясы (ХҚК), Европа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ), Азия Даму Банкі (АДБ), Ислам Даму Банкі (ИДБ) және басқалары. ХВҚ валюта бағамдарын реттеу нормаларын белгілеу және оларды сақтауға бақылау жасау, қатысушы-елдер арасында валюталық шектеулерді жою, оларға төлем баланстарын реттеу үшін қаражаттар беру арқылы халықаралық сауда мен валюталық ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.

Дүниежүзілік банк пен оның ұйымдары елдердің экономикалық дамуын оларға техникалық көмек көрсету мен елдердің экономикалық әлуетін іске асыруға қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы қолдап отырады.

Өзінің мәні жағынан халықаралық мемлекеттік кредит ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады, бірқатар жағдайда дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің құралы болып саналады [7].

Халықаралық кредиттің қажеттігі экономикалық заңдардың бүкіл жиынтығымен айқындалады.

Халықаралық кредиттің дамуы мына факторларға байланысты болады:

1) еңбектің халықаралық бөлінісі мен экономикалық бірігу (интеграция);

2) өндірістің мамандандырылуы, қауымдасуы;

3) елдердің табиғи ресурстарымен және жұмыс күшімен әр түрлі қамтамасыз етілуі;

4) жеке елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жеңіл шығудың қажеттігі;

5) дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің қажеттігі;

6) дамушы елдердің дамыған елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығы;

Халықаралық кредитке берілетін мемлекеттің кредит ресурстары:

1) қорланым қорларына жататын мемлекеттік бюджеттердің қаражаттарынан;

2) ұжымдық несие қорларынан (ұлттық және халықаралық банктердің меншікті және тартылынды (тартылған) қаражаттары);

3) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан тұрады.

Ақша нысанындағы халықаралық кредит ұлттық валюталарда және еркін айырбасталымды валюталарда беріледі.

Халықаралық кредиттің функциясы мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметі процесінде мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық жағдайында тауар және ақша ресурстарын қайта бөлу болып табылады.

Халықаралық кредитті пайдалану экономиканың дамуын тездетуге, экономикалық дамудың деңгейлерін теңестіруге, сыртқы сауданың өсуіне, экономикалық бірігуді тездетуге жәрдемдеседі.

Халықаралық кредиттің негізгі нысаны сыртқы қарыздар болып табылады. Қарыз қаражаттары сыртқы сауда мәмілелерін жүзеге асыру немесе экспорт пен импортқа жәрдемдесу – сыртқы сауданы несиелендіру үшін пайдаланылады. Сыртқы сауданы несиелендіру кезінде кредиттерді беру, пайдалану және өтеу елдердің тиісті бағдарламалары мен бюджеттерінде қарастырылады, мұның өзі оларға өздерінің міндеттемелерін толық әрі бөгетсіз орындауына мүмкіндік береді.

Халықаралық кредит нысандарында экономикалық дамуды қолдау мақсатымен шетел мемлекеттері мен көпжақты ұйымдар беретін дамуға ресми көмек ерекшеленеді. Көмек беру мақсаттарының коммерциялық емес сипаты болады, яғни көпжақты валюта-кредит ұйымдары (ХҚДБ, ЕҚДБ, АДБ) өздерінің пайдасын барынша көбейтуге ұмтылмайды, керісінше құрылымдық жаңғыртуды және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін сфераларды қаржыландырады. Мысалы, ХВҚ-ның кредиттері Қазақстанға макроэкономикалық тұрақтандырудың және құрылымдық реформалардың бағдарламаларына, теңгенің бағамын қолдауға беріледі, мұның өзі басқа халықаралық ұйымдар қарыздарының елге түсу шарттарының бірі болып табылады.

Халықаралық экономикалық қатынастар практикасында сондай-ақ экспорттық немесе "байланыстырылған кредиттер" нысаны қолданылады. Мұндай кредиттерді беру қарызгер елге нақтылы тауарларды сатып алуға берілетін кредит олардың жеткізілімімен "байланыстырылады". Әдетте байланыстырылған кредиттер жеңілдік жағдайда беріледі, мұның өзі өз еліндегі жеткіліксіз сұранымды тауарларды басқа елдердің рыноктеріне қорғаудың қажеттілігінен туады.

Экспорттық кредиттерді пайдаланудың елдің сауда балансына ықпал жасайтын зардабы болады. Қосымша қаржыландырудың есебінен импорт өседі, ал бұл сауда балансының тапшылығын тудыруы немесе көбейтуі мүмкін. Бұдан басқа, экспорттық кредиттер реципиент-елдегі экономикалық өсуге кері ықпал жасайды, өйткені, біріншіден, тиісті қаражаттарды өндірістік сфераға салуға мүмкін болар еді және болашақта ағымдағы қажеттіліктерді мезеттік қанағаттандырудың орнына табыс әкелер еді; екіншіден, импортталатын тауарлар неғұрлым сапалы және арзан тауарлар ретінде отандық тауарларды ығыстырады немесе оларды өндіруді жаншиды.

