Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
normativ.kz_view_85400.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шiлдедегiЗаңына(бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және тауар таңбасына өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау тәртібін белгілейді.       2. Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады:       1) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi - тауар таңбасы) -Заңғасәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімдердің күшiне сәйкес тiркелмей қорғалатын, заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларын (қызметтерін) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың бiртектi тауарларынан (қызметтерін) айыру үшiн қызмет ететiн белгiлер;       2) ұжымдық тауар таңбасы - бұл қауымдастықтардың (одағының) немесе өзге де заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсiпкерлер бiрлестiктерінiң (бұдан әрi - бiрлестiк) бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар, олар шығаратын немесе сататын тауарларды (қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы;       3) жалпыға бірдей белгілі тауар таңбасы - Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген немесе халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар таңбасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында құқықтық қорғалмайтын тауар таңбасы ретінде пайдаланылатын, бірақ белсендi пайдалану нәтижесiнде Қазақстан Республикасында кеңiнен мәлiм болған белгi;       4) тауар шығарылған жердiң атауы - елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің, не басқа географиялық объектінің атауын білдіретін не құрамында атауы бар белгі, сондай-ақ ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы немесе басқа сипаттары негізінен географиялық шығу тегімен, оның ішінде өзіне тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарға қатысты пайдалану нәтижесінде белгілі болған және туындының осындай атаудан шығарылған сілтемесі;       5) өтiнiш берушi - тауар таңбасын тiркеуге өтiнiм берген жеке немесе заңды тұлға;       6) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополия саласына кiретiн (тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласында қызмет көрсету) қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ведомстволық бағынысты ұйымы;       7) уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті;       8) тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасы (бұдан әрi - ТҚХС) - 1957 жылғы 15 маусымда Ницце келiсiмiмен қабылданып, кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген сыныптама;       9) Мадрид келiсiмi – кейіннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген Таңбаларды халықаралық тiркеу туралы 1891 жылғы 14 сәуiрдегi Мадрид келiсiмi;       10) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗМҰ) – зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттердің халықаралық саясаты мен ынтымақтастығын қамтамасыз етуші және реттеуші халықаралық ұйым.

2. Тауар таңбасына, қызмет көрсету таңбасына өтiнiмдi жасау және ресiмдеу тәртібі

3. Заңның5-бабының1-тармағына сәйкес тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы ретiнде сөздiк бейнелеудi, әрiптi, цифрлi, көлемдi және өзге де белгiлерi немесе осы тектес амалдар бiр тұлғаның тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғаның бiртектес тауарлары мен қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн.       Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн.       Сөздiк белгiлерге сөздер; сөздiк сипатқа ие дыбыс тiркестерi; сөз тiркестерi; сөйлемдер; тiлдiң басқа да бiрлiктерi, сондай-ақ олардың тiркестерi жатады.       Бейнелеу белгiлерiне жазықтықтағы графикалық бейнелер, соның iшiнде әр түрлi тiршiлiктiң, заттардың, өзге де объектiлердiң, фигуралардың бейнелерi, көркем орындалған шрифтiк элементтер, сондай-ақ жоғарыда аталған элементтердiң әр түрлi композициялары жатады.       Көлемдiк белгiлерiне нысаны бiрегей және ерекше тауар функциясымен байланыспайтын үш өлшемдi объектiлер жатады.       Аралас түрлер белгiлерiне сөздiк, бейнелеу, көлемдік элементтерiнiң әр түрлері жатады.       Заңның5-бабындакөзделген өзге белгiлерге дыбыстық белгiлер жатады.       