Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
normativ.kz_view_85400.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.05 Mб
Скачать

5. Тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тiркеу

34. Тауар таңбасын тiркеу туралы шешiмнiң негiзiнде және мемлекеттiк баж төлемi расталған кезде сараптама жасау ұйымы тауар таңбасын (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiзiлiм) оған реттiк нөмiр (бұдан әрi - тiркеу нөмiрi) бере отырып және мәлiметтердiң енгiзiлген күнiн (бұдан әрi - тiркеу күнi) көрсете отырып, Қазақстан Республикасының қорғалатын Тауар таңбаларының, қызмет көрсету таңбаларының, тауар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркейдi.       Мемлекеттiк тiзiлiмге тауар таңбасын тiркеу кезiнде мынадай мәлiметтер:       тауар таңбасын тiркеу күні мен нөмiрi (куәлiктiң нөмiрi);       тауар таңбасының кескiнi;       ТҚХС-тың индексi;       иеленушiнің тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол болса), заңды тұлғаның толық атауы және елдiң коды көрсетiлген оның тұрғылықты жерiнiң немесе тұратын жерiнiң мекен-жайы;       өтiнiмнiң нөмiрi және сараптама жасау ұйымына берiлген күнi;       тауар таңбасы тiркелген тауарлар мен қызметтердiң тiзбесi;       елi, нөмiрi және егер конвенциялық басымдық анықталса, бiрiншi өтiнiмнiң берiлген күнi;       хат алмасуға арналған мекен-жайы;       өкiл туралы мәлiмет (патенттiк сенiмдi өкiл туралы);       куәлiктiң берiлгенi туралы мәлiметтi жариялау күнi және ресми бюллетеннiң нөмiрi;       тауар таңбасын тiркеуге қатысты басқа да мәлiметтер енгiзiледi.       Көрсетiлген мәлiметтердi енгiзу олардың алдында тиiстi ИНИД (ДЗМҰ-ның стандарты бойынша) коды қойыла отырып, қоса берiледi және жариялау кезiнде пайдаланылады. Елдiң коды тиiстi ДЗМҰ-ның стандартына сәйкес қойылады.       35. Сараптама жасау ұйымы Мемлекеттiк тiзiлiмге уәкiлеттi органның, апелляциялық кеңестің, сот органдарының шешiмдерi және иеленушiлердiң (олардың құқықтық мирасқорларының немесе өкiлдерiнiң) өтiнiшхаттары (өтiнiштерi) негiзiнде тауар таңбасын тiркеудiң құқықтық мәртебесiнiң кейiнгi өзгерiстерi мен толықтырулары туралы мынадай:       қорғалатын тауар таңбасына құқық беру туралы тiркелген шарт туралы;       тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы тiркелген лицензиялық шарт туралы;       тауар таңбасының толық және/немесе бөлiгiн тiркеуге жарамсыз деп танылуы туралы;       ашық лицензияға құқықтың ұсынылуы туралы;       иеленушiнiң бастамасы бойынша тауар таңбасын тiркеу әрекетiнiң тоқтатылуы туралы;       тауар таңбасын тiркеу әрекетi мерзiмiнiң ұзартылуы туралы;       иеленушi атауының оның қайта құрылуына (құқықтық мирасқорлығына) байланысты өзгертiлуi туралы және/немесе оның тұратын жерi мекен-жайының өзгертiлуi туралы;       иеленушi тегiнiң, атының, әкесi атының (егер ол болса) өзгеруi туралы және/немесе тұрғылықты жерi мекен-жайының өзгертiлуi туралы;       хат алмасуға арналған мекен-жайдың өзгертiлуi туралы;       анық және техникалық қателiктердiң түзетiлуi туралы, сондай-ақ тауар таңбасын тiркеуге қатысты басқа да өзгерiстер туралы мәлiметтердi енгiзедi.       