Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус каз морф вет.МЕД.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
355.84 Кб
Скачать

3 Пререквизиттер

Жалпы биология, омыртқалылар зоологиясы, гистология

4 Постреквизиттер

Жануарлар физиологиясы, патологиялық физиологиясы, патологиялық анатомия, клиникалық диагностика, хирургия.

5 Курстың сипаты

Пәннің мақсаты. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» пәнінің неізгі мақсаты жануарлар мүшелерінің құрылысы мен дамуындағы қалыптылық (норма), әркелкілік (варианттар) және ауытқушылық (аномалия) туралы түсініктермен таныстыру. Қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау мақсатында оларға қолайлы жағдай туғызу.

Пәннің қысқаша мазмұны. Морфология курсын толық меңгеру үшін цитология, эмбриология, гистология, анатомия пәндерінен түсініктері болуы қажет, сонымен қатар басқада биологиялық және клиникалық пәндермен байланысты. Фило- және онтогенез заңдылықтарын түсіну үшін зоология курсы бойынша сүтқоректілер мен құстардың дамуын меңгерулері қажет.

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет:

· организмнің тұтастығын түсіндіре білу;

· әр ағзаның орталықпен байланысын білу;

· мүшенің морфологиялық ерекшелігін оның атқаратын қызметімен байланыстыра білу;

· мүшелердің жануар түріне байланысты қандай қасиетпен сипатталынатынын түсіндіре білу.

· организм мұшелерінің атауларын, құрылысын халықаралық анатомиялық терминдерде көрсете білу.

· Қажетті оқу-құралдармен кәсіби әдебиетті қолдана білу.

Студенттің білуі және түсінуі қажет:

· жануарлар қаңқасынан дене аумақтарын көрсете және түсіне білу;

· әртүрлі мүшелердің ерекшеліктерін тауып нақты түрде көрсете және түсіне білу;

· жануар тұлғасын жарып бұлшық еттердің, ішкі мүшелердің топографиясын көрсете және түсіне білу.

Студент істей білуі қажет:

· филогенез және онтогенез туралы түсініктер білу қажет;

· филогенез және онтогенездің негізгі заңдылықтарын білу қажет;

· жануарлар мүшелерінің құрылысының дамуын зерттей білу қажет;

· мүшелер құрылысының жеке ерекшеліктерін білу қажет;

· халықаралық морфологиялық номенкулатураны білу қажет.

Студент қолдана білуі қажет:

1. Мал дәрігері мамандары үшін мал шаруашылығын әрі қарай дамыту мен өркендетуде морфологияның маңызы өте зор, сондықтан зертханалық-тәжірибелік жұмыста жануарлардың морфологиясын білу өте маңызды екенін студенттерге жеткізу.

2. «Морфология» пәнін жалпы биологиялық пән ретінде қарастыру.

3. Студенттерді әдибиеттермен қолдануды және жануарлар морфологиясынан жаңа мәліметтерді іздеуге үйрету.

Практикалық іс-дағдыларды меңгеруі тиіс:

1. Жануарлардың ағзасының анатомиялық құрылысы және олардын ерекшелігін меңгере білу тиіс.

5. Ағзадағы мүше, мүшелер жүйесі туралы және олардың өзара байланыстарын меңгере білу тиіс.

6. Ағзадағы мүшелердегі өзгерістерге қоршаған ортанын әсер етуі туралы мәліметтерді білу қажет.

6 Курстың мазмұны

6.1 Дәріс сабақтарының тізімі

1 семестр

Дәрістер 30 сағат - 3 кредит

Тақырып атаулары

Сағат

Әдебиет

Ағымдық бақылау, балл

1

Жануарлар морфологиясы пәнінен кіріспе дәріс.

  • Морфология ғылымы туралы түсінік.

  • Даму тарихы, зерттеу әдістері мен ол зерттейтін нысандар (объектілер).

2

Н.Ә.:

1 Жаңабеков К., Жаңабекова Г.К. Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы.// Алматы, «Сөздік-Словарь», 2005.- 597б.

2 Ғазизова А.І. Анатомия пәніне арналған оқу әдістемелік кешен.// Астана, 2004. – 297б.

Қ.Ә.:

1 Жаңабеков К. Макашев Е. Жануарлар анатомиясы.// Алматы, Білім, 1996.- 260б.

4 А.І.Ғазизова. Морфология пәніне арналған практикум.// Астана 2002.

0,46

2

Сүйектер туралы ілім - остеология.

  • Сүйектің мүше ретінде сипаттамасы

  • Сүйектің түрлері

  • Сүйектің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері

  • Сүйек ұлпасы

2

0,46

3

Тірек- қимыл аппараты. Қаңқаның дамуы.

  • Жануар лар қаңқасының даму заңдылықтары.

