Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Нурбол.doc
Скачиваний:
149
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.32 Mб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ

4

1

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

6

2

ШАРУАШЫЛЫҚҚА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА

30

2.1

Шаруашылықтың топырақ және климат сипаттамасы

30

2.2

Шаруашылықтың ұйымдастыру және өндеуге құрылымы

33

3

ЖОБАЛАНАТЫН САЛАНЫҢ КАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

34

3.1

Шаруашылықтың қазіргі жағдайы

34

3.2

Ауыспалы егістер

37

3.3

Жобаланатын саланың қазіргі жағдайдағы дақылды өсіру

технологиясы

38

4

САЛАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЖОБАСЫ

41

4.1

Дақылдар өсіру технологиясының элементтерін өзгерту

41

4.2

Арамшөптермен күресу

43

4.2.1

Ауыспалы егіс

46

4.2.2

Сабаннан жабын қабатын құру

48

4.2.3

Гербицидтерді қолдану

48

4.3

Дақылдардың ылғалмен және қоректік заттармен қамтамасыз

етілуіне байланысты әлеуетті мүмкіндіктері

49

4.4

Тыңайтқыш қолдану жүйесі

51

4.5

Танаптардың құнарлығын ескере отырып жобаланған өнімді

алуға керекті тыңайтқыштар мөлшерін анықтау

52

4.6

Өнімді өндеу

54

5

ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

56

6

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

62

7

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

67

ҚОРЫТЫНДЫ

74

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

76

ҚОСЫМШАЛАР

78


КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет. Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ екенін атап өтемін. Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет. Себебі, ең әуелі адамзаттың азық қоры дәнді дақылдар болып табылады. Астық жер шарындағы халықтың негізгі азық түлігі. Жер шары халқының жартысынан көбі негізінен бидаймен – нан, макарон, кондитер өнімдері т.б. қоректенеді.

Дүние жүзі егіншілігінде дәнді дақылдардың арасында бірінші орынды бидай алады. Оның егіс көлемі 220 млн.га, немесе жер шарындағы барлық дәнді дақылдардың 28,9 % . Дәнді дақылдардың ішінде күріш, жүгері, тары, арпа, т.б.да маңызы зор.

Бидай астығы мен оның өнделген өнімдері тамақтық және технологиялық қасиеттері жағынан басқа дәнді дақылдардың ішінде ерекше орын алады. Бидайдың дәнінде клейковиналық (дән ұлпасы, уызы) ақуыз түзу қабылеті ақ нан пісіруде, макарон және басқа нан өнімдерін дайындауда оны үлкен манызға ие етеді.

Соңғы жылдардағы деректерге қарағанда жер шары егіншілігінде жыл сайын орта есеппен 200-220 млн га алқапқа бидай өсіріледі және 400-445 млн. т. астығы өндіріледі.

Қазақстанның 200 млн га астам ауылшаруашылық айналымдағы жер аумағының 30 млн. гектардан астам жыртылмалы жерлер, оның соңғы жылдарда 20-22 млн. гектарына дәнді дақылдар егіліп келеді. Мұның негізгі көлемінде бидай егіледі. Осыған байланысты2020 жылға қарай ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың көлемін 4,5 есе арттыру [1].

Республикадағы агробизнестің бәсекелестік жүйесін қалыптастыруды шешу жолдары:

Заң актілерінің, бірінші кезекте Жер, Су және Орман кодекстерінің қалтықсыз орындалуын қамтамасыз ету қажет.

Дәнді-дақылдар нарығын реттеу жөніндегі мемлекеттін саясаттың тиімділігін арттыру қажет.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және өнім сапасын арттыруды жаңғыртуға ерекше назар аударған жөн.

Қазіргі заманғы аграрлық ғылымды дамытуды да естен шығаруға болмайды.

Ауылдық жерлердегі кедейшілікті жою үшін шағын несиелер беру жұмысын кешенін арттыру қажет, оның үстіне ол озінің өміршеңдігін көрсете де білді.

Осы жылдан бастап ауылдық аумақтарды дамытуға арналған мемлекеттік аграрлық саясат бағдарламасы іске қосыла бастады. «Өсімдік шаруашылығы міндетті сақтандыру туралы» заң қабылдануына байланысты аграрлық секторда толықтай негізгі заңдық база қалыптасқан [2].

Бір ескерте кететін жәйт, Қазақстанда өсірілетін бидайдың 90 % -тен астам егістік көлемі мен жалпы түсімі жаздық бидай үлесіне тиеді және ол негізінен Қазақстан Солтүстік облыстарында шоғырландырылған.

Жобаның мақсаты:

«Ақмола-Феникс» АҚ-да астық өндірісін дамыту преспективасының жетілдіру жолдарын қарастырып және оны шаруашылыққа енгізу. Шаруашылықта орындалатын және орындалмайтын технологиялық элементтердің орынын толтырып, соның ішінде тұқымдық материалдың кондициялы болуына, ауыспалы егіс жүйесін дұрыс таңдап, ауыспалы егістің топырақ өңдеу, тыңайтқыш енгізу, арамшөптермен күрес шараларын және алдын ала сақтандыру шараларын игере отырып шаруашылықта жоғары және сапалы өнім алуға көзделіп отыр.

Міндеттері:

- негізгі екпе дақылдарының өнімділік деңгейінің қалыптасуына тыңайтқыштардың әсерін бағалау;

- шаруашылықта өсірілетін негізгі дақылдардың No-Till технологиясы бойынша өсіруді жобалау;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]