4. Өтiнiм сараптама жасау ұйымына берiледi немесе пошта не факсимильдi байланыс арқылы жiберiледi. Егер өтiнiм факсимильдi байланыс арқылы берiлсе, ол факс арқылы келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қағаз түріндегі түпнұсқасымен расталуы қажет. Егер өтiнiм құжаттары сараптама жасау ұйымына көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн келiп түссе немесе факс арқылы ұсынылғандардан ерекшеленетiн мәлiметтердi қамтыса, онда олардың түпнұсқалары келiп түскен күн құжаттардың келiп түскен күнi болып есептелiнедi.       Өтiнiм сараптама ұйымына үш данадан берiледi.       5. Өтiнiм осы Ереженің қосымшасына сәйкес ТТ-1 нысанындағы бланкiде ұсынылады және ол бiр тауар таңбасына тиiстi болады, онда мыналар:       1) егер өтiнiм ұжымдық тауар таңбасын тiркеуге берiлсе, онда ұжымдық тауар таңбасын қорғауын сұратылуын көрсетедi;       2) заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, тегi, әкесiнiң аты (егер болса), сондай-ақ пошта индексi және елдiң атауы, телефон нөмiрi, сондай-ақ факс нөмiрi мен электрондық пошта адресi (егер олар бар болса) көрсетiлген мекен-жайы немесе тұрғылықты жерi;       3) заңды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркеуi туралы (Қазақстан Республикасының өтiнiм берушiлерi үшiн) мәлiметi;       4) егер өкiл немесе патенттiк сенiмдi өкiл тағайындалған болса, оның аты, тегi, әкесiнiң аты (егер олар бар болса) немесе атауы, сондай-ақ пошта индексiн қоса алғандағы хат алмасуға арналған мекен-жайы, телефон нөмiрi, факс нөмiрi мен электрондық поштаның мекен-жайын (егер ол бар болса);       5) ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша өтiнiмдi беру күнi, елдiң коды және Заңның 10-бабының2-тармағынасәйкес конвенциялық басымдық сұратылатын өтiнiм нөмiрiн;       6) егер Заңның 10-бабының3-тармағынасәйкес көрмелiк басымдық сұратылса, тауар таңбасы ретiнде мәлiмделген белгiсi бар объектiнi ресми танымал халықаралық көрмеге қойып ашық көрсетудiң басталған күнiн;       7) бланкiде төртбұрышпен белгiленген жерде орналастырылатын мәлiмделген белгiнi;       8) егер қалыпты шрифтпен орындалған белгi мәлiмделсе, тауар таңбасын қорғаудың стандартты шрифтiк орындалуын сұратылуының көрсетуiн;       9) егер белгi басқа тiлде ұсынылған болса, онда сөз белгiсiнiң аудармасы, яғни транслитерацияны;       10) егер көлемдiк белгi мәлiмделсе, көлемдiк тауар таңбасын қорғаудың сұратылуына көрсету;       11) егер түстегi белгi мәлiмделсе, түрлi-түстi орындаудағы қорғаудың сұратылуын көрсетуiн;       12) тауарларды (қызмет көрсетулердi) сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн дәл терминдермен белгiленген ТҚХС-тың сыныптары бойынша топтастырылған тауар таңбасына тiркеу сұратылған тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзiмiн;       13) төленген төлемдер туралы мәлiметтерiн;       14) Қазақстан Республикасындағы бұрын тiркелгендігін (егер олар болса) көрсетуiн;       15) мәлiмделген белгiнi тiркеу үшiншi тұлғаның авторлық құқықтарын бұзбайтындығын көрсетуiн;       16) өтiнiм берушiнiң немесе оның патенттiк сенiмдi өкiлiнiң қолын қамтуы керек.       Егер өтiнiм заңды тұлғаның атынан берiлсе, лауазымы және қол қойған адамның аты-жөнi көрсетiлген уәкiлеттi лауазымды тұлға;       егер өтiнiмдi жеке кәсiпкер берсе, өтiнiм берушi;       егер өтiнiм патенттiк сенiмдi өкiл арқылы берiлсе, патенттiк сенiмдi өкiл өтiнiмге қол қояды.       Өтiнiм Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Мадрид келiсiмiнде көрсетiлген нысан бойынша ұсынылуы мүмкiн.       Тiркелген өтiнiм қайтарып берілмейді.       6. Өтiнiмге мыналар қоса беріледі:       1) мәлiмделетiн белгiнiң он бес репродукциясы. Мәлiмделетiн белгi 8х8 сантиметр (бұдан әрі - см) форматымен ұсынылады. Тауар таңбаларының этикеткалары мен ерекше түрлерi егер 20х20 см мөлшерден аспаса, олар толық көлемде ұсыныла алады. Көрсетiлген мөлшерлер асқан жағдайда бейнелеу кiшiрейтiлген түрде ұсынылуы керек.       Бейнелеу анық, контрастты болып тұруы, репродукциялау үшiн жарамды болуы керек.       Тiркеуге мәлiмделетiн белгiнiң бейнесi тауар таңбасына тiркеу сұратылған түсте немесе түс үйлесiмiнде ұсынылады. Өтiнiмде түстер немесе түс үйлесiмi көрсетiлуі тиiс, түстi кескiндемелер қосымша берiледi, бiрақ оны ұсыну мерзiмi өтiнiм берген күннен бiр айдан аспау керек.       Егер көлемдi тауар таңбасының қорғауы сұратылса, онда жалпы түрдегi бейнелеуден басқа, мәлiмделетiн белгi туралы түсiнiктiң толықтығын қамтамасыз ететiн ракустардағы көлемдi тауар таңбасының әр түрлi бейнелерi ұсынылуы мүмкiн.       