Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
normativ.kz_view_85400.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.05 Mб
Скачать

4. Толық сараптама

14. Мәлiмделген белгiнiң толық сараптамасы қарауға қабылданған өтiнiмдер бойынша алдын ала сараптама аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылады.       15. Толық сараптама жүргiзу барысында, алдын ала сараптама жасау сатысында тексеру жүргiзiлгендердi қоспағанда, мәлімделген белгінің Заңның 6, 7-баптарында белгіленген талаптарға, сондай-ақ өтiнiм құжаттарының осы Ереженің6-тармағындакөзделген өтiнiмнiң мазмұны мен ресiмделуiне және оған қоса берiлетiн құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.       Толық сараптама өтiнiм берiлген күннен бастап тоғыз ай iшiнде жүргiзiледi. Өтiнiм берушiге сұрау жiберілсе, онда өтiнiм сараптамасы сұрауға жауап алынғанға дейiн тоқтатыла тұрады.       Егер мәлiмделген белгiге сараптама жасау барысында оған ұқсас немесе араласу дәрежесiне дейiн бірдей және бұрынғы басымдығы бар басқа белгi анықталса, онда осы өтiнiм бойынша iс-жүргiзу бұрын басымдығы бар өтiнiм бойынша шешiм қабылдағанға дейiн тоқтатыла тұрады.       Толық сараптама нәтижесiнде сараптама жасау ұйымы мәлiмделген белгiнi тауар таңбасы ретiнде тiркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.       Егер сараптаманың нәтижесiнде белгi Заңның 6 және 7-баптарында белгiленген талаптардың ең болмағанда бiреуiне сәйкестiгi анықталса, сараптама жасау ұйымы тауар таңбасын тiркеуден бас тарту туралы сараптамалық қорытынды шығарады.       Сараптамалық қорытындының негiзiнде уәкiлеттi орган бiр ай мерзiмі iшiнде мәлiмделген белгiнi тауар таңбасы ретiнде тiркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.       16. Мәлiмделген белгi Заңның 6 және 7-баптарында белгiленген талаптарына сәйкес болған кезде сараптама жасау ұйымы тауар таңбасын тiркеу туралы шешiмдi қабылдайды.       Егер мәлiмделген белгi тек ұсынылған тауар тiзбесi бөлiгiнде ғана белгiленген талаптарға сәйкес келсе, тауардың осы бөлiгiне қатысты тауар таңбасын тiркеу туралы шешiм шығарылады.       Егер тауар таңбасы Заңның6-бабының1-тармағында көрсетiлген белгiлердi қамтыса және олар басым жағдайға ие болмаса - дискламациямен дербес құқықтық қорғау берiлмейтiн элементтер көрсетiле отырып, шешiм шығарылады.       Тауар белгiсiн тiркеу мүмкiндiгi туралы сараптама қорытындысы мынадай мәлiметтердi қамтиды:       тауар таңбасы ретiнде тiркелетiн белгi;       тауар таңбасы иесінiң атауы немесе аты, ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдiң коды;       өтiнiмнiң нөмiрi;       берiлген күнi;       егер конвенциялық басымдық сұратылатын болса, негiзiнде конвенциялық басымдық белгiленген өтiнiмнiң нөмiрi, берiлген күнi және берген елдiң коды;       егер көрмелiк басымдық сұратылса, көрмелiк басымдықтың күнi;       ТҚХС-тың сыныптамасы бойынша топтастырылған тауарлар мен қызметтердiң тiзбесi;       қорғаудан шығарылған элементтер;       егер ұжымдық тауар таңбасы тiркелсе, тауар таңбасының ұжымдық болып табылатындығын көрсету;       егер тауар таңбасы түсте тiркелген болса, түстi немесе түс үйлесiмiн көрсету.       17. Сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына қарсылық оның жiберiлген күнiнен бастап үш ай iшiнде қабылданады. Қарсылықты ұсыну мерзiмi өтiнiм берушiнiң өтiнiшi бойынша алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.       18. Сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына арналған қарсылықты қарағаннан кейiн, уәкiлеттi орган тауар таңбасын тiркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарады.       