  • Қаңқаның жалпы сипаттамасы. Қаңқа бөлімдері.

  • Білікті және шеткі қаңқа құрылысының заңдылықтары

2

0,46

4

Синдесмологиясүйектердің байланысу туралы ілім.

  • Сүйектер байланысының фило-және онтогенезі.

  • Байланыс түрлері.

  • Синартроздың түрлері және морфофункционалдық сипаттамасы.

2

0,46

5

Диартроз – буындық байланыс.

  • Буынның құрылысы

  • Буынның түрлері.

  • Алдыңғы және артқы аяқ сүйектерінің буындары, бөлінуі

2

0,46

6

Миология – бұлшықет туралы ілім.

  • Бұлшықет жүйесінің сипаттамасы.

  • Бұлшықет құрылысы, қызметі, түрлері.

  • Бұлшықет ұлпасына сипаттама.

  • Бұлшық еттердің онтогенезі мен филогенезі.

  • Бұлшық еттің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері.

2

0,46

7

Бас пен тұлға бұлшық еттері.

  • Бас пен тұлға бұлшық еттерінің филогенезі мен онтогенезі.

  • Бас бұлшық еті.

  • Тұлға бұлшық еттерінің орналасуы, қызметі. Олардың құрылысы.

  • Омыртқа бағаны, көкірек және құрсақ қуыстарының қабырғаларының бұлшық еттері.

2

0,46

8

Алдыңғы және артқы аяқ бұлшық еттері.

  • Алдыңғы аяқ белдеу және еркін қозғалатын аяқ бұлшық еттерінің құрылысы мен орналасуының жалпы заңдылықтары.

  • Артқы аяқ белдеу және еркін қозғалатын аяқ бұлшық еттерінің құрылысы мен орналасуының жалпы заңдылықтары.

  • Аяқтардың статикалық аппараты және оның жануарлар статикасы мен динамикасындағы ролі.

2

0,46

9

Дерматология.

  • Тері құрылысы, қызметі.

  • Тері жабыны мен тері туындыларының фило- және онтогенезі.

2

0,46

10

Тері туындылары.

- Тері туындыларының морфофункционалдық

сипаттамасы.

- Сүт, май, тері бездері, тұяқтар, майтабан, тері түтіктері

және басқа тері туындыларының дамуы мен құрылысы.

2

0,46

11

Спланхнология – ішкі мүшелерді зерттейтін ілім

- Дене қуыстары, серозды қапшықтар.

  • Ішкі мүшелер туралы түсінік, олардың атқару қызметтеріне байланысты аппараттарға бөлінуі.

  • Дене қуыстарының дамуы мен құрылысы.

  • Сірлі қабықтар мен қапшықтар.

2

0,46

12

Ас қорыту жүйесінің филогенезі.

  • Азық қорыту аппараты мүшелерінің жалпы морфо-функционалдық сипаттамасы.

  • Бас ішек органдарының құрылысы.

  • Таңдай, тіл, сілекей бездері.

  • Ауыз қуысы мүшелері мен жұтқыншақтың морфологиялық құрамы, құрылысы.

  • Тістер морфологиясы. Жануарлар түрлеріне байланысты тістердің морфо-функциональдық ерекшеліктері.

2

0,46

13

Өңеш, асқазан құрылысы, асқазан типтері.

  • Алдыңғы бөлім- өңеш пен қарынның маңызы және

орналасуы. Филогенездік және онтогенездік дамуы

  • Бір бөлікті асқазан құрылысы. Әр малға тән

ерекшеліктері.

  • Көп бөлікті асқазан дамуы, қалыптасуы.

2

0,46

14

Ортаңғы, артқы ішектер құрылысы, ерекшеліктері.

  • Сүтқоректілердің ішегінің құрылысы.

  • Ащы ішектің құрылысы, маңызы және дамуы.

  • Жуан ішектің құрылысы, орналасуы және дамуы.

  • Жануарлар түріне және жасына байланысты жуан ішек құрылысындағы ерекшеліктері.

  • Ішек шажырқайы.Ас қорыту бездерінің құрылысы, орналасуы және маңызы.

2

0,46

15

Тыныс алу аппараты.

  • Тыныс алу жүйесінің онто-филогенезі, құрлысы басқа ерекшеліктері.

  • Тыныс алу мүшелерінің атқару қызметтеріне байланысты құрылысы мен заңдылықтары.

  • Плевра. Бронхтық және респираторлық тарамының нобайы. Өкпе.

2

0,46

Барлығы

30

13,8

2 семестр

Дәрістер 30 сағат - 3 кредит

Тақырып атаулары

Сағат

Әдебиет

Ағымдық бақылау, балл

1

Зәр-шығару системасының құрлысы, ерекшелігі.