Егер дыбыстық тауар белгiсiнiң қорғалуы сұратылса, онда өтiнiмге оның ноталық жазбасы және фонограмма қоса берiледi. Егер тiркеуге музыкалық шығарманың бөлiгi мәлiмделсе, онда оның авторы мен атауын көрсету қажет;       2) мәлiмделетiн белгiнiң сипаттамасын қамтитын белгiнi суреттеу (егер өтiнiм берушi оның мағыналық маңызын түсiндiрудi қажет деп санаған жағдайда) және құрамдас элементтердi көрсету, белгiнiң мағыналық маңызы жалпы алғанда және/немесе оның элементтерi.       Суреттеу-мәлiмделетiн белгiнiң мәнiн идентификациясын түсiндiру үшiн қызмет етедi;       3) сараптама жасау ұйымының қызметіне төленетін төлемдi растайтын құжат. Төлем өтiнiм беру кезiнде немесе өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi ай iшiнде төленуi мүмкiн. Төлем туралы құжаттар белгiленген мерзiмде ұсынылмаған кезде өтiнiм берiлмеген болып танылады;       4) егер ұжымдық тауар таңбасын тiркеуге өтiнiм берiлсе, Заңның 8-бабының2-тармағынасәйкес қауымдастыққа немесе өзге де бiрлестiкке қатысушылардың ұжымдық тауар таңбасын пайдалануы туралы келiсiм. Келiсiмде осы бiрлестiктiң атауы, тауар таңбасын пайдалану құқығы бар кәсiп орындардың орналасқан мекен-жайы көрсетiлген, олардың тiзiмi, ұжымдық тауар таңбасын тiркеудiң мақсаты, ұжымдық тауар таңбасын тiркелетiн тауарлардың (қызметтердің) тiзiмi мен бiрыңғай сапалық немесе өзге де жалпы сипаттамалары, оны пайдалану шарттары мен оны пайдалануды бақылау тәртiбi;       5) тауар таңбасын тiркеу бойынша уәкiлеттi органмен немесе сараптама жасау ұйымымен өкiл арқылы iс жүргiзген жағдайда өтiнiммен бiрге немесе iс жүргiзу процесiнде ұсынылатын сенiмхаттың болуы тиіс, ол сараптама ұйымына келіп түскен күннен бастап екі айдан кешіктірілмей берілуі тиіс және өтiнiмнiң құжаттарына тiгiледi;       6) егер конвенциялық басымдық сұратылса, бiрiншi өтiнiмнiң куәландырылған көшiрмесi және оның қазақ немесе орыс тiлдерiндегi аудармасы қажет. Көшiрме конвенциялық өтiнiм сараптама жасау ұйымына келiп түскен күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей ұсынылады.       Конвенциялық басымдықты белгiлеу туралы өтiнiш өтiнiмдi беру кезiнде немесе өтiнiм сараптама жасау ұйымына келiп түскен күннен бастап екi ай iшiнде ұсынылуы мүмкiн;       7) егер көрмелiк басымдық сұратылса, көрменiң халықаралық мәртебесiн, оның өткiзу, тауар таңбасы ретiнде мәлiмделген белгiсi бар көрмеге қою объектiсiнiң уақыты мен орнын көрсете отырып, көрмелiк басымдықты сұратудың заңдылығын растайтын куәландырылған құжат қажет.       Құжат көрменiң әкiмшiлiгімен немесе ұйымдастыру комитетiмен және өтiнiм сараптама жасау ұйымына келiп түскен күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей ұсынылады.       Құжат көрменiң халықаралық дәрежесiн растауы және оның өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы мәлiметтi, тауар таңбасы ретiнде мәлiмделген белгiсi бар көрмеге қою объектiсiнiң атауын қамтуы керек;       8) тауар таңбасында мемлекеттiк рәмiздердiң, елтаңбаның, тудың және эмблемалардың элементтерiн, халықаралық үкiметаралық ұйымдардың қысқартылған және толық атауларын; ресми, бақылау, кепiлдiк және таңбалық белгiлердi, мөрлердi, марапаттар мен басқа да ерекшелiк белгiлерiн пайдалануға рұқсат беру;       9) заңды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң көшiрмесi (Қазақстан Республикасының өтiнiм берушiлерi үшiн);       10) егер тауар таңбасы ретiнде тiркеуге мерзiмдi баспасөздiң атауы мәлiмделсе, бұқаралық ақпарат құралының есепке қойылғандығы туралы куәлiктiң көшiрмесi (Қазақстан Республикасының өтiнiм берушiлерi үшiн).       Ереженің осы тармағында көрсетiлген құжаттар, сондай-ақ өтiнiмнiң мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi аудармалары өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей ұсынылуы керек. Тиiстi құжаттар белгiленген мерзiмде келiп түспесе, өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.       Осы тармақтың6) тармақшасынасәйкес бiрiншi өтiнiмнiң куәландырылған көшiрмесi, сондай-ақ осы тармақтың7) тармақшасынасәйкес көрмелiк басымдықты сұратудың заңдылығын растайтын құжат өтiнiм сараптама жасау ұйымына келiп түскен күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей ұсынылуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]