19. Тауар таңбасының тiркеуге жол бермейтін абсолюттiк негiздер бойынша тексерiс Заңның6-бабыныңережелерi негiзiнде жүргiзiледi.       20. Тұтынушының ойында шындыққа үйлеспейтiн тауардың белгiлi бiр сапасы, оны әзiрлеушi немесе шығарылған жерi туралы түсiнiктi туындататын белгiлер жалған немесе тауарға немесе оны әзiрлеушiге қатысты тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкін белгiлер болып танылады.       Белгі элементтерiнiң ең болмағанда бiреуi жалған немесе жаңылыстыруы мүмкін болып табылса, белгi жалған немесе адастыратын болып танылады.       21. Өтiнiм берушiнiң тұратын жерiне қатысты тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкін географиялық атаулар не болмаса географиялық атауларды бiлдiретiн белгiлер, сондай-ақ егер бiр иеленушiнiң атына атауды тiркеу үшiншi тұлғалардың құқығын шеттейтiн жағдайда тауар белгiлерi ретiнде тiркелмейдi.       Тауар шығарылған немесе сатылған және әзiрлеушiнiң тұратын жерге көрсету ретiнде қабылдануы мүмкiн тек қана географиялық атаулардан тұратын белгiлер тiркелмейдi.       Егер тауар шығарылған жерді көрсететін болып қабылдануы мүмкiн географиялық атау мәлiмделген белгiнiң құрамына енсе, тiркеу оны қорғалмайтын элемент ретiнде көрсете отырып, жүргiзiледi.       Егер тiркеуге тауар шығарылған немесе сатылған және әзiрлеушiнiң тұратын жерін көрсететiн атағы онша жайылмаған географиялық атау мәлiмделсе, бiрақ ақпарат көздерiнде ол туралы мәлiмет болмаса, онда осы географиялық атауға құқықтық қорғау беріледі.       22. Әдепсiз мазмұндағы, адамгершiлiкке қарсы сипаттағы, адамның қадiр-қасиетiн, ұлттық немесе дiни сенiмiн қорлайтын белгiлер қоғамдық мүддеге, адамгершiлiк қағидаларына және моральға қарсы болып танылады.       Егер мәлiмделген белгi осы Ереженің22,23-тармақтарындажәне осы тармақтың 1 бөлігінде көрсетiлген белгiлердiң ең болмағанда бiреуiн оның элементтерi ретiнде қамтыса немесе тек қана Заңның6-бабының1-тармағында көрсетiлген белгiлерден тұрса, онда сараптама оны тауар таңбасы ретiнде тiркеудiң мүмкiн еместiгi туралы қорытынды жасайды.       Заңның 6-бабының2-тармағындакөрсетiлген белгiлер тауар таңбасында тиiстi құзыреттi органдардың немесе иеленушiлердiң келiсiмiмен, егер онда басым жағдайды иеленбесе қорғалмайтын элементтер ретiнде пайдаланылады.       23. Зияткерлiк меншiк объектiлерiне құқықтарды бұрынғы иеленушiлермен белгiнiң ұқсастығы мен сәйкестiгiн тексеру Заңның 7-бабының 1 және2-тармақтарыныңнегiзiнде жүзеге асырылады.       Барлық элементтерiнде бiр-бiрiне дәл келетiн белгiлер ұқсас болып танылады.       24. Сараптама жаңашылдыққа iздестiру нәтижелерi бойынша жүргiзiледi.       Iздестiру:       Қазақстан Республикасында бұрын тiркелген тауар таңбалары және бұрынғы басымдығы бар тауар таңбалары ретiнде тiркеуге мәлiмделген белгiлерi арасында;       жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбалары арасында;       бұрын тiркелген және тiркеуге басымдық күнiне дейiн мәлiмделген тауар шығарылған жердiң атаулары арасында;       бұрын тiркелген не болмаса сараптама жасау ұйымына үшiншi тұлғалардың атына тiркеуге мәлiмделген, бұрынғы басымдығы бар өнеркәсiп үлгiлерi арасында жүзеге асырылады.       Iздестiру кезiнде үшiншi тұлғалардың халықаралық келісімдердің күшiне сәйкес Қазақстанда тiркелмей қорғалатын тауар таңбалары ескерiледi.       25. Ұқсастық пен бірдейлікке тексеру кезiнде мына әрекеттер жүзеге асырылады:       ұқсас және бірдей белгiлердi iздестiру жүргiзiледi;       мәлiмделген және анықталған белгiлердiң бірдейлік дәрежесi айқындалады;       мәлiмделген тауарлардың анықталған ұқсас және бірдей белгiлер тiркелген (мәлiмделген) тауарлардың бiртектестiгi айқындалады.       