  • Несеп-жыныс аппаратының фило- және онтогенезі.

  • Несеп шығару мүшелері жүйесінің морфологиясы. Құрылысы мен қызметі.

  • Бүйректер түрі.

  • Нефрон.

2

Н.Ә.:

1 Жаңабеков К., Жаңабекова Г.К. Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы.// Алматы, «Сөздік-Словарь», 2005.- 597б.

2 Ғазизова А.І. Анатомия пәніне арналған оқу әдістемелік кешен.// Астана, 2004. – 297б.

Қ.Ә.:

1 Жаңабеков К. Макашев Е. Жануарлар анатомиясы.// Алматы, Білім, 1996.- 260б.

4 А.І.Ғазизова. Морфология пәніне арналған практикум.// Астана 2002.

0,46

2

Аталық көбею мүшелері.

  • Аталық жыныс жүйесінің анатомиясы. Еркек жануарлар жыныс мүшелерінің морфо-функциональдық сипаттамасы.

  • Сперматозоидтың құрылысы. Сперматогенез.

2

0,46

3

Аналық көбею мүшелері.

  • Аналық жыныс жүйесінің анатомиясы. Ұрғашы

жануарлардың жыныс мүшелерінің морфологиясы және

морфо-функциональдық сипаттамасы.

- Овоциттің құрылысы. Овогенез.

2

0,46

4

Ішкі секреция бездері.

- Ішкі секреция бездерінің морфологиясы және морфо-

функциональдық сипаттамасы.

- Ішкі секреция бездерінің жіктелуі.

2

0,46

5

Ангиология - қан айналу мүшелері жүйесін зерттейтін ілім.

  • Қан айналу мүшелеріне сипаттама, құрылысы және дамуы.

  • Жүрек-тамыр жүйесінің анатомиялық құрамы және организмнің тіршілігі үшін қызметі мен маңызы.

  • Қан айналым аппаратының жеке органдарының жалпы ситпаттамасы (жүрек, артериялар, веналар, капиллярлар)

2

0,46

6

Жүректің және қан айналу шеңберлерінің филогенезі, құрылысы әр малға тән ерекшеліктері.

  • Іш төлі және ересек жануарлардағы қан айналым шеңберлері.

  • Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері, қан тамырларының қүрылысы және тарамдалу заңдылықтары мен олардың маңызы.

2

0,46

7

Қан түзу органдары.

- Қан жасау мүшелерінің (көкбауыр, сүйектің қызыл кемік

майы, лимфа түйіндері, лимфоидты мүшелер, тимус)

құрылысы.

- Қан жасау мүшелерінің дамуы, орналасуы және

қызметтерінің негізгі заңдылықтары.

2

0,46

8

Лимфа айналымының органдарының жүйесі.

- Лимфа жүйесінің морфо-функциональдық сипаттамасы.

- Лимфа түйіндері, лимфа тамырлары, лимфа өзектерінің

дамуы, құрылысы және орналасуының негізгі

заңдылықтары, олардың вена қан тамырларымен

байланыстары.

2

0,46

9

Неврология – жүйке жүйесін зерттейтін ілім.

- Жүйке жүйесінің морфологиялық сипаттамасы және

маңызы.

- Жүйке ұлпасына сипаттама.

2

0,46

10

Жүйке жүйесінің орталық бөлімі.

- Ми мен жұлынның құрылысы, дамуы.

- Жұлынның морфо-функциональдық сипаттамасы,

қабықтары

- Ми қыртысы, мишық. Ми бөлімдерінің құрылысы.

2

0,46

11

Жүйке жүйесінің шеткі бөлімі.

- Ми жүйкелері. Құрамы және сипаттамасы (жүйкелер

және рецепторлар). Морфо-функциональдық

сипаттамасы.

  • Вегетативтік жүйке жүесінің симпатикалық бөлімінің құрылысы.

  • Парасимпатикалық жүйкелердің құрылысы, түзілуі мен таралуы.

2

0,46

12

Анализаторлар.

- Сезім мүшелерінің жалпы сипаттамасы., түрлері.

- Сезім мүшелеренің фило-онтогенезі.

2

0,46

13

- Көру және есту мүшелерінің құрылысы.

- Сезім мүшелерінің ми және жұлын орталықтарымен

байланысы.

2

0,46

14

Үй құстарының анатомиясы.

  • Құстардың мүшелері мен жүйелерінің морфо-

функциональдық сипаттамасы.

  • Құстардың тірек-қимыл аппаратының құрылысы,

ерекшеліктері

2

0,46

15

Үй құстарының ішкі мүшелерінің құрылысы

  • Құс ішкі мүшелерінің фило-онтогенезі.

  • Құстар мен жануарлардың ішкі мүшелеріндегі ерекшеліктер

2

Барлығы 30 13,8