Қазіргі жағдайда жабдықты, материалдарды, азық-түлікті сатып алу кезінде дамыған елдерде сыртқы сауда ұйымдары мен сыртқы экономикалық банк контрактар мен келісімдер, соның ішінде өтемдік келісімдер негізінде бұл елдердің банктері мен фирмаларынан алатын банк және коммерциялық кредиттерді пайдаланады. Өтемдік келісімдер — бұл сыртқы сауда келісімдерінің түрі, бұл келісімдер кезінде тауарды сатып алушы оның құнын басқа тауарлар жеткізілімімен төлейді. Өтемдік келісімдер, әдеттегідей, шетел банктерінен ұзақ мерзімді кредиттер алуды қарастырады, бұл кредиттердің есебінен шетелдік фирмаларға белгілі бір объектіні салу үшін олардан сатып алынатын тауарлар төленеді. Жеткізілімнің құны салынған объектілер өнімінің экспорты есебінен өтеледі.

1996 жылдан бастап халықаралық қаржы рыноктерінде орналастыру үшін Қазақстан АҚШ доллары мен еурода көрсетілген еуробондарды — егеменді облигацияпарды шығаруды бастады.

Мемлекеттік сыртқы қарыздардың мақсаты республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру жәнс төлем балансын сүйемелдеу болып табылады. Сыртқы қарыздар бойынша үкімет алған қаражаттар республикалық бюджетке есептеледі және бюджеттің атқарылуы ретінде пайдаланылады, ал Ұлттық банк алған қаражаттар ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында пайдаланылады. Бұл қаражаттар мақсатты арналымына қарай тікелей өтеусіз пайдалануға бағытталуы мүмкін немесе қайтарылатын негізде ішкі (соңғы) қарызгерге берілуі мүмкін. Өтеусіз пайдалану бюджеттен жұмсау (қаржы бөлу) немесе қаржыны Ұлттық банктің пайдалануы жолымен жүзеге асырылады. Ішкі (соңғы) қаржыгерлер үшін қаржыны кредит келісімшарттары бойынша қарыз беруші — Үкімет немесе Ұлттық банк береді. Қарыз қаражаттарының мақсатты пайдалануына бақылауды заңнамаға және кредит келісімшартына сәйкес қарыз беруші жүзеге асырады, ал келісілген шарттар сақталмаған кезде тиісті санкциялар қолданылады [8].

Кредитті өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг агенттіктері елдің несие рейтингін әзірлейді, бұл орайда мына аспектілерге назар аударылады:

1. Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс; мұны демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды практикалық жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.

2. Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне мыналарды қамтиды: фискалдық және монетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдығы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру.

3. Нарықтық экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы жеке меншік сектордың ролі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту, корпорациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық қызметті ырықтандыру (баға белгілеудің еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін рыноктердің ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық қызметтегі ашықтық), қаржы секторының ахуалы (банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы делдалдығының дамуы, қор рыногінің және банктік емес қаржы мекемелерінің дамуы), нарықтық институттардың дамулығы (тиімді инфрақұрылымы мен заңнаманың болуы).

4. Сауда ағымдарын қайта бағдарлау. Экспорт пен импорттын өсу серпіні мен құрылымы, халықаралық экономикалық сауда ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың рөлі, менеджменттің деңгейі, технологияларды беру арқылы бағаланады.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шет елдерден едәуір кредиттер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, икемді жұмсаудың маңызы арта тусуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарларды шығаратын кәсіпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс.

Қазіргі жағдайда жабдықты, материалдарды, азық-түлікті сатып алу кезінде дамыған елдерде сыртқы сауда ұйымдары мен сыртқы экономикалық банк контрактар мен келісімдер, соның ішінде өтемдік келісімдер негізінде бұл елдердің банктері мен фирмаларынан алатын банк және коммерциялық кредиттерді пайдаланады. Өтемдік келісімдер — бұл сыртқы сауда келісімдерінің түрі, бұл келісімдер кезінде тауарды сатып алушы оның құнын басқа тауарлар жеткізілімімен төлейді. Өтемдік келісімдер, әдеттегідей, шетел банктерінен ұзақ мерзімді кредиттер алуды қарастырады, бұл кредиттердің есебінен шетелдік фирмаларға белгілі бір объектіні салу үшін олардан сатып алынатын тауарлар төленеді. Жеткізілімнің құны салынған объектілер өнімінің экспорты есебінен өтеледі [9].