Бұл ретте Заңның17-бабынасәйкес тiркеу iс-әрекетi тоқтатылған күннен бастап бiр жыл мерзiм аяқталмаған тауар таңбалары, сондай-ақ тiркеуден бас тартылған және шешiмдi қорғау мерзiмi аяқталмаған тауар таңбалары назарға алынады.       Құрамдас белгiлер құрамдас белгiлердің құрамына енетiн құрамдас белгiлердiң жалпы және белгiлердің түрлерiнiң бірдейлігіне зерттеледi.       Сөз белгiлерiнiң бірдейлiгi:       сөз белгiлерiмен;       құрамына сөз элементтерi енетiн құрамдас белгiлермен салыстыру жолымен айқындалады.       Сөз белгiлерiнiң үйлестiгi олардың фонетикасы (дыбыстық үйлестiк), графикасы (көзбен көру үйлестiгi) және семантикасы (мәнi бойынша үйлестiк) жоспары бойынша айқындалады.       Мынадай белгiлердiң:       буын санының;       дыбысталуы бойынша жақын және дәл келетiн әрiптер мен дыбыстардың болуының;       белгiнi құрайтын дыбыстардың жақындығының;       дәл келетiн буындардың болуы және олардың орналасуының;       белгi құрамындағы дәл келетiн дыбыс тiркестерiнiң орнының;       дауысты дыбыстар құрамының жақындығының;       дауыссыз дыбыстар құрамының жақындығының;       белгiлердiң дәл келетiн бөлiктерiнiң сипатының;       бiр белгiнiң басқа белгiге кiруiнiң;       екпiн және тағы басқаларының негiзiнде дыбыстық (фонетикалық) бірдейлік айқындалады.       Бұл сипаттамалар жеке алғандағы кез келгенi сияқты дыбыстық бейненi құру кезiнде және тұтынушының қабылдауы кезiнде олардың бiлдiретiн мағынасына байланысты әр түрлi тiркестерде де ескерiле алады.       Сөз белгiлерiнiң графикалық (көзбен шолу) үйлестiгi мыналардың:       жалпы көргендегі әсерiнiң;       шрифт түрiнiң;       жазылу амалының, оның iшiнде әрiптер мен алфавит орналасуының;       түстiң және түс үйлесiмдiгiнiң негiзiнде анықталады.       Iздестiру сөз және сөздiк сипаты бар графикалық белгiлер арасында жүзеге асырылады.       Мағыналық (семантикалық) бірдейлік тауар таңбасын қазақстандық тұтынушының қабылдауы ескерiле отырып:       түсiнiктiң, ойдың қатар келуi;       түсiнiктiң, ойдың қарама-қайшылығы сияқты өлшемдерi бойынша айқындалады.       Логикалық екпiн түсетiн және дербес мағынасы бар белгiлер элементтерiнен бiреуiнiң дәл келуi ескерiледi.       Бейнелеу және көлемдi белгiлердiң үйлестiгi, атап айтқанда мынадай белгiлердiң негiзiнде айқындалады:       сыртқы пiшiнi;       симметрияның болуы немесе болмауы;       бейненiң түрi мен сипаты;       түс үйлесiмi.       26. Түс пен түс үйлесiмi тауар таңбасының жалғыз белгiлерi бола алмайды, тек оның мәндi қосымша белгiлерi болып есептеле алады.       27. Тауарлардың бiртектестiгiн анықтау тұтынушыда бұл тауарлардың бiр өндiрушiге қатысты екендiгi туралы ойдың туындау мүмкiндiгiн айқындау мақсатында жүзеге асырылады.       Бiр текке (түрге) жататын олардың ұқсас немесе үйлес белгiлерiн таңбалау кезiнде тұтынушыда олардың бiр өндiрушiге тиiстiлiгi туралы түсiнiктi туындатуы мүмкiн бiр функцияны атқаратын тауарлар бiртектес тауарлар болып табылады.       Тауарлардың бiртектестiгi мынадай белгiлердiң негiзiнде айқындалады: тегi (түрi), мақсаты, сату шарттары, тұтынушылар шеңберi.       Тауарлардың бiртектестiгiн айқындау кезiнде өтiнiмдегi тауарлар тiзбесiн ұқсас немесе бірдей тауар таңбалары тiркелген немесе мәлiмделген тауарлар тiзбесiмен салыстырылады.       Тауарлар ТҚХС-тың бiр сыныбына жатқызылғанның негiзiнде оларды бірдей ретiнде бағалауға болмайды, әр түрлi сыныптарға жатқызылуы олардың бiртектестiгiнiң дәлелi бола алмайды.       