36. Заңының3-бабынасәйкес уәкiлеттi орган тауар таңбасына арналған куәлiктi бередi. Куәлiк мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде толтырылады және оның иесінің заңды мекен-жайына немесе өкiлге (патенттiк сенiмдi өкiлге) берiлген сенiмхатқа сәйкес не болмаса өтiнiш бойынша (жазбаша түрде) өтiнiм берушi (иеленушi) көрсеткен өзге мекен-жайға тапсырысты пошта арқылы жiберiледi. Өтiнiм берушi куәлiк берiлгенге дейiн уәкiлеттi органға немесе сараптама жасау органына тұрғылықты жерiнiң немесе тұратын жерiнiң (заңды мекен-жайының) мекен-жайының өзгеруi туралы хабарлауға мiндеттi.       Тауар таңбасын тiркеуге қатысты кейiнгi өзгерiстер (тiркелген шарттар туралы мәлiметтi қосқандағы), толықтырулар, нақтылаулар немесе түзетулер туралы және тауар таңбасын тiркеу әрекетiнiң ұзартылуы туралы Мемлекеттiк тiзiлiмде жазылғаннан кейiн уәкiлеттi орган куәлiктiң айырылмас бөлiгi болып табылатын Куәлiкке қосымшаны бередi. Қосымша мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде толтырылады.       37. Мемлекеттiк тiзiлiмге және куәлiкке иеленушiнiң - заңды тұлғаның атауына және/немесе тұратын жерiнiң мекен-жайына, иеленушiнiң - жеке тұлғаның тегiнiң, атының, (және әкесiнiң атының, егер ол өзгертiлсе) және/немесе иеленушiнiң тұрғылықты жерiнiң мекен-жайының өзгертiлуi туралы өзгеруi туралы өзгерiстер енгiзiледi.       Өзгерiстер тиiстi өзгерiстердi енгiзу туралы куәлiктiң нөмiрi, заңды тұлғаның ресми атауы, тегi, аты, (және әкесiнiң атын, егер болса) тұрғылықты жерiнiң және/немесе тұратын жерiнiң мекен-жайы көрсетiле отырып, өтiнiшхатты беру жолымен енгiзiледi. Өтiнiш хатқа иеленушi немесе сенiмхат бойынша оның патенттiк сенiмдi өкiлi қол қоюы керек.       Иеленушiнiң атауына заңды тұлғаны қайта құру және/немесе тарату салдарынан өзгерiстер енгiзу кезiнде өтiнiшхатқа қол қойылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiледi. Бұл ретте мүдделi тарап тиiстi өзгерiстердi (қайта құру кезiнде) растайтын және/немесе заңды тұлғаның таратылу фактiсiн дәлелдейтiн құжаттарды ұсынады.       Шетелдiк өтiнiм берушiнiң (иеленушiнiң) өкiлдерi ұсынатын ресми құжаттар тиiстi елдің апостилдi қою жолымен куәландырылады.       Егер құжаттар болмаса және/немесе ұсынылған құжаттар талаптарға сәйкес келмесе, иеленушiге хабарлама жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде оларды ұсыну қажет екендігі айтылады.       Сұратылған құжаттар белгiленген мерзiмде ұсынылмаған кезде, өтiнiшхат берiлмеген болып есептеледi, өзгерiстер енгiзiлмейдi, бұл туралы иеленушi хабарландырылады.       Тауар таңбасына құқық өзге тұлғаға берілген жағдайында (тауар таңбасына арналған құқықты беруден басқа) өзгерiстер тауар таңбасы құқықтық мирасқорының куәлiктiң нөмiрi көрсетiлген өтiнiшхаты бойынша енгiзiледi. Өтiнiшхатта құқықтық мирасқор туралы мәлiметтер көрсетiледі және тауар таңбасына құқықтың өзгеге берілуін растайтын құжаттардың куәландырылған көшiрмелерi қоса берiлуi керек.       Тауар таңбасына құқық өзгеге берілген жағдайда өзгерiстер Қазақстан Республикасыныңзаңнамасынасәйкес енгiзiледi.       38. Өтiнiмдегi немесе тауар таңбасын иеленушi ұсынған басқа да құжаттағы, Мемлекеттiк тiзiлiмде және (немесе) мәлiметтерде көрсетiлген, бюллетенде жарияланған қателiктер тауар таңбасын иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша түзетiледi.       39. Тауар таңбаларын тiркеуге қатысты, Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мәлiметтер, сондай-ақ тiркеуге қатысты одан кейiнгi барлық өзгерiстер ресми бюллетенде жарияланады.       40. Мүдделi тұлғалардың өтiнiшхаты бойынша сараптама жасау ұйымы Мемлекеттiк тiзiлiмнен үзiндiнi ұсынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]