Заңның 7-бабының 1-тармағының1) тармақшасындакөрсетiлген тауар белгiсiмен араласу дәрежесiне дейiн ұқсас бiртектi тауарлар белгiсiн тiркеу, құқық иеленушiнiң келiсiмiмен жүргiзiледi.       28. Мәлiмделген белгi немесе оның элементтерi мыналардың:       бұрын тіркелген авторлық құқықтарды бұзушылықпен Қазақстан Республикасында белгiлi әдебиет, ғылым және өнер туындыларының атаулары, белгiлi өнер туындылары мен олардың фрагменттерiн;       осы адамдардың жеке мүлiктiк емес құқықтарын бұза отырып, олардың тектерiн, есiмдерiн, бүркеншiк аттарын және солардан таралатын есiмдердi, портреттерi мен факсимилелерiн қайталайтын, сондай-ақ егер бұл белгiлер Қазақстан Республикасы тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылса, оларды қайталамай ма екендігiн айқындау мақсатында сараптама барысында өтiнiм берушiге сұрау жiберiледі.       Сұрауға жауап болмаған кезде сараптама мәлiмделген белгiнi тауар таңбасы ретiнде тiркеудiң мүмкiн еместiгi туралы қорытынды жасайды.       Белгiнiң Заңның 7-бабының 2-тармағының3)және4)тармақшаларының талаптарына сәйкестiгiн тексеру сараптама жүргiзу барысында көпшiлiк қол жеткiзген болып табылатын мәлiметтер көлемiнен шыға отырып, жүзеге асырылады.       29. Тауар таңбаларында авторлық және бiр-бiрiмен байланысты құқықтарды, жалпыға мәлiм адамдардың аттарын, тектерiн, лақап аттарын, портреттерiн және өзге белгiлердi жеке мүлiктiк емес құқықтарды бұзуды болдырмас үшiн осы адамдардың не болмаса олардың құқықтық мирасқорларының жазбаша келiсiмiмен ғана пайдалануға болады.       Егер осы белгiлер Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетінің игілігі болып табылса, оларды тауар таңбасы ретiнде пайдалануға құзыретті органның рұқсатының болуы мiндеттi.       Тауар таңбасы ретiнде тектi пайдалану кезiнде соңғыны телефон анықтамасында 20-дан астам рет ескеру жеке мүлiктiк емес құқықтардың бұзылмауы болып табылады.       30. Егер өнеркәсiптiк үлгiлердi өндiретiн белгiлер Қазақстан Республикасында өнеркәсiптiк үлгiлер ретiнде қорғалатын болса, үшiншi тұлғалардың атына не болмаса үшiншi тұлғалардың атынан сараптама жасау ұйымына бұрынғы басымдығы бар өнеркәсiптiк үлгiге арналған ұқсас өтiнiм берiлсе, олар тауар таңбалары ретiнде тiркелмейдi.       Iздестiру Қазақстан Республикасында мәлiмделген және тiркелген өнеркәсiптiк үлгiлердiң қоры бойынша жүргiзiледi.       31. Қазақстанда үшiншi тұлғалардың атына тауар шығарылған жердiң атауларымен тiркелген ұқсас не болмаса араласу дәрежесiне дейiн бірдей белгiлер тауарлардың кез келген сыныптарына қатысты тiркелмейдi. Iздестiру Қазақстан Республикасында тiркелген тауар шығарылған жерлер атауларының қоры бойынша жүргiзiледi.       32. Белгiленген тәртiппен тiркелген сертификаттық белгiлер, сапаға сәйкестiк белгiлерi тауар таңбалары ретiнде тiркеуге жатпайды.       33. Тиiстi әрекеттердiң төлемiн тексеру алдын ала және толық сараптама барысында:       төлемдi растайтын құжаттың бар-жоғын тексеру;       төлем сомасын тексеру;       төлемдi растайтын құжаттағы реквизиттердiң дұрыстығын тексеру жолымен жүзеге асырылады.       Толық сараптама жүргiзгенi үшiн төлемдi растайтын құжат өтiнiмдi қарауға қабылдау туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей ұсынылады.       Төлемдi растайтын құжат болмаған немесе мерзiмiнде келiп түспеген кезде өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi, бұл туралы өтiнiм берушi жазбаша нысанда хабарландырылады.       Өтiнiмдi бергенi үшiн төленген соманың жетiспеушiлiгi анықталған кезде өтiнiм берушiге қосымша төлем төлеу қажеттілігі туралы тиiстi сұрау